"Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" N 1511 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 86-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 312-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2978. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетi Төрағасының 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 230 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетi Төрағасының 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 230 бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес кейбiр бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және сауда   
министрлiгi Бәсекелестiктi
қорғау комитетi Төрағасының
2006 жылғы 22 қыркүйектегі
N 230 бұйрығына    
қосымша        

Күшi жойылған кейбiр бұйрықтардың
тiзбесi

      ...
      5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгi Төрағасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 312-OД бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2978 нөмiрiмен тiркелген)...
-------------------------------

      "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Бұйырамын:
      1. "Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 18 мамырда N 1511 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде 2001 жылғы 13 маусымдағы N 25, 436-құжат жарияланған, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 13 маусымдағы N 122-НҚ  бұйрығымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы N 07-НҚ  бұйрығымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 86-НҚ  бұйрығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесіндегі:
      17-тармақ алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А.Токарева):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады