Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерiстi бекiту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы 2000 жылғы 25 қараша N 435 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 28 желтоқсан N 1345 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерiс бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейiнгi кезеңде банктiң бiр заемшыға ең жоғары тәуекелiн есептеген кезде басқа банктерде осы банк ашқан корреспонденттiк есепшоттар бойынша олардың мiндеттемелерiн есепке алмайтын болсын.
      3. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерiстi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерісті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                          Қазақстан Республикасының
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          2000 жылғы 25 қарашадағы
                                          N 435 қаулысымен
                                          бекiтiлген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерiс

      1. 3.2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бiр заемшыға тәуекелдiң ең жоғары мөлшерiн есептеген кезде Ұлттық Банктiң банк алдындағы мiндеттемелерiнiң кез келген түрi, сондай-ақ тiзбесiн Ұлттық Банктiң Басқармасы белгiлейтiн кез келген рейтинг агенттiктерiнiң "А" рейтингiнен төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтингi бар басқа банктерде осы банк ашқан корреспонденттiк есепшоттар бойынша олардың мiндеттемелерi есепке алынбайды."

      Төраға

      Мамандар:

            Омарбекова А.Т.
            Шарипова М.Е.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады