Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 77 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1495. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi
туралы ережеге өзгерiстердi бекiту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 77 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде N 1495 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан "Ұлттық Банкiнің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 11 басылымдарында 2001 жылғы 21 мамырда - 2 маусымда жарияланған)...

___________________________________             

      Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы  V960440_  ережеге өзгерістер және осы қаулы бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткеннен кейін күшіне енгізілсін. 
      2. Банктердің қадағалау департаменті (Мекішев А.А.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін. 

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                      Қазақстан Республикасының
                                      Ұлттық Банкі Басқармасының
                                      2001 жылғы 31 наурыздағы
                                      N 77 қаулысымен
                                      бекітілген

         Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 
       1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген
              Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық
              стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге
                           өзгерістер

     1. 4-тармақтың:
     үшінші азатжолындағы "1" саны "1 немесе 2" деген сөздермен ауыстырылсын, "(1998 жылдың аяғына дейін)" деген сөздер алынып тасталсын;
     төртінші азатжолындағы "8.9" саны "8.10" санмен ауыстырылсын.
     2. 10-1-тармақ алынып тасталсын.     

      Ұлттық Банк
     Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады