Сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 85 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1504. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 270 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 270 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталының ең аз мөлшерi - 10 (он) миллион теңге болып белгiленсiн.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

      3. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):

      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны

      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден

      өткiзу шараларын қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк

      тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi

      бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру)

      ұйымдарына және сақтандыру брокерлерiне жiберсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк

      Төрағасы

      Мамандар:

      Икебаева А.Ж.

      Жұманазарова А.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады