Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы N 389-1 "Білім туралы" Заңының, осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының Алматы қаласында орындалу барысы туралы

Күшін жойған

Алматы қалалық Мәслихатының шешімі IІ сайланған V сессиясының 2000 жылғы 02 маусымдағы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2000 жылғы 20 маусымда N 133 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVII сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен

        

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVII сессиясының 2010.04.12 шешімімен.

      РҚАО Ескертпесі: N 02-11 және 227 2005 жылғы 20 қаңтардағы Алматы қалалық Әділет департаменті хатының негізінде шешім "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабымен көзделген нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге жатпайды және онсыз қолданылады. 
 
      II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы"  Z990389_ Заңының, бiлiм мәселесi бойынша Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының Алматы қаласында орындалу барысын қарай келiп, Алматы қаласында қалыптасқан бiлiм, кадрларды кәсiби даярлау және қайта даярлау жүйесiнiң, жинақталған интеллектуалдық, ғылыми мүмкiндiктiң заңның негiзгi ережелерiн орындауға және нарықтық қатынастар жағдайында оңтүстiк астананың халық шаруашылығы мен ғылыми кешенiн бiлiктiлiгi жоғары жұмысшылармен және мамандармен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiндiгiн атап өтедi. 
      Қаланың бiлiм жүйесi тұрақты жұмыс iстеуде. Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдармен қатар бiлiм берудiң өмiрге келген ұлттық үлгiсi, оқытудың дағдылы емес нысаны оқу-тәрбие процесiн ұйымдастырудағы жаңа технологияны пайдаланудың халықаралық оң тәжiрибесiне барынша икемделе түсуде. Инновациялық бағыттар бойынша тәжiрибелер жүргiзiлуде, бiлiм берудiң барлық сатысы мен деңгейi бойынша бiрнеше нұсқалы бiлiм беру бағдарламалары енгiзiлуде, материалдық оқу базасы жаңарып, жалпы бiлiм беретiн мектептер және өзге де лицейлер мен гимназиялар ақпараттандырылуда. 
      Сонымен қатар Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi белгiленген шаралардың кейбiрi орындалмайды, ал 2000-2005 жылдардағы мерзiм үшiн әзiрленген нысаналы жоспар нарық жағдайындағы жұмыс үшiн қала халқын даярлау талаптарына тиiстi деңгейде жауап бермейдi. Мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдар жабылуда. Мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың түлектерi еңбек етуге жеткiлiксiз әзiрленген. Iс жүзiнде оқушыларды еңбекке баулу базасы жойылған, тек жоғары сынып оқушыларының 15 пайызы ғана кәсiби даярлыққа қамтылған. 1995 жылмен салыстырғанда бастапқы кәсiби бiлiм оқу орындарының желiсi 27 пайызға және онда оқитындар саны 50 пайызға қысқарды. 
      Қалада жоғары және орта кәсiби оқу орындарының желiсi жақсы дамыған. Олардың көпшiлiгiнде кадрлар нақты мұқтаждықты ескермей "жылтырақ" мамандықтар бойынша даярлануда. Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңының толық көлемде орындалуына бағытталған Қазақстан Республикасының Парламентi, Үкiметi, Бiлiм және ғылым министрлiгi заңды iске асыратын және нормативтiк құқықтық актiлер пакетiн қабылдамауы, жалпы бiлiм жүйесiн, сондай-ақ оның жекелеген секторларын реформалау кезiндегi ғылыми болжаудың осы реформалардың ғылыми болжамы мен талдауының, нарықтық қатынастар жағдайында бiлiм беру жүйесiнiң әлеуметтiк және экономикалық салаларының ғылыми негiзделген өзара iс-әрекетiнiң жоқтығы қолбайлау болып отыр. Бiлiм беру жүйесi бюджеттен толық көлемде қаржыландырылмайды, қаланың бiлiм және ғылыми халық шаруашылығы кешендерi мен тиiстi үйлестiру жоқ. Бiлiм беру жүйесi қызметкерлерiнiң, оқушылармен тәрбиеленушiлердiң әлеуметтiк қорғалуы өте төмен. Қала жастарының бiрыңғай тәрбие кешенi баяу қалпына келтiрiлуде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары бiлiм мәселелерiне жеткiлiктi назар аудармайды. 
      ІI-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты 
 

                          ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
 

        1.2000-2005 жылдарға арналған Алматы қаласындағы бiлiм берудi дамытудың кешендi бағдарламасының Негiзгi бағыттары бекiтiлсiн (N№1 қосымша). 
      2. Қала әкiмiне: 
      2.1. "Бiлiм туралы" Заңға сәйкес, 1997 жылғы 25 желтоқсанда I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХVI сессиясында бекiтiлген 1997-2005 жылдарға арналған Алматы қаласының бiлiм беру жүйесiн дамытудың бұрын қабылданған Бағдарламасының негiзгi бағыттарын ескере отырып 2000 жылғы 15 тамызға дейiн 2001-2005 жылдарға арналған Алматы қаласының бiлiм беру жүйесiн дамытудың жаңа Бағдарламасын әзiрлеп, оны Мәслихаттың қарауына тапсыру және онда мыналарға баса назар аудару ұсынылсын: 
      - бiлiмнiң барлық сатыларының мемлекеттiк жалпы мiндетi стандарттарын iске асыру, бiлiмнiң мазмұнын және терең саралануының әртүрлi деңгейде игерiлуiн қамсыздандыру ("Бiлiм туралы" заңның 6, 18 бабы); 
      - экономиканың, әлеуметтiк, ғылым және мәдениет саласы мұқтажын және халықтың бiлiмге сұранысын ескере отырып 2001-2005 жылдары Алматы қаласындағы бiлiм берудi дамыту (8 бап); 
      - өлшемдер, оны бағалау кешенiн енгiзу жолымен бiлiмнiң деңгейi мен сатыларын да бiлiм сапасын қамтамасыз ету. Оқыту әдiстемесi мен басқару тегершiгiн және бiлiм сапасын бақылау жөнiндегi ғылыми әдiстемелiк лабораторияны құру (6, 35 бап); 
      - 5-(6) жастағы балалардың негiзгi бөлiгiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары арқылы мiндеттi мектеп алдындағы даярлықпен қамту (23 бап); 
      - тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылар балаларын тегiн оқытумен және тәрбиелеумен қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының қосымша желiсiн құру (31 бап); 
      - балалар бақшасына баратын мектеп жасына дейiнгi балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн отбасыларға жәрдемдесу (23 бап); 
      - "Бiлiм беру және балалардың денсаулығы" және "Балалар мен оқушы жастардың жазғы демалысы мен еңбегiн ұйымдастыру" ведомствоаралық бағдарламаларын әзiрлеу (14, 37 бап). Тұрмысы нашар отбасылар балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру үшiн бөлiнетiн қаражатты көбейту; 
      - мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарға сәйкес қазақ тiлiн мемлекеттiк тiлi ретiнде дамытуды, сондай-ақ орыс тiлi мен бiр немесе екi шетел тiлiн үйренудi қамтамасыз ету (5 бап); 
      - қазақ тiлiн оқытатын мектептер желiсiн одан әрi дамыту (4, 5, 8 бап); 
      - дарынды балаларға арналған мектептердi ашу (18 бап, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 24.05.97 ж. N 3002 өкiмi); 
      - әртүрлi кемiстiгi бар және дамуы кешеуiлдеген балаларға арналған арнайы бiлiм бағдарламасының мазмұнын сапалы жаңарту (20 бап); 
      - жаңа бiлiм технологиясын енгiзу, бiлiмдi компьютерлендiру, "Интернет" желiсiн пайдалану. Барлық пән бойынша ақпараттық технологиялар мен компьютерлiк бiлiм бағдарламаларын игеру. Орта бiлiм жүйесiн ақпараттандыруды басымдық дамыту жөнiндегi жұмысты жалғастыру (31 бап және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы); 
      - бүгiнгi күнгi бағдарламалар мен оқулықтарды дер кезiнде енгiзудi қамсыздандыру (6, 18 бап); 
      - жаратылыстану - ғылыми циклi, физика, химия, биология, әлемдi тану, экология және т.б. пәндерi үшiн көрсетiлiм лабораториялық қондырғыларды оқу орындарының оқыту процесiне енгiзу; 
      - елдiң құқықтық және мемлекеттiк жүйесiн, рәмiздерiн, тарихын, көрнектi мемлекет тұлғаларының өмiрi мен қызметiн зерттеу арқылы Қазақстан азаматы мен патриотын тәрбиелеу (8 бап); 
      - қосымша бiлiмнiң және оқушылар мен тәрбиелеушiлердiң дербес жұмысын, уақыттан тыс қызметiнiң жүйесiн дамыту, тәрбиелiк мiндеттердi күшейту (19 бап); 
      - жастар мен ересек халықты даярлаумен, қайта даярлаумен және бiлiктiлiгiн көтерумен шұғылданатын кәсiби оқу орындарын дамыту (27 бап); 
      - шағын және орта бизнестi дамыту үшiн кадрлар даярлайтын кәсiби бiлiм мен мамандықтар тiзбесiн анықтау, олардың базасында жұмыссыздарды қайта оқыту (8, 31 бап); 
      - бастауыш кәсiби бiлiммен мемлекеттiк оқу орындарының желiсiн қамсыздандыру және бюджеттiң есебiнен - мемлекеттiк тапсырыс бойынша онда оқитындар санын көбейту (23 бап); 
      - жетiм балаларға, мүгедектер мен тұрмысы нашар отбасылар балаларына арналған жұмыс орнын квоталау бағдарламасын әзiрлеу (31, 36 бап); 
      - балалардың қараусыздығын және тәртiп бұзушылығын болдырмауды, қазiргi экономикалық жағдайда оларды оңалтуды кешендi шешудiң жүйесiн қалыптасуға бағытталған шараларды әзiрлеу; 
      - кәсiби бiлiм мен жұмысқа кәсiби бейiмдеу қызметiнiң қалалық оқу-әдiстемелiк кабинетiн қалпына келтiру; 
      - бiлiм беру ұйымдарымен жұмыспен қамту басқармасында еңбек нарығындағы қажеттiлiкке сәйкес бiлiм, еңбек және жұмыспен қамту органдарының, Қазақстан жұмыс берушiлер конфедерациясының, Қазақстан Кәсiподақтары федерациясының және бiлiктi жұмысшылармен мамандарды даярлаумен және кадрлармен қамсыздандыру жөнiндегi басқа әлеуметтiк әрiптестердiң 2001-2005 жылдардағы мерзiм iшiндегi бiрлескен iс-әрекет шараларын әзiрлеу. 
      2.2. Төмендегiлер бойынша бiрiншi кезектегi шараларды қарау: 
      - Алматы қаласы Әкiмiнiң жанынан бiлiм және жұмыспен қамту мәселелерiн атқаруды үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық комиссиясын құру (31 бап); 
      - "Бiлiм туралы" ҚР заңының 43 бабына (1, 2 тармақшаларына) сәйкес барлық мемлекеттiк бастауыш және орта кәсiби бiлiм ұйымдарын бюджеттiк қаржыландыруды қамсыздандыру. Оларға орта бiлiм беретiн оқу орындарының негiзгi сатысының түлектерiн қабылдауды көбейту; 
      - бiлiм беру ұйымдарында бақылаушы органдардың (СЭС, өрттi қадағалау және т.б.) жұмысын реттеу; 
      - бiлiм беру ұйымдары үшiн мемлекеттiк тапсырыс бойынша тендерге бiлiм департаментi өкiлдерiнiң мiндеттi қатысуымен қондырғылардың, азық-түлiк тағамдарының, дәрi-дәрмектердiң, жанар-жағармай материалдарының, құрылыс және жөндеу, ағарту қызметтерiнiң мемлекеттiк сатып алуын жүргiзу немесе оларды бiлiм басқармасы органдары арқылы өткiзу, тiкелей тауар өндiрушiлер мен қызметтердiң тендерге қатысу мүдделiгiн арттыру ("Мемлекеттiк сатып алу туралы"  Z970163_ ҚР заңы); 
      - ұйымдардың ағартушылық қызметiн лицензиялау және орта кәсiби бiлiм берудi мемлекеттiк аттестациялау жөнiндегi өкiлеттiктi Алматы қаласының Бiлiм департаментiне беру (12, 35 бап); 
      - Алматы қаласының мектепке дейiнгi, орта, жалпы, бастауыш кәсiби және орта кәсiби бiлiм беру ұйымдарының оларға бекiтiлген мүлiктерiн жалға беруден түскен қаражатын олардың материалдық оқу базасын нығайту мен жұмсауға пайдалануы (ҚР Үкiметiнiң 16.04.99 ж. N№421  P990421_ Қаулысы); 
      - Алматы қаласында бiлiм беру жүйесiнiң баспа органын ашуды немесе "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде айына екi рет қосымша шығаруды, сондай-ақ оқу теледидарын ашуды қарастыру; 
      - қаланың бiлiм беру ұйымдарында үлгiлiк штаттарын тәрбие жұмысы жөнiндегi мектеп директоры орынбасарының лауазымын мiндеттi түрде қоса отырып бекiту; 
      - ПИК-тi құру кезiнде тұрғылықты жерi бойынша аудан әкiмдерiнiң балалар мен жұмыс iстейтiн жауапты құрылымдарды құруы; 
      - сырттан келген қараусыз балалар үшiн уақытша үй-жайды - оңалту орталығын құру; 
      - қалалық наркологиялық орталықтың жанынан кәмелетке толмағандар үшiн бөлiмше ашу, нашақорлықпен күрес үшiн қажеттi қаражат бөлу. Әрбiр мектепте дәрiгер ставкасын енгiзу мәселесiн шешу; 
      - ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды, жетiм балаларды белгiленген тәртiппен толық мемлекеттiк қамсыздандыру, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету; 
      - студенттер үшiн санаторий-профилакторий құру; 
      - ҚР Үкiметiне оқушыларды мемлекеттiк емтихандардан босату туралы қайта қарау үшiн хат әзiрлеу; 
      - педагогтар мен дәрiгерлер үшiн қалаСЭС айыппұл санкциясының көлемiн азайту; 
      - меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар үшiн тиiстi квоталар белгiлей отыра орта оқу орындарының түлектерiн жұмысқа орналастыру; 
      - Алматы қаласында ұлттық мектептiң жаңа үлгiсiн енгiзу үшiн мектеп-кешенiн (тәжiрибелiк алаң) құру; 
      - қалалық бюджет қаражаты есебiнен бiр оқушыға және тәрбиеленушiге шаққандағы коммуналдық қызметтi тұтыну нормасын көбейту. 
      3. Бiлiм мен ғылым жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияның бiлiм жүйесi қызметiн жақсартуға арналған жаңа заңды жасау және қолданыстағы заңдық және нормативтiк актiлерге өзгерiс енгiзу жөнiндегi ұсыныстары келiсiлсiн және олар Қазақстан Республикасының Парламентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне белгiленген тәртiппен жолдансын (N 2 қосымша).
      4. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының бiлiм мен ғылым жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссиясы (Т.И. Есполов) осы шешiмнiң орындалуына бақылауды қамтамсыз етсiн.

           II-сайланған Алматы
     қалалық Мәслихаты
     V-сессиясының төрағасы    

       II-сайланған Алматы
     қалалық Мәслихатының
     хатшысы                   

                                         II-сайланған Алматы қалалық
                                         Мәслихатының 2000 жылғы
                                          2 маусымдағы шешiмiне
                                               N№1 қосымша
 

               2001-2005 жылдарға арналған Алматы қаласының
         Бiлiм беру жүйесiн дамытудың кешендi бағдарламасының
                           негiзгi бағыттары

                            МАЗМҰНЫ     

     1. Алматы қаласының Бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi мен даму мәселелерiн талдау.
     2. Алматы қаласының Бiлiм беру жүйесiнiң даму бағытының негiзгi басым бағыттары:
     1) қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу;
     2) мектепке дейiнгi тәрбие мен бiлiм;
     3) орта жалпы бiлiм;
     4) әлеуметтiк қорғалмаған балаларға қамқорлық;
     5) кәсiби бiлiм;
     6) бiлiмдi ақпараттандыру;
     7) салауатты өмiр салтын қалыптастыру;
     8) оқу-әдiстемелiк, ғылыми және кадрлық қамсыздандыру;
     9) бiлiмдi басқару;
     10) бiлiмнiң материалдық-техникалық базасын қаржыландыру және         дамыту;
     11) жұмыс берушiлер мен өзге де әлеуметтiк әріптестермен өзара        iс-қимыл.
     3. Қорытынды.     

         1. Алматы қаласының Бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi мен 
        даму мәселелерiн талдау.

      1999/2000 оқу жылының басында Алматы қаласында бiлiм беру жүйесiнде әртүрлi ведомстволық бағыныстағы және меншiк нысанындағы 561 бiлiм беру ұйымы болды. Оларда стационарлық жағдайларда 350, 3 мың адам, яғни қаланың әрбiр төртiншi тұрғыны оқып тәрбие алды. 
      Қала бiлiм беру ұйымдарының негiзгi бөлiгiн - жергiлiктi бiлiм басқару органына, яғни Бiлiм департаментi мен оның алты аудандық бөлiмшесiне бағынысты 373 ұйым, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiне қарайтын - 25 ұйым, 23 ұйым басқа ведомствоға және 140 мемлекеттiк емес бiлiм беру мекемесi құрайды. 
      1998 жылдан бастап қаланың мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары ҚР Азаматтық кодексiне сәйкес мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын болып ажыратылды. Бұлай ету оларды бюджет есебiнен қаржыландыру тәртiбiн недәуiр өзгерттi. 
      Қазiргi уақытта жергiлiктi бюджеттен 214,3 мың оқушысы мен тәрбиеленушiсi бар 206 мемлекеттiк мекеме, 36,5 мың бала мен оқушы жастары бар 157 мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорын мемлекеттiк тапсырыс арқылы немесе субсидиялау жолымен қаржыландырылады. Бiлiм беру ұйымдары үлгiлерiнiң әртүрлi болуы бiлiм барысының үздiксiздiгi мен халықтың бiлiм алу мұқтажын қамсыздандыруға көмектеседi. 
      Қазiргi уақытта Алматы қаласында 179,2 мың оқушысы бар, оның iшiнде 600 бала оқитын мектеп-интернатын қоса алғанда, 169 күндiзгi жалпы бiлiм беру мекемесi жұмыс iстейдi. Сонымен қатар қаладағы 8 мың оқушы Бiлiм департаментiнiң 11 бастауыш кәсiби оқу орнында, әртүрлi ведомстволардың 18 колледжiнде және 45 мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мекемеде оқиды. Ересектердiң немесе жұмыс iстейтiндердiң орта бiлiм алу үшiн 17 мектептiң жанынан кешкi ауысым бөлiмшелерi ұйымдастырылды. 
      Қалада 3295 тәрбиеленушiсi бар интернат үлгiсiндегi 14 ұйым жұмыс iстейдi. Олардың арасында жетiм және әке-шешесi тастап кеткен 1023 бала бар. 
      1999 жылы қалада жетiм және әке-шешесi тастап кеткен балалар үшiн оңалту орталығы ашылды. 
      225 колледжде - 65 мамандық бойынша, кәсiби мектептерде - 71 мамандық бойынша, жалпы бiлiм беретiн мектептерде - 10 мамандық бойынша жоғарғы мектептерге дайындайды. 
      Қала педагогикалық ғылым мен практиканың озық жетiстiктерiн тәжiрибеден өткiзетiн республикалық маңыздағы бiрден-бiр әдiстемелiк орталық болып отыр. 
      Қала аумағында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi мен өзге де ведомстволардың ғылыми әдiстемелiк орталықтары орналасқан. Алматыда бiлiм берудiң қалалық жаңа технологиялар орталығы, мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн арттыру институты жұмыс iстейдi. 
      Халықаралық бiлiм бағдарламалары бойынша терең бiлiм беретiн, әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне жол ашатын оқу орындары ашылуда. 1997-1998 оқу жылында Алматыдағы N 105 гимназиясы халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша жұмыс iстей бастады. 
      Орта жалпы бiлiм берудiң сан-алуандығына, бiлiм құрылымдарының кең аясын қалыптастыруға орта бiлiм беретiн ұйымдардың әртүрлi түрлерi мен тектерiн құру, оның iшiнде 29 гимназия, 10 лицей, 14 арнаулы мектеп арқылы қол жеткiзiлуде. 114 жалпы бiлiм беретiн мектепте негiзгi және қосымша бiлiм бағдарламалары жүзеге асырылып, 119, 8 мың оқушы өздерiнiң бейiмдiлiгi мен қабiлетiне сәйкес тереңдетiлген кәсiби бiлiм алуда. Екi қазақ-ресей гимназиясы және қазақ-түрiк балалар лицейi құрылды. 
      Алматының орта бiлiм жүйесiнде оқу-тәрбие процесiндегi жаңа инновациялық технологияны белсендi iздеу және пайдалану жолдары жүргiзiлуде. Қаладағы қазiр 169 орта мектептiң 106-да компьютерлiк сыныптар бар. 
      Сонымен қатар қалада 200 заңды тұлға, әртүрлi орталықтар курстар арқылы бiлiм қызметтерiн көрсетуде. Мұнда 100 мыңға жуық адам бiлiм алып, бiлiктiлiгiн көтеруде. 
      Соңғы жылдары қаланың бiлiм беру жүйесi "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi тапсырмаларында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары мен 1996-2000 жылдарға есептелген бiлiм саласындағы Алматы қаласын дамытудың Стратегиялық жоспарында анықталған ұйымдық, экономикалық, құқықтық, құрылымдық және мазмұндық компоненттердi iске асыруға бағытталған негiзгi нормативтiк-құқықтық актiлер талаптарын орындау шегiнде жұмыс iстедi. 
      Алматы қаласының Әкiмi 1999 жылғы тамызда "Алматы қаласының бiлiм беру ұйымдарында "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңын iске асыру туралы шараларды" бекiттi, оларды орындау үшiн Әкiм шешiмiмен қалада мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының желiсi бекiтiлдi, олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары көрсетiлдi, жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын бiлiм ұйымдарының желiсi арқылы бес (алты) жастағы балаларды мектепке баруын ұйымдастыру туралы шешiм қабылданды, орта арнаулы оқу орындарында кадрларды даярлаудың, мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң кадрларын қайта даярлаудың, бюджет есебiнен орындалатын орта бiлiм жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк тапсырысының тәртiбi бекiтiлдi. Қала бюджетiнде мектептер салуға, оқу орындарына күрделi жөндеу және сейсмокүшейту мен қондырғы алу үшiн қосымша қаражат бөлiндi. 
      Iс жүзiнде барлық бiлiм беру ұйымдары арнайы ғимаратта орналасқан, қажеттi оқу-өндiрiстiк базасы (оқу кабинеттерi мен лабораториялар, кiтапхана, шеберхана, спорт залы, қоғамдық тамақтандыру, медициналық көмек көрсету нысандары) бар. 
      Алматы қаласында республикада бiрегей болып отырған сан-салалы кәсiби бiлiм жүйесi шоғырланған. 
      Тек қаланың бiлiм беру жүйесiнде ғана 21448 педагогикалық мамандық қызметкерлерi, оның iшiнде мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымында 2743 адам, барлық үлгiдегi орта жалпы бiлiм ұйымдарында 12841 адам (1054 маман жеке бiлiм беру мекемелерiнiкi), бастауыш кәсiби бiлiм ұйымдарында 1178 адам, орта кәсiби бiлiм ұйымдарында 3894 адам (оның iшiнде 1167 маман жеке бiлiм беру мекемелерiнiкi) және мектептен тыс ұйымдарда 792 адам жұмыс iстейдi. Олардың бәрiнiң тиiстi бiлiмi мен бiлiм саласында жұмыс тәжiрибесi бар. 
      1995-1999 жылдары мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн көтеру институтында жылына 5 мың мұғалiмдi қамтыған курстар ұйымдастырылды. Институттың қаржылық тұрақтануы мен құрылымының қайта ұйымдастырылуы курсқа 6 мыңға дейiн адам тартуға және бiлiм саласында аймақтық ғылыми зерттеулер ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. 
      Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарын игеру бойынша бастауыш сынып оқушыларын 100 пайыздық қайта даярлануы 3 жыл бойы жүргiзiлiп келедi. 
      Iске тәжiрибе арқылы асатын компьютерлiк оқу бағдарламаларын кезеңдiк енгiзу жобасы өмiрге ене бастады. 
      Шетел мамандарының қатысуымен шетелдiк бiлiм технологиясын игеру жалғасуда. 
      Өзiн-өзi қаржыландыру элементiмен шаруашылықпен қаржыландырудың жаңа нысандары мен әдiстерi игерiлуде. 
      Қаланың бiлiм беру саласында әртүрлi себеппен, бiрiншi кезекте экономикалық сипаттағы қиындықтан туындаған недәуiр мәселелер де қордаланған. 
      Қаланың бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйiне, оның мұқтажына недәуiр артта қалған қаржыландыру деңгейi айтарлықтай ықпал етуде. 
      Бiлiм беру саласы үшiн жергiлiктi бюджеттен, оның шығыс бөлiгiнiң кемiнде 12 пайызы бөлiнуде. Бiлiм қызметкерлерi жалақысын кешiктiрмей алуда, күрделi жөндеу, қондырғы алуға қаржы көбiрек бөлiне бастады. 2000 жылдан бастап жаңа объектiлер құрылысы жанданды. 
      Бiлiм жүйесiнiң құрылымдық және желiлiк реформалануы мектепке дейiнгi және қосымша бiлiм жүйесiнiң күрт қысқаруына алып келдi. Осыған орай осы оқу түрiне тартылған балалар саны, кәсiби бiлiмнiң мемлекеттiк ұйымдары желiсi қысқарды, мемлекеттiк бiлiм стандарты талаптарының деңгейiне жауап бермейтiн мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдары пайда болды. 
      Қаладағы мектепке дейiнгi бiлiм жүйесi осыған қарамастан қазiргi желiсiн сақтау және дамыту мақсатында балаларды оқыту мен тәрбиелеу түрi мен әдiсiн жетiлдiруде, 5 (6) жастағы балаларды мектепке баруға даярлауда. 1996 жылмен салыстырғанда мектепке дейiнгi мекемелер саны 78 бiрлiкке (33 пайызға) қысқарды. Ал балалар саны 15000-ға (43 пайызға) қысқарды. Қазiр ұйымдасқан мектепке дейiнгi тәрбие мен оқуға балалардың 22 пайызы№ғана, ал мектепке дейiнгi дайындыққа қаладағы мектеп жасындағы баланың 62,2 пайызы ғана тартылды. 18,7 мың бала 136 мемлекеттiк, 17 ведомстволық және 8 мемлекеттiк емес бiлiм ұйымына барады. 
      Тұрмысы нашар отбасыларға, жетiм балаларға және әке-шешесi тастап кеткен балаларға арналған интернат мекемелерi, ауру балаларды үйде оқыту, осы мекемелердiң түлектерiн жұмысқа орналастыру мәселесi толық шешiлген жоқ. Қалада аяқ-қолы тартылатын 660 бала тұрады, мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған арнайы мектеп мұқтаждығы 40 пайызға ғана қанағаттандырылды. 150 орындық орыс тiлiнде оқытатын тұрмысы нашар отбасылар балалары үшiн жалпы бiлiм беретiн мектеп-интернат ашу өткiр тұр. Барлық арнайы оқу ұйымдарында оқу-әдiстемелiк қамсыздандыру әлсiредi, республикада зағип балаларға арналған қосымша бағдарлама мен оқулықтар шығарылмайды. Медициналық қамсыздандыру мәселесi штаттағы қызметкерлер денсаулық сақтау жүйесiне берiлгендiктен қиындай түсуде. Интернаттарға аумақтық поликлиникалардың қызмет көрсету деңгейi төмендеуде. 1999 жылы интернаттар мен балалар үйлерi балаларының қоғамдық көлiкте тегiн жүру жеңiлдiгi жойылды. 
      Бюджеттiк қаражаттың жетпеушiлiгiнен музыкалық мектептер өзiн-өзi қаржыландыруға көштi. Олардың бiразы жабылу алдында. 
      Қаланың бiлiм беру кешенiн басқаруды жетiлдiру қажет. Бiлiмдi басқару органдарының "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңы бойынша орындауға тиiс жекелеген мiндеттерiн атқаруға мүмкiндiгi жоқ. Қала бойынша басқару мiндетiн бiлiм департаментiнiң 31 қызметкерi және аудандардағы бiлiм бөлiмдерiнде 4-5 адам атқарады. Қазiргi уақытта мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының шығындарымен және қаржыландырылуымен 4 басқару құрылымы шұғылданады. Атап айтқанда, қалалық қаржы басқармасы, аудандық қаржы бөлiмi, бiлiм департаментi және оның аудандық бөлiмдерi, экономика жөнiндегi қалалық комитет. Бiлiм органдарын лицензиялауға сондай-ақ колледждердi лицензиялаумен заң бойынша жергiлiктi атқарушы органдар ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi жауапты. 
      Бiлiм ұйымдарының көптеген тексерiстерi бiлiм берудi басқару органдарының келiсiмiнсiз жүргiзiледi. 
      Алматы қаласына ерекше мәртебенiң берiлгендiгiне қарамастан, қаланың бiлiм беру жүйесi қатаң орталықтандырылған механизмiнiң бiр бөлiгi ретiнде жұмыс iстеуiн жалғастыруда. 
      Республикалық деңгейде әзiрленген бiлiм мәселесi бойынша кейбiр нормативтiк актiлер Алматының аймақтық ерекшелiгiн ескермейдi. Оқу жылының бойында бiлiм экономикасы саласында нормативтiк құжаттарды шығару орын алып келедi. Бұл көптеген қолайсыздық тудырып отыр. 
      Қазiргi уақытта орта бiлiм беру жүйесiнде негiзгi мәселе материалдық техникалық базаны дамыту, оқушыларды бүгiнгi күнгi оқулықтармен қамсыздандыру, мектептердi осы заманғы компьютерлермен, көрнекi оқу құралдарымен жабдықтау болып отыр. 
      64 жалпы бiлiм беретiн мектептiң компьютерлiк техникасы ескiрген. 7 кәсiби мектептiң (лицейдiң) ақпарат пен өндiрiстi автоматтандыру кабинеттерi мүлдем жоқ. 
      1996 жылғы 1 қаңтарда Алматыда бюджет есебiнен 6000 жуық оқушы бiлiм алып келген 15 кәсiби мектеп (лицей) және орта кәсiби бiлiмi бар 8 мың маман даярлаған 12 колледж болды. Сонымен қатар, кәсiби оқыту жүйесiне жыл сайын 35 мың адам жаңа мамандық алып отыратын, iс жүзiнде орта бiлiм беретiн мектептердiң барлық түлектерiнiң тегiн кәсiби бiлiм алуға және кәсiби даярлықтан өтуiне мүмкiндiктерi болды. 
      Соңғы жылдары кәсiби бiлiм мекемелерiнiң саны барған сайын қысқара түсуде. 2000 жылдың 1 қаңтары бойынша 11 кәсiби мектепте (лицейде) 3,8 мың адам және 10 орта кәсiби оқу орнында (колледжде) мемлекеттiк тапсырыс бойынша 2,3 мың адам оқуда. Ал бiлiктi жұмысшылар мұқтаждығы өте жоғары, тек 1999 жылы ғана жұмыспен қамту органдарына кәсiпорындар 247 газэлектр дәнекерлеушiсiне 251 слесарға, 252 құрылысшыға тапсырыс берген. 
      Экономика комитетi, Еңбек және жұмыспен қамту департаментi бiлiктi кадрларға мұқтаждықты, олардың кәсiби бiлiктiлiк құрылымын нақты толық айқындамайды, оқу орындарының, жұмыс берушiлер мен жергiлiктi атқарушы органдардың арасында келiсiлген экономикалық және әкiмшiлiктiк қарым-қатынас жоқ. Көптеген оқу орталықтары, комбинаттар мен курстар мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды берсе де, тиiстi лицензия алмай-ақ жұмысшыларды даярлауда. 
      Қаланың мектеп жасындағы жастары еңбек нарығына ешбiр кәсiби дайындықсыз баруда, ал егер олар мемлекеттiк емес жоғары мектеп пен колледжде оқуын жалғастырса (Алматыда 55 жоғары мектеп пен 39 колледж бар) да оны аяқтағаннан кейiн ешкiмге керексiз болып қалады. Тек 1999 жылы ғана жұмыспен қамту органдарында да 1253 экономист пен бухгалтер, 729 мұғалiм, 1113 инженер-механик, технолог, құрылысшы, электрик, 227 тәрбиешi, 181 медбике жұмыссыз болып тiркелген. 
      Кәсiби бiлiм әлi де болашақтың инвестициясы ретiнде қарастырылмайды. Әлемнiң көптеген елдерiнде шамамен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң түлектерiнiң 70 пайызы кәсiби бiлiм арқылы мамандық алады. Алматыда кәсiби даярлықпен оқушылардың бар-жоғы 1,2 мыңы ғана қамтылған. Қалада мектепаралық оқу-өндiрiстiк комбинаты бiреу ғана. Мектептердiң оқу шеберханаларының базасында кәсiби дайындық пен жоғары сынып оқушыларының 15 пайызы ғана тартылған. 
      Кәсiби оқу орындарда практикалық оқу үлесi қысқаруда. Алматы қаласындағы N 1 кәсiби лицей базасында тәжiрибе жұмысы көрсеткендей "Қазақстанда кәсiби бiлiмдi дамытуға көмектесу" қазақ-герман жобасын енгiзу шығынын заңдық базаның жоқтығына қарамастан жұмыс берушiлер өзi көтерген. 
      Сондықтан да колледждердегi, кәсiби мектептердегi оқыту мен курстық даярлық және қайта даярлықтың негiзгi мiндетi кәсiби бiлiм оқу орындарының меншiктiң барлық нысанындағы жұмыс берушiлермен тiкелей байланысын қамсыздандыру болып табылады. 
      Кәсiби бiлiм мәселесiн шешу қала экономикасының жай-күйiмен, еңбек ресурстарымен және бiлiктi кадрлардың көптiгiмен, жоғары мектеп, колледж, кәсiби мектеп базасында даярланатын кадрлар санының қаланың нақты мұқтаждығына сәйкессiздiгiмен, басқа аудандардан халықтың қалаға бақылаусыз көшi-қоңымен тығыз байланысты. 
      Жоғары мектептiң мектеп пен қоғам алдында бiлiктiлiгi жоғары ұстаз кадрларын даярлаудағы жауапкершiлiгiнiң төмендеуi де алаңдаушылық туғызуда. 
      Қала аумағында халықтың курстық даярлығын жүргiзетiн әртүрлi орталықтар мен курстардың қызметiне шетел бiлiм ұйымдары филиалдары мен қоғамдық бiрлестiктердiң iс-әрекетiне тиiстi назар аударылмайды. Бiлiмдiк қызметтің осындай нысандарының жұмысын нормативтiк актiлермен қамсыздандырмағандықтан олар бiлiмдi басқару органдарының назарынан ұдайы қалып келедi. 
 

                2. Алматы қаласының бiлiм жүйесiн дамытудың 
                        негiзгi бағыттары 
 

        2001-2005 жылдар мерзiмiндегi бiлiм жүйесiн дамытудың негiзгi мақсаты бiлiм саласында мемлекет саясатын iске асыру үшiн ұйымдық негiз қалау, бiлiм жүйесiн басым дамыту стратегиясын анықтау, қала халқы мен экономикасын және әлеуметтiк саласының бiлiмдiк мұқтажын қанағаттандыру болып табылады. 
      Мақсатты iске асырудың негiзгi мiндеттерi: 
      - бiлiмнiң мемлекеттiк ұйымдарының желiсiн сақтау, оны қайтадан енгiзiлген нысандар есебiнен кеңейту және жергiлiктi органдарға республикалық ұйымдардың бiр бөлiгiн оларды қайта ұйымдастыру кезiнде беру; 
      - "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының және ҚР Үкiметi мен Алматы қаласы Әкiмiнiң бiлiм саласындағы іс-қимыл бағдарламасын iске асыру шараларының жоспарларын ұйымдық-нормативтiк орындалуы; 
      - бiлiмнiң мемлекеттiк жалпы мiндетi стандараттарын орындау, бiлiм бағдарламаларын аймақтық компонентiн одан әрi дамыту; 
      - оқушылардың шығармашылық қабiлетiн, инновациялық сипаттағы бiлiмдi ұйымдастыруды, әртүрлi деңгей мен бағыттағы қосымша бiлiмдi ұйымдастыруды дамытуға бағытталған бiлiмнiң мазмұндық-процессуалдық негiзiн жаңарту; 
      - қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу; 
      - аймақтардың жұмысшылар мен мамандарға мұқтажын қанағаттандыру үшiн сауал салудың маркетингтiк жүйесiн құру, осы сауалды мемтапсырысты қалыптастыру және оның бюджеттiк қаржыландырылуын қамтамсыз ету жолымен iске асыру; 
      - бiлiмдi ұйымдастырудың әр үлгiсi мен түрi бойынша бiр оқушыға, тәрбиеленушiге шаққанда анықталатын аймақтық қаржыландыру нормативтерiн жасау және осы нормативтер негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бiлiмдi жоспарлау; 
      - бiлiм жүйесiнiң ұйымдық-құрылымдық құрылымын жетiлдiру, бiлiмнiң шығыны мен қаржылануын, лицензиялануы мен аттестациясын ұйымдастыру саласында бiлiмдi басқару органдарының мiндетiн кеңейту; 
      - бiлiмнiң жаңа ұлттық үлгiсiн енгiзу, оқу барысында бүгiнгi күнгi оқулықтар мен оқу құралдарын игеру; 
      - мемлекеттiк бiлiм ұйымдары қамтымаған қала халқының мұқтажын ескеретiн жеке бiлiм секторын дамыту; 
      - 5 (6) жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлықпен толық қамту; 
      - бiлiм процесi субъектiлерiн әлеуметтiк қорғаудың аймақтық жүйесiн құру. 
      Қаланың бiлiм жүйесiн дамытудың негiзгi мақсаттары мен бағыттары және оларды iске асыру кезiндегi күтiлетiн нәтижелер: 
      1) Қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу саласында ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 8, 14 баптары). 
 

        Мақсаты: қазақ және республиканың өзге халықтарының тiлiн, тарихын, мәдениетiн, әдет-ғұрпын игеру үшiн жағдай жасау арқылы өз Отанына - Қазақстан Республикасына деген махаббатты тәрбиелеу. 
 

        Дамытудың негiзгi бағыттары: 
      - жеке адамды дамытуды интеллектiлiк, рухани, экологиялық тұжырымдаманы қамтитын ұлттық өзiндiк сананы, ұлттық өзiн-өзi қорғауды ояту және қалыптастыру мектебi ретiнде қазақ ұлттық мектебiн дамыту; 
      - жеке адамның Қазақстанның бiрыңғай қоғамдық және рухани кеңiстiгiне толық тартылуына, Қазақстан азаматы ретiнде оның қалыптасуына, ғана тiлiмен, мәдениетпен және өзiндiк санамен үздiксiз байланысты сақтай отырып, өзiн-өзi көрсетуiне жәрдемдесу; 
      - Қазақстанның құқықтық және мемлекеттiк жүйесiн, ел тарихын, рәмiздерiн, республиканың көрнектi тұлғаларының өмiрi мен қызметiн оқып үйрену арқылы азамат пен патриотты тәрбиелеу; 
      - жас ұрпақты қоғамдық өмiрге еркiн кiруге және өзiн-өзi тануын қамтамасыз ету мақсатында оны жалпы адамдық және этноерекшелiк құндылықтарға тарту; 
      - ұлттық мәдениет пен Қазақстан халықтарының дәстүрлерiн өркендетудi ұйыстыру орталығы ретiнде бiлiм ұйымдарының қалыптасуы; 
      - отандық дәстүрлерге, ұлттық аймақтық ерекшелiктерге, осы заманғы тәжiрибе жетiстiктерiне негiзделген ерекше тәрбие жүйесiн оқу орындарында қалыптастыру; 
      - бiлiм мазмұнына аймақтық және этнокомпоненттердi жоспарлы және ұтқырлы енгiзу; 
      - әлеуметтiк нигилизмге, бойкүйездiкке, жұмыссыздыққа, балалар қылмысына елеулi тосқауыл қою үшiн сабақтан тыс, әсiресе кешкi уақытта жастарды мүдде бойынша бiрiктiретiн орталық ретiнде жалпы бiлiм және кәсiби мектептерiнiң тәрбиелiк мiндетiн дамыту; 
      - қосымша бiлiм мен сан-салалы сабақтан тыс қызметтiң жүйесiн дамыту, олардың тәрбиелiк мiндетiн күшейту; 
      - қосымша бiлiм мен сабақтан тыс қызметпен, халықтың көркемдiк және техникалық шығармашылығымен, клубтық және ойын-сауықтық ұйымдық белсендiлiгi арқылы спортпен шұғылдануына жағдай жасау; 
      - отбасының, мектептiң тәрбие жұмысына қатысу үшiн жағдай жасау, ата-аналардың қоғамдық бiрлестiктерiн дамыту; 
      - оқушыларды әскери-патриоттық және әскери-спорттық тәрбиелеудiң жақсы дәстүрлерiн өркендету және дамыту, бiлiм ұйымдарының материалдық-оқу базасын нығайту. 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - Отаны мен өз отбасының игiлiгi үшiн дайын және еңбек ете бiлетiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiн еркiн игерген қазақ және республиканың өзге халықтарының тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетiн, дәстүрiн бiлетiн өз Отанының азаматы мен патриотын қалыптастыру; 
      - балалар мен жастарда iзгiлiктi бағыт, берiк рухани негiз, шынайы өмiр құндылықтарын беретiн азаматтылық пен патриотизмдi қалыптастыратын тәрбиелеу жүйесiн қалпына келтiру; 
      - азаматтылықты, еңбексүйгiштiктi, адамгершiлiктi, адам құқығы мен еркiндiгiне құрметтi, Отанға, отбасыға, қоршаған табиғатқа сүйiспеншiлiктi қалыптастыру жөнiндегi оқудың тәрбиелiк мiндетiн күшейту; 
      - соңғы жылдары оқыту мен тәрбиелеу жүйесiндегi алшақтықты қосымша бiлiм бағдарламасын iске асыру, жас адамдардың пiкiрлесуге, мүдде бойынша қызметiне, табиғи құлшынысын қана№аттандыратын балалар мен жасөспiрiмдердiң ұйымдары арқылы жою; 
 

        2) Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 23, 38 баптары). 
 

        Мақсаты: Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiн тұрақтандыру мен дамытуды қамсыздандыру. 
 

        Дамытудың негiзгi бағыттары: 
      - халықтың барлық жiгi үшiн мектепке дейiнгi ұйымдар көрсететiн бiлiм қызметтерiне қол жеткiзудi қамсыздандыру; 
      - мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдарының әртүрлi түрлерiнiң желiсiн сақтау мен дамыту және олардың жұмысын халықтың сұранымына сәйкес қамсыздандыру; 
      - мектепке дейiнгi бiлiмнiң мемлекеттiк ағарту стандарттарын бағдарламалық және оқу-әдiстемелiк қамсыздандыру; 
      - балалар бақшасына бармайтын мектеп жасына дейiнгi балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасыға жәрдемдесу және ата-аналарды бiлiктi ұстаздық кеңеспен қамтамсыз ету; 
      - балалардың қабiлетi мен мүддесiн толық анықтау мен дамыту үшiн дамушы ортаны қалыптастыруды, жаңа ұстанымды iске асыру; 
      - жеке тәсiл негiзiнде мүмкiндiктерi шектеулi балалардың қабiлетi мен мүддесiн толық ашуға жағдай жасау; 
      - балаларға, оның iшiнде бала бақшасына бармайтын бүлдiршiндерге көрсетiлетiн қосымша бiлiм қызметтерiнiң тiзбесiн кеңейту; 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - әлеуметтiк қорғалмаған, тұрмысы нашар отбасылар санатына жататын балаларды анықтау механизмiн әзiрлеу және оларға мектепке дейiнгi көлемде белгiленген бiлiм қызметiн тегiн көрсету; 
      - мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардың бiлiм ұйымдарына баратын 5 (6) жастағы балалардың жалпы санының 75 пайызына дейiн мiндеттi және тегiн мектеп алдындағы даярлықпен қамту үлесiн көбейту; 
      - балалар бақшасы мен мектептiң сабақтастығын қамтамасыз ететiн құжаттар мен материалдардың ғылыми әдiстемелi кешенiн әзiрлеу; 
      - мектеп немесе балалар бақшасы базасында балаларды мектепке даярлайтын қысқаша курстарды, сондай-ақ үй жағдайында әзiрлiктi ұйымдастыруды тiлейтiн ата-аналар үшiн қысқа мерзiмдi курстар ұйымдастыру және оны әдiстемелiк қамсыздандыру; 
      - балаларды мектепке даярлау жөнiнде ата-аналарға арналған әдiстемелi құралды әзiрлеу; 
      - коммерциялық негiзде мектепке дейiнгi ұйымдар мен топтардың сан алуан түрiн, олардың жұмыс режимiне сәйкес (тәулiк бойы, толық емес жұмыс күнi, демалыс және мереке күндерi iстейтiн) құру жөнiндегi жұмысты жандандыру; 
      - әртүрлi үлгiдегi мектепке дейiнгi ұйымдар үшiн күннiң үлгiлiк режимдерiнiң нұсқаларын әзiрлеу; 
      - мектепке дейiнгi мекемелерде психологиялық-медициналық- педагогикалық қызметтi ғылыми-әдiстемелiк қамсыздандыру бағдарламасын әзiрлеу; 
 

        3) Орта бiлiм саласында 
 

        3.1) Бiлiм мазмұнын жаңарту ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 5, 6, 9, 12, 17, 18, 24, 33, 35, 46 баптары). 
 

        Мақсаты: мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм стандарттарын енгiзу. 
 

