Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 Бұйрығына өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 18 шілдедегі N 69-П бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1616. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3444 "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" жарлығының  1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 науырыздағы N 349  жарлығымен  бекiтiлген экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру ережесiнiң 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгі Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына  келесi өзгерту енгiзудi:
      3 қосымшадағы "2002 жылға дейiнгi мерзiмге отандық және шетелдiк тiкелей инвестиция тарту үшiн маңызды өндiрiстер тiзiмi"
      2 тараудағы "Өңдеушi өнеркәсiбi" "Көпiршiктi титан шығаруда
жергiлiктi шикiзатты пайдаланып өндiру" жолы мынадай редакцияда
баяндалсын: "титан қоқысты шығаруда жергiлiктi шикiзатты пайдаланып өндiру"
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеу күннен бастап күшiне енедi.   

      Төраға

Қазақстан Республикасы      
 Сыртқы істер министрлігінің    
Инвестициялар жөніндегі комитеті 
 Төрағасының "Қазақстан Республикасының
 Инвестициялар жөніндегі агенттігі 
 Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі 
 N 01/7 бұйрығына өзгерту енгізу туралы"
                                   Бұйрығына            

КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

____________________________________________________________________Мемлекеттік мекемелердің        А.Т.Ә       Лауазымы   Қолы/мерзімі
     атаулары
____________________________________________________________________Қазақстан Республикасының     Абусеитов       Вице-Министр 
Сыртқы істер министрлігі      Қайрат
                              Хуатович
Қазақстан Республикасының     Нурпейсов       Вице-Министр
Мемлекеттік кіріс             Қайрат
министрлігі                   Аймухамбетович
Қазақстан Республикасының     Досаев Е.А.     Вице-Министр    
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының     Андрюшенко      Вице-Министр
Экономика және сауда
министрлігі
Қазақстан Республикасының     Нефедович       Вице-Министр
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады