Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 55 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 294 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 10 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1572

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Z970127_ Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" U000507_ және 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536 "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" U010536_ Жарлықтарына сәйкес

                              БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бiрыңғай бюджеттік жiктеменi бекiту туралы" V991058_ бұйрығына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне:
      2 "Қорғаныс" функционалдық тобында 2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" кiшi функциясында 105 "Әкiмдер аппараты" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 31-бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын:
      "Жергiлiктi деңгейдегі жұмылдыру дайындығы бойынша шаралар";
      3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобын 1 "Құқық қорғау қызметi" кiшi функциясы 618 "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi мынадай мазмұндағы бағдарламалармен толықтырылсын:
      "16 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жою үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражаты есебiнен iс шаралар өткiзу
      23 Өкiлеттiк шығыстарға арналған қаражат есебiнен iс-шараларды өткiзу
      29 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Резервiнен Үкiметтiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындау";
      13 "Басқалар" функционалдық тобын 9 "Өзге де" кiшi функциясы 617 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi мынадай мазмұндағы бағдарламалармен толықтырылсын:
      "16 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жою үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражаты есебiнен iс шаралар өткiзу
      23 Өкілеттік шығыстарға арналған қаражат есебінен іс-шараларды өткізу
      29 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Резервінен Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау";
      2. 2001 жылғы 1 шілдеден бастап шығыстар мынадай бағдарлама бойынша жүзеге асырылмайды деп белгіленсін:
      7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында 2 "Коммуналдық шаруашылық" кіші функциясында 274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" мем.мекеме-бағдарлама әкімшісі бойынша 72 "Жылу беруші кәсіпорындарды қысқа дайындау шаралары".
      3. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов)

департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     
     Министр
     
     Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады