Кедендік бақылау туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті Төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1448. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 288 бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Кедендiк бақылау аймақтарын құрудың және белгiлеудің тәртiбi туралы нұсқаулық;
      Өтiнiштердi берудің, қараудың және интеллектуалдық меншiк объектiлерi бар тауарларды тiзiлiмге кiргiзудің ережесi;
      Кедендiк нарядтар және кедендiк нарядтардың автомобиль көлiгiмен кедендiк шекара арқылы және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткiзiлетiн тауарларды бақылауының тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г.Ә.Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
      4. Баспасөз қызметi (Б.Т.Омарәлиев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетi төрағасының орынбасары Б.Т.Жұмабаевқа жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік кіріс Министрімен   Мемлекеттік кіріс министрлігі
      келісілді                       Кеден комитетінің
                                      2001 жылғы 15 ақпандағы
      2001 жылғы 15 ақпандағы         N 50 бұйрығымен
                                      бекітілді

Кедендiк жүктелiм және кеден шекарасы арқылы және
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль
көлiгiмен өткiзiлетiн тауарлар үшiн кедендiк жүктелiмдi
бақылау туралы ереже

1. Бақылау мақсаттары

      1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) 214-бабына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк режимге сәйкес оның басталған сәтiнен және аяқталғанға дейiн кеден бақылауында болады.
      Әкелiм кезiнде кедендiк бақылау кеден декларациясын қабылдаған сәттен басталады. Қазақстан Республикасының кеден аумағы шегiнен әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылау Қазақстан Республикасының кеден шекарасымен қиылысуы сәтiнде аяқталады.
      2. Кеден органдары кеден бақылауындағы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын мәжбүрлi тоқтатуға құқылы.
      3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлiгiмен тасымалданатын, соның iшiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары орналасқан орындардан тысқары автомобильдi басқа да көлiк түрлерiмен тауарларды қайта тиегеннен кейiнгi көлiк құралдары мен тауарларды кедендiк бақылау мынадай тауарларды анықтау мақсатында жүргiзiледi:
      1) кедендiк бақылаусыз Қазақстан Республикасына әкелiнген не сәйкестендiрiлген құжаттар немесе құралдарды пайдаланып, алдау жолымен Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн;
      2) кеден органына белгiленген мерзiмде нысанасы берілмеген;
      3) Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден қызметiнiң бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ереженi бұза отырып, Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде ресiмделген;
      4) мұндай маркасыз не үлгiсi белгiленбеген маркамен тасымалданатын таңбалауға жататын акциз маркаларымен акцизделетiн;
      5) кеден құқық бұзушылықтарының тiкелей объектiлерi болып табылатын өзге де тауарлар.

2. Бақылау жүргiзу уақыты және орны

      4. Осы Ережеге сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылау шекаралық кеден посттары мен өткiзу бекеттерiн (аралайтын және ауыл жолдарына тiрелетiн) шетелге орналастыруда кеден шекарасының тiкелей өнбойына Қазақстан Республикасының аумағында күндiзгi және кешкi уақыттарда жүргiзiлуi мүмкiн.
      Кеден органының бастығы немесе оны ауыстыратын тұлға бекiткен бұйрық және жоспарға сәйкес шұғыл iздестiру iс-шараларын жүргiзу кезiндегi, сондай-ақ өзге де шұғыл кiдiртетiн iс-шаралар жүргiзу кезiндегi ерекше жағдайларда, тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк бақылау республиканың iшкi автожолдарында жүзеге асырылады.
      5. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылауды кеден шекарасының тiкелей өн бойында (аралайтын және ауыл жолдарына) кедендiк жүктелiм жүргiзедi. Кедендiк жүктелiмдi бақылау мен санын жүзеге асырудың нақты бағыттарын Қазақстан Республикасы кеден органдарының бастықтары айқындайды.

