Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 104-п бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 19 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1644. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3444 Жарлығының  1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349 Жарлығымен  бекiтiлген экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметiн жүзеге асыратын инвесторлармен контракттар жасасу кезiнде жеңілдiктер мен преференциялар беру тәртiбiнiң 2-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметiн жүзеге асыратын инвесторлармен контракттар жасау кезiнде жеңілдiктер мен преференциялар беру рәсiмiн жетiлдiру туралы" 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына  мынадай толықтыру енгізiлсiн:
      "Тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн 2002 жылға дейiнгi кезеңге арналған неғұрлым маңызды өндiрiстердің тiзiмi" 3-қосымшада:
      2 "Өңдеушi өнеркәсiп" тарауы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "өте жаңа жоғары тиiмдi экологиялық таза технологиялар қолданылатын ферромарганецтi қорытпалар өндiрiсi".
      2. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады