Шаруашылық есептегі "Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 7 қыркүйектегі № 299 шешімі. Қызылорда облысының Әдiлет басқармасында 2000 жылғы 14 қарашада № 429 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 маусымдағы № 966 "Кейбір су шаруашылығы объектілерін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру туралы" қаулысын іске асыру, және біздің облыс үшін су шаруашылығының аса маңыздылығын, онын ерекшеліктерін, облыс көлемінде және халықаралық деңгейде су шаруашылығы саясатын, мемлекетаралық су бөлу, Арал теңізі проблемалары жоне Сырдария өзенінің мәселелерімен айналысатын су шаруашылығы органын, оның құрылымын өзгерту арқылы сақтап қалу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН.

      1. "Қызылордасушаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны негізінде құрылымдық құрамы № 1 қосымшаға сәйкес шаруашылық есептегі "Қызьлордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.

      2. Шаруашылық есептегі "Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жарғысын және оның кұрылымын бекіту үшін 10 күн мерзім ішінде ұсыныс берілсін.

      3. Шаруашылық есептегі "Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын қаржыландыру жергілікті бюджеттен, су тұтынушыларға су жеткізіп беру қызметі және басқа шаруашылық қызмет түрлерінен түсетін қаражат есебінен жүргізілетін болып белгіленсін.

      4. Шаруашылық есептегі "Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бұрынғы "Қызылордасушаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мүлік және басқа да құқықтық иеленушісі болып есептелсін.

      5. Шаруашылық есептегі "Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны суармалы егістікке су жеткізіп беру қызметіне алынатын төлемді жинауды Қызылорда облысы шағын бизнесті қолдау жөніндегі департаментінің тоқсан сайынғы бекіткен тарифы бойынша жүргізсін.

      6. "Қызылордасушаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (Ә.Құтжанов) белгіленген тәртіп бойынша "Қызылордасушаруашылығы" республикалык мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру және тарату жұмыстарын жүргізсін.

      7. Облыс әкімінің орынбасарына (Б.Нұртазаев) шаруашылық есептегі "Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдык мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп экономиканың су шаруашылығы секторының және су шаруашылығы саясатының 2000-2005 ж. арналған стратегиялық дамуы туралы іс-шаралар жасап, 2000 жылдың қыркүйегіне дейін ұсыныс беру тапсырылсын.

      8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсін.

      С. НҰРҒИСАЕВ

  Облыс әкімінің
  2000 жылғы 7 қыркүйектегі
  № 299 шешіміне № 1 қосымша

"Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық құрамына кіретін кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі

      1. Жаңақорған аудандық су жүйелері басқармасы (СЖБ).

      2. Шиелі СЖБ

      3. Қызылорда СЖБ

      4. Сырдария СЖБ

      5. Жалағаш СЖБ

      6. Қармақшы СЖБ

      7. Қазалы СЖБ

      8. Қызылорда су торабы

      9. Қазалы су торабы

      10. Жаңадария каналдар басқармасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады