1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
бюджет шығыстарының фукнционалдық жіктемесіне:
"1.2.217.36 Объектілерді жекешелендіруге дайындау, мемлекеттік
мүлікті жекешелендіру мен басқару жөніндегі рәсімдерді өткізу" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "1.2.217.36 Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару және мемлекеттің жекешелендіруден кейінгі қызметі"; "1.2.219.41 Кеден бекеттерінің құрылысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "1.2.219.41 Кеден бекеттерінің, Кеден комитетінің инфрақұрылымының және объектілерінің құрылысы"; "1.2.219.42 Кеден органдарын материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "1.2.219.41 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі органдарын материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету". 2. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет департаменті (Е. Бахмутова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.