        Дамытудың негiзгi бағыттары: 
      - бiлiмнiң барлық сатыларында мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм стандарттарын iске асыру; 
      - жалпы орта бiлiмнiң мазмұнын бiр деңгейде, оның iшiнде бiр оқу орны мен бiр пәннiң шегiнде терең саралай игерудi қамсыздандыру; 
      - мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм стандарттарына сәйкес қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл ретiнде дамытуды, сондай-ақ орыс тiлiн және бiр немесе екi шет тiлiн үйренудi қамтамасыз ету; 
      - аймақтың бiлiм нарығының сұранысын қана№аттандыруға бағытталған жаңа бiлiм технологиясын енгiзу, бiлiмдi компьютерлендiру, "Интернет" желiсiн пайдалану, барлық пәндер бойынша ақпараттық технология мен компьютерлiк бiлiм бағдарламаларын игеру; 
      - аймақтық компоненттiң мазмұны мен деңгейiне ғылыми негiзделген талаптарды әзiрлеу, "Алматының тарихы, географиясы мен мәдениетi", "Азаматтану" жаңа пәндерiнiң оқу жоспарын енгiзу және ғылыми әдiстемелi қамсыздандыру; 
      - халықаралық бiлiм кеңiстiгiндегi интеграциялық процестердi дамыту, ынтымақтастық, бiлiм мазмұнын жаңарту бойынша тәжiрибе алмасу; 
      - оқытудың жаңа түрi мен нысанында халықтың әртүрлi тобының мұқтажын қана№аттандыру, кешкi, сыртқы, аралық бiлiмдi экстернатты дамыту; 
      - жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жоғары сыныптарын қалаға қажеттi мамандыққа бейiмдеу және осы негiзде бұл мектептердi лицей мәртебесiне көшiру жөнiнде база жасау; 
      - мемлекеттiк бiлiм ұйымдарымен бәсекелесетiн бiлiм мекемелерiнiң мемлекеттiк емес желiсiн қалыптасуға көмектесу; 
      - азаматтық және экологиялық бiлiм бағдарламасын әзiрлеу мен енгiзу және мектептер мен басқа ұйымдардың күш-жiгерiн бiрiктiру негiзiнде оқушыларды тәрбиелеу; 
      - қала мектептерiн бүгiнгi күнгi бағдарламалармен және оқулықтармен дер кезiнде қамтамасыз ету; 
      - бiлiм ұйымдары жұмысының сапасына мониторинг енгiзудi қамтамасыз ету, соған негiзделiп әзiрленген өлшемдер кешенi негiзiнде оқушыларға бiлiм беру мен тәрбиелеу, қала мектептерiнде инновациялық қызмет банкiсiн құру; 
      - оқушы қызметiн бағалаудың жаңа тегершiктерiн енгiзе отыра, оқушылардың жетiстiк деңгейiн бақылау жүйесiн жетiлдiру. 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - қала мұқтажына сәйкес, халықтың ұлттық аймақтық ерекшелiктерiн ескере отыра, орта бiлiм оқу орындарының желiсiн сақтау және дамыту, бiлiм мекемелерiнiң инновациялық түрлерiнiң желiсiн кеңейту; 
      - мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарды толық енгiзу, оларды оқу-әдiстемелiк қамсыздандыру; 
      - iргелендiру, технологияландыру және имандандыру негiзiнде бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiмге, құндылықтар жүйесi мен әлеуметтiк нормаларға сүйену; 
      - тарих, қоғамтану, әдебиет, география бiлiмi мен оқулықтарының мазмұнын осы ғылымдар мен отандық дәстүрлердiң бүгiнгi күнгi деңгейiне сәйкестiкке келтiру, оқушыларды iзгiлiктiлiк-эстетикалық және азаматтық-партиоттық тәрбиелеу мiндетiн iске асыру; 
      - мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi және орта бiлiм арасындағы ғылыми-әдiстемелiк сабақтастықты қамсыздандыру; 
      - барлық деңгейдегi бюджеттер мен бюджеттен тыс қаражат есебiнен бiлiм жүйесiнiң кiтапхана қорын қалыптастыру; 
      - халықтың әлеуметтiк-экономикалық, этно-мәдени мүддесiн және Алматы қаласының артықшылықтарын бiрыңғай бiлiм саясатын iске асыру кезiнде ескеру; 
      - Алматы қаласы Бiлiм департаментiнiң жанынан бiлiм сапасын тексеретiн мемлекеттiк аттестациялық қызмет құру, бiлiм алушыларды сапасыз бiлiмнен қорғау механизмiн iске асыру; 
      - бiлiм мекемелерi түлектерiнiң қорытынды аттестациясының объективтiлiгiн көтеру; 
      - дамытушы бiлiм принциптерiн iске асыратын қосымша бiлiм ұйымдарының әртүрлi үлгiлерi мен түрлерiнiң желiсiн дамыту; 
      - мектеп жасындағы барлық балаларды және 5 (6) жастағы балаларды мiндеттi мектеп алдындағы даярлықпен қамту; 
      - қала азаматтарының орта жалпы, бастауыш, орта, жоғары және жоғары мектептен кейiнгi кәсiби бiлiм алуына мүмкiндiктi кеңейту; 
      - Алматы қаласының бiлiмiн кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесi арқылы жоғары және жоғары мектептен кейiнгi кәсiби бiлiмнiң үздiксiз шегiнде даярланған бiлiктiлiгi жоғары педагогикалық кадрлармен қамтамсыз ету. 
 

        3.2) "Дарынды балалар" мәселесiн шешу ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 1, 3, 4, 8, 18 баптары, ҚР Президентiнiң 24.05. 96 ж. N 3002 Өкiмi  N963002_ ). 
 

        Мақсаты: Дарынды балаларды түлету, олардың шығармашылығын көтермелеу, сондай-ақ мамандардың кең ауқымы мен жұртшылықтың назарын дарынды балалар мәселесiне аудару үшiн оңтайлы әлеуметтiк-педагогикалық жағдай жасау. 
 

        Дамытудың негiзгi бағыттары: 
      - дарынды балаға (оқушыға) өзiнiң жеке қасиеттерiн көрсетуге мүмкiндiк беретiн бiлiмнiң көп деңгейлi және нұсқалы жүйесiн қалыптастыру; 
      - дарынды балаларға рухани және тәндiк дамуы, бiлiмнiң әртүрлi саласында кәсiби даярлық үшiн жағдай жасау; 
      - "Дарынды балалар" мәлiметтерi банкiсiн қалыптастыру; 
      - "Дарынды балаларды" анықтайтын психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлеу; 
      - пәндердi тереңдеп оқытатын сыныптарда сабақ беретiн педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау және тәжiрибеден өтуiнiң әртүрлi нысандарын жүйелi ұйымдастыру; 
      - "Дарынды балаларды" анықтау, оқыту және дамыту жөнiндегi сынақ алаңдарын қалада құру; 
      - "Дарынды балалармен" жұмысты ұйымдастыруда дарынды балаларды анықтау, оқыту және дамыту жөнiндегi бүгiнгi теориялық тұжырымдамаларды басшылыққа алу. 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - дарынды балаларды тәрбиелеу, оқыту және қолдау процесiн нормативтiк-құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк қамсыздандыру; 
      - дарынды балалар үшiн Алматыда мектеп ашу; 
      - Алматы қаласының Бiлiм департаментi жанынан "Дарын" РКӨО филиалының ғылыми-практикалық орталығын ашу; 
      - Алматы қаласының Бiлiм департаментi жанынан "Дарынды балалар" жобасын iске асыру жөнiндегi үйлестiру тобын құру; 
      - дарынды балаларды дамыту және қолдау жөнiндегi мониторингтiк қызметтi БАК және ПКСО жанынан құру. 
 

        3.3) Оқушыларды еңбекке баулу және кәсiби бейiмдеу ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 3, 8, 14, 15, 18, 19, 20, 31, 36 баптары). 
 

        Мақсаты: Нарық экономикасына көшу жағдайында еңбекке баулу жүйесiн өркендету, оқу-тәрбие процесiн еңбек мәртебесiн жасауға бейiмдеу (оқу, қызмет көрсету, өндiрiстiк және пайдалы). 
 

        Дамытудың негiзгi бағыттары: 
      - нұсқаулылық пен жұмылдырушылықты көрсететiн кәсiптер мен мамандықтардың жаңа жiктелiсiне сәйкес жаңа оқу бағдарламасын әзiрлеу, оқытудың жаңа технологиясын енгiзу; 
      - еңбекке баулу саласында маркетингтi қолданудың әдiстемелiк негiзiн әзiрлеу; 
      - қала экономикасы мен әлеуметтiк саласының ерекшелiгiн ескерiп оқушыларды еңбек нарығы болжамының мәлiметтерiмен таныстыру; 
      - кәсiби мектеп, кәсiби лицей базасында мектеп оқушыларын еңбекке баулуды ұйымдастыру; 
      - "Жалпы бiлiм беретiн мектеп - кәсiби мектеп" "Мектеп - кәсiби лицей", "Мектеп - кәсiби лицей - колледж" кешендерiн құру; 
      - мектептегi оқу-тәрбие процесiн материалдық өндiрiс саласындағы еңбекке оқушылардың iштей дайындығын қалыптастыруға бейiмдеу; 
      - электронды-есептеу және микропроцессорлық техниканы пайдалана отырып оқушыларды еңбекке баулу. 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - мектептегi еңбекке баулудың икемдi жүйесiн құру; 
      - еңбекке баулудың стандарттарын енгiзу; 
      - қала мектептерiнде кәсiби бейiмдеу жұмыстары жүйесiн жандандыру, кәсiби бейiмдеу кабинеттерiн құру; 
      - жалпы бiлiм беретiн оқу орындарын оқушыларға кәсiби мамандық беруге және мектеп түлектерiнiң болашақ мамандықтарын таңдауына бейiмдеу; 
      - жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының базасында бастауыш кәсiби беретiн лицей түрiндегi мектептердi дамыту. 
 

        4. Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалмаған балаларды қорғау саласында ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 3, 4, 9, 13, 20, 23, 24, 31, 32, 36 баптары). 
 

        Мақсаты: мүгедек, жетiм және ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың әлеуметтiк қорғалуын, олардың қалыпты өмiрi мен оқуын, сапалы кәсiби даярлығы мен еңбекке орналасуын қамсыздандыратын шараларды кешендi iске асыру. 
 

        Дамытудың негiзгi бағыттары: 
      - мүгедек, жетiм және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар туралы аудандық және қалалық мәлiметтер банкiн құру; 
      - қазақстандық азаматтар асырап алуға тиiс жетiм балалар туралы мәлiметтер банкiн құру; 
      - жетiм балалар құқын қорғау мәселесi бойынша қамқор ата-аналар мен жұмыс үшiн ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлеу; 
      - қалада балалар мен жасөспiрiмдер үшiн арнайы оқу-тәрбие мекемелерiнiң желiсiн құру; 
      - ата-аналар мен жұртшылық арасында "Балалар құқы туралы Конвенцияны" түсiндiру мен насихаттау бойынша жүйелi жұмыс ұйымдастыру; 
      - мүгедек балаларды түзету және оңалту жүйесiн дамыту және жетiлдiру; 
      - түзету бiлiм беру мекемелерiнiң желiсiн дамытуға қала халқының мұқтаждығы туралы мәлiметтер банкiн құру; 
      - әлеуметтiк тұрғыдан қорғалмаған, мемлекет пен қоғамның көмегi мен қолдауына өте мұқтаж балалардың толыққанды өмiрi, бiлiмi, демалысы мен денсаулығы үшiн жағдай жасау; 
      - еңбекке баулу жүйесiн әлеуметтiк қорғалмаған балаларға орайластыра отыра жетiлдiру; 
      - ақыл-ойының дамуы кемшiн балаларды бастауыш кәсiби даярлық бағдарламасын әзiрлеу. 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - әлеуметтiк тұрғыдан қорғалмаған балаларға мемлекеттiк және әлеуметтiк кепiлдiк беру бойынша бiлiм туралы заң нормаларын орындау; 
      - арнайы бiлiм мазмұнын сапалы жаңарту; 
      - кемiс балалардың ерекшелiгiне сәйкес түзету мектеп-интернаттарын оқулықпен және оқу-әдiстемелiк құралдарымен қамсыздандыру; 
      - жеңiлдiк кредит және қаржылық көмектiң өзге түрiн көрсету арқылы жетiм балалардың оқуына әлеуметтiк қолдау; 
      - бiлiм мекемелерiнде оқитын мүгедек, жетiм және ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың жеке және мүлiктiк құқығын қорғауды күшейтетiн нормативтiк-құқықтық актiлердi күшiне енгiзу; 
      - денсаулығының мүмкiндiгi шектеулi балаларға кәсiби бiлiм алу үшiн жағдай жасау; 
      - мүгедек, жетiм және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды, жетiм балалар мекемелерiнiң түлектерiн тұрғын үй мәселесiн шешу, кәсiпорындарда жұмыс орнын квоталауды енгiзу. 
 

        5. Кәсiби бiлiм саласында ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 8, 15, 18, 21, 22, 24, 31, 32, 36, 41 баптары). 
 

        Мақсаты: еңбек нарығын мұқтажына сәйкес бiлiктi еңбек қызметкерлерi мен мамандарын (жұмысшылар мен қызметшiлер) даярлауды қамтамсыз ету. 
 

        Негiзгi бағыттары: 
      - жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiн кәсiби мектепте, (лицейде), колледжде және кәсiби баулудың өзге құрылымдарында оқуын жал№астыру жолымен кәсiби бiлiммен барынша қамту; 
      - еңбек нарығының мұқтажына сәйкес кәсiби бiлiм оқу орындарын қайта құру бойынша, сондай-ақ еңбек нарығына қажет мамандық пен кәсiп бойынша салалық жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқитындар санын көбейту жөнiндегi жұмысты жалғастыру; 
      - акционерлiк қоғам, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк және өзге заңды және жеке тұлғалардың бастауыш кәсiби бiлiмнiң мемлекеттiк емес оқу орнын құруына көмектесу; 
      - қажет номенклатура санын қарастыра отыра, мемлекеттiк тапсырыс пен экономиканың мемлекеттiк емес секторының мұқтажы негiзiнде еңбек нарығының талабына сәйкес кәсiби бiлiм оқу орындарында кәсiп пен мамандықтардың тiзбесiн құрастыру, сан-салалы аралас мамандық пен кәсiп бойынша жұмысшы мен маман даярлауды өрiстету; 
      - кәсiби мектеп (лицей), колледж және өзге оқу кәсiби құрылымдарының оқу-материалдық базасын пайдалануды реттейтiн нормативтiк құжаттарды әзiрлеу. Кәсiби техникалық бағыттағы салалық мектептер санын арттыру; 
      - кәсiби оқу орындарын жастар мен ересектердi даярлаумен, қайта даярлаумен және бiлiктiлiгiн көтерумен шұғылданатын сан-салалы мекеме ретiнде дамыту; 
      - өндiрiсте, курстарда және өзге кәсiби бiлiм құрылымдарында жұмысшылар мен мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн көтерудi ғылыми-әдiстемелiк қамсыздандыру. 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - бiлiм қызметтерi мен еңбек нарығының тепе-теңдiгiн қамсыздандыру; 
      - дәстүрлi емес оқу мәселесiн шешетiн жеке шағын бағдарламаны жасай отыра бастауыш кәсiби, орта кәсiби, жоғары және жоғары мектептен кейiнгi кәсiби бiлiм бойынша қалалық бағдарламалық шараларды әзiрлеу және iске асыру; 
      - сұраным мен ұсыныстық сәйкессiздiгiн жоюға бағытталған бүгiнгi сұранымға сәйкес қала экономикасының құрылымдық өзгерiсi нәтижесiнде босаған жастар мен ересектерге кәсiби даярлықтан өту және бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасау. 
 

        6. Бiлiмдi ақпараттандыру саласында ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 3, 8, 31, 33 баптары, ҚР Президентiнiң 22.09.97 ж. N№3645 Өкiмi  N973645_ "Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы: "Қазақстан Республикасындағы орта бiлiмдi ақпараттандыру"). 
 

        Мақсаты: бiлiм жүйесiнiң барлық деңгейiн кезең бойынша ақпараттандыру. 
 

        Дамытудың негiзгi бағыттары: 
      - бiлiм сапасын бақылаудың және мониторингiнiң компьютерлiк-тестiлiк, диагностикалық әдiстемесiн құру және пайдалану; 
      - бiлiмнiң компьютерлiк технологиясының полифункционалдық, дидактикалық мүмкiндiктерiн ескере отыра бiлiм жүйесiнiң мазмұндық әдiстемелiк базасын жетiлдiру; 
      - корпоративтiк телекоммуникациялық желiнi қашықтық оқытуды енгiзу және ғаламдық Интернет жүйесiне кiру жолымен бiлiмдi ақпараттандыруды дамыту; 
      - бiлiмдi басқарудың ақпараттық жүйесiн енгiзу, жаңа ақпараттық технология негiзiнде даярланған жаңа құралдармен әзiрлемелердi пайдалану бойынша Алматы қаласы оқу орындары мамандарын қайта даярлау мәселесiн шешу; 
      - оқытудың төл, оқу-әдiстемелiк құралдарының жаңа ақпараттық технологиясын құру үшiн қала мұғалiмдерi мен ғалымдарының шығармашылық мүмкiндiгiн бiрiктiретiн әрбiр оқу пәнi бойынша уақытша әдiстемелiк ұжымдарды құру.      
      Күтiлетiн нәтиже: 
      - барлық жалпы бiлiм беретiн және орта арнаулы кәсiби оқу орындарын компьютерлендiру бойынша қаланың орта бiлiмiн ақпараттандыру Бағдарламасын аяқтау; 
      - қаланың барлық мемлекеттiк ұйымдарын оларды оқыту және тәрбиелеу, бiлiм процесiн, бiлiм экономикасын басқару үшiн пайдалануға компьютерлердiң бүгiнгi буынымен қамсыздандыру; 
      - келесi кезеңнiң бағдарламасын - бiлiмге жаңа технология енгiзу негiзiнде бүкiл оқу-тәрбие процесiн компьютерлендiру; 
      - құрылатын бiрыңғай бiлiм стандарты жүйесiнiң құрылымдық толықтырушы ретiнде "Жаңа ақпараттық технология негiзiнде орта бiлiм жүйесiнде оқу сапасын өлшемiн орындау стандартының ғылыми-әдiстемелiк негiзi" жобасын әзiрлеу және енгiзу; 
      - әдiстемелiк нұсқаулықтарды, оқу бағдарлама құралдарын және өзге оқу материалдарын алдын-ала сараптан өткiзу үшiн Қалалық бiлiмдегi жаңа технологиялар орталығы№жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн семинар ұйымдастыру; 
      - Алматы қалалық бiлiм кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институты жанынан Алматы мұғалiмдерi мен ғалымдарына арналған әдiстемелiк құралдарды қарау үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн жұмыс органын құру; 
 

        7. Балалар мен жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласында ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 4, 8, 19, 20, 23, 30, 31, 33, 36, 37, 38, 41, 42 баптары). 
 

        Мақсаты: балалар мен оқушы жастардың денсаулығын сақтау мен түзеуге ықпал ететiн механизмдер мен шарттарды жасау. 
 

        Дамытудың негiзгi бағыттары: 
      - қаланың барлық мүдделi органдары мен қызметтерiнiң "Балалардың бiлiмi мен денсаулығы" ведомствоаралық бағдарламасын әзiрлеудегi iс-әрекеттерiн үйлестiру; 
      - қаланың бiлiм ұйымдарында салауатты өмiр сүру салтын орнықтыру, олардың осы бағыттағы материалдық базасын жетiлдiру; 
      - оқушы жастар, әсiресе тұрмысы нашар отбасылар үшiн асханалар мен дәмханалар жұмысын ұйымдастыру; 
      - апталық оқу жүктемесiн тиiмсiз көбейтудi тоқтату есебiнен оқитындардың жүктемесiн азайту, балалар денсаулығы құндылығын мойындау, бiлiм мазмұнының валеологиялық компонентiне назар аудару, ата-аналармен валеологиялық ағарту, табиғи сауықтыру жұмыстарын жандандыру; 
      - мектепке дейiнгi және орта бiлiм ұйымдарында сауықтыру жұмыстарының әртүрлi нысандарының қолдау және дамыту, табиғатқа саяхатқа шығуды дәстүрге енгiзу; 
      - баланың тәндiк, моральдiк, рухани келбетiне қамқорлық жасау. 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - "Балалардың бiлiмi мен денсаулығы" ведомствоаралық бағдарламасын Алматы қаласы Бiлiм департаментiнiң аудандық бөлiмдерiнiң, денсаулық сақтау, дене мәдениетi және спорт, туризм басқармаларының кәсiподақ және қоғамдық ұйымдардың, кәсiпорындардың бюджеттен тыс қорларының күш-жiгерiн бiрiктiру негiзiнде iске асыру; 
      - оқушылардың, ең алдымен балалар мен жасөспiрiмдердiң ортақ негiздегi, оның iшiнде каникул уақытындағы демалу, тегiн медициналық қызмет пен емделу құқығын қамтамасыз ету; 
      - оқушыларды мүмкiндiгiнше арзан және тегiн нәрлi тамақпен қамсыздандыру; 
      - әрбiр мектепке дәрiгер мен медбике ставкасын енгiзу, оларды балаларды сауықтыру, аурудың алдын-алу және ескерту процесiне тарту мәселесiн шешу; 
 

        8. Қаланың бiлiм жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк және кадрлық қамсыздандыру саласында ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 2, 6, 8, 18, 25, 26, 27, 32, 33, 35, 36, 40, 41, 46 баптары). 
 

        Мақсаты: үздiксiз психологиялық-педагогикалық бiлiм және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн әзiрлеу және құру, оны инновациялық даму режимiне көшiру. 
 

        Дамудың негiзгi бағыттары: 
      - мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарды ғылыми-әдiстемелiк қамсыздандыру, озық тәжiрибенi қорыту және енгiзу, ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттi шығару; 
      - оқу мен тәрбиенiң жаңа шетелдiк және отандық педагогикалық технологияға бейiмделуi бойынша сынақ базасын құру; 
      - мамандардың педагогикалық технологияны жаңа жетiстiктерi туралы бiлiм алуға деген мұқтажын қана№аттандыру; 
      - ғылыми зерттеулердiң, тәжiрибе сынақ жұмыстарының, бағдарламалардың жобалардың ғылыми сарабын ұйымдастыру және өткiзу; 
      - базалық оқу жоспарының аймақтық компонентiн ғылыми-теориялық, оқу-әдiстемелiк қамсыздандыру; 
      - бiлiмге iзгiлiктiк-этникалық сарынды енгiзу; 
      - компьютерлiк оқу бағдарламасын кезең бойынша енгiзу, жаңа ақпараттық технологиялар саласында кадрларды қайта даярлау жобасын iске асыру; 
      - мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн арттыру саласында қашықтық бiлiм жүйесi жобасын әзiрлеу; 
      - жаңа кәсiптер мен мамандықтар бойынша (қызмет көрсету, экология, әлеуметтiк жұмыс, нарық инфрақұрылымы саласында) оқытудың құжаттамалары мен құралдарын әзiрлеу; 
      - үлгiлiк жалпы бiлiм беретiн, кәсiби мектептер, лицейлер, колледждер базасында бiлiм оқу орындары кадрларын қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн көтерудi қамтамасыз ету. 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - "педмектеп - мектеп БАК" жүйесiндегi сабақтастық байланысты қамсыздандыру негiзiнде педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлаудың аймақтық тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзiрлеу; 
      - оқитын мамандар санатына сәйкес педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру стандартын белгiлеу; 
      - ақпараттық қызмет пен ақпараттық педагогикалық қызметтiң компьютерлiк банкiсiн құру; 
      - қалалық қашықтық бiлiм орталығын құру; 
      - қалалық бiлiмдегi маркетинг және мониторинг жүйесiн құру; 
      - қалалық мерзiмдiк педагогикалық баспасөздi шығаруды қамтамасыз ету; 
      - кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау саласындағы ақылы бiлiм қызметтерiн ұйымдастыру бойынша нормативтiк құжаттарды әзiрлеу; 
      - бағдарламалы-педагогикалық құралдар мәлiметтерi банкiн құру; 
      - мемлекеттiк бiлiм стандарттарын игеру бойынша практикалық педагогтарға көмек ретiнде оқу-әдiстемелiк материалдарды әзiрлеу және енгiзу және оның iске асыру механизмiн құру;     
      - қысқа мерзiмдi бағдарлама бойынша жоғары және орта кәсiби бiлiм базасында педагогикалық қызметкерлердi даярлауды ұйымдастыру;
      - екiншi жоғары бiлiм алу мүмкiндiгiн беру.

      9. Қаланың бiлiм жүйесiн басқару жөнiнде 

     Мақсаты: басқару жүйесiн оңтайландыру.     

     Негiзгi бағыттар мен күтiлетiн нәтижелер:

      - бiлiм ұйымдарын лицензиялау мәселесiн қаланың Бiлiм департаментiне 

беру;
      - тiкелей әкiмшiлiк әдiсiнен басқарудың үйлестiру-бақылау әдiсiне көшу негiзiнде бiлiм мекемелерiн басқару және өзара байланыстың жаңа жүйесiн құру, жұмыстың ұйымдық-әдiстемелiк бағытын күшейту; 
      - ведомстводан тыс негiзде оқыту сапасының аудитi қызметiн құру; 
      - кәсiби бiлiм мен кәсiби бейiмдеу жұмысы қызметiнiң ғылыми-әдiстемелiк кабинетiн қалпына келтiру; 
      - бiлiм мекемелерiнде оқу-тәрбие процесiн басқару және бақылау жүйесiн жетiлдiру; 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - қала Әкiмiнiң жанынан ғылым, бiлiм және жұмыспен қамту саласындағы iс-әрекеттердi үйлестiру және шешiмдердi даярлау бойынша Ведомствоаралық кеңес құру. 
 

        10. Бiлiмдi қаржыландыру және бiлiм ұйымдарының материалдық техникалық базасын дамыту саласында ("Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңының 36, 40, 45, баптары). 
 

        Мақсаты: әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешу және нормативтiк ұстанымы негiзiнде бiлiм ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту; 

                 Дамытудың негiзгi бағыттары: 
      - бiлiм ұйымының әрбiр үлгiсi мен түрi бойынша бiр оқушыға, тәрбиеленушiге есептей отыра анықталған және қалыптасқан даму ерекшелiгiн ескеретiн бiлiм нормативтерi негiзiнде мемлекеттiк бiлiм ұйымдарын қаржыландыруды жүргiзу; 
      - қаланың бiлiм жүйесiне оның басымдығын ескере отыра жыл сайын бюджеттiк қаржы бөлу және бекiтiлген қаржы нормаларымен қамсыздандыру; 
      - кәсiби бiлiмнiң мемлекеттiк оқу орындарының көп желiлi жүйесiн енгiзу; 
      - бiлiм берудiң бәсекелiлiгi негiзiнде кәсiби оқу орындары кадрларын даярлау үшiн қалада мемлекеттiк бiлiм тапсырысын қалыптастыру және орналастыру, осы қызметтер бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу кезiнде жариялылықты сақтау; 
      - орта жалпы бiлiм базасында бiлiм алған тұлғаларға кәсiби бiлiм алу үшiн жеке бiлiм кредиттерiн, несиелер мен гранттарды енгiзу; 
      - мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының қаржыландырудың салыстырмалы нормаларын олардың мәртебесiн ескере отырып енгiзу, толық немесе iшiнара өзiн-өзi қаржыландыруға көшуге дайын мектепке дейiнгi ұйымдарға қаржылық және өзге де қолдауды көрсету; 
      - жазғы кезеңде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, емделуiн және жұмыспен қамту ұйымдарын бюджеттен жыл сайын қаржыландыруды қамтамасыз ету; 
      - халықтың тығыздығына байланысты және қала аумағында бiлiм ұйымдарының орналасу ерекшелiгiн ескере отырып, ҚР Үкiметi бекiткен бiлiм ұйымдары желiсiнiң кепiлдi нормативiн iске асыру; 
      - құрылтайлық шарт негiзiнде бiлiм ұйымдарының жедел басқаруына коммуналдық объектiлер беру және олардың қызметiне коммуналдық меншiктi басқару органдары мен қаланың әртүрлi бақылаушы органдарының араласуына жол бермеу; 
      - бiлiмнiң коммуналдық объектiлерiн бiлiмдi басқару органдарының мiндеттi қатысуымен және осындай объектiлердi жалгерлердiң мүмкiндiгiнше бiлiм қызметiн немесе бiлiмге қызмет көрсететiн ұйымның қызметiн сақтауы арқылы жалға беру; 
      - қаланың барлық мемлекеттiк бiлiм ұйымдарын бүгiнгi компьютерлiк техникамен және бағдарламалармен қамсыздандыру; 
      - интернаттардың, балалар үйлерiнiң түлектерiн нәрлi және сапалы тамақтандыруды қамсыздандыру, осындай мекемелер үшiн азық-түлiк тағамдарын мемлекеттiк тапсырысын ұйымдастыруды бiлiмдi басқару органдарына беру; 
      - интернаттардың, балалар үйлерi түлектерiнiң қалалық көлiкте жүру үшiн жеңiлдiк енгiзу және қала шетiндегi бос демалыс лагерлерiн, интернаттардың және балалар үйлерiнiң балансына беру; 
      - еңбек ұжымына мүлiктi сенiмдiк басқару шарты негiзiнде беру арқылы немесе сатып алу құқығындағы мүлiктiк жалдау арқылы жекешелендiрудiң басым формасын қарастыратын мектепке дейiнгi және кәсiби бiлiм объектiлерiн жаңарту бойынша нормативтiк-құқықтық механизмдi енгiзу; 
      - босаған ғимараттардың және коммуналдық меншiктiң жаңа құрылыс есебiнен бiлiм оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту; 
      - бiлiм мекемелерiн жаңа қондырғымен, компьютерлiк техникамен және оқудың басқа да құралдарымен нормативтiк қажеттiлiкке дейiн жабдықтау. 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - қаржы қызметi органдарына бақылау мiндетiн қалдыра отыра қалалық бiлiм департаментiнiң құзыретiне мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдарды және кәсiби бiлiм ұйымдарын қаржыландыру және шығындарын жоспарлау мәселесiн беру; 
      - мектеп алдындағы дайындықты жүргiзетiн және тұрмысы нашар отбасылар балалары үшiн ұйымдастырылған мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдарды мемлекеттiк мекеме мәртебесiне көшiру; 
      - мектепке дейiнгi ұйымдардың 5 жасқа дейiнгi бiр тәрбиеленушiсi үшiн ата-аналар төлемiнiң есептемелiк көрсеткiштерiн төмендету бағытына қарай реттеу; 
      - бастауыш кәсiби бiлiмнiң мемлекеттiк оқу желiсiнiң дамуын және онда бюджет есебiнен орта кәсiби бiлiм - мемлекеттiк тапсырыс бойынша оқитындардың санын көбейту, осы мәселе бойынша 2001-2005 жылдарға арналған қаланы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың индикативтiк жоспарын қайта қарау; 
      - оқу орындарының ғимараттары мен мүлiгiн жалға беруге және алынған қаражаттар бiлiм мекемесiнiң оқу материалдық базасын нығайту үшiн пайдалануға рұқсат ету құқығын қалалық бiлiм беру департаментiне беру туралы мәселе шешу; 
      - тұрмысы нашар отбасылардың балалары үшiн жалпы бiлiм беретiн мектеп-интернат ашу; 
      - қаланың әрбiр ауданында әлеуметтiк қорғалмаған отбасылар үшiн мемлекеттiк мектепке дейiнгi мекемелер ұйымдастыру; 
      - жетiм балалар, жетiм балалар мекемелерi түлектерi үшiн жасөспiрiмдер үйiн ашу; 
      - жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң мемлекеттiк желiсiн сақтау және дамыту және оларды қала халқының мұқтажына сәйкес келтiру;
      - жақын уақытта аяқ-қолы тартылатын балаларға арналған арнайы мектеп-интернат ғимаратының құрылысын аяқтау;
      - кәсiби мектептер (лицейлер), колледждер оқу шеберханасы базасында оқу жиһазын, құралдарын шығаруды ұйымдастыру;    

     11. Жұмыс берушiлер мен өзге әлеуметтiк әрiптестермен өзара iс-қимыл 

саласында.

      Мақсаты: бiлiм ұйымдарының жұмыс берушiлер мен өзге әлеуметтiк әрiптестермен тiкелей байланысын қамсыздандыру.    

     Негiзгi бағыттары:
      - бiлiм, еңбек және жұмыспен қамту органдарының, өнеркәсiп және кәсiпкерлер одағының, Қазақстан Кәсiподақтары федерациясының және өзге әлеуметтiк әрiптестердiң, жұмысшылар мен мамандардың даярлығын дамыту және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн еңбек нарығындағы қажеттiлiкке сәйкес кадрлармен қамсыздандыру, дамыту жөнiндегi 2000-2004 жылдардағы мерзiмге арналған бiрлескен iс-әрекет бағдарламасы мен шараларын әзiрлеу; 
      - тең негiзде бүкiл әлеуметтiк әрiптестермен еңбек нарығын болжау мәселесi бойынша зерттеулердi ұйымдастыру және кадрларға болашақ қажеттiлiк туралы бүкiл мүдделi тараптардың ақпараттандырылуын жүйелi iске асыру; 
      - барлық мүдделi мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес құрылымдардағы кәсiби бейiмдеудiң мемлекеттiк қоғамдық қызметiн құру. 
 