3. Кеден жүктелiмдерiнiң құрамы, қамтамасыз
етiлуi, құқығы және мiндеттерi

      6. Кеден органының бастығы бекiткен кедендiк жүктелiм құрамына Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғасы, сондай-ақ бiрлескен iс-шаралар және келiсiлген бұйрықтар жоспарының бар болуы кезiнде, басқа да Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының лауазымды тұлғалары кiредi.
      7. Кедендiк жүктелiмге Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларының iшiнен тағайындалған аға жүктелiм басшылық етедi. Кеден жүктелiмiнiң ағасы және барлық оның жеке құрамы осы Ережеде белгiленген өз мiндеттерiн мүлтiксiз орындауы қажет.
      8. Қызметтi атқарудың шарты мен тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк жүктелiм қызметiнiң аймағын кеден органы бастығының бұйрығы айқындайды.
      Көлiк, жеке жүктелiм құрамына нұсқамалық жүргiзудi қоса алғанда, қарулы күшпен, байланыс құралдарымен және басқалай жарақтармен кедендiк жүктелiмдi экипировкалауды кедендiк бақылау және режим бөлiмiнiң бастығы жүргiзедi.
      9. Қазақстан Республикасының кеден органы бастығының қолы қойылған Қазақстан Республикасы кеден органының елтаңбалық мөрiмен расталған 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жазбаша ұйғарым кедендiк жүктелiмде кедендiк бақылауды жүргiзудiң негiзi болып табылады.
      Кедендiк жүктелiмде бақылау жүргiзу кезiнде мыналар болуы қажет:
      1) пломб салу құрылғысы;
      2) медициналық қобдишасы;
      3) айналаға жарық түсiретiн құрал (дабыл тапаншасы);
      4) жарықты қайтарғыш қызыл жезл немесе диск;
      5) жолда жүру ережесiнде  көзделген "Кеден" уақытша белгiлерi;
      6) тексеру жүргiзуге арналған техникалық құралдар (арнайы айна, қуыс бұрғылар және басқалар);
      7) көлiк құралдарын мәжбүрлi тоқтатуға арналған техникалық құралдар;
      8) iс жүргiзу және анықталған кедендiк құқық бұзушылықтарды тiркеу, тауарлар мен көлiк құралдарын алып қою, кезек күттiрмейтiн iс жүргiзетiн әрекеттердi (тексеру, жауап алу) жүргiзу үшiн қажеттi өзге де құжаттардың бланк жинақтамасы.
      10. Аға кедендiк жүктелiм:
      1) кеден жүктелiмiнiң лауазымды тұлғаларының нұсқамалығын жүргiзуге;
      2) қызмет атқару кезiнде лауазымды тұлғалардың iс-әрекетiнiң тәртiбiн айқындауға;
      3) бақылау жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етуге;
      4) жеке құрамды экипировкалауды және осы Ережеге сәйкес оның жарақтандырылуын тексеруге;
      5) кедендiк бақылау кезiнде жалпы басшылықты жүзеге асыруға мiндеттi.
      11. Кедендiк жүктелiмнiң лауазымды тұлғасы бақылау жүргiзу уақытында:
      1) жылжитын көлiк құралдарына бақылау жүргiзуге;
      2) жөнелтпе құжаттарын, кеден құжаттарын, кеден мөрiнiң бедерiн тексеруге;
      3) көлiк құралдарының жүк бөлiмшесiне жүктелген кеден мөрi және пломбысының жағдайын, сондай-ақ тасымалданатын тауарларды сәйкестендiрудiң басқа да құралдарын тексеруге;
      4) қару және арнайы құралдар қолдануға үнемi дайын болуға;
      5) қызмет тәртiбiн және заңдылығын, сондай-ақ бақылау жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк шараларын қатаң сақтауға;
      6) кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткiзудің алдын алуға жұмылдыруды күшейтудiң негiзi қару, оқ-дәрi, наркотикалық құралдар, радиоактивтi заттар, түстi металдар, кеден заңдарын бұзатын акцизделетiн және басқа да тауарларды алып өтетiн адамдарды анықтауға және ұстауға айрықша көңiл бөлуге мiндеттi.
      12. Кедендiк жүктелiмнiң лауазымды тұлғасының:
      1) тауар iлеспе құжаттарын тексеру, кедендiк қамтамасыз ету құралдарының бары болуын және сақталуын тексеру мақсаттарында, сондай-ақ кеден заңдарын бұзғаны туралы ақпарат болған жағдайларда, көлiк құралдарын тоқтауға;
      2) тасымалдаушы Кеден iсi туралы заңның  ережелерiн сақтамайды деген топшылау негiзi болған жағдайларда, тасымалданатын тауарларға ұқсастырма тексермелеу жүргiзуге;
      3) Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды тұлғасының кеден ережелерiн бұзу белгiлерiн тiкелей қолға түсiруге, тауарлар мен көлiк құралдарының бар-жоғын тексеруге, оларға қайталап кедендiк тексермелеу жүргiзуге, кедендiк декларацияда көрсетiлген мәлiметтердi қайта тексеруге, сыртқы экономикалық және осы тауарлардан кейiнгi операцияға қатысты құжаттарды тексеруге;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден заңдарын бұзуға қатысы бар тұлғаларды бөгеуге құқы бар.

4. Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк
органдармен өзара әрекетi

      13. Әрқилы мiндеттердi орындау кезiнде:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк уәкiлеттi органдарымен;
      2) шекара жанындағы кедендер мен олардың қызметi аймағының түйiсуiне кеден шекарасының кеден жүктемелерiнiң күзетуi жөнiндегi кеден басқармалары арасында;
      3) кеден заңдарын бұзушыларды ұстау және тауарларды жеткiзу ережелерiн орындау үшiн тиiмдi бақылауды жүзеге асыру мақсатында шекара жанындағы және iшкi кедендер мен кеден басқармалары арасында өзара әрекеттердi ұйымдастыру.
      Өзара iс-әрекеттердiң негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы және шекара жанындағы аудандардағы жедел ахуал деректерiмен алмасу;
      2) кеден шекарасында және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарда кедендiк бақылауды, рейдтiк тексерудi және арнайы операцияларды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларға өзара қатысу;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi (Жол полициясы департаментi) органдарының өкiлдерiмен бiрлесiп кеден жүктелiмдерiн ұйымдастыру және қызметiн атқару;
      4) кеден органдарының жедел-қызмет iс-әрекетiнiң мақсаты, орыны және уақыты бойынша келiсiлгендер және кеден шекарасына жедел iс-шараларды жүргiзу кезiнде олардың жүктелiмiнен жiберiлгендермен қамтамасыз ету;
      5) күштер мен құралдарды ұтымды және тиiмдi пайдалану жетiстiгi болып есептелсiн.
      Шекаралық рейдтерге, арнайы iздеулер мен операцияларға қатысу үшiн кеден күзетiнiң қызметi күш пен құралдар бөлу туралы өздiгiнше шешiм қабылдауға рұқсат бередi.

5. Тауарлар мен көлiк құралдарын бақылау тәртiбi

      14. Кедендiк жүктелiмнiң лауазымды тұлғалары немесе сол мемлекеттiк органдардағы басқа да уәкiлеттiлiк лауазымды тұлғалары көлiк құралдарын тоқтатқаннан кейiн жөнелтпе құжаттары мен кеден құжаттарына тексеру жүргiзедi. Тексеру барысында мыналар белгiленедi:
      1) нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген жөнелтпе құжаттар мен кеден құжаттарының нақты бар-жоғы;
      2) кеден мөрлерi және мөртабандарының ұзақтығы;
      3) жеткiзiлетiн белгiленген орынға дейiн көлiк құралдарының жолының бағытқа сәйкестiгi (егер мұндай бағыт кеден органында жөнелтiлген деп белгiленген болса);
      4) жөнелтпе құжаттарда және кеден құжаттарында көрсетiлген мәлiметтердiң тасымалданатын тауарлар атауымен сәйкестiгi.
      15. Құжаттарды тексергеннен кейiн көлiк құралдарына жүк тиеу бөлiмшесi сырттай тексермелеу жүргiзедi, оның барысында:
      1) кеден мөрi және пломб, басқа да кедендiк ұқсастыру құралдарының сақталуын;
      2) көлiк құралдарына жүк тиеу бөлiмiнiң техникалық жағдайын тексередi.
      16. Егер кедендiк жүктелiмнiң лауазымды тұлғаларынан (екi адамнан кем емес) құралған тексермелеу тобы жөнелтпе құжатында таңбалауға жататын акцизделетiн тауарлар не алкогольдiк емес сусындарды көрсетiлген жағдайда, тасымалданатын тауарлардың ұқсастандыру тексермесiн жүргiзедi. Таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларға тексерме жүргiзу кезiнде, тауарларда марканың бар-жоғы, сондай-ақ тауарға желiмделген марка сериясының берiлген құжаттарда көрсетілген мәлiметтермен сәйкестігі тексеріледi.
      Егер Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы туралы болжам негiзi болғанда, ұқсастыру тексермесi басқа да тауарларға қатысты жүргiзiледi.
      Кеден ережелерiн бұзу фактiсi белгiленген жағдайда, тауарлар мен көлiк құралдары осы Ереженiң 16-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органына жiберiледi.
      17. Кедендiк жүктелiмнiң лауазымды тұлғасы берiлген құжаттар, кеден мөрлерi және мөртабандары сенiмдiлiгiне күмәнi болған жағдайда, кедендiк жүктелiм құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды қосымша тексеру үшiн, сондай-ақ тексерме жүргiзу қажеттiгi жағдайында, кеденнiң iлесiп жүруiмен кеден органына тауар мен көлiк құралдарының бағыты туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
      18. Тексермелеу тексерме жүргiзу және қауiпсiздiк шараларын сақтау ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
      19. Осы Ереженiң 16 және 17-тармақтарына сәйкес өткiзiлген тексермелеу қорытындысы кедендiк тексермелеу актiсiнде тiркеледi. Аталған акт белгiленген нысандығы бланкiде екi данада жасалады. Кедендiк тескермелеу актiсiне көлiк құралы жүргiзушiсiнiң (немесе осы тасымалға қатысы бар өзгелей тұлға) мүмкiндiгi бойынша тексермелеу жүргiзген кедендiк жүктелiмнiң лауазымды тұлғалары және тексермелеу кезiнде болған басқа да тұлғалар қол қояды. Жүргiзушiнiң (немесе осы тасымалға қатысы бар өзгелей тұлға) кедендiк тексермелеу актiсiне қол қоюдан бас тартуы кезiнде, оған тиiстi жазба тiркеледi.
      Кедендiк тексермелеу актiсiнiң бiрiншi данасы жүргiзушiге немесе тасымалдауға жауапты өзгелей тұлғаға берiледi. Кедендiк тексермелеудiң екiншi данасы аға жүктелiмде қалады.
      Көлiк құралдарының жүк тиейтiн бөлiмшесiне (жүктердiң орнына) тексерме жүргiзiлгеннен кейiн кедендiк ұқсастырудың жаңа құралы реттеледi. Бұл ретте, жөнелтпе, тауарларға iлеспе және кедендiк құжаттарда жаңадан қолданылған ұқсастыру құралдары және кедендiк тексеру актiсiнiң нөмiрi туралы мәлiмет көрсетiледi.
      20. Қосымша тексеру мерзiмi кеден органына тауарлар мен көлiк құралдары жеткiзiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен аспауы қажет. Тексеру уақытында тауар және көлiк құралдары кедендiк бақылау аймағында немесе уақытша сақтау қоймасы иесiнiң келiсiмiмен тексеру жүргiзу уақытында уақытша сақтаумен байланысты шығыстар әкелмейтiн жағдайлар кезiнде осы қойманың аумағында болуы қажет. Қосымша тексеру жүргiзушi кеден органдарының сұраулар салуына, басқа да кеден органдарының адресiне жауаптарды жедел ақпарат берушi құралдарды пайдалана отырып, кешiктiрмей жiбередi.
      21. Кеден органдарының лауазымды адамдары қосымша мәлiметтер алу мақсатында, Кеден iсi туралы заңның 306-бабына сәйкес кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы iс жүргiзiлгенге дейiн көлiк құралының жүргiзушісiнен немесе осы тасымалдауға қатысы бар өзге де тұлғалардан тексеруге қажеттi құжаттар, мәлiметтер және түсiнiктемелер алуға құқылы.
      22. Осы Ережеге сәйкес бақылауды жүзеге асыру барысында тiкелей ұстау кезiнде немесе кеден ережелерiн бұзуға дайындық, бұзу немесе бұзылуы белгiлерiн келесi тексеру немесе мұндай белгiлердi көрсететiн жеткiлiктi деректер кездесетiн материалдар алу кезiнде Кеден iсi туралы заңның 305-бабына сәйкес дереу кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы хаттама ресiмделедi.
      Контрабанда немесе Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзыретiне енгiзiлген анықтау өндiрiсiнiң өзге де қылмыстарының белгiлерi болған кезде, кеден органы қылмыстық iс қозғайды және Қазақстан Республикасының қылмыстық iстердi жүргiзу заңдарына сәйкес тергеу жүргiзедi.
      23. Егер iшкi транзиттiк декларацияда жеткiзiлетiн орны туралы мәлiмет өтiрiк немесе қате көрсетiлген жағдайда, кеден жүктелiмiнiң лауазымды тұлғасы iшкi транзиттiк декларацияға жеткiзiлетiн орнының тiзiлiмiне сәйкес түзету енгiзедi.
      Кедендiк жүктелiмнің жеткiзiлетiн орнының тiзiлiмiн пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда, кеден органының шұғыл байланысы бойынша нақты жеткiзiлетiн орны туралы мәлiметтер берiлуi қажет.
      24. Бақылау жүргiзiлгеннен кейiн көлiк құралдары қозғалысын жалғастыру туралы шешiм қабылданған жағдайда, кеден жүктелiмiнiң лауазымды тұлғасы жөнелтпе құжаты мен кеден құжатына бақылауды жүзеге асырушы кеден жүктелiмiнiң аға және кеден жүктелiмi лауазымды тұлғасының қолдарымен және жеке нөмiрлi мөрiмен расталған мынадай жазба тiркейдi: "(кеден органының атауы) кеден жүктелiмiне кедендiк бақылау жүргiзiлдi".

6. Бақылау жүргiзу кезiндегi есеп

      25. Осы Ережеге сәйкес бақылау жүргiзу кезiнде кедендiк жүктелiм тауарлар мен көлiк құралдарын бақылау журналын жүргiзедi. Аталған журнал мынадай мәлiметтердi жинақтайды:
      1) бақылау жүргiзу күнi;
      2) бақылау жүргiзiлетiн орны;
      3) көлiк құралдарының мемлекеттiк тiркеу белгiсi;
      4) тасымалдаушының атауы, адресi;
      5) тауарды қабылдап алушының атауы, адресi;
      6) жүк құжаты (кедендiк) бойынша тасымалданатын тауарлардың атауы;
      7) тексерме қорытындысы (бақылау жүргiзу орындарындағы тексеру жүргiзу кезiнде) бойынша тауардың атауы;
      8) бақылау қорытындысы (тауарларды және көлiк құралдарын кiдiрту жөнiнде шешiм қабылдау кезiндегi көлiк құралдары жiберiлген кеден органының атауын көрсету).
      26. Кедендiк жүктелiм, кеден және кеден басқармасын бақылау қорытындысы бойынша 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жиынтық жасалады.

Кедендiк жүктелiм және кеден шекарасы
арқылы және Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша автомобиль көлiгiмен
өткiзiлетiн тауарлар үшiн кедендiк
жүктелiмдi бақылау туралы ережеге
1-қосымша         

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК КIРIС

МИНИСТРЛIГIНIҢ КЕДЕН КОМИТЕТI

_________________________________________________________________
                          кедендiк органның атауы
_________________________________________________________________

200__ ж. "___"_____________                      N_______________

ҰЙҒАРЫМ

      Төмендегiдей құрамдағы КО және Р* (кедендiк күзет_________)
басқармасының (бөлiм) кедендiк құрамына берiлдi:
_________________________________________________________________
                        (Аты-жөнi, лауазымы, атағы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      iс-қимыл жүргiзу аймағында тауарларға және көлiк құралдарына
кедендiк бақылау жасауға
_________________________________________________________
     (кедендiк органның атауы және бақылау жасаудың орны)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      1999 жылғы 16 шiлдедегi N 426-1  ҚРЗ "Қазақстан
Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына және ___________________________________ N _______________
              (кедендiк органның атау)

      200__ жылғы "___"_________ "Қаруды бекiту туралы" Бұйрыққа
сәйкес арнайы құралдарды қолдануға, атыс қаруын ұстауға, сақтауға
және пайдалануға рұқсат берiлдi.

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
       (қарудың маркасы және нөмiрi, арнайы құралдардың түрлерi)

Күш мерзiмi: 200_ ж. "___"________ бастап

             200_ ж. "___"__________дейін.

Негiздеме:
_________________________________________________________________
   (Кедендiк құрам туралы ҚР МКМ КК бұйрығының нөмiрi және күнi)

      Кедендiк орган бастығының қолы

      Кедендiк органның мөрi

Кедендiк жүктелiм және кеден шекарасы
арқылы және Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша автомобиль көлiгiмен
өткiзiлетiн тауарлар үшiн кедендiк
жүктелiмдi бақылау туралы ережеге
2 қосымша           

Кедендік құрамдардың жұмысы туралы

МӘЛІМЕТТЕР

            ____________________________________________________
                           (кедендік органның атауы)

             ____________________________________________________                                (қай уақыттан)

____________________________________________________________
Өткізілген Тексерілген Ұсталған  Ұстау материалдары бойынша
 рейд іс-  көлік       көлік     ___________________________
шаралары.  құралдары.  құралдары.  Қозғалған  Кедендік
ның саны   ның саны    ның саны    КЕБ іс.    төлемдер
                                   терінің    өндіріп   
                                   саны       алынды
____________________________________________________________
     1           2         3          4         5
____________________________________________________________
____________________________________________________________

таблицаның жалғасы

_____________________
Ұстау материалдары
      бойынша
_____________________
Тәркіленген  Айыппұл
тауарлардың  өндіріп
сомасы       алынды
_____________________
  6              7
_____________________

      Кедендік орган бастығының қолы

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік кіріс Министрімен    Мемлекеттік кіріс министрлігі
      келісілді                        Кеден комитетінің бұйрығымен
                                       бекітілді
      2001 жылғы 15 ақпандағы          2001 жылғы 15 ақпандағы
                                       N 50

Кедендік бақылау аймағын құру және белгілеу тәртібі туралы
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Кедендiк бақылау аймағы "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) 204-бабына сәйкес кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсаты үшiн ғана құрылады. Өзге де мақсаттарда кедендiк бақылау аймағын құру және пайдалануға жол берiлмейдi.
      2. Кедендiк ресiмдеу орны, соның iшiнде уақытша сақтау, кеден қоймалары, еркiн қоймалар, еркiн кеден аймағы және Кеден iсi туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасында кеден органдары орналасқан басқа да орындар кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
      3. Кедендiк бақылау аймағының шегi шартты сызықпен шектеледi.

2. Кедендiк бақылау аймағын құру және белгiлеу

      4. Кедендiк бақылау аймағы Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлеген орындарда құрылады. Кедендiк бақылау аймағына елдi мекендер, ережедегiдей, қосылмайды. Кедендiк бақылау аймағы кедендiк ресiмдеу, Қазақстан Республикасының кеден органдары орналасқан орындарында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi айқындаған өзге де орындарда құрылады.
      5. Кедендiк бақылау аймағының орны деп танылу үшiн мыналар негiз болып табылады:
      1) уақытша сақтау орны деп тану туралы шешiм және уақытша сақтау қоймасы, еркiн қойма, кеден қоймасының мекемесiне лицензия;
      2) кеден органының орналасқан жерi туралы тiркеу құжаттары;
      3) кедендiк ресiмдеу орынын, соның iшiнде Кеден iсi туралы заңның 154-бабына сәйкес әуежайларда, порттарда, темiр жол стансаларында бекiту туралы Қазақстан Республикасы кеден органының шешiмi;
      4) халықаралық өткiзу бекетiн құру (ашу) туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi.
      6. Кедендiк бақылау аймағын құру туралы шешiм Қазақстан Республикасы кеден органының бұйрығы нысанында ресiмделедi.
      7. Кедендiк бақылау аймағы мынадай талаптарды сақтаумен айырым белгiсiмен көрсетiледi:
      1) авто желiлерде - жалпы техникалық шарттарға сәйкес ақпараттық-көрсеткiш белгiлер;
      2) МЕМСТ 10807-78 жол белгiлерiн ресiмдеу;
      3) осы Нұсқаулықта көрсетiлген өзге де жерлерде мынадай көлемдегi белгiлермен: биiктiгi - 50 см, ұзындығы - 100 см. Көк тор көзде үш жолға үш тiлде (қазақ, орыс және ағылшын) ақ әрiптi белгiмен "Кедендiк бақылау аймағы" деген жазу жазылған. Әрiптiң көлемi - 10 см биiктiкте, 3,7 см - ұзындықта болуы қажет;
      4) судағы кедендiк бақылау аймағы "Кедендiк бақылау аймағы" деген жазу түс ажырататын бояумен орындалған, қызыл түстi әрiппен белгiленуi мүмкiн.

3. Кедендiк бақылау аймағына кiру режимi

      8. Кедендiк бақылау аймағына кiру Кеден комитетiнiң тиiстi кедендiк бақылау аймағын құру туралы шешiммен айқындалған орындарда жүзеге асырылады. Мұндай орындар бақылау-өткiзу бекетi (бұдан әрi - БӨБ) болып табылуы мүмкiн. БӨБ айырым белгiлерiмен көрсетiлген.
      9. Кедендiк бақылау аймағына тұлғаларды кiргiзу және көшiру Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдардағы лауазымды тұлғалардың кiру жағдайларын есептемегенде, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен және оның бақылауымен жүзеге асырылады. Аталған жағдайларда кедендiк бақылау аймағына кiру Қазақстан Республикасының кеден органының алдын ала хабарлауымен рұқсат етiледi.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызметiнiң әскери қызметшiсiн өткiзу мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу бекетiнде кiру режимiнiң келiсiлген технологиялық сызбасы бойынша жүзеге асырылады.
      10. Кедендiк бақылау аймағының шегiнде тауарларды және көлiк құралдарын көшiру, сондай-ақ өндiрiстiк және өзгелей кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кеден режимiнiң шарттарымен айқындалған тауарлармен операцияларды жасау көзделген жағдайларды есептемегенде, Қазақстан Республикасының кеден органының рұқсатымен жiберiледi.
      11. Кедендiк бақылау аймағының шегiнде, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағында болып табылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, онда тұрақты өмiр сүретiн жеке тұлғалардың мемлекеттiк шекарамен сәйкес келмейтiн, оның шекарасы арқылы (Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы көшiру жағдайларын есептемегенде) тауарлар және көлiк құралдарын көшiру жеке басты куәландыратын құжат бойынша және көлiк құралдарына арнайы рұқсатнама бойынша жүргiзiледi. Арнайы рұқсатнама шекаралық, мал-дәрiгерлiк, фитосанитарлық және мемлекеттiк бақылаудың басқа да түрлерін жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен келісім бойынша Қазақстан республикасының кеден органдары береді.
      12. Егер олардың жасағаны кедендік бақылау аймағының жұмысын белгілеу мен режиміне сәйкес келмесе, тауарларды және көлік құралдарын көшіруге, өндірістік және өзге де коммерциялық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Қорытынды ережелер

      13. Кедендік бақылау аймағының режимін бұзғаны үшін Кеден ісі туралы заңның 260-бабына сәйкес жауапқа тарту көзделген.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік кіріс Министрімен   Мемлекеттік кіріс министрлігі
      келісілді                       Кеден комитетінің
      2001 жылғы 15 ақпандағы         2001 жылғы 15 ақпандағы
                                      N 50 бұйрығымен
                                      бекітілді

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрлігі
      Авторлық құқық жөніндегі
      комитетінің Төрағасымен
      келісілді
      2001 жылғы 7 ақпандағы

Өтінішті беру, қарау және санаткерлік меншік
объектiлерi бар тауарлардың тiзбесiне
енгiзудiң ережесi

      1. Өтiнiштi беру, қарау және санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзбесiне енгiзудiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) 218-2-бабына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң (бұдан әрi - Кеден комитетi) өтiнiштi беру, қарау және санаткерлiк меншiк объектілерi бар тауарлардың тiзбесiне енгiзу тәртiбiн айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санаткерлiк меншiк объектiлерi азаматтық айналыс, тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулерге қатысушылардың санаткерлік шығармашылық қызметiнiң қорытындысы және даралау құралы болып танылады.
      3. Тауарларды санаткерлiк меншiк объектілерi бар тауарлардың тiзбесiне енгiзу санаткерлiк меншiк объектiсiне болмаса оның өкілiне құқық иесiнiң өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
      4. Кеден комитетi санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзбесiн жүргiзедi.
      Кеден комитетi тоқсанына бiр реттен артық емес өздерiне айқын баспа басылымдарында тізбені жариялауды жүргiзедi, сондай-ақ электронды бұқаралық ақпарат құралдарында осы ақпаратты таратуды қамтамасыз етедi.
      5. Тауарлардың тiзбесiне енгiзу туралы өтiнiш екi данада осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделедi, оның бiрi Кеден комитетiнде қалады, екiншiсi - тiркеуден кейiн өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Өтiнiшке:
      санаткерлiк меншiктің объектiлерiне өтiнiш берушiнiң құқығын растайтын құжаттар немесе өзге де дәлелдер;
      егер санаткерлiк меншiк объектiнің материалдық тiршiлiгi, өзгелей жағдайда санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлары бар болса, санаткерлiк меншiк объектiнiң жан-жақты сипаттамасы, екi фотосуретi, суретi немесе сызбасы;
      заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерi;
      жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшiрмесi;
      өтiнiште көрсетiлген есеп айырысу шотының бар болуы туралы банктің растауы тiркелуi қажет.
      6. Кеден комитетiне келiп түскен тiзбеге тауарларды енгiзу туралы өтiнiш, өтiнiш келiп түскен күннiң келесi жұмыс күнiнен қалдырылмай тiзбеге тауарларды енгiзу туралы өтiнiштердi тiркеу журналына тiркелуi тиiс және Кеден комитетi ол тiркелген күннен бастап 10 күн iшiнде қарайды. Кеден iсi туралы заңның 218-2-бабына сәйкес тауарлар мынадай жағдайларда:
      1) санаткерлiк меншiк объектiлерiне құқық иегерiнiң өтiнiшi бойынша;
      2) тiзбеге санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарларды енгiзу кезiнде сенiмсiз мәлiметтер берудi қолға түсiру кезiнде;
      3) өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң өзгеруi туралы белгiленген мерзiмде хабарламау кезiнде;
      4) санаткерлiк меншiктiң объектiлерiне құқық күшiн тоқтатқан кезде тiзбеден шығарылуы мүмкiн.
      7. Кеден комитетi тiзбеден тауарларды алып тастау туралы құқық иегерiн тез арада хабардар етедi.
      8. Құқық иегерi өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезiнде, көрсетiлген өзгерiстер күнiнен бастап үш күннен кешiкпейтiн мерзiмде Кеден комитетiне хабарлауға мiндеттi.
      9. Осы Ережеде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк көзделген.

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң бұйрығына
қосымша       
2001 жылғы 15 ақпандағы
N 50         

Қазақстан Республикасының МКМ Кеден комитетiне

__________________________________________________________________
                       (заңды тұлғаның, филиалдың,
__________________________________________________________________
                         өкiлдiктiң толық атауы)

Өтініш

      Интеллектiлiк меншiктiң объектілерiнiң тiзбесiне енгiзуiңiздi
өтiнемiн.
Ұйым туралы мәлiмет:
      1. Меншiк нысаны ___________________________________________

      2. Құрылған жылы ___________________________________________

      3. Тiркеу туралы куәлiк ____________________________________
__________________________________________________________________
                        (N, кiм және кiмге берiлдi)

      4. Мекен-жайы ______________________________________________
       (индексi, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң N, телефоны, факс)

      5. Есеп айырысу шоты _______________________________________
                    (банктiң есеп N, атауы және орналасқан орыны)

      6. Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Басшы _____________                      _________________
              (қолы)                              (аты-жөнi)

      Мөр орны

      2000 жылғы "____"__________

      2000 жылғы "____"__________ қарауға алынған өтініш

__________________________________________________________________
                  (жауапты тұлғаның қолы, аты-жөнi)

    

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң бұйрығына
қосымша       
2001 жылғы 15 ақпандағы
N 50        

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының
тізбесі

      1. "Кедендік мақсаттарда қаржылай және сыртқы экономикалық қызметке тексеру жүргізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 127-Б бұйрығы .
      2. "Кедендік жүктелім құру және кеден шекарасы арқылы және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар үшін кедендік бақылауды күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кеден комитетінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 17-Б бұйрығы .
      3. "Кедендік бақылау аймағын құру және белгілеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 531-Б бұйрығы .
      4. "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өту бекетіндегі мемлекеттік кедендік бақылау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1996 жылғы 8 сәуірдегі N 77-Б бұйрығы .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады