Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 24-ОД бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 249-1-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1733

      Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн қолдану кезеңдерiн белгiлеу мақсатында,

                               БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттiк реттеуге жататын темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 24-ОД V991024_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк реттеуге жататын темiр жол көлiгiмен жүктi тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау ережелерiнде:
      8-тармақтағы "бiрақ ол күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгiден аспауға тиiс" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Төмендету коэффициенттерiнiң қолданылу күшiн алып тастау және ұзарту тәртiбi";
      21-тармақтағы "өздiгiнен алып тастауға" деген сөздерден кейiн "не, өнеркәсiп өндiрiсi жанама өнiмiнiң экологиялық қауiптi жағдайында, олардың қолданылу күшiн ұзартуға құқылы, бiрақ бiр тоқсаннан аспауға тиiс." деген сөздермен толықтырылсын;
      23-тармақтың екiншi абзацы "алып тастау" деген сөзден кейiн "немесе қолданылу күшiн ұзарту" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Құқықтық, нормативтiк және әдiснамалық қамтамасыз ету департаментi (Рахымжанов А.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Досан Б.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оны Агенттіктің аумақтық органдарының, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, көлік кәсіпорындарының назарына жеткізсін.
      4. Жиынтық талдау және бақылау-инспекторлық жұмыс департаменті

(Ержанова С.А.) ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының 
орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық 
кесімдер бюллетенінде жариялануын қамтамасыз етсін.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары 
А.Р. Ойнаровқа жүктелсін.
     6. Осы бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
     
     Төраға
     
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады