Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 29 маусымдағы N 78 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5722 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-ба6ы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушы 2011.05.24 № 194 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) бұйрығымен.
      2. "Түзеу мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 7-8, 542-бап) (бұдан әрі - Бұйрық), "Түзеу мекемелері ішкі тәртібі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 167 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 4, 784-құжат), "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда N 1720 болып тіркелген "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 154 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2878 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 25-28, 940-құжат), "N 1720 болып тіркелген "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 173 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 25-28, 943-құжат), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қоныс-колонияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 240 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 3061 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 128 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 3655 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 345 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 4053 болып тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 24 ақпанда N 33-34 жарияланған), "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 273 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 4994 болып тіркелген, Заң газетінде жарияланған, 2007 жылғы 30 қарашада N 184) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Бұйрықтың тақырыбында "мекемелерінің" деген сөзден кейін "ішкі тәртіп" деген сөздермен толықтырылсын;
      Бұйрықтың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының Ішкіісмині" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерінде (бұдан әрі - Ереже):
      Ереженің 1-қосымшасында :
      "мобильдік байланыс" деген сөздерден кейін ", оның ішінде олардың зарядтау қондырғылары, Sim карталар және ақпаратты электрондық жеткізуші, мобильді телефондарға арналған" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Р. Түсіпбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      _________________Қ. Мәми
      2009 жылғы 07 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады