"Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 98 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1394. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 (V032591) қаулысымен.

      Ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында облигацияларды орналастыру және айналысының рәсiмiн оңтайландыру мақсатында "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңының  10-бабы екiншi азатжолының, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңының  33-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3),
17) және 22) тармақшаларының негізiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына  мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 28 ақпанда 263 нөмiрмен тiркелген Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы ережеге  (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1997 ж., 92-100-беттер; "Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 2000 ж, N 5(10), 12-бет):
      1) N 1а қосымша мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Егер эмитент ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында облигацияларды орналастыруды және/немесе айналысын жобаланған жағдайда - сауда-саттық ұйымдастырушының осы облигацияларды осы сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiндегi айналысқа рұқсат етiлген бағалы қағаздардың ресми тiзiмiне енгiзу мүмкiндiгi туралы қорытындысы (листингтiң осы облигациялар сәйкес келетiн санатын көрсетумен).";
      2) N 2 қосымшаның 17-тармағы мынадай мазмұндағы д-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "д-1) эмитенттiң облигацияларды листингтiң осы облигациялар сәйкес келетiн санатын көрсете отырып сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiндегi айналысқа рұқсат етiлген бағалы қағаздардың ресми тiзiмiне енгiзу бастамасы жөнiндегі ниетi туралы мәлiмет;".
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) мемлекеттік емес облигациялар эмитенттерінің назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) мемлекеттік емес облигациялар шығаруға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Ұ лттық комиссияның Төрағасы
      Ұлттық комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады