------------------Бұйрықтан үзінді---------------------
"Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832
қаулысына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасын жасау мен бекіту және оларға өзгерістер енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 27 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 23 ақпанда N 1404 тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде 2001 жылғы N 12, 342-бетте жарияланды)....
Министр
-------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы N 255
қаулысымен
бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын (мерзімді және жылдық) жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасын жасау мен бекіту және оларға өзгерістер енгізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2001 жылғы 19 қаңтар
N 27 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Республикалық және жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
шығыстар сметасын жасау мен бекіту және
оларға өзгерістер енгізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасын жасау мен бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін анықтайды.
2. Шығыстар сметасы (бұдан әрі - смета) республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік мекемелерді ұстауға және нақты бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындауға бөлінетін қаражаттың көлемін, мақсатты бағытталуын және айлар бойынша бөлінуін анықтайтын негізгі құжат болып табылады.
3. Смета әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жасалады. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын белгіленген тәртіппен бекітілмеген сметамен жұмсауға жол берілмейді. Смета жиынтық және жеке болуы мүмкін.
Бюджетте әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша бекітілген жалпы сомаға жасалатын смета жиынтық болып табылады.
Егер бағдарлама (кіші бағдарлама) бірнеше мемлекеттік мекемелерді ұстауды, бірнеше мемлекеттік мекемелермен іс-шаралар өткізуді көздейтін болса, онда мұндай бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета тиісінше жеке сметаларға бөлінеді.
Егер бағдарлама (кіші бағдарлама) тек бір ғана мемлекеттік мекемені ұстауды, бір ғана мемлекеттік мекемемен іс-шаралар өткізуді ұйғарып отырса, онда осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша смета жеке және бір мезгілде жиынтық смета болып табылады.
Бюджеттік тағайындауларды әкімші - аумақтық (құрылымдық) бөлімше - түпкі алушы сызбасы бойынша бөлу кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ІІ деңгейдің аумақтық (құрылымдық) бөлімшенің (бұдан әрі - ІІ деңгейдің бөлушісі) және түпкі алушылардың жеке сметасының жиынын білдіретін жиынтық сметасын бекітеді.
ІІ деңгейдің бөлушісі жиынтық сметалар негізінде әрбір түпкі алушының жеке сметаларын бекітеді.
4. Жиынтық және жеке сметалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандар бойынша жасалады және бекітіледі.
2. Сметаны жасау тәртібі
5. Сметаны жасаған кезде мемлекеттік мекемелер:
Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік жіктемесі шығыстарының экономикалық
жіктемесін
;
Қазақстан Республикасының бюджеті шығыстарының экономикалық жіктемесі ерекшелігінің
құрылымын
;
бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін көздейтін нормативтік құқықтық
кесімдерді
;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуға, мемлекеттік тапсырысты орналастыруға арналған конкурстарды (тендерлерді) өткізу мерзімдерін, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушілермен шарттар жасасудың мерзімдерін;
тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланған шығыстардың есептемесін басшылыққа алады.
6. Іске асыру нысаны "мемлекеттік мекемені ұстау" ретінде анықталған бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша әрбір мемлекеттік мекемеге жеке смета және тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета немесе бюджеттік тағайындауларды үш звенолы бөлу сызбасы кезінде - тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета, ІІ деңгейдің жиынтық сметасы және әрбір мемлекеттік мекеменің жеке сметасы жасалады.
7. Іске асыру нысаны "іс-шара" ретінде анықталған бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша іс-шара өткізетін әрбір мемлекеттік орган үшін жеке смета және тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета немесе бөлудің үш звенолы сызбасы кезінде - тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета, ІІ деңгейдің жиынтық сметасы және әрбір мемлекеттік мекеменің жеке сметасы бекітіледі.
8. Іске асыру нысаны "мемлекеттік тапсырыс" ретінде анықталған бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша, тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета және әрбір Тапсырыс берушіге жеке смета, бюджеттік тағайындауларды үш звенолы бөлу сызбасы кезінде - тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета, ІІ деңгейдің жиынтық сметасы және әрбір Тапсырыс берушінің жеке сметасы бекітіледі.
9. Жоғарыда санамаланған іске асыру нысандарына жатпайтын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета ғана жасалады.
10. Халықаралық шарттарға сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша смета осы шарттардың ережелерін ескере отырып жасалады.
11. Бөлінетін бағдарламалар бойынша (Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резерві, өкілдік шығыстар, шетелдік іссапарлар, кредиторлық берешекті өтеу және с.с.) осы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жиынтық сметаны жасайды және бекітеді. Осы бағдарламалардың есебінен түрлі әкімшілерге іс жүзінде қаражат бөлген кезде алушы-әкімшілер жиынтық және жеке сметаларды және бюджеттік тағайындауларды үш звенолы бөлу сызбасы кезінде - ІІ деңгейдің жиынтық сметасын жасайды және бекітеді.
3. Сметаларды бекіту тәртібі
12. Жиынтық және жеке сметаларды, ІІ деңгейдің жиынтық сметаларын бекіту мынадай тәртіппен жүргізіледі.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шығыстарының болжамды көлемдерін бөледі және жоспарлы жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін мемлекеттік мекемелерге, ал бюджеттік тағайындауларды бөлудің үш звенолы сызбасы кезінде - ІІ деңгейдің бөлушілеріне жеткізеді.
ІІ деңгейдің бөлушілері жоспарлы жылдың алдындағы жылдың 5 қарашасына дейін мерзімде шығыстардың болжамды көлемдерін түпкі алушыларға (мемлекеттік мекемелерге) жеткізеді.
Түпкі алушылар (мемлекеттік мекемелер) түпкі алушының (мемлекеттік мекеменің) басшысы және түпкі алушының (мемлекеттік мекеменің) қаржы қызметінің басшысы қол қойған, жоспарлы жылға арналған жеке сметалардың жобаларын жасайды және 15 қарашаға дейін мерзімде ІІ деңгейдің бөлушілеріне ұсынады.
Мемлекеттік мекемелер, ал бюджеттік тағайындауларды бөлудің үш звенолы сызбасы кезінде ІІ деңгейдің бөлушілері мемлекеттік мекеменің (ІІ деңгейдің бөлушісінің) басшысы және мемлекеттік мекеменің қаржы қызметінің (ІІ деңгейдің бөлушісінің) басшысы қол қойған, жоспарлы жылға арналған жеке сметалардың (ІІ деңгейдің жиынтық сметаларының) жобаларын жасайды және жоспарлы жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жеке сметалардың (ІІ деңгейдің жиынтық сметаларының) ұсынылған жобалары негізінде әрбір бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық сметаның жобасын жасайды және жоспарлы жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органдарына ұсынады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе жергілікті қаржы органдары жиынтық сметалардың жобаларын, қолма-қол ақшаның айлық болжамын, қарыз алудың мүмкіндіктерін ескере отырып, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен және жергілікті өкілді органдардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерімен бекітілген тұтастай алғанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша жылдық соманың пайыздары түрінде жылдық тағайындауларды бөлу лимиттерін анықтайды және 25 желтоқсанға дейін оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жылдық тағайындауларды бөлудің жеткізілген лимиттері негізінде бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық сметаларды нақтылайды және бекітеді және жоспарлы жылдың 5 қаңтарына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органдарына ұсынады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен бір уақытта мемлекеттік мекемелердің жеке сметалары, ал бюджеттік тағайындауларды үш звенолы бөлудің сызбасы кезінде ІІ деңгейдің жиынтық сметалары нақтыланады және бекітіледі және 5 қаңтарға дейін мемлекеттік мекемелерге, ал бюджеттік тағайындауларды бөлудің үш звенолы сызбасы кезінде - ІІ деңгейдің бөлушілеріне жеткізіледі. ІІ деңгейдің бөлушілері 10 қаңтарға дейін мерзімде ІІ деңгейдің бөлушілерінің және түпкі алушылардың жеке сметаларын бекітеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе жергілікті қаржы органдары жоспарлы жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының тізімдемесін жасайды және бекітеді.
13. Жиынтық, жеке сметаларды және ІІ деңгейдің жиынтық сметаларын бекіту жоғары оң бұрышында смета бойынша шығыстардың жалпы сомасы жазумен көрсете отырып, сметалардың барлық даналарында бекіту күнімен, сондай-ақ әкімшінің (ІІ деңгейдің бөлушісінің) мөртаңбасымен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының (немесе басшының орынбасарының) (ІІ деңгейдің бөлушісінің) қолымен ресімделеді. Жиынтық, жеке және ІІ деңгейдің жиынтық сметаларына бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің (ІІ деңгейдің бөлушісінің) қаржы қызметінің басшысы қол қояды.
14. Жиынтық смета 2 данада бекітіледі. Бекітілген жиынтық сметаның бір данасын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісінше Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органдарына ұсынады.
15. Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша, сондай-ақ шығыстардың экономикалық жіктемесінің әрбір ерекшелігі бойынша және айлар бойынша барлық жеке сметалардың сомасы осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың жиынтық сметасына сәйкес келуі тиіс.
Бюджеттік тағайындауларды бөлудің үш звенолы сызбасы кезінде ІІ деңгейдің бөлушісі бекітетін барлық жеке сметалардың сомасы шығыстардың экономикалық жіктемесінің әрбір ерекшелігі бойынша және айлар бойынша ІІ деңгейдің жиынтық сметасына, ал ІІ деңгейдің барлық жиынтық сметаларының сомасы - осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық сметаға сәйкес келуі тиіс.
16. ІІ деңгейдің жиынтық сметасы 2 данада бекітіледі. ІІ деңгейдің бекітілген жиынтық сметасының бір данасы ІІ деңгейдің бөлушісіне беріледі, бір данасы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің іс қағаздарында сақталады.
17. Жеке смета 3 данада бекітіледі. Бекітілген жеке сметаның екі данасын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (ІІ деңгейдің бөлушісі) орындау үшін тиісті бағынысты мемлекеттік мекемеге береді, үшінші данасы тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің (ІІ деңгейдің бөлушісінің) іс қағаздарында сақталады.
18. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме жеке сметаның бір данасын алған күнінен бастап 3 күн мерзімде Қазынашылықтың тиісті аумақтық органына ұсынады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме жеке сметаның бір данасын алған күнінен бастап 3 күн мерзімде қаржы органына ұсынады.
19. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер жеке сметаларды белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, Қазынашылықтың аумақтық органдары мемлекеттік мекемелер жеке сметаларды ұсынғанға дейін оларды аудару (шығыс) операцияларын тоқтата тұрады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер жеке сметаларды белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, жергілікті қаржы органдары мемлекеттік мекемелер жеке сметаларды ұсынғанға дейін қаржылық рұқсаттарды беруді тоқтата тұрады.
4. Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері мен
шығыстарының тізімдемесіне өзгерістер енгізу тәртібі
20. Ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер нақтыланған жағдайда, республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының нақтыланған тізімдемесі жасалады және бекітіледі.
Бұл ретте:
өздері бойынша жылдық бюджеттік қаржы бөлу өзгермеген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бұрын бекітілген жиынтық және жеке сметалар нақтыланбайды;
өздері бойынша жылдық бюджеттік қаржы бөлу өзгерген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нақтыланған жиынтық және жеке сметалар жасалады және бекітіледі. Жылдық бюджеттік қаржы бөлуді кеміту кезінде бюджет ақшасын қайтарып алуды ескере отырып, ағымдағы қаржы жылының өткен айлары бойынша жоспарлы тағайындаулар ашық лимиттерден кем болмауы тиіс;
қосымша бюджеттік бағдарламалар бойынша жиынтық және жеке сметалар белгіленген тәртіппен бюджет нақтыланған сәттен бастап және ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін бекітіледі;
нақтыланған сметалар өздері бойынша нақтыланған жиынтық смета жасалатын, осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген бөлінетін бағдарламаларды қоспағанда, қаржы жылы ішінде енгізілген барлық өзгерістерді ескере отырып жасалады;
нақтыланған және қосымша жиынтық сметалар бюджет нақтыланғаннан кейін бір апта мерзімде осы Ережеде белгіленген тәртіппен тиісінше Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, жергілікті қаржы органына ұсынылады;
айлар бойынша түсетін түсімдердің сомасын өзгерту олардың жылдық сомасы өзгерген жағдайда жүргізілуі мүмкін, бұл ретте өткен айлар бойынша нақтыланған жоспар іс жүзіндегі түсімдерден кем болмауы керек.
21. Бюджеттің атқарылуы барысында кірістердің тізімдемесіне ағымдағы өзгерістерді енгізу республикалық, жергілікті бюджет кірістерінің тізімдемесін өзгерту туралы анықтаманың және 1 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қорытындының негізінде жүзеге асырылады.
22. Бюджеттің атқарылуы барысында бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бекітілген жылдық соманың шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының сметаларына және тізімдемесіне ағымдағы өзгерістерді енгізу, осы Ереженің 23-30-тармақтарында анықталған тәртіппен жүргізіледі.
23. Мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне, бюджеттік тағайындауларды үш звенолы бөлу сызбасы кезінде - ІІ деңгейдің бөлушісіне 2-қосымшаға сәйкес жеке сметаны өзгертуге арналған өтінімді ұсынады. Жеке сметаны өзгертуге арналған өтінімге ұсынылып отырған өзгерістер бойынша негіздемелер қоса берілуі тиіс.
Бюджеттік тағайындауларды екі звенолы бөлу сызбасы кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шығыстардың жеке сметасына өзгерістер енгізген кезде бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық сметаның шегінде осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер арасында жоспарлы тағайындаулардың ауысу мүмкіндігін қарастырады. Егер мұндай мүмкіндік бар болса, онда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органына өтініш жасамастан, осы Ереженің 28-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелердің жеке сметаларына дербес тиісті өзгерістер енгізеді. Бұл ретте бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:
кемітілетін ерекшеліктер бойынша не өздеріне өзгерістің қатысы жоқ басқа ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешектің жоқтығын;
кемітілетін ерекшеліктер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушілер алдында тіркелген міндеттемелердің бар-жоғын және олардың сомасын тексереді.
Мұндай мүмкіндік болмаған кезде, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жеке сметаны өзгертуге арналған өтінімдердің негізінде 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың жиынтық сметасын өзгертуге арналған өтінімді жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органына ұсынады.
24. Бюджеттік тағайындауларды бөлудің үш звенолы сызбасы кезінде ІІ деңгейдің бөлушісі осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша ІІ деңгейдің жиынтық сметасы шегінде бағынысты мемлекеттік мекемелер арасында жоспарлы тағайындаулардың ауысу мүмкіндігін қарастырады. Егер мұндай мүмкіндік бар болса, онда ІІ деңгейдің бөлушісі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне өтініш жасамастан, осы Ереженің 30-тармағына сәйкес жеке сметаларға дербес тиісті өзгерістер енгізеді. Бұл ретте ІІ деңгейдің бөлушісі:
кемітілетін ерекшеліктер бойынша не өздеріне өзгерістің қатысы жоқ басқа ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешектің жоқтығын;
кемітілетін ерекшеліктер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушілер алдында тіркелген міндеттемелердің бар-жоғын және олардың сомасын тексереді.
Мұндай мүмкіндік болмаған кезде, ІІ деңгейдің бөлушісі жеке сметаны өзгертуге арналған өтінімдердің негізінде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІ деңгейдің жиынтық сметасын өзгертуге арналған өтінімді жасайды және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі сол сияқты бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың жиынтық сметасы шегінде ІІ деңгейдің бөлушілері арасында жоспарлы тағайындаулардың ауысу мүмкіндігін қарастырады, егер мұндай мүмкіндік бар болса, онда осы Ереженің 23-тармағына сәйкес тиісті өзгерістер енгізеді, егер мұндай мүмкіндік жоқ болса, онда ІІ деңгейдің жиынтық сметасына өзгерістер енгізу туралы анықтаманың негізінде шығыстардың жиынтық сметасына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органына ұсынады.
25. Шығыстардың жиынтық сметасын өзгертуге арналған өтінім енгізілетін өзгерістердің сипаттамасын, негіздемесін, кемітілетін ерекшеліктер бойынша не өздеріне өзгерістің қатысы жоқ басқа ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешектің жоқтығына растаманы, кемітілетін ерекшеліктер бойынша тіркелген міндеттемелердің бар-жоғын және олардың сомасын қамтуы тиіс және оған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және қаржы қызметі басшысы қол қояды.
26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тиісті бөлімшесі немесе жергілікті қаржы органы белгіленген мерзімдерде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімін қарайды және бұл ретте:
енгізілетін өзгерістер бойынша негіздеме мен есептемелерді;
республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңының немесе ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы тиісті мәслихат шешімдерінің сақталуын;
айлар бойынша кірістер мен шығыстар балансының сақталуын;
кемітілетін ерекшеліктер бойынша не өздеріне өзгерістердің қатысы жоқ басқа ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешектің болмауын;
кемітілетін ерекшеліктер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушілер алдында тіркелген міндеттемелердің бар-жоғын және олардың сомасын тексереді.
Осы тексерулердің негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тиісті бөлімшесі немесе жергілікті қаржы органы республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының тізімдемесін өзгерту туралы анықтаманы және 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қорытындыны ресімдейді.
27. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне шығыстардың жиынтық және жеке сметаларына (ІІ деңгейдің шығыстарының жиынтық сметасына) өзгерістер енгізу үшін шығыстардың тізімдемесін өзгерту туралы бекітілген анықтаманың көшірмесі жіберіледі.
28. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының тізімдемесін өзгерту туралы бекітілген анықтаманың негізінде осы анықтаманы алған күннен бастап 3 күн мерзімде 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық сметаны өзгерту туралы анықтаманы бекіту жолымен жиынтық сметаға тиісті өзгерістер енгізеді. Бұл анықтамаға бағдарламалар әкімшісінің қаржы қызметінің басшысы қол қояды және оны бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы бекітеді.
29. Бюджеттік тағайындауларды бөлудің екі звенолы сызбасы кезінде шығыстардың жеке сметаларына өзгерістер енгізу мынадай тәртіппен жүргізіледі.
Жиынтық сметаны өзгерту туралы анықтаманың негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы 3 күн мерзімде 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 данада жеке сметаны өзгерту туралы анықтаманы бекітеді.
Жеке сметаны өзгерту туралы бекітілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінде қалады, екі данасы мемлекеттік мекемеге жіберіледі. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме анықтаманың 1 данасын алған күнінен бастап 3 күннен кешіктірмей Қазынашылықтың аумақтық органына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме - алған күнінен бастап 3 күннен кешіктірмей жергілікті қаржы органына ұсынады.
30. Бюджеттік тағайындауларды бөлудің үш звенолы сызбасы кезінде ІІ деңгейдің жиынтық сметасына және ІІ деңгейдің бөлушісінің және түпкі алушылардың шығыстарының жиынтық және жеке сметаларына өзгерістер енгізу мынадай тәртіппен жүргізіледі.
Жиынтық сметаны өзгерту туралы анықтаманың негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы 3 күн мерзімде 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада ІІ деңгейдің жиынтық сметасын өзгерту туралы анықтаманы бекітеді.
ІІ деңгейдің жиынтық сметасын өзгерту туралы бекітілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінде қалады, бір данасы - ІІ деңгейдің бөлушісіне жіберіледі.
ІІ деңгейдің бөлушісі ІІ деңгейдің жиынтық сметасын өзгерту туралы анықтаманы алған күнінен бастап 3 күн мерзімде ІІ деңгейдің бөлушісі қаржы қызметінің басшысы қол қоятын және 3 данада ІІ деңгейдің бөлушісінің басшысы бекітетін 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке сметаны өзгерту туралы анықтаманы бекіту жолымен ІІ деңгейдің бөлушісінің және түпкі алушының шығыстарының жеке сметасына тиісті өзгерістер енгізеді.
Шығыстардың жеке сметасын өзгерту туралы бекітілген анықтаманың бір данасы ІІ деңгейдің бөлушісінде қалады, екі данасы мемлекеттік мекемеге жіберіледі. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме анықтаманың 1 данасын Қазынашылықтың аумақтық органына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме - жергілікті қаржы органына ұсынады.
31. Бюджеттің атқарылуы барысында қаржыландырудың пайдаланылмаған лимиттерін қайта бөлу осы Ереженің 23-30-тармақтарында сипатталған тәртіппен жүргізіледі, бірақ бұл ретте осы тармақтарда көрсетілген құжаттардан басқа, мемлекеттік мекемелер (ІІ деңгейдің бөлушілері)
белгіленген нысан бойынша қаржыландырудың пайдаланылмаған лимиттерінің
бар-жоғына растаманы ұсынады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі,
жергілікті қаржы органдары (бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, ІІ
деңгейдің бөлушілері) қаржыландырудың пайдаланылмаған лимиттерінің
бар-жоғын тексереді.
1-қосымша
Бекітемін
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі/жергілікті
қаржы органының Басшысы
2___жылғы"___"___________
2___жылға арналған республикалық/жергілікті
бюджеттің кірістер тізімдемесін өзгерту туралы
N АНЫҚТАМА
2___жылғы"___"________N ___
________________________________________________негізінде
(мың теңге)
___________________________________________________________________________
Түсімнің Азайту Бюджеттік жіктеменің кодтары
атауы немесе _____________________________________________________
ұлғайту Санаты Сыныбы Сыныпша Ерекшелігі Барлығы ________
қаңтар
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Жиыны
___________________________________________________________________________
Таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________________
Өзгерістердің сомасы
___________________________________________________________________________
оның ішінде, ай сайын
___________________________________________________________________________
ақпан нау. сәуір мамыр мау. шілде тамыз қыркүй. қазан қара. желтоқ.
рыз сым ек ша сан

Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің/жергілікті қаржы органы
бюджет бөлімінің басшысы_____________________
2-қосымша
____ж."___"________N___ ____________________________
(Бюджеттік бағдарламалардың
әкімшісі немесе ІІ деңгейдегі
таратушы)
_____жылға арналған
шығыстардың жеке (жиынтық аумақтық)
сметасын өзгертуге арналған
ӨТІНІМ
______________________ мынадай бағдарламалар, кіші бағдарламалар мен
(мемлекеттік мекеме)
ерекшеліктер бойынша шығыстардың жеке (жиынтық аумақтық) сметасына
өзгеріс енгізуді өтінеді:
___________________________________________________________________________
Ұлғай.
тылсын
Бюджеттік жіктеменің кодтары / Сомасы оның ішінде айлар бойынша
азай.
тылсын
___________________________________________________________________________
| | | | | | | | | | | | | | | | | |
Функ.|Бағдар. | Кіші |Ерек. | | | | | | | | | | | | | | |
топ | лама |бағдар.|шелігі| | | | | | | | | | | | | | |

Негіздеме:
___________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешек:

______________________ арналған жағдай бойынша жоқ.
(күні, айы, жылы)
Азайтылатын ерекшеліктер бойынша:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
сомаға міндеттеме тіркелген
Мемлекеттік мекеменің басшысы___________ _________________________
(қолдарының толық жазылуы)
М.О.
Қаржы қызметінің басшысы__________ _________________________
(қолдарының толық жазылуы)
3-қосымша
___ж."___"________N___ Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі/Жергілікті
қаржы органы
____жылға арналған шығыстардың жиынтық
сметасын өзгертуге арналған
ӨТІНІМ
_____________________________________________мынадай бағдарламалар,
(бюджеттік бағдарламаның әкімшісі-коды, атауы)
кіші бағдарламалар мен ерекшеліктер бойынша шығыстардың жиынтық
сметасына өзгеріс енгізуді өтінеді:
___________________________________________________________________________
Ұлғай.
тылсын
Бюджеттік жіктеменің кодтары / Сомасы оның ішінде айлар бойынша
азай.
тылсын
___________________________________________________________________________
| | | | | | | | | | | | | | | | | |
Функ.|Бағдар. | Кіші |Ерек. | | | | | | | | | | | | | | |
топ | лама |бағдар.|шелігі| | | | | | | | | | | | | | |
___________________________________________________________________________
| | | | | | | | | | | | | | | | | |
___________________________________________________________________________
Жиыны
___________________________________________________________________________
Негіздеме:
___________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешек:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
______________________ арналған жағдай бойынша жоқ.
(күні, айы, жылы)
Азайтылатын ерекшеліктер бойынша:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
сомаға міндеттеме тіркелген
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы___________ _________________________
(қолдарының толық жазылуы)
М.О.
Қаржы қызметінің басшысы__________ _________________________
(қолдарының толық жазылуы)
4-қосымша
Бекітемін
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі/жергілікті
қаржы органының Басшысы
2___жылғы"___"___________
2___жылға арналған республикалық/жергілікті бюджеттің шығыстар
тізімдемесін өзгерту туралы
N АНЫҚТАМА
2___жылғы "___"________N ___
________________________________________________негізінде
(мың теңге)
___________________________________________________________________________
Бюджеттік Азайту Бюджеттік жіктеменің кодтары
бағдарлама немесе _____________________________________________________
әкімшісінің ұлғайту Функ. Әкімші Бағдар. Кіші Ерекше.
атауы топ лама бағдар. лігі Барлығы _______
лама қаңтар
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Жиыны
___________________________________________________________________________
Таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________________
Өзгерістердің сомасы
___________________________________________________________________________
оның ішінде, ай сайын
___________________________________________________________________________
ақпан нау. сәуір мамыр мау. шілде тамыз қыркүй. қазан қара. желтоқ.
рыз сым ек ша сан
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Қаржы министрлігі
Бюджет департаментінің/жергілікті қаржы органы
бюджет бөлімінің басшысы_____________________
5-қосымша
Күні
Қорытынды
_________________________________________, ________________________________
(ҚР ҚМ Бюджет департамент/жергілікті қаржы (бюджеттік бағдарламалардың
органының бюджет бөлімі) әкімшісі)
"___"___________ N өтінімін қарай отырып, ________________________________
(бағдарламаның (кіші бағдарла.
маның) коды, атауы)
бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың жиынтық сметасын
өзгертуге арналған қоса берілген анықтамаға сәйкес бюджет шығыстарының
тізімдемесіне__________________ байланысты өзгеріс енгізеді.
(негіздеме)
Қаржы министрлігі Бюджет
департаментінің басшысы/
Жергілікті қаржы органы
бюджет бөлімінің басшысы _____________
___________________________________________________________________________Күні N__
Қорытынды
___________________________________________, _____________________________
(ҚР ҚМ Бюджет департаменті/жергілікті қаржы (кірістер тізімдемесінің
органының бюджет бөлімі) өзгерісіне ынтагерлік
білдірген ҚР ҚМ немесе
МФО бөлімшелері)
"___"_________N өтінімін қарай отырып, ___________________________________
(кірістің коды, атауы)
код бойынша кірістердің тізімдемесін өзгертуге арналған қоса берілген
анықтамаға сәйкес бюджет кірістерінің тізімдемесіне ____________байланысты
(негіздеме)
өзгеріс енгізеді.
Қаржы министрлігі Бюджет
департаментінің басшысы/
Жергілікті қаржы органы
бюджет бөлімінің басшысы _____________
___________________________________________________________________________
6-қосымша
Бекітемін
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
2___жылғы"___"___________
_________________________
МО
2___жылға арналған шығыстардың жиынтық
сметасын өзгерту туралы
N АНЫҚТАМА
2___жылғы "___"________N ___
________________________________________________негізінде
(мың теңге)
___________________________________________________________________________
Мемлекеттік Азайтыл. Бюджеттік жіктеменің кодтары
мекеменің/ сын _____________________________________________________
ұйымның немесе Функ. Әкімші Бағдар. Кіші Ерекше.
атауы ұлғай. топ лама бағдар. лігі Барлығы _______
тылсын лама қаңтар

Жиыны ___________________________________________________________________________
Таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________________
Өзгерістердің сомасы
___________________________________________________________________________
оның ішінде, ай сайын
___________________________________________________________________________
ақпан нау. сәуір мамыр мау. шілде тамыз қыркүй. қазан қара. желтоқ.
рыз сым ек ша сан
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің қаржы қызметінің басшысы_____________
7-қосымша
Бекітемін
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің/ІІ деңгейдегі
таратушының басшысы
2___жылғы"___"___________
_________________________
МО
2___жылға арналған шығыстардың жеке (жиынтық аумақтық)
сметасын өзгерту туралы
N АНЫҚТАМА
2___жылғы"___"________N ___
________________________________________________негізінде
(мың теңге)
___________________________________________________________________________
Мемлекеттік Азайтыл. Бюджеттік жіктеменің кодтары
мекеменің/ сын _____________________________________________________
ұйымның немесе Функ. Әкімші Бағдар. Кіші Ерекше.
атауы ұлғай. топ лама бағдар. лігі Барлығы _______
тылсын лама қаңтар
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Жиыны
___________________________________________________________________________
Таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________________
Өзгерістердің сомасы
___________________________________________________________________________
оның ішінде, ай сайын
___________________________________________________________________________
ақпан нау. сәуір мамыр мау. шілде тамыз қыркүй. қазан қара. желтоқ.
рыз сым ек ша сан
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің/ ІІ деңгейдегі таратушының басшысы_______________
Мемлекеттік мекеменің/ ІІ деңгейдегі таратушы қаржы қызметінің
басшысы________________