        Күтiлетiн нәтиже: 
      - бiлiм қызметi мен еңбек нарығын шендестiру; 
      - бiлiм ұйымдарының түлектерiн еңбекке орналасуына жағдай жасау; 
 

                              3. Қорытынды 
 

        Мәслихаттың бiлiм және ғылым жөнiндегi тұрақты депутаттық тобы құрған жұмыс тобы әзiрлеген Алматы қаласындағы бiлiмдi дамытудың кешендi бағдарламасының негiзгi бағыттары Алматы қаласының бiлiм жүйесiнiң "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының заңын iске асырылуына бағытталған шаралардың орындалуына орайластыра отырылып талданды. 
      Ұсынылған негiзгi бағытта қаланың бiлiм жүйесiн дамытуға бағытталған 

қолданымдағы жоспарлар мен шараларды қазiргi жағдайда шешiлуге тиiс бұл жүйенiң өзектi мiндеттерiн ескере отырып жасалды. Негiзгi бағыттардың мәлiметтерiн iске асыру бiрiншi кезектегi, сондай-ақ бiлiмнiң кейбiр ұзақ мерзiмдi мәселелерiн қойылған мiндеттердi шешуге барлық мүдделiлердiң белсендi қатысуымен iске асыруға мүмкiндiк бередi. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты V-сессиясының төрағасы II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы 

                                     II-сайланған Алматы қалалық
                                      Мәслихатының 2000 жылғы
                                       2 маусымдағы шешiмiне
                                            N 2 қосымша
 

         Алматы қалалық Мәслихатының ҚР Парламентiне, ҚР Үкiметiне 
         және ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiне ҚР заңдары мен 
                нормативтiк актiлерi бойынша ұсыныстары 
 

        Қазақстан Республикасының Парламентiнен сұралсын: 
      1. Қазақстан Республикасының төмендегi заңдарын әзiрлеу және қабылдау: 
      - бала құқы туралы; 
      - кәсiби бiлiм және кәсiби оқыту туралы; 
      - халықтың тұрмысы нашар жiктерi үшiн жұмыс орнын квоталау туралы. 
      2. Кадрларды пайдалануда жұмыс берушiлердiң рөлi мен жауапкершiлiгiн қарастыратын "Әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Қазақстан Республикасының заңының жобасына толықтыру енгiзу. 
      3. Қолданымдағы мына заңдарға өзгерiстер мен толықтыру енгiзу: 
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензияландыру туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N№2201 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң ведомстволары, 1995 ж.). Осы заңның 10 бабы мына редакцияда жазылсын: "Мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiби бiлiмнiң барлық деңгейiнде (деңгей сатыларында) бiлiм бағдарламаларын iске асыратын және нақты кәсiп, мамандық, оқыту үлгiсi мен орта жалпы бiлiмнiң сатыларына және кәсiби бiлiктiлiк деңгейiне сәйкес диплом, аттестат, куәлiк, сертификат және өзге құжатты беру құқығымен кәсiби даярлықты (оқытуды) жүргiзетiн бiлiм ұйымдарының және өзге де оқу-өндiрiстiк құрылымдардың, сондай-ақ дәстүрлi емес бiлiмнiң мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарының қызметi". 
      2) Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" заңына. 12 баптың 3 тармағы (1 тармақшасы) мына редакцияда жазылсын: "1) бастауыш жалпы, негiзгi жалпы немесе орташа жалпы және бастауыш кәсiби бiлiм немесе кәсiби даярлық (оқыту) беретiн, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарға - облыстардың, республикалық бағыныстағы қалалар мен астананың бiлiм басқармалары (департаменттерi)". 
      Бұл "Бiлiм туралы" жаңа Заңның 24 бабының 6 тармағына сәйкес келедi және Республиканың азаматын кәсiби бiлiм, кәсiби даярлау (оқыту) сапасы бойынша қорғайды. 
      3) Президенттiң заң күшi бар 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" заңына. (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң ведомстволары, 1995 ж. N№9-10). 
      21 бап "Кәсiпорынның жарғылық, резервтiк және кәсiби оқыту құралдары" болып айдарлансын. Осы бапқа мына редакциядағы тармақ қосылсын: "кәсiпорын жалақы қорының 1 пайызы көлемiнде кәсiби бiлiм және кәсiби бiлiм даярлау (оқыту) қорын құруға мiндеттi, ол тек бiлiм ұйымдарымен шарт бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру үшiн ғана пайдаланылады, басқаша жағдайда кәсiби бiлiм және кәсiби бiлiм даярлау (оқыту) қорына алынады. 
      3 тармақ 4 тармаққа өзгертiлсiн. 
      Заңның осы қағидасы азаматтардың әлеуметтiк қорғалуын, олардың кәсiбилiгiн (құзыретiн) көтерудi қамтамасыз етедi. 
      4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N№2335 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң ведомстволары, 1995 ж. N 3). 
      34 баптың 1 тармағының 3 тармақшасындағы "Алынған кiрiстер бойынша" сөздерден кейiн "өндiрiстiк-шаруашылық және бiлiм қызметiнен түскен, сондай-ақ...алынған"; 
      б тармағында: 
      бiрiншi азат жолдан кейiн "қайырымдылықпен шұғылданатын" сөзiнен кейiн "бiлiм берумен" сөзi қосылсын; 
      - мына мазмұндағы в), г) және д) азат жолдарымен толықтырылсын: 
      в) "жұмысшылар мен мамандарды даярлауға және қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн көтеруге жұмсалынған қаражаттың"; 
      г) "оқушылар мен студенттердiң кәсiби практикасын жүргiзуге жұмсалынған қаражаттың"; 
      д) "мектеп оқулықтары мен оқу құралдарының, сондай-ақ мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдары, орта жалпы бiлiм, кәсiби мектептер (лицейлер), колледждер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың импорты". 
 

        Қазақстан Республикасының Үкiметiнен сұралсын: 
      1. 2001-2005 жылдардағы мерзiмге арналған кәсiби бiлiмдi (бастауыш және орта) дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу. 
      2. Үкiметтiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N№1876 "Бiлiм ұйымдарының қызметкерлерiне ауылды жердегi жұмыс, экологиялық апат аймағында тұрғандығы, оқу кабинеттерiнiң жетекшiлiгi, сынып жетекшiлiгi, пәндердi тереңдетiп оқытқандығы үшiн үстеме мен басқа да төлемдер туралы" қаулысының күшiн толығымен жою. 
      N№1876 қаулы мұғалiмдердiң орташа жалақысын 15-20 пайызға азайтқандықтан олардың ренiшiн туғызды. Енгiзiлген өзгерiс осы қаулының күшiн уақытша тоқтатты. Алайда бұл өзгерiс педагогтардың барлығына бiрдей қолданылмайды. 
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қаулысымен Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" заңының тиiстi баптарын iске асыруға бағытталған бiрқатар нормативтiк актiлердi бекiту: 
      1) Тиiстi үлгiдегi бiлiм ұйымдары туралы үлгi ереже ("Бiлiм туралы" ҚР заңының 9 бабы, 3 тармағы); 
      2) Мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының ерекше мәртебесi туралы ереже (9 бап, 6 тармақ); 
      3) Мемлекеттiк бiлiм тапсырмасын анықтау тәртiбi (31 бап 2 тармақ), мұнда тапшы еңбек қызметкерлерiнiң (жұмысшы, қызметшi және маман) даярлау қамтылады: 
      - бюджеттiк сала ұйымдары; 
      - шағын бизнестiң, экономика мен әлеуметтiк саланы дамытудың басым бағыттарының мемлекеттiк бағдарламасын орындау; 
      - акцияларының мемлекеттiк пакетi 51 пайыз және одан жоғары кәсiпорындар. 
      Қалған кәсiпорындар, ұйымдар бойынша, оның iшiнде бiрлескен шет ел инвесторларымен мемлекеттiк тапсырыс шартпен анықталады. 
      4) мемлекеттiң азаматтардың жекелеген санаттарына (жетiм, ата-анасының қарауынсыз қалған, ақыл-ойы кемiс, мүгедек, жастайынан мүгедек және көпбалалы отбасылар балалары мен азаматтардың заңмен анықталатын өзге де санаттары) олар бiлiм алған кезеңде мемлекет көрсететiн әлеуметтiк көмек көлемiнiң көздерiн анықтау тәртiбi (4 бап 5 тармақ). 
      5) Оқушылардың кәсiби практикасын өткiзу тәртiбi (15 бап). 
      6) Бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттiк бiлiм ұйымдары қызметкерлерiнiң жалақысы туралы ереже (40 бап 1 тармақ). 
      7) Мемлекеттiк бiлiм ұйымдары педагогикалық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн жұмыстан қол үздiре отырып көтеру туралы ереже (40 бап 3 тармақ). 
      8) педагогикалық қызметкерлердiң демалысы туралы ереже (41 бап 3 тармақ). 
      9) Бiр оқушыны қаржыландыру нормативi (43 бап 4 тармақ). 
      10) Сырттай нысанда және оқытудың қашықтық әдiсiмен оқитындар үшiн жеңiлдiк жөнiндегi ереже. 
      11) Мына ұсыныстар қаралсын: 
      - бюджеттiк қаражат есебiнен оқитын бiр оқушыға шаққандағы коммуналдық қызметтi тұтыну нормасын көбейту туралы; 
      - оралман-балалар үшiн олардың даярлық және даму деңгейiне сәйкес мектеп ашу және түзетiлмелi оқу жоспары мен бағдарламасы бар арнайы сыныптарды бюджеттен қаржыландыру туралы. 
      Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнен төмендегi нормативтiк құжаттарды белгiленген тәртiппен бекiтудi жеделдету сұралсын: 
      1. Жаңа базалық оқу жоспары (оқу жоспарының үлгiсi): 
      1) Орта жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары баспалдағы төрт бағытта: гуманитарлық, жаратылыс-ғылыми, физика-математика және кәсiби; 
      2) Гимназиялар мен лицейлер, 1-11 сыныптарда жекелеген пәндердi тереңдетiп оқытатын арнайы мектептер; 
      3) Бастауыш кәсiби бiлiм оқу мерзiмiнде: 
      - 2-3 жыл - кәсiби мектеп (9 сынып базасында); 
      - 3-4 жыл - кәсiби лицей (9 сынып базасында); 
      - 6 айдан 2 жылға дейiн бiлiм мектебiнiң жоғары сатысы базасында; 
      - 1 айдан 6 айға дейiн - курстық даярлау, жұмыссыздарды қайта оқыту. 
      4) орта кәсiби бiлiм оқу мерзiмiнде: 
      - 3-4 жыл - колледждер, училищелер (9 сынып базасында); 
      - 2-2 жыл 10 ай - колледждер, училищелер (жоғары мектеп базасында). 
      2. Барлық үлгiдегi және атаудағы бiлiм ұйымдары туралы ереже. 
      3. Өндiрiсте, оқу-өндiрiс комбинатында, оқу орталығында, курстарда және жұмысшыларды даярлайтын өзге де оқу-өндiрiстiк құрылымдардағы кәсiби оқу туралы ереже. 
      4. Әртүрлi бiлiм бағдарламаларын iске асыратын бастауыш және орта кәсiби бiлiм оқу орындары туралы. 
      5. Бiлiм ұйымының кеңесi, қамқоршылар кеңесi, педагогикалық (әдiстемелiк) кеңес, жалпы жиналыс және мемлекеттiк бiлiм ұйымын алқалық басқарудың өзге де нысандары туралы ереже. 
      6. Бiлiм ұйымдарының барлық түрi бойынша үлгiлiк штаттық кесте. 
      7. Аудандық (қалалық) бiлiм басқармалары органдары туралы үлгiлiк ереже. 
      8. Бiлiм ұйымының әрбiр түрi мен үлгiсi және әрбiр кәсiп (мамандық) бойынша бiр оқушыға, тәрбиеленушiге шаққандағы оқытуды қаржыландыру(төлем) нормативтер.
      9. Негiзiнен жұмыс берушiлер қатарынан комиссияның тәуелсiз құрамын қарастырылатын қорытынды бiлiктi емтихан жүргiзу және диплом жобаларын қорғау туралы нұсқау.
      10. Бастауыш және орта кәсiби бiлiм оқу орындарының республикалық оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерi туралы ереже, сол арқылы қаржыландыру механизмiн анықтау.
      11. Мемлекеттiк бiлiм мекемелерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру туралы ереже, сол арқылы қаржыландыру механизмiн анықтау.

           ІI-сайланған Алматы қалалық                                       
     Мәслихаты V-сессиясының 
     төрағасы

       II-сайланған Алматы
     қалалық Мәслихатының
     хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады