Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 554 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1748. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 108 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 108   қаулысымен .
___________________________________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. 
      3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiн бекiту туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 246  қаулысының  күшi жойылды деп танылсын. 
      4. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына жiберсiн, филиалдарға осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына жiберудi мiндеттесiн. 
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.  

       Ұлттық Банк 
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 желтоқсандағы
N 554 қаулысымен бекiтiлген

  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу
ережесi 

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын (бұдан әрi - қысқа мерзiмдi ноттар) шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртiбiн реттейдi. 

  1-тарау. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар  

      1. Бастапқы агент - бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар көрсетiлген ұстаушы ретiнде клиенттердiң есебiн жүргiзуге құқылы және қысқа мерзiмдi ноттармен операциялар жасау тәртiбi туралы Ұлттық Банкпен шарт жасасқан бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы болып табылатын заңды тұлға. 

      2. Дисконттелген баға - көрсетiлген құннан төмен баға. 
      3. Кесiмдi баға - өтiнiмдердi қанағаттандыру тоқтатылатын ең төменгi дисконттелген баға. 

      4. Орташа алғандағы дисконттелген баға - кесiмдi баға бойынша аукционда құралған қысқа мерзiмдi ноттардың жалпы көлемiне қарай орташа дисконттелген баға. 

      5. Аукцион - ең жоғары дисконттелген бағадан бастап және аукционның жарияланған талаптары шегінде кесiмдi бағамен аяқталатын (бағалардың көптiгiн қанағаттандыратын) Бастапқы агенттiң өтiнiмдерiнде көрсетiлген дисконттелген баға бойынша тиiстi эмиссияның қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

      6. Қосымша орналастыру - тиістi эмиссияның қысқа мерзiмдi ноттарының қосымша көлемiн аукционда қалыптасқан орташа алғандағы дисконттелген баға бойынша орналастыру.
       Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен

  2-тарау. Жалпы ережелер 

      7. Қысқа мерзiмдi нот эмиссиялық мемлекеттiк дисконттелген құжаттамасыз бағалы қағаз болып табылады. Оны Ұлттық Банк алдымен дисконттелген баға бойынша орналастырады да көрсетiлген құны бойынша өтейдi.
        Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .  

      8. Қысқа мерзiмдi ноттар Ұлттық Банктiң ақша базасын реттеп отыруға арналған ақша-кредит саясатының құралы болып табылады. 

      9. Қысқа мерзiмдi ноттың көрсетiлген құны 100 теңге болады. 
      10. Қысқа мерзiмдi ноттарды шығару, орналастыру шарттарын және айналыс мерзiмiн Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты мақсаттарына сәйкес белгiлейдi.
       Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен

      11. Қысқа мерзiмдi ноттардың әрбiр эмиссиясының ұлттық бiрегейлендiру номерi болады. Оны бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен белгiлейдi. 

      12. Қысқа мерзiмдi ноттар Бастапқы агенттер арқылы орналастырылады. 
      13. Қысқа мерзiмдi ноттармен операциялар жасау тәртiбi туралы шартқа Ұлттық Банктiң атынан мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне жетекшiлiк ететiн Төрағаның орынбасары (бұдан әрi - уәкiлеттi бөлiмше), Бастапқы агенттiң атынан - Бiрiншi басшы немесе ол уәкiлеттiк берген адам қол қояды. Қысқа мерзiмдi ноттармен операциялар жасау тәртiбi туралы үлгi шарттың нысаны осы Ереженiң N 1 қосымшасында белгiленген. 

      14. Инвесторлар қысқа мерзiмдi ноттармен мәмiлелердi тек Бастапқы агенттер арқылы, олармен мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногында қысқа мерзiмдi ноттармен мәмiлелер жасауға шарт жасаса отырып жүзеге асырады. 

      15. Ұлттық Банк қысқа мерзiмдi ноттарды былайша орналастырады: 
      1) аукцион арқылы; 
      2) қосымша орналастыру арқылы; 
      3) өзi шығаратын қысқа мерзiмдi ноттарды Бастапқы агенттермен келiсiлген дисконттелген баға бойынша сату.
       Ескерту: 15-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

      16. Ұлттық Банк өзi жүргiзетiн ақша-кредит саясатының бағыттарына және қаржы рыногының конъюнктурасына сәйкес аукционға қатысушылардың қысқа мерзiмдi ноттарды шығару талаптарында белгiленген көлемнен төмен немесе жоғары мөлшерде қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуға берген өтiнiмдерiн қанағаттандыруға құқылы.
      16-1. Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты мiндеттерiн орындауға көлемi мардымсыз және бағалар талабы қанағаттанғысыз болған жағдайда қысқа мерзiмдi ноттар орналастырылмады деп жариялауға құқылы. Орналастырылмағаны жөнiндегi хабарлама Төрағаның уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн орынбасарының өкiмiмен бекiтiледi.
        Ескерту: 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

      17. Ұлттық Банк Бастапқы агентпен (Бастапқы агенттермен) келiсе отырып өзi шығаратын тиiстi эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен бұрын толық көлемде, сондай-ақ iшiнара өтеуге (айналыстан алып тастауға) құқылы.

      18. Қысқа мерзiмдi ноттарды шығаруға және операциялар жасауға салық салу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен реттеледi.

      19. Өтiнiмдерде көрсетiлген бағалар бойынша сыйақы ставкасы көрсетiлген құн мен дисконттелген баға арасындағы айырманың қысқа мерзiмдi ноттардың дисконттелген бағаға қарым-қатынасын бiлдiредi, процентпен көрсетiледi де мына формула арқылы анықталады:
     Рн - Рд      365
     -------- *  ---- * 100%
        Рд        То     

     мұндағы:     Рн - көрсетiлген құн
                  Рд - дисконттелген баға
                  То - айналыс кезеңi (күндерде)
       Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

  3-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыру тәртiбi  

      20. Қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыруға байланысты ақпарат Ұлттық Банк анықтайтын деректердi берудiң электрондық жүйесi арқылы берiледi. 

      21. Деректердi берудiң электрондық жүйесi бойынша берiлетiн электрондық хабар Ұлттық Банк пайдаланатын бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесiнiң көмегiмен шифрланады. 

      22. Техникалық себептерге байланысты деректердi берудiң электрондық жүйесi арқылы хабар беру мүмкiн болмаған жағдайда осы хабарды осы Ереженiң 2, 4-қосымшаларындағы нысан бойынша қағазда беруге рұқсат етiледi. 

      23. Ұлттық Банк тиiстi эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттардың аукционын өткiзерден бұрын 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей деректердi берудiң электрондық жүйесi арқылы Бастапқы агенттерге және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Орталық депозитарий) аукцион өткiзу шарттарын хабарлайды. 

      24. Бастапқы агенттер қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуға бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныстары бар өтiнiмдер бере алады. 

      25. Берiлген өтiнiмдегi бәсекелес ұсыныстарда қысқа мерзiмдi ноттардың саны, бiр ноттың шамамен дисконттелген бағасы, көрсетiлген құны және дисконттелген бағасы бойынша сатып алудың жалпы көлемi көрсетiледi. 

      26. Бәсекелес емес ұсыныстарда қатысушылар аукционда қалыптасқан орташа алғандағы дисконттелген баға бойынша сатып алуға дайын қысқа мерзiмдi ноттардың жалпы саны ғана көрсетiледi. 

      27. Қысқа мерзiмдi аукциондар өткiзiлетiн күнi сағат 9.00-ден сағат 11.00-ге дейiн Бастапқы агенттер уәкiлеттi бөлiмшеге қысқа мерзiмдi ноттарды бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныстармен сатып алуға өтiнiм бередi. 

      28. Уәкiлеттi бөлiмше сағат 9.30-дан сағат 11.00-ге дейiн қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуға берiлген өтiнiмдердi осы Ереженiң 3-қосымшасындағы нысан бойынша жинақ ведомосiне жинақтайды. Жинақ ведомосiне уәкiлеттi бөлiмшенiң басшысы қол қояды және уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн орынбасарға ұсынылады. 

      29. Ұлттық Банк бәсекелес емес өтiнiмдердi қанағаттандырудың үлесiн, сондай-ақ Бастапқы агенттер мен резидент еместердiң қысқа мерзiмдi ноттарды сату көлемiндегi үлестерiн аукционның талаптары жарияланған кезде қаржы рыногының конъюнктурасына орай дербес анықтайды. 

      30. Ұлттық Банк аукцион өткiзiлетiн күнi қысқа мерзiмдi ноттар аукционының жарияланған талаптарын Бастапқы агенттердiң немесе инвесторлардың қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуын шектеудi, резидент еместердiң қатысуын және бәсекелес емес өтiнiмдердi қанағаттандыруды шұғыл өзгертуге құқылы. 

      31. Аукционды өткiзген кезде бiрiншi кезекте аукционда қалыптасқан орташа алғандағы баға бойынша аукционның жарияланған талаптары шегiнде бәсекелес емес өтiнiмдер, ал содан кейiн бәсекелес өтiнiмдер қанағаттандырылады. 

      32. Ұлттық Банктiң басшылығы (Ұлттық Банктiң Төрағасы және/немесе жетекшiлiк ететiн орынбасары) аукционға қабылданған өтiнiмдердiң жинақ ведомосi негiзiнде сағат 11.00-ден сағат 12.00-ге дейiн аукционда қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алудың баға талаптары мен өтiнiмдердi қанағаттандыру көлемi туралы шешiмдi қабылдайды. 

      33. Ұлттық Банк баға талаптары және өтiнiмдердi қанағаттандыру туралы шешiмнiң негiзiнде қысқа мерзiмдi ноттарды орналастырады және Бастапқы агенттерге осы Ереженiң 4-қосымшасындағы нысан бойынша аукциондағы қанағаттандырылған өтiнiмдердiң көлемi жөнiндегi хабарламаны бередi. 

      34. Қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастыру туралы шешiм қабылданған жағдайда Уәкiлеттi бөлiмше аукцион өткiзiлетiн күнi сағат 12.00-ге дейiн Бастапқы агенттерге тиiстi эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастыру талаптарын хабарлайды. 

      35. Қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастыруға арналған өтiнiмдер қосымша орналастыру талаптарында көрсетiлген уақыт басталғанға дейiн қабылданады. 

      36. Түскен өтiнiмдер уәкiлеттi бөлiмшенiң басшысы қол қоятын қосымша орналастырудың жинақ ведомосiне жинақталады және осы Ереженiң 5-қосымшасындағы нысан бойынша уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн орынбасарға ұсынылады. 

      37. Қосымша орналастырудың жиынтық ведомосi негiзiнде Ұлттық Банктiң басшылығы (Ұлттық Банк Төрағасы және/немесе уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн орынбасары) қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастырудың қабылданған өтiнiмдердiң көлемiн қанағаттандыру жөнiндегi шешiмдi қабылдайды. Уәкiлеттi бөлiмше өтiнiмдердiң көлемiн қанағаттандыру жөнiндегi шешiм негiзiнде қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастырады. Қосымша орналастырған кезде өтiнiмдердi қанағаттандыру кезiнде олардың Ұлттық Банкке нақты түскен уақытына басымдық берiледi.
       Ескерту: 37-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен

      38. Уәкiлеттi бөлiмше қосымша орналастыруды аяқтағаннан кейiн Бастапқы агенттерге осы Ереженiң 4-қосымшасындағы нысан бойынша қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алу өтiнiмдерiнiң көлемiн қанағаттандыру жөнiнде хабарламаны бередi. 

      39. Аукцион және қосымша орналастыруды ескере отырып тиiстi эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыру көлемi уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн Төраға орынбасарының өкiмiмен бекiтiледi.
       Ескерту: 39-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .  

      40. Ұлттық Банк тиiстi эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыру толығымен аяқталғаннан кейiн Орталық депозитарийге Бастапқы агенттердiң өтiнiмдерiнiң қанағаттандырылған көлемi жөнiндегi хабарламаны жiбередi. 

      41. Ұлттық Банк Бастапқы агентпен алдын ала келiсiлген баға бойынша өзi шығарған қысқа мерзiмдi ноттарды сатқан кезде ноттарды сату көлемi, оларға ақы төлеу және өтеу Ұлттық Банк белгiлеген талаптарға сәйкес және аукцион өткiзу арқылы орналастыру үшiн осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту: 41-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен

  4-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарға ақы төлеу тәртiбi 

      42. Уәкiлеттi бөлiмше және Бастапқы агенттер қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуға берiлген өтiнiмдердiң қанағаттандырылған көлемi жөнiндегi хабарлама негiзiнде оларды шығару талаптарымен Ұлттық Банк белгiлеген төлеу күнi сағат 17.00-ден кешiктiрмей "Орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығына" сәйкес "депо" есепшоттары бойынша (бұдан әрi - бұйрық) ақшаны есептен шығаруға және қысқа мерзiмдi ноттарды есепке алуға Орталық депозитарийге "депо" тапсырмасын бередi.
       Ескерту: 42-тармақтағы және бұдан ары бүкiл мәтiн бойынша "депо" тапсырмасы", "депо" тапсырмасын", "депо" тапсырмаларының" деген сөздер "бұйрық", "бұйрықты", "бұйрықтардың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен

      43. Орталық депозитарийде сол күнi Ұлттық Банктен және Бастапқы агенттерден бұйрықтарының түсуiне қарай олар салыстырылады және салыстыру нәтижелерi бойынша банкаралық ақша аудару жүйесiнде Бастапқы агенттiң позициясынан (бұдан әрi - Бастапқы агенттiң позициясы) ақшаны есептен шығаруға және банкаралық ақша аудару жүйесiнде Орталық депозитарийдiң позициясына (бұдан әрi - Орталық депозитарийдiң позициясы) есепке алуға төлем тапсырмасын рәсiмдеп, оны "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзуге құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынына бередi. 

      44. Ұлттық Банк және Бастапқы агенттер Орталық депозитарийге берген бұйрықтары сәйкес келмеген жағдайда Орталық депозитарий бұйрықтардың тек сәйкес келген тармақтары бойынша Бастапқы агенттiң позициясынан ақшаны есептен шығаруға және оларды Орталық депозитарийдiң позициясына есепке алуға төлем тапсырмасын Орталыққа бередi. 
       Ескерту: 44-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

      45. Орталық Бастапқы агенттiң позициясындағы қолма қол ақшаны төлем тапсырмасында көрсетiлген ақша сомасымен салыстырады. Бастапқы агенттiң позициясында ақша жеткiлiктi болған кезде Орталық Бастапқы агенттiң позициясынан Орталық депозитарийдiң позициясына ақша аударады. Орталық депозитарийде оның позициясына ақша есепке алынғаннан кейiн он бес минут iшiнде банкаралық ақша аудару жүйесiнде Ұлттық Банктiң позициясына ақшаны аудару жөнiнде төлем тапсырмасы рәсiмделiп, ол Орталыққа жiберiледi. 

      46. Бастапқы агенттiң позициясында ақша жеткiлiксiз болған кезде Орталық депозитарий Орталықтан ақшаның жеткiлiксiздiгi туралы алған хабарлама негiзiнде бұйрықты орындамағандығы туралы хабарламаны Ұлттық Банкке және Бастапқы агентке жiбередi.
       Ескерту: 46-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

      47. Орталық депозитарий Орталықтан алынған Бастапқы агенттiң позициясынан ақшаны шығару туралы хабарлама негiзiнде Бастапқы агенттiң "депо" есепшотына қысқа мерзiмдi ноттарды есепке алады. 

      48. Орталық депозитарий Бастапқы агенттiң "депо" есепшотына қысқа мерзiмдi ноттарды есепке алғаннан кейiн Ұлттық Банкке және Бастапқы агентке бұйрықтарының орындалғандығы жөнiнде хабарлама жiбередi. 

      49. Ұлттық Банк және Бастапқы агент бұйрығының орындалмағаны туралы хабарламаны алған жағдайда Ұлттық Банк және Бастапқы агент бұйрығының орындалмағанына әкелiп соқтырған себептердiң жойылғанына алдын ала көздерi жеткеннен кейiн Орталық депозитарийге бұйрығын қайтадан жiберуге құқылы. 

      50. Орталық депозитарийден бұйрығының орындалғаны жөнiнде хабарламаны алғаннан кейiн, егер инвестордың Бастапқы агентпен шартында басқаша көзделмеген болса, Бастапқы агенттер инвесторға қысқа мерзiмдi ноттарға оның меншiк құқығын куәландыратын куәлiк қағазын бередi. 

  5-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттардың айналымы 

      51. Қысқа мерзiмдi ноттардың айналымы Ұлттық Банк белгiлеген Бастапқы агенттер сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттар үшiн төлеуге арналған күннен басталады.
       Ескерту: 51-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен

      52. Өтелуге жататын қысқа мерзiмдi ноттардың айналысы өтеу күнiне дейiн немесе мерзiмiнен бұрын өтеу күнiне дейiн бiр жұмыс күнi бұрын аяқталады.
       Ескерту: 52-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен

      53. Қысқа мерзiмдi ноттардың және олар бойынша құқықтардың, сондай-ақ олармен жасалатын мәмiлелерге техникалық қызмет көрсетудiң есебi Орталық депозитарийде "депо" есепшоттары бойынша - Бастапқы агенттер бойынша және бiрiншi санаттардағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүргiзуге лицензиясы бар Бастапқы агенттерде ашылған "депо" есепшоттарында - олардың инвесторлары бойынша жүргiзiледi. 

      54. Қысқа мерзiмдi ноттардың иелерi оларды кепiлге беруге, РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзуге, қайталама рынокта сатуға және сатып алуға құқылы. Қайталама рынокта қысқа мерзiмдi ноттармен мәмiлелер жасау көрсетiлген өтеу немесе мерзiмiнен бұрын өтеу күнiнен бiр жұмыс күнi бұрын тоқтатылады.
       Ескерту: 54-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен

      55. Қысқа мерзiмдi ноттармен операциялар жасау: кепiл, РЕПО және керi РЕПО операциялары, сатып алу және сату, сондай-ақ қысқа мерзiмдi ноттармен басқа да операциялар биржалық және биржадан тыс қайталама рыноктарда мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады. 

  6-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтеу тәртiбi 

      56. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтеу алдындағы жұмыс күнi сағат 17.00-ден кешiктiрмей Бастапқы агенттер өздерiне өтеуге жататын тиесiлi қысқа мерзiмдi ноттар жөнiнде мәлiметтердi және өзiнiң банктiк деректемелерiн Орталық депозитарийге бередi. 

      57. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтеу алдындағы жұмыс күнi сағат 17.00-ден кешiктiрмей Орталық депозитарий уәкiлеттi бөлiмшеге эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттардың санын көрсете отырып қысқа мерзiмдi ноттардың тиiстi эмиссиясының өтелетiнi туралы, тиiстi эмиссияны өтеу кезiнде төленуге жататын сома туралы және өзiнiң банктiк деректемелерi туралы мәлiметтер бередi. 

      58. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтейтiн күнi Ұлттық Банк сағат 11.00-ге дейiн алдағы өтеу туралы мәлiметтерге сәйкес Орталық депозитарийдiң позициясына ақша аударады. 

      59. Орталық депозитарий бастапқы агенттердiң позициясына қысқа мерзiмдi ноттарды өтеуге ақшаны өтеу күнi сағат 12.00-ге дейiн олардың көрсетiлген құны бойынша аударады. 

      60. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтеуге ақша аударылғаннан кейiн Орталық депозитарий Бастапқы агенттердiң "депо" есепшоттарынан қысқа мерзiмдi ноттарды есептен шығарады (өтейдi). 

      61. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтегеннен кейiн Орталық депозитарий сол күнi Ұлттық Банкке өтелгенi туралы хабарлама жiбередi. 

  7-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен 
бұрын өтеу тәртiбi 

      62. Ұлттық Банк қаржы рыногына жедел әсер ету мақсатында Бастапқы агентпен мерзiмiнен бұрын өтеу күнiн, санын, бағасын алдын ала келiсе отырып қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен бұрын өтеуге (айналыстан алып тастауға) құқылы. 

      63. Қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен бұрын өтеу жөнiндегi шешiм өкiммен ресiмделедi және оған уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн Төрағаның орынбасары қол қояды. 

      64. Уәкiлеттi бөлiмше және Бастапқы агенттер қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен бұрын өтеу жөнiндегi шешiм негiзiнде Орталық депозитарийге бұйрығын бередi. 

      65. Орталық депозитарий сол күнi бұйрықтарының келiп түсуiне қарай Бастапқы агенттердiң және оның клиенттерiнiң "депо" есепшоттарында қысқа мерзiмдi ноттардың саны жеткiлiктi болуын тексередi және оларға есеп айырысу аяқталғанға дейiн қысқа мерзiмдi ноттарды тоқтата тұрады. 

      66. Орталық депозитарий салыстыру нәтижелерi бойынша Ұлттық Банкке Бастапқы агенттердiң "депо" есепшоттарында мерзiмнен бұрын өтеуге жататын қысқа мерзiмдi ноттардың болуы жөнiндегi мәлiметтердi жiбередi. 

      67. Ұлттық Банк өтеуге жататын қысқа мерзімді ноттардың болуы жөніндегі мәліметтер негізінде Орталық депозитарийдің позициясына ақша аударады. 

      68. Орталық депозитарий ақшаны алғаннан кейін Орталық депозитарийдің позициясынан ақшаны есептен шығарудың және оларды қысқа мерзімді ноттарды өтеу есебіне Бастапқы агенттердің позициясына есепке алудың төлем тапсырмасын рәсімдеп, оны Орталыққа жібереді.

      69. Орталық депозитарийдің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны Орталық депозитарийдің позициясынан Бастапқы агенттер позициясына есептен шығара отырып Орталық депозитарийге аударым жүргізілгені туралы хабарлама жібереді.

      70. Орталықтың ақшаның аударылғаны жөніндегі хабарламасы негізінде Орталық депозитарий Бастапқы агенттердің "депо" есепшоттарынан қысқа мерзімді ноттарды есептен шығарады (өтейді).
      71. Орталық депозитарий мен Ұлттық Банктiң, сондай-ақ Бастапқы агенттердiң бұйрықтарды орындау және ақша аудару жөнiндегі өзара қарым-қатынастары тиiстi шарттармен реттеледi.
       Ескерту: 71-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

       Қазақстан Республикасы 
      Ұлттық Банкінің Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2001 жылғы 20 желтоқсандағы
N 554 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын шығару, орналастыру,
айналысқа шығару және өтеу 
ережесiне         
N 1 қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарымен операция жасау тәртiбi туралы
YЛГI ШАРТ

     Алматы қаласы                           "___" ________200_ж.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, бұдан әрi - "Ұлттық Банк" деп аталады, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде iс-әрекет жасайтын______________________________ арқылы, бiр жағынан және _________________
________________________, бұдан әрi - "Бастапқы Агент" деп аталады, Жарғы негiзiнде iс-әрекет жасайтын_________________________________ арқылы екiншi жағынан, мына төмендегiлер жайында осы Шартты жасады:

1. ШАРТТЫҢ МӘНI

     1.1. Ұлттық Банк Бастапқы Агентке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы "__"____________ N____ қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiне" (бұдан әрi - Ереже) және осы Шарттың талаптарына сәйкес Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен (бұдан әрi - қысқа мерзiмдi ноттар) операциялар жасауға өкiлеттiк бередi.

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МIНДЕТТЕРI

      2.1. Ұлттық Банк:
      2.1.1 Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда, Бастапқы агенттiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастырған кезде оның әрекетiн бақылау барысында алған ақпарат жөнiнде мәлiметтi жарияламауға; 
      2.1.2. Бастапқы агенттi Ережедегi барлық өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде бұл өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде хабардар етуге; 
      2.1.3. Бастапқы агентпен осы Шартты бұзған жағдайда, оны бұзардан отыз күн бұрын бұл жөнiнде Бастапқы агенттi, сондай-ақ осы Бастапқы агенттiң барлық инвесторларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге; 
      2.1.4. Қысқа мерзiмдi ноттар Ережеге сәйкес өтелсiн.
       Ескерту: 2.1.4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
      2.2. Ұлттық Банк: 
      2.2.1. Бастапқы агенттiң қызметiн бақылау мақсатында қысқа мерзiмдi ноттар рыногында операциялар жүргiзетiн Бастапқы агенттiң кез келген операциялары жөнінде қажеттi ақпаратты сұрауға; 
      2.2.2. Қолданылып жүрген Ереже бұзылған жағдайда, сондай-ақ осы Шарттың 2.4.3. тармағы сақталмаған жағдайда немесе Бастапқы агент сатып алынған қысқа мерзiмді ноттардың ақысын төлеуде ақша аударудан ішінара бас тартқанда Бастапқы агенттi 5 рет қатарынан қысқа мерзімді ноттар аукционынан бiржақты тәртiппен шеттетуге; 
       Ескерту: 2.2.2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
      2.2.3. Бастапқы агент немесе оның инвесторы қысқа мерзiмдi ноттардың төлеміне ақша аударудан толығымен бас тартқанда немесе ішінара бас тартуды қайталаған жағдайда, сондай-ақ оның iс-әрекетiнен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу байқалған жағдайда, Бастапқы агенттiң бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi уәкiлеттi бөлiмшенiң брокерлiк және дилерлiк қызмет жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алып, Бастапқы агентпен бiр күнтiзбелiк жыл бойы қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыру туралы шартқа қол қою құқығынсыз осы Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы. 
      2.3. Ұлттық Банктiң өзгерiстер мен толықтырулардың енгiзiлгенi жөнiнде хабардар етпеуi салдарынан Бастапқы агенттiң Ереженiң қағидаларын бұзуы ҰЛттық Банктің Бастапқы агенттің қысқа мерзiмдi ноттар орналастыруға қатысу жөнiндегi құқығын шектеуiне негiз болып табылмайды. 
       Ескерту: 2.3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
      2.4. Бастапқы агент: 
      2.4.1. Осы Шарттың талаптарын сақтауға, Ережеге және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес қысқа мерзiмдi ноттармен мәмiлелер жасауға; 
      2.4.2. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарына қызмет көрсетуге "Бағалы қағаздардың орталық депозитарий" жабық акционерлiк қоғамымен Шарт жасауға; 
      2.4.3. Бастапқы агенттiң қызметiн орындау кезеңiнде қысқа мерзiмдi ноттар аукциондарына қатарынан үш аукционды жiбермей қатысуына; 
      2.4.4. Бастапқы рынокта аукционның баға талаптарына, сондай-ақ қайталама рыноктағы қысқа мерзiмдi ноттардың рыноктық бағасына әсер ету мақсатында бағалы қағаздар рыногының басқа қатысушыларымен жазбаша немесе ауызша уағдаластықтар жасамауға; 
      2.4.5. Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшесiне орналастыруға қатысуға өтiнiмдерге қол қоюға уәкiлеттi тұлғалар өтiнiмдердi қағазға жазып берген жағдайда олардың қол қою үлгiлерiн беруге;
       Ескерту: 2.4.5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен
      2.4.6. Ережеге сәйкес сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттардың ақысын төлеуге тиiстi ақы төлеу күнi сағат 17.00-ден кешiктiрмей ақшаның түсуiн қамтамасыз етсiн. Сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттардың ақысын төлеуге ақша сағат 17.00-ден кейiн түскен жағдайда ақша түсуiнiң кешiгуi ақша бiр күнге кешiктiріліп түстi деп қаралады;
       Ескерту: 2.4.6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
      2.4.7. Осы Шарт бұзылған жағдайда Бастапқы агент өз инвесторларын олар таңдап алған басқа Бастапқы агентке қызмет көрсетуге ауыстыруға міндетті.
      2.5. Бастапқы агент:
      2.5.1. Ұлттық Банкке кемiнде бiр ай бұрын жазбаша хабарлап, осы Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқылы.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI

      3.1. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және осы Шарттың талаптарына сәйкес жауап бередi. 
      3.2. Бастапқы агенттен және/немесе оның инвесторынан сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттардың төлемi уақтылы түспегенi үшiн, Бастапқы агенттен кешеуiлдетiлген әрбiр күн үшiн төлемнiң барлық сомасының 2% мөлшерiнде өсiмпұл өндiрiледi.
       Ескерту: 3.2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен

4. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ 

      4.1. Дүлей күштiң, атап айтқанда: табиғат апаты, жол апаты, өрт, электр қуатының сөнiп қалуы, байланыс желiлерiнiң бүлiнуi, жаппай тәртiпсiздiк, ереуiлдер, әскери iс-қимылдардың туындауы, Шартта көрсетiлген қызмет түрлерiне тiкелей немесе жанама тыйым салатын заң актiлерi, үкiмет қаулылары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының өкiмдерi, сондай-ақ шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының заңнамалары және басқа актiлерi Шарт бойынша өз қызметiн жүзеге асыруына кедергi келтiретiн болса және Тараптардың еркiнен тыс басқа жағдайлардың әсерiнен туындаған жағдайда, егер зардап шеккен Тарап мұндай жағдайлар басталған сәттен бастап 10 күннен кешiктiрмей және байланыс болған кезде орын алған жағдай туралы басқа Тарапқа хабарласа, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын тезiрек жою үшiн барлық шараларды қолданатын болса, олар өздерiне қабылдаған мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады. 
      4.2. Төтенше жағдайларға байланысты зиян шеккен Тарап дүлей күштiң әсерiне ұшыраған Тараптан болған оқиғалары жөнiнде дәлелдер, сондай-ақ шеккен зиян көлемiн есептеуге байланысты кез келген құжаттарды талап ете алады. 

5. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТIБI 

      5.1. Осы Шарт талаптарын орындау барысында келiспеушiлiктер мен даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды сот тәртiбiнен тыс реттеу үшiн қажеттi шаралардың бәрiн қабылдауға мiндеттенедi. 
      5.2. Өзара келiсiмге келе алмаған кезде барлық реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сотта қаралады. 
      5.3. Осы Шартта реттелмеген басқа барлық мiндеттердi шешуде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады. 

6. ШАРТТЫҚ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI 

      6.1. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi және бiр күнтiзбелiк жыл бойы қолданылады. 
      6.2. Егер Тараптардың бiрi осы Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күнтiзбелiк ай бұрын басқа тарапты өзiнiң осы Шартты бұзу ниетi туралы жазбаша хабарламаса, онда ол бiр күнтiзбелiк жылға ұзартылды деп есептеледi.
      6.3. Тараптар бұл жөнiнде кем дегенде бiр ай бұрын басқа Тарапты жазбаша хабардар ете отырып осы Шартты кез келген уақытта бiр жақты тәртiппен бұзуға құқылы.

7. БАСҚА ТАЛАПТАР

      7.1. Осы Шарт төрт дана етiп жасалды: Тараптардың әрқайсысы үшiн екi данадан, екеуi мемлекеттiк тiлде және екеуi орыс тiлiнде, әрқайсысының заң күшi бiрдей.
      7.2. Тараптар осы Шартты орындау кезiнде Ереженi басшылыққа алады.
      7.3. Тараптар өзара келiсе отырып осы Шартқа кез келген өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзуге құқылы. Шартқа енгiзiлетiн өзгерiстер және/немесе толықтырулар жазбаша түрде ресiмделуi және Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi қол қоюы тиiс.

8. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI

      Ұлттық Банк                             Бастапқы агент

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi  
Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы 
N 554 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан  
Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа   
мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, 
айналысқа шығару және өтеу ережесiне  
N 2 қосымша              

       Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

___________________
 жiберiлген номерi
"___"__________ 200__ ж.

      

200 __ жылғы "__" ________ N ___ шығарылым бойынша ___________
(орналастыру түрi (аукцион, қосымша орналастыру) көрсетiледi)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын сатып алуға
Өтінім

Бастапқы агент ретiнде әрекет ететiн бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы N _____________________________________________
                         (ресми атауы және оның "депо" шоты)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылған корреспонденттiк шот N _____________________, БИК __________________________ күн айналыс мерзiмiмен және __________________ күн өтеу мерзiмiмен
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын мынадай баға талаптарымен сатып алуға әзiрлiгiн бiлдiредi:

------------------------------------------------------------------
Тармақ.!Қысқа !Бастапқы!Бiр    !Номиналдық !Бiр ноттың !Дисконт.
тың но.!мер   !агенттiң!ноттың !құн бойынша!дисконттел.!телген
мерi N !зiмдi !"депо"  !номи.  !сатып алу  !ген бағасы !баға 
       !нот.  !шоты    !налдық !көлемi     !           !бойынша
       !тардың!        !құны   !           !           !сатып алу
       !саны  !        !       !           !           !көлемi
       !(дана)!        !(теңге)!  (теңге)  !  (теңге)  !(теңге)
------------------------------------------------------------------

                       бәсекелес ұсыныстар

Жиынтығы:

                     бәсекелес емес ұсыныстар

Жиынтығы:
------------------------------------------------------------------

      Басшы:          _________________ аты-жөні

      Бас бухгалтер:  _________________ аты-жөні

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2001 жылғы 20 желтоқсандағы
N 554 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын шығару, орналастыру,
айналысқа шығару және өтеу 
ережесiне         
N 3 қосымша       

       Ескерту: Қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өтеу күні - 
______________ күн болатын N ______ эмиссия бойынша
қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға түскен өтiнiмдердiң 

АУКЦИОННЫҢ   ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСI

                 Аукционның талаптары былайша белгiленген:
Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатудың белгiленген
көлемi__ млн. теңге
Бiр қатысушының өтінiмдерiн қанағаттандыруға шектеу
процентi____________%
Жарияланған көлемнiң бәсекелес емес ұсыныстарын қанағаттандыру
процентi __%
Қазақстан Республикасының резидент емес инвесторларының қатысу
процентi __%
Резидент еместер үшiн жарияланған көлемiнiң бәсекелес емес
ұсыныстарын қанағаттандыру процентi ________%
____________________________________________________________________
Өтінiмде !Өтінімде !Осы дис.!Резиденттердің қысқа !Резидент емес.
көрсе.   !көрсетіл.!конттел.! мерзімді ноттарды   !тердің қысқа мер.
тiлген   !ген баға !ген баға!  сатып алу көлемі   !зімді ноттарды 
дисконт. !бойынша  !бойынша !                     !сатып алу көлемі
телген   !сыйақы   !берілген!_____________________!________________ 
баға     !ставкасы,!өтінім. ! Қысқа   !Өтінімдерді! Қысқа   !Өтