Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiне инспекция (тексеру) жүргiзуiне қойылатын негiзгi талаптар туралы ереженi бекiту жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуір N 114. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1594. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 110 (V042845) қаулысымен.

      Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiне инспекция (тексеру) жүргiзуiне қойылатын негiзгi талаптар туралы ереже бекiтiлсiн, Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Осы қаулы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiне инспекция (тексеру) жүргiзуiне қойылатын негiзгi талаптар туралы ереже күшiне енгiзiлген күннен бастап: 
      1) "Екiншi деңгейдегi банктерге инспекция (тексеру) жүргiзуге қойылатын негiзгi талаптар және нәтижелердi ресiмдеу туралы ереже жөнiнде" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 289 қаулысының; 
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 289  қаулысымен  бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге инспекция (тексеру) жүргiзуге қойылатын негiзгi талаптар және нәтижелердi ресiмдеу туралы ереженiң күшi жойылды деп танылсын. 
      3. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А А.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiне инспекция (тексеру) жүргiзуiне қойылатын негiзгi талаптар туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің қызметіне инспекция (тексеру) жүргізуіне қойылатын негізгі талаптар туралы ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін. 

      Ұлттық Банк 
      Төрағасы  

                                  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
                                   Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуiрдегi
                                   N 114 қаулысымен бекiтiлген

 
            Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi 
             банктердiң қызметiне инспекция (тексеру) жүргiзуiне 
                      қойылатын негiзгi талаптар туралы 
                                ереже 

 
      Осы Ереже Қазақстан Республикасының банк қызметiн реттейтiн заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi және Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiне инспекция (тексеру) жүргiзу және оның нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбiн белгiлейдi.

                               1-тарау. Жалпы ережелер 

      1. Банктердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдау мақсатында Ұлттық Банк банктердiң қызметiне бақылауды, оның iшiнде екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) қызметiне инспекция (тексеру) жүргiзу жолымен жүзеге асырады. 
      Банк қызметiне инспекция (тексеру) (бұдан әрi - инспекция) банк қызметiн жалпы алғанда немесе жеке мәселелерi бойынша Ұлттық Банкке ұсынылатын есептер мен мәлiметтер деректерiнiң сенiмдiлiгiн талдау жолымен оның нақты қаржы және институционалды жағдайын айқындау, сондай-ақ органның, банктiң басшылық ететiн қызметкерлердiң немесе жай қызметкерлерiнiң iс-әрекетiнiң (шешiмдерiнiң) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкестiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi. 
      2. Инспекцияны банктiк қадағалауды (бұдан әрi - банктiк қадағалау бөлiмшесi) жүзеге асыратын Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң өзi немесе Ұлттық Банктiң басқа бөлiмшелерiнiң мамандарын қатыстыра отырып жүргiзедi. 
      Қажеттi жағдайда банктiк қадағалау бөлiмшесi банктердiң филиалдарына, сондай-ақ осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес банктерге таңдау бойынша инспекция жүргiзу өкiлеттiгiн Ұлттық Банктiң аумақтық филиалдарына жүктеуге құқылы. 
      3. Инспекция Ұлттық Банктiң тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша және мерзiмде жүргiзiледi. Осы Ережеге сәйкес инспекция нәтижелерi бойынша есеп жасалады. 
      4. Ұлттық Банктiң тапсырмасында көрсетiлген мәселелердiң мазмұнына байланысты инспекциялардың мынадай түрлерi болады: 
      1) кешендi; 
      2) таңдау бойынша. 
      Кешендi инспекция - банктiң қызметiн тексеру және оның нәтижелерi бойынша банктiң қаржы және институционалды жағдайына жалпы баға берiледi. Сонымен бiрге, тексеруге жататын активтердiң көлемi банк активтерiнiң көлемiнiң 80%-нен кем емес болуы тиiс. 
      Таңдау бойынша инспекция - банктiң қаржы және институционалды жағдайын қарастыратын жеке мәселелер бойынша оның қызметiн тексеру.

                             2-тарау. Инспекцияға дайындық 

      5. Банкте инспекция жүргiзу үшiн тексерiлуге жататын оны жүргiзу мерзiмi, мақсаттары, мәселелерi мен банктiң қызмет мерзiмi көрсетiлген инспекция жүргiзу тапсырмасы жасалады және оны банктiк қадағалау бөлiмшесiнiң басшысы бекiтедi. 
      Инспекция жүргiзу тапсырмасын дайындаған кезде Ұлттық Банк банктiң қаржы және институционалды жағдайын бағалау үшiн банктен кез-келген қажетті ақпаратты алдын ала талап етуге құқылы. 
      6. Ұлттық Банк инспекторлар тексеру орнына келгеннен бастап банк беруге тиiс негiзгi тексерiлетiн мәселелер мен құжаттарды көрсете отырып банкке оған инспекция жүргiзiлетiнi жөнiнде хабарлама жiберуге құқылы. Инспекция алдын ала хабарламай-ақ жасалуы мүмкiн. 
      7. Банктi тексеру бойынша инспекторлар тобының басшысы жұмыс жоспарын, ал қажет жағдайда оның мүшелерi арасында нақты мiндеттердi бөлудi айқындайды.

                                  3. Инспекция жүргiзу 

       8. Банктiк қадағалау бөлiмшесi басшысының келiсiмiмен және инспекторлар тобы басшысының өтiнiшi негiзiнде инспекция жүргiзу тапсырмасында көрсетiлген мәселелердiң тiзiлiмi инспекция мерзiмiнiң ұзартылуымен бiруақытта толықтырылуы мүмкiн. 
      9. Инспекция жүргiзу барысында банктiң қаржы және институционалды жағдайын бағалау мәселелерi бойынша инспекторлық топ және банк қызметкерлерi арасында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, инспекторлық топ басшысының пiкiрi басым болып табылады. 
      10. Банкте таңдау бойынша инспекция жүргiзу кезiнде Ұлттық Банктiң инспекция жүргiзу тапсырмасында көрсетiлген жеке мәселелер тексерiледi. 
      11. Банк болып өткен инспекция барысында анықталған құқық бұзуды жою бойынша iс-шараларды орындау мәселелерi жөнiнде таңдау бойынша инспекцияны жүргiзу кезiнде инспекторлар банктiң оларды жою жөнiндегi нақты iс-шараларына және банк қызметiнiң тиiстi бағыттарының ағымдағы жағдайына талдау жүргiзуге тиiс. 
      12. Банк инспекция жүргiзу уақытына инспекторлық топқа банктiң ақпарат жүйелерiне еркiн кiрудi, бiрiншi талап бойынша қағазда және электрондық тасымалдаушыларда кез-келген қажеттi құжаттарды (мәлiметтердi) берудi, сондай-ақ инспекция жүргiзу жөнiндегi есепке қосу үшiн олардың көшiрмесiн берудi қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      Сонымен қатар, банк инспекторлық топқа банктiң кез-келген қызметкерiн, оның iшiнде басшы қызметкерлерiн жазбаша немесе ауызша сұрауына мүмкiндiк беруге тиiс және олар өткiзiлiп жатқан инспекция жайлы мәселелер жөнiнде (жазбаша түсiнiктемелер), олардың қызмет мiндеттерiмен банктiң қызметi жөнiнде түсiнiктемелер беруге мiндеттi.
      13. Банк инспекция жүргiзу мерзiмiне инспекторлық топқа өз үй-жайында оған еркiн кiру мүмкiншiлiгi бар, оның iшiнде қажеттi жағдайда демалыс күндерi жеке бөлме беруге мiндеттi. Сонымен бiрге, инспекция жүргiзу тапсырмасында көрсетiлген әрбiр инспектор жеке жұмыс орнымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      14. Инспекторлар инспекция жүргiзу кезiнде алынған құжаттардың (ақпараттың) сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi. 

                         4-тарау. Инспекция нәтижелерiн ресiмдеу

      15. Инспекция кезiнде банктiң қолданылып жүрген заңнаманы бұзғандығы анықталған жағдайда, Ұлттық Банк инспекция аяқталғанға дейiн банкке қатысты шектеу шараларын және қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес санкциялар қолдануға құқылы.
      16. Ұлттық Банк тиiстi түрде ресiмделген инспекторлық тексерудi жүргiзу жөнiндегi есептi (бұдан әрi - есеп) банкке инспекторлық тексеру аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей iлеспе хатпен қоса жiбередi.
      Есеп мынадай ақпаратты қамтуы тиiс:
      1) жасалған күнi және орны;
      2) инспекторлардың аты-жөнi және лауазымдары;
      3) тексеру объектiсi (банктiң немесе оның бөлiмшесiнiң атауы, оның ұйымдастыру - құқықтық нысаны, орналасқан жерi, мемлекеттiк тiркеу деректерi, Ұлттық Банктiң банк операцияларын жүргiзуге берген лицензияның номерi және күнi);
      4) инспекция жүргiзу тапсырмасының номерi және күнi;
      5) инспекция пәнi, қызмет мерзiмi, инспекция жүргiзiлген, тапсырмада көрсетiлген мәселелер.
      17. Банк есептi қарауға тиiс және қарсылық болған жағдайда, есептi алу күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде оларды Ұлттық Банкке ұсынады.
      18. Банктiң есепке қарсылықтарын алғаннан кейiн Ұлттық Банкте банк басшылығының қатысуымен жиналыс өткiзiледi. 
      19. Банк тарапынан қарсылықтар болмаған жағдайда инспекция нәтижелерi банктiң өкiлдерiн шақырмастан қаралады.
      20. Ұлттық Банкте өткен жиналысты ескере отырып жасалған есептiң екi данасы танысу үшiн банк Басқармасының Төрағасына жiберiледi, ол бiр данасына қол қойып екi жұмыс күнi iшiнде Ұлттық Банкке жiберуге тиiс. Сонымен бiрге, екiншi данасы банкте қалады. 
      21. Банк Басқармасының Төрағасы есепке қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ есепте оның қолы болмаған басқа жағдайларда, мұндай есеп банкке жүргiзiлген инспекцияның нәтижелерiн бекiтетiн түпкiлiктi және тиiстi түрде ресiмделген құжат болып табылады. 
      22. Ұлттық Банк жиналыс нәтижелерi бойынша және есептiң деректерi негiзiнде банкке қатысты шектеу шараларын және қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес санкциялар қолдануға құқылы және бұл iс-шаралар жөнiнде банк он банктiк күн iшiнде хабар алады. 
      23. Ұлттық Банктiң хатын алғаннан кейiн және онда тиiстi нұсқаулар бар болған жағдайда, банк хатта көрсетiлген мерзiмде, оның iшiнде инспекция барысында анықталған Қазақстан Республикасының банктiк заңнамасын бұзуды жою бөлiгiнде инспекция нәтижелерi бойынша Ұлттық Банктiң талаптарын орындау жөнiндегi iс-шаралардың кестесiн келiсу үшiн
банктiк қадағалау бөлiмшесiне ұсынуға мiндеттi. Есепте көрсетiлген барлық бұзуларды толық жойғанға дейiн банк ай сайын банктiк қадағалау бөлiмшесiне тиiстi iс-шараларды жүргiзу жөнiндегi ақпаратты ұсынады. 

                                5-тарау. Қорытынды ережелер

      24. Инспекция жүргiзуге қатысатын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктiк немесе коммерциялық құпияны жариялағаны үшiн жауап бередi.
      25. Осы Ереже реттемеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында айқындаған тәртiппен шешiледi.

       Ұлттық Банк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады