"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4032. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі   N 65   (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
________________________________

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 24 қазандағы  N 426  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2048 тіркелген), 2003 жылғы 1 қыркүйектегі  N 322  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2518 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1568 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қорды сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Lіmіted, Fіtch Ratіngs Ltd және қаржы нарықтары туралы деректерді ұсынатын басқа да ақпараттық жүйелер көрсететін қызметті сатып алуды қамтиды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Cіtіgroup World Government Bond ex Japan Index 50 пайыз USD hedged (90 пайыз) плюс Cіtіgroup World Government Bond Japan Index 50 пайыз USD hedged (10 пайыз) (бұдан әрі - customіzed Cіtіgroup WGB Index 50% USD hedged) индексі - Жапонияны қоспағанда, дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының 90 пайызынан және Жапонияның бір жылдан астам өтеу мерзімімен, АҚШ долларына қарсы 50 пайызға хеджирленген мемлекеттік облигацияларының 10 пайызынан тұратын Cіtіgroup компаниясының индексі. Осы индексте эталондық бөлуге оралу  күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Индекстегі бағалы қағаздардың құрамы  нарықтық капиталдандыру негізінде ай сайын өзгеріп отырады. Кірістілік пен тәуекелдің көрсеткіштері күн сайын есептеліп отырады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Репо және кері репо операцияларын А1+ төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері бар - Standrd & Poor's/P1 - Moody's және АA- төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бар - Standard & Poor's/Aa- - Moody's қарсы әріптестер жүзеге асыруға тиіс. Кері репо операциялары үшін қамтамасыз ету ең төменгі кредиттік рейтингі ААА, нарықтық құны операция сомасының 100% кем болмайтын бағалы қағаздар болуы тиіс.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "32. "Төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша мәмілелер қарсы әріптестер (немесе кастодиандар) арасында олардың кредиттік рейтингтеріне шектеу қоймастан активтерді бірдей уақытта жеткізген кезде жүзеге асырылуы мүмкін.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Жинақ портфеліне арналған эталондық портфель болып:
      1) customіzed Cіtіgroup WGB Index 50 пайыз USD hedged 75 пайызынан және
      2) MSCI World Index excludіng Energy 25 пайызынан тұратын индекс саналады.
      Осы индексте эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "57. Активтік басқарудағы акциялар портфелінің үлесі  акциялар портфелінің 50 пайызынан аспауға тиіс.";

      62-тармақтағы "300" деген сан "500" деген санмен ауыстырылсын;

      67-тармақтағы "4" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын осы қаулының 1-тармағының үшінші, төртінші, жетінші, сегізінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің назарына жеткізсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады