Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушы 2011.05.24 № 194 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) бұйрығымен.
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 153 бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімінде 2004 жылғы 29 мамырда N 2877 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімінде N 1718 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетені" журналында жарияланған, 2002 жыл, N 7-8, 543-құжат) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықта:
8-тармақтың 3) тармақшасында "бұзақылық іс-әрекетке әкеп соқтырған" деген сөздер ", сондай-ақ түзеу мекемесінің қалыпты қызметіне іріткі салуға көрінеу бағытталған әрекеттер кезіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта "қоғамдық тәртіпті" деген сөздер "түзеу мекемесінің қалыпты қызметін" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 4) тармақшасында "Арнайы құралдар болмаған жағдайда кез-келген қолда бар құралдар пайдаланылады" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың 6) тармақшасында "ТМ-де заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорға" деген сөздер "облыс және оған теңестірілген прокуратураларының ТМ-де заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорына" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта "жүкті" деген сөз алынып тасталсын;
18-тармақта "мойнынан" деген сөзден кейін "әдейі" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
бірінші орынбасары
_______________
27.08.2004 ж.