Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 01/7 Бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 02 сәуірдегі N 25-П бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1452. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі N 3444  "Отандық және шетелдік тікелей инвестицияларды тарту үшін Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларының тізбесін бекіту туралы" жарлығының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349 жарлығымен  бекітілген Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететін инвесторлармен келісім-шарт жасағанда берілетін жеңілдіктер мен преференцияларды беру ережесінің 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететін инвесторлармен келісім-шарт жасағанда берілетін жеңілдіктер мен преференцияларды беру процесін жетілдіру туралы" бұйрығына  келесі өзгертулер мен толықтыру енгізу:
      1) бұйрықтың мәтініндегі "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі", "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттікке", "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттікті", "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттікпен" сөздерін сәйкес "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті", "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетке", "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетті", "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетпен" сөздерімен ауыстыруды;
      2) 3 қосымшаға "2002 жылға дейінгі мерзімде отандық және шетелдік тікелей инвестиция тарту үшін маңызды өндірістер тізімі":
      2 тарауына "Өңдеу өнеркәсібі" келесі жолдың мазмұнын енгізуге:
      "Кедей мырыш концентратынан гидрометаллургия тәсілімен металдық мырыш шығару".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады