Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық беру рәсiмдерiн жетiлдiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 01/7 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1120. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктермен пұрсаттылық беру Ережесiн бекiту туралы" 2000 жылдың 6 наурызындағы N 349 Жарлығын  орындау үшiн жеңiлдiктер мен пұрсаттылық беру рәсiмдерiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген:
      1) "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық берудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы" нұсқау (Қосымша 1);
      2) Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлар мен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық алуға арналған Өтiнiмнiң нысаны бекiтiлсін (Қосымша 2).
      3) 2004 жылға дейiнгi отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тартудағы ең маңызды өндiрiстер тiзбесi (3 Қосымша).
      Ескерту: Бірінші тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 22 мамырдағы N 01/31 бұйрығымен , ҚР Индустрия және сауда министрлігі инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 240-П бұйрығымен .
      2. Заңда белгiленген тәртiпте "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық берудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы" нұсқау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен келiсiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің 1998 жылдың 7 наурыздағы "Салықтық жеңiлдiктер берудiң үрдiсiн жетiлдiру" N 131 қаулысы  күшiн жойды деп танылсын.
      Ескерту: Тармақ өзгертілді - ҚР Сыртқы істер министрлігі
Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 25-П бұйрығымен .
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

1 Қосымша      
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөніндегі
агенттік Төрағасының 
бұйрығымен бекітілген 
N 01/7 14 сәуір 2000 ж.

Нұсқаулық
"Экономиканың басым секторларында
инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен
өзара шарт жасасқан кезде салық жеңiлдiктерi мен пұрсаттылық
берудiң тәртiбi мен көлемi туралы"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" N 75 Заңының  7-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 наурыздағы "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлардың келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық берудiң Ережелерiн бекiту туралы" N 349 Жарлығына   сәйкес дайындалған (әзiрленген).

      2. Нұсқаулық экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторларға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінiң жеңiлдiктер мен пұрсаттылық беруiнiң мөлшерi мен тәртiбiн анықтайды.
      Ескерту: Тармақ өзгертілді - ҚР Сыртқы істер министрлігі
Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 25-П бұйрығымен

      3. Жеңiлдiктер мен пұрсаттылық берудiң шарттары:
      1) инвестициялық жобаның Қазақстан Республикасындағы экономиканың басым секторларының Тiзбесiне енуi, бұл Тiзбе Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 сәуiрдегi "Отандық және шетел инвесторларын тарту үшiн Қазақстан Республикасындағы экономиканың басым секторларының Тiзбесiн бекiту туралы" N 3444 Жарлығымен  бекiтiлген, бұл Тiзбе отандық және шетел инвестицияларын 2002 жылғы кезеңге дейiн тарту үшiн елiмiздiң ең маңызды өндiрiстерiнiң тiзiмi бойынша әзiрленедi.
      2) Инвестициялық жобаны iске асыру мақсатында қазақстандық заңды тұлғалардың негiзгi қаражаттарына (негiзгi капиталына) тiкелей инвестициялар аудару.
      3) Инвесторларда мiндеттемелерiн орындауға қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктердiң бар екенiн дәлелдейтiн құжаттарды ұсыну.

2. Салық жеңiлдiктерiн берудiң мерзiмдерi

      4. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес салық жеңiлдiктерi инвесторларға табыс салығын, жер салығын, мүлiкке салынатын салықты осы Нұсқаулықта көрсетiлген мерзiмдер iшiнде төлеуден босату түрiнде берiледi. Салық жеңiлдiктерi негiзгi қаражаттарға (негiзгi капиталға) салынатын инвестициялардың көлемiне және экономиканың басым секторларына енуiне байланысты
берiледi.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті салық жеңiлдiктерiн төмендегi таблицада көрсетiлген мерзiмдерге бередi:
      Ескерту: Тармақ өзгертілді - ҚР Сыртқы істер министрлігі
Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 25-П бұйрығымен .

-------------------------------------------------------------------- N !Негiзгi қаражатқа   !       Салық жеңiлдiктерiнiң әрекет мерзiмi
   !(негiзгi капиталға) !
   !инвестициялардың    !
   !барлық көлемі       !
   !көрсетiлген эконо-  !
   !миканың басым сек-  !
   !торының атауы       !
   !(млн. АҚШ долл.)    !
--------------------------------------------------------------------                        !Табыс       !Мүлiкке      !Жер
                        !салығы * ,    !салынатын    !салығы,
                        !жыл         !салық,       !жыл
                        !            !жыл          !
--------------------------------------------------------------------1. !Өндiрiстiк инфрақұрылым
--------------------------------------------------------------------    10-ға дейiн
    10-нан жоғары
2.  Өңдеушi өнеркәсiп
    1-ге дейiн
    1-ден 5-ке дейiн
    5-тен жоғары
3.  Астана қаласының объектiлерi
    10-ға дейiн
    10-нан жоғары
4.  Тұрғын үй, әлеуметтiк сала және туризм объектiлерi
    4-ке дейiн
    4-тен 10-ға дейiн
    10-нан жоғары
5.  Ауыл шаруашылығы
    1-ге дейін
    1-ден жоғары
*  - Табыс салығын төлеуден босату салық салынатын табысты алған мерзiмнен бастап 5 жылға дейiн берiледi, бiрақ өзара шарт жасалған кезден 8 жылдан аспауға тиiс.
**  - Салынған тұрғын үйлердi өткiзуден түскен табыстар аталған өткiзудiң басталған жылынан бастап табыс салығын төлеуден босатылады. 

3. Салық жеңiлдiктерiн беру тәртiбi

      6. Инвесторға салық жеңiлдiктерiн беру тәртiбi шарт жасасқан кезде инвестор қызметi түрлерiнiң ұзақтығы мен санына байланысты анықталады.
      Бұл орайда инвестор төмендеп статустардың бiрiн иеленуге тиiс:
      1) жаңадан құрылған ұйым немесе жаңадан тiркелген жеке кәсiпкер;
      2) нақты ұйым немесе нақты жеке кәсiпкер.
      Салық жеңiлдiктерi мен пұрсаттарды беру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетiне өзiнiң әдiлет органдарында тiркелген жылы инвестициялық өтiнiм берген, жаңа өндiрiс орнын құруды немесе экономиканың басым секторларында кәсiпорындардың банкроттығына байланысты жойылғандар орнына қызметтi жүзеге асыруды мақсат тұтқан заңды және тұлғалы адамдар жаңадан құрылғандар болып табылады.
      Инвесторға салық жеңiлдiктерiн беру тәртiбi төмендегi таблицаға сәйкес анықталады.
-------------------------------------------------------------------- Қызмет   !                Салық жеңілдіктерін анықтау базасы    
  түрі    !--------------------------------------------------------
          !      Кіріс салығы    !     Мүлік салығы  !Жер салығы
--------------------------------------------------------------------жаңадан       Шартта                шартқа сәйкес     шартқа сәйкес
құрылған      анықталған            инвестициялық     инвестициялық
ұйым          инвестициялық         жобаны iске       жобаны iске
немесе        қызметтен             асыру үшiн        асыру үшiн
жаңадан       алынатын түсiмдi      қажеттi барлық    қажеттi барлық
тiркелген     салық                 мүлік             жер учаскелерi
жеке
кәсiпкер
--------------------------------------------------------------------нақты ұйым    Шартта анықталған     шартта анықталған  шартта анық.
немесе        инвестициялық         инвестициялық      талған инвес
нақты жеке    қызметтен түсімді     қызмет үшін        тициялық қыз
кәсіпкер      салықтың өсімі        қажетті жаңа       мет үшін   
                                    немесе қосымша     қажетті жаңа
                                    салынған мекен-    немесе қосым.
                                    жайлар,құрылыстар, ша пайдала.
                                    алынған жабдықтар  нылған  жер
                                                       учаскелері
--------------------------------------------------------------------Қызметтің бірнеше түрлері (қызметтің бірнеше түрлері бойынша кірістері бар, әртүрлі ставкалар бойынша салық салынатын және (немесе) кіріс салықтарына салық салудан басталған заңды тұлғалар олар бойынша жеке есеп жүргізуге міндетті.
--------------------------------------------------------------------жаңадан       Шартта анықталған    шартта анықталған    шартта анық.
құрылған      инвестициялық         инвестициялық       талған  
ұйым немесе   қызметтен алынатын    қызмет үшін         инвестиция.
жаңадан       түсімді салық         қажетті мүлік       қызмет үшін
тіркелген                                               қажетті жер
жеке                                                    учаскелері
кәсіпкер
--------------------------------------------------------------------нақты ұйым
немесе
нақты жеке
кәсіпкер
--------------------------------------------------------------------
1. Қызметтің  Шартта анықталған    шартта анықталған    шартта анық
жаңа түрі     инвестициялық         инвестициялық       талған
             қызметтен алынатын    қызмет үшін          инвестиция.
             түсімді салық         қажетті мүлік        лық қызмет
                                                       үшін қажетті
                                                        жер учаске.                                                         лері
2. Қызметтің  Шартта анықталған     шартта анықталған   шартта анық
әдеттегі      инвестициялық         инвестициялық       талған 
түрі          қызметтен түсімді     қызмет үшін         инвестиция.
              салықтың өсімі        қажетті жаңа        лық қызмет
                                    немесе қосымша     үшін қажетті                                    салынған мекен-     немесе қос.
                                   жайлар, алынған     ша алынған
                                       жабдықтар       жер учаске.
                                                          лері
--------------------------------------------------------------------- нақты ұйым немесе жеке кәсiпкер үшiн түсiмдi салық өсiмi шарт жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш календарлық жылдың бiрiнен алынған барынша көп түсiмдi салықпен салыстыру бойынша есептелiнедi.
      Жеңiлдiктердi анықтау базасына есептi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң нормативтiк актiлерiне сәйкес салық төлеушiнiң тiркеу орны бойынша салық қызметi органдары жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінiң сұрауы бойынша жеңiлдiктер мен пұрсаттар алуға әрекеттенiп отырған салық төлеушiнiң тiркелу орны бойынша салық комитеттерi нақтылы салық төлеушiге қатысты қажеттi ақпараттарды бередi.
      Ескерту: Тармақ өзгертілді - ҚР Сыртқы істер министрлігі
Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 25-П бұйрығымен .

      7. Салық жеңiлдiктерi мен пұрсаттарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті инвестормен шарт жасасу жолымен бере алады. Жеңiлдiктер мен пұрсаттарды алғанда инвестор тиiстi декларацияларды тапсырудан босатылмайды.
      Ескерту: Тармақ өзгертілді - ҚР Сыртқы істер министрлігі
Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 25-П бұйрығымен .

      8. Шарт жасасу мақсатында жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетіне бекiтiлген үлгiдегi өтiнiмдi және осы бұйрыққа 2 Қосымшада көрсетiлген өтiнiмдi қоса барлық құжаттарды тапсырады. Инвестициялық өтiнiмде көрсетiлген негiзгi қаражатқа (негiзгi капитал) тiкелей инвестициялар көлемi өзiне өтiнiм бергенге дейiнгi үш айда өндiрiлген инвестицияларды қоспауға тиiс.
      Ескерту: Тармақ өзгертілді - ҚР Сыртқы істер министрлігі
Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 25-П бұйрығымен .

      9. Шарт өзiне инвестицияларды енгiзудiң шектеулi мерзiмдерi бойынша инвестор мiндеттемелерiн енгiзетiн (өндiрiстiк объектiлердi, жабдықтарды iске қосу) қажеттi тоқсандық жұмыс бағдарламасын анықтайды. Бекiтiлген инвесторлар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетіне шарт әрекетi мерзiмi iшiнде тоқсан сайын есеп беруге тиiс.
      Ескерту: Тармақ өзгертілді - ҚР Сыртқы істер министрлігі
Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 25-П бұйрығымен .

      10. Негiзгi капиталға инвестициялар енгiзу мерзiмдерi жұмыс бағдарламасына сәйкес осы Нұсқаудың 5-тармағында көрсетiлген салық жеңiлдiктерiн берудiң ең аз мерзiмдерiнен асып кетпеуге тиiс.

4. Кеден салығын салудан босату тәртiбi

      11. Инвестор Қазақстан Республикасының заң ережелерiне сәйкес жабдықтарды, шикiзатты және материалдарды импортқа шығарғанда кеден салығын салудан толық немесе жартылай босатылады.

      12. Кеден салығын салудан босатуға Қазақстан Республикасының территориясына әкелiнетiн тауарлардың өндiрiсi жоқ болған жағдайда немесе олар шектеулi мөлшерде өндiрiлетiн болса және қызметтi жобаға сәйкес жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе рұқсат берiледi.
      Кеден салығын салудан босату мөлшерi мен мерзiмдерiн агенттiк
тарифтiк реттеулердi жүргiзуге жауап беретiн мүдделi министрлiктермен және агенттiктермен бiрге анықтайды. Олар агенттiкке өз қорытындыларын агенттiктен тиiстi ұсыныс түскеннен кейiн 20 күннен кешiктiрмей беруге тиiс.    

5. Мемлекеттiк натур грантын беру тәртiбi

      13. Мемлекеттiк натур гранты инвестордың меншiгiне тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен негiзгi қаражатқа (негiзгi капитал) тiкелей инвестициялар көлемiнiң 30 процентiнен аспайтын мөлшерде берiледi. Егер сұралған натур грантының бағалы құны көрсетiлген барынша көп мөлшерден асып кетсе, инвестордың туындаған айырмашылықты белгiленген заң тәртiбiнде төлеуге құқы бар.    

6. Жеңiлдiктер мен пұрсаттар әрекетiн тоқтату

      14. Жеңiлдiктер мен пұрсаттар әрекетi шарт орындалған жағдайда, сондай-ақ нақтылы заң ережелерiнде көрсетiлген негiздер бойынша шарт бұзылған жағдайда тоқтатылады.

2 Қосымша      
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөніндегі
агенттік Төрағасының 
бұйрығымен бекітілген 
N 01/7 14 сәуір 2000 ж.

Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi
жүзеге асыру кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық алу үшiн
ӨТIНIМ

     І. Инвестор туралы мәлiметтер.

     1. Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты:
____________________________________________________________________     2. Мекен-жайы:_________________________________________________
     3. Банктiк реквизиттер (РНН  қоса)_____________________________
     4. Ұйымның бiрiншi басшысының немесе жеке кәсiпкердiң қысқаша  түйiндемесi:_______________________________________________________
     Телефон_____________факс________________электронды пошта______

     5. Менеджердiң қысқаша түйiндеме жобасы:_______________________
     Телефон_____________факс________________электронды пошта_______

     II. Инвестициялау үшiн таңдап алынған қысқаша анықтамасы
  (инвестициялық жалпы көлемiн, негiзгi капиталдағы инвестицияның 
   көлемiн және жобаның өтелу мерзiмiн көрсете отырып)____________  ____________________________________________________________________
     III. Инвестициялаудың қаржылық мүлiктерi
          Қаржыландыру көздерi.   ____________________________________________________________________
     ІV. Инвестордың техникалық және ұйымдастыру мүлiктерi
     Бұрынғы жобалардың тәжiрибесi:_________________________________
     Ұқсастық:
____________________________________________________________________     Жаңа:
____________________________________________________________________     V. Инвестордың мiндеттемесi инвестициялық жобаны толық және өз
     уақытында жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
     Ұйымдастыру және өтiнiмдерге сараптама жүргiзу, сондай-ақ сараптау және келiсiм шартты дайындау кезiнде инвестор агенттiкке жан-жақты қолдау және көмек көрсетедi, сондай-ақ барлық қажеттi мәлiметтердi бередi.
     Өтiнiш бiлдiрген инвестор өтiнiмде айтылғандар мен құжаттарда
     көрсетiлген мәлiметтердiң растығын мәлiмдейдi және оған кепiлдiк бередi.   

     Инвестор_____________________
                 (қолы, мөр)                            ___________
                                                         мерзімі

Экономиканың басым секторларында инвестициялық
қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау
кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық алу үшiн өтiнiмдердi
реттеуге керектi құжаттардың
ТІЗІМІ

      1. Заңды тұлғаның мемлекеттiк реттеу туралы куәлiгi.
      2. Заңды тұлғаның статистикалық карточкасы.
      3. Жарғы (нотариалды куәландырылған).
      4. Құрылтай шарты (нотариалды куәландырылған)
      5. Жеке кәсiпкердiң салықтық тiркеуден өткендiгi туралы нотариалды куәландырылған құжаттардың көшiрмесi.
      6. Инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық немесе бизнес жоспарының негiздемесi.
      7. Соңғы 3 жылда жүргiзiлген есептеулердiң жылдық жиынтық кiрiстерi туралы декларацияның көшiрмесi (не болмаса мекеменiң қолданылған кезеңдегi).
      8. Жобаны iске асыру кезiнде жаңадан салынған ғимарттың, құрылыс немесе сатып алынған құрал-жабдықтардың құны туралы анықтама.
      9. Жобаны iске асыру үшiн қажеттi жердiң көлемi мен құны туралы анықтама.
      10. Инвестордың қаржы мүмкiндiгiн дәлелдейтiн құжаттар.
      11. Қолда бар мүлкiнiң құны туралы анықтама.
      12. Қолда бар жер учаскесiнiң құны мен көлемi туралы анықтама.
      Агенттiк инвестициялық жобаны iске асыруға қатысты өтiнiмдi қарау кезiнде қосымша мәлiметтердi талап етуге құқылы.

3 Қосымша        
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөніндегі
агенттік Төрағасының 
бұйрығымен бекітілген 
N 01/7 14 сәуір 2000 ж.

      Ескерту: 3 Қосымшамен толықтырылды, өзгертілді - ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 22 мамырдағы N 01/31 бұйрығымен , ҚР Индустрия және сауда министрлігі инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 240-П бұйрығымен .

2004 жылға дейiнгi отандық және шетелдiк тура инвестициялар
тарту үшiн маңызды өндiрiстер тiзiмi     

1. Өндiрiстiк инфрақұрылым

      Темiр жолдар
       Темiр жол жұмысын қамтамасыз ететiн объектiлер
         Темiр жолдың жылжымалы құрамын жөндеу
         Темiр жол сапаржайлары
     Жүк тасымалдау мен мұнай құятын терминалдар
     Метрополитен
     Автокөлiк жолдары мен автосапаржайлар кешендерi
     Аэросапаржайлар кешендерi бар әуежайлар
     Аэронавигациялық объектiлер
     Теңiз және өзен порттары
     Су және құрғақтағы кешендер
     Көпiрлер мен жолайырымдар
     Газ тасымалдау құбырлары
     Электростанциялар (жылу, газотурбиналық, кiшi су және жел станциялары)
         Трансформаторлық станциялар мен электр тасымалдау
         желiлерi (магистралдықтардан басқалары)
         Электр желiлерi арқылы электр энергиясын жинау,
         беру және бөлу
         Тарататын электржелiлер
     Телекоммуникациялық желiлер
         Сымсыз байланыс жүйелерi, ауылдық жерлер үшiн
         жер серiгі байланыс жүйелерiн қоса алғанда
         Халықаралық және қалааралық байланыс
         инфрақұрылымы (ақпараттық iрi магистраль)    

2. Өңдейтiн өнеркәсiп

     Ескерту: 2-тарау өзгертілді және толықтырылды - ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 23 тамыздағы N 0-1/117 бұйрығымен , 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 25-П бұйрығымен ,
2001 жылғы 18 шілдедегі N 69-П бұйрығымен , 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 104-п бұйрығымен , 18.11.2001 ж. N 127/1-П бұйрығымен .

     Киiм, иiрiлген жүн, мата, пiшiлмеген терi, аяқ киiм, тон
     және терi заттары мен жуылған жүн өндiрiп шығару
     Жиhаз және фурнитура өндiру
     Ағаш талшықты тақта (ДСП); ағаш жоңқалы тақта
     (ДВП); фанералар жасау; ағаш пен оның қалдықтарынан
     жаңа бұйымдар өндiру
     Картон-қағаз бұйымдарының жаңа түрлерiн өндiру
     Қағаз және картон жасау, олардан бұйымдар өндiру
     Орап, буып-түйетiн материалдардың барлық түрлерiн
     өндiру
     Ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрiстiк өңдеу
     Крахмал және крахмал өнiмдерi өндiрiсi
         Еттi өңдеп консервiлендiру және ет тағамдарын өндiру
         Жемiс-жидектер мен көкөнiстердi өңдеу және
         консервiлеу
         Өсiмдiктер мен жануарлар майын және тоң майын
         өндiру
         Тазартылған майлар мен тоң майларды өндiру,
         саломаса
         Сүт өндiрiсiн және оны өңдеудi молайту
         Астық тарту өнеркәсiбiнiң тағамдарын өндiру
         Крахмал және крахмал өнiмдерi өндiрiсi
     Балық аулау мен балық өсiрудiң бұйымдарын өңдеу
         Балық және балық тағамдарын өңдеу мен консервiлеу
         Балық өсiру, балық питомниктерi мен балық
         фермаларының қызметi
     Ауылшаруашылық өнiмдерiн дайындау және сақтау
         Элеваторлар мен көкөнiс базаларын салу
         Кәзiргi талапқа сай тоңазытқыш қондырғыларын салу
     Сәбилер тағамын өндiру
     Кондитерлiк тағамдар мен шырындарды өндiру
         Кондитерлiк тағамдар өндiру
         Жемiс пен көкөнiстен концентраттар мен шырындар
         өндiру
     Жоғарғы технологиялық жаңа машиналар мен құрал-
     жабдықтардың түрлерiн шығару
         Механикалық жабдықтар мен құрал-саймандар өндiру
         Двигательдер мен турбиндарды өндiру
         Гидравликалық жүйелердi, насостарды және
         компрессорларды өндiру
         Крандарды, клапандарды және қазандарды өндiру
         Жылу жүйелерiн өндiру
         Тiстi дөңгелектер мен механикалық жылжымалы
         тетiктердi өндiру
         Металлургиялық жабдықты өндiру
         Құрылыс пен тау-кен өнеркәсiптерiне арналған
         машиналарды өндiру
         Ауылшаруашылығы өнiмдерiн өңдеуге арналған
         машиналарды өндiру
         көтеретiн және такелаждық жабдық пен бекiту
         тетiктерiн өндiру
         Тоқыма өнеркәсiбiне арналған машиналар өндiру
         Өндiрiстiк суытқыш және желдеткiш қондырғыларын
         өндiру
         Станоктарды өндiру
         Хирургиялық медицина жабдықтары мен
         ортопедиалық құралдарды өндiру
     Спорттық құрал-жабдықтарды өндiру
     Көлiк пен көлiк жабдықтарын өндiру
         Жеңiл автокөлiктердi өндiру
         Жүк машиналарын өндiру
         Жолаушылар тасымалдайтын автокөлiк өндiру
         Арнайы мамандандырылған автокөлiк өндiру
         Ауылшаруашылық машиналарын өндiру
         Доңғалақты тракторлар өндiру
         Автомобиль жабдықтарын өндiру
         Кеме жасау
         Темiр жолдың жылжымалы құрамын өндiру
         Ұшатын аппараттар мен ғарышқа ұшатын
         аппараттарды өндiру
         Мотоциклдер мен велосипедтер өндiру
     Өнеркәсiптiк электроника мен электротехникалық
     бұйымдарды өндiру
         Компьютерлер, перифериялар және оргтехникаларды
         өндiру
         Электрмоторларды, генераторларды және
         трансформаторларды өндiру
         Электр бөлгiш пен бақылау аппаратурасын өндiру
         Тұйық желiстер мен сымдар өндiру
         Аккумуляторлар мен гальваникалық элементтердi
         өндiру
         Энергия сақтаушы электр шамдары мен жарық
         шашатын құрал-жабдықтарды өндiру
         Двигательдерге және көлiктерге арналған электр
         жабдықтарын өндiру
         Өндiрiстiк процестерге арналған бақылау жабдығын
         өндiру
     Электроника мен электротехника саласындағы тұтыну
     бұйымдарын өндiру
         Тұрмыстық электр бұйымдарын өндiру
         Тарататын аппаратураларды өндiру
         Дыбыс пен бейненi қабылдайтын, жазатын және
         қайтадан көрсете алатын аппаратураларды өндiру
         Өлшегiштiк-бақылау құралдарын өндiру
         Оптикалық құралдар мен фотожабдықтар өндiру
         Аудио, видео және электронды ақпарат құрал-
         жабдықтарын өндiру
     Минералдық тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғайтын
     заттарды өндiру
     Мұнай өнiмдерiн, оның iшiнде тұрмыстық химия және
     парфюмерлi-косметикалық бұйымдарды есепке алмағанда,
     мұнай химиясы өнiмдерiн қазақстанның шикiзатынан
     өндiру
         Полимерлiк негiздегi барлық түрлердi өндiру
         (гранулдарды)
         Жұқа органикалық синтездi өнiмдердi өндiру
         Былғары, терiге қатысты өңдейтiн бұйымдарды өндiру
         Бояулар, бояғыштар, лактар, эмальдар және осыларға
         минеральды пигменттер өндiру
         Бояу мен лактарды ерiтiп, сұйылтатын дайын
         ертiндiлердi өндiру
         Жуатын, тазалайтын және парфюмерлiк бұйымдарды
         өндiру
     Арнаулы өнiмдер мен дәрi-дәрмектер өндiру
         Шипалық қасиетi бар өсiмдiктердi өсiру
         Дәрiлiк өнiмдердi өндiру
         Медициналық құралдар мен медицинаға арналған
         жабдықтарды өндiру
     Мал дәрiгерлiгi саласына дәрi-дәрмектер өндiру
     Арнаулы маркадағы құрышталған болатты өндiру
     Отандық құрышталған болаттан өнiмдер өндiру
     Гальваникалық элементтер үшiн мырыш өндiру
     Қара және түстi металдар мен мыс кеспелерiнен жаңа да
     аса тиiмдi технологиялар арқылы ақтық өңделген өнiмдер
     өндiру
         Қаңылтыр өндiру
         Ауыр және жеңiл кеспелер (арматура, темiр жол
         рельстерi мен желiлер) өндiру
         Құбырлар өндiру
         Сым өндiру
     Конструкциялар, өнiмдер және құрылыс материалдарының
     кәзiргi талаптарға сай жаңа түрлерiн өндiру
     Өндiрiс пен құрылысқа арналған металл конструкцияларын өндіру
     Үйлерге, ғимараттарға, көпiрлерге, қоймаларға және электр
     желiлерiне арналған металл конструкцияларын өндiру
     Құрылымды-кеңiстiк пен рамалық конструкциялар,
     ғимараттардың төбе жабындылары мен қаңқасын шығаруға
     мамандандырылған өндiрiс
     Есiк, терезе, есiк пен терезе рамаларын, терезе
     қақпақтарын, қақпалар, саты қоршаулары мен
     баспалдақтар өндiру
     Шыны мен шыны бұйымдарын өндiру
     Күйдiрiлген қыш бұйымдарын өндiру
     Сырлы кiрпiш және санитарлы-техникалық бұйымдарды
     өндiру
     Қыш шатыр мен кiрпiш өндiру
     Жылу, гидро және дыбыс өткiзбейтiн материалдар мен
     бұйымдарды өндiру
     Құрғақ және қоймалжың құрылыс қоспаларын, олардан
     жасалатын бұйымдарды, жол бетiне төселетiндердi және
     толтырғыштарды жаңа технологиямен өндiру
     Құрылысқа арналған шығын материалдарды өндiру
     Жарылғыш және қопарғыш заттар өндiру
     Табиғи және жасанды тастан жасалатын бұйымдар өндiру,
     тас қалдықтарын өңдеу
     Полимерлiк негiзде құбырлар мен басқа да құрылыс
     материалдарын өндiру
     Тазартқыш құрылыстар үшiн құрал-жабдықтар жасау
     Қалдықтарды өңдеу
         Қоқыс қалдықтарын өңдейтiн заудтар
         Өндiрiстiк қалдықтарды қайта өңдеу
     Ойыншықтар мен ойындық, спорттық жабдықтарды өндiру
     Титан қоқысты шығаруда жергiлiктi шикiзатты пайдаланып өндiру
     Каустикалық сода мен хлор өндiру
     Бериллий оксидiнен жасалатын бұйымдар өндiру
     Рәзiңке-техникалық бұйымдар өндiру
     Фосфор мен фосфор қоспалы шикiзатты өңдеу
     Қант өндiру
     Үздiксiз болат құю технологиясын қолдана отырып, қапталған
     және қапталмаған қара металл прокатын өндiру
     Кедей мырыш концентратынан гидрометалургия тәсілімен металдық мырыш шығару
     өте жаңа жоғары тиiмдi экологиялық таза технологиялар қолданылатын ферромарганецтi қорытпалар өндiрiсi    

3. Астана қаласының объектiлерi

     Жоғарғы мемлекеттiк органдардың Астанаға көшуiне
     байланысты объектiлер
         Iскерлiк орталықтар
         Елшiлiк қалашығы
         Астана қаласы инфрақұрылымының объектiлерi
         4. Тұрғын үйлер, әлеуметтiк және туристiк объектiлер
     Коммерциялық тұрғын үй *
         Бір-екі қабатты үйлер тобын, көп қабатты
         инфрақұрылымды үйлер, толық инфрақұрылымды
         автономды поселкілер салу (Міндетті шарттар-жергілікті
         құрылыс материалдары мен
         конструкцияларын пайдалану және отандық құрылыс
         ұжымдарын тарту жоспарын алға тарту)
     Денсаулық пен білім объектілері
     Жаппай спорт, мәдениет және демалыс объектілері

5. Ауылшаруашылық

     Алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде жоғарғы өнімді
     дақылдар, техникалық және май өндірілетін өсімдіктер мен
     жүзімді өсіру
     Ауылшаруашылықтың жоғарғы өнімді түрлерінің дәндерін
     өндіру
     Мол өнімді мал, құс және асыл тұқымды үй жануарларын өсіру
     Жоғарғы өнім беретін малдардың ұрықтарын жаңалау және
     сақтау үшін арнайы селекциялық-генетикалық орталық құру
     Аңдар өсіру мен омарташылық
     Ет пен жұмыртқа өндірудегі асыл тұқымды төл басының орнын толтыру
     Аса сіңімді және экологиялық таза жем және жем қоспаларын өндіру

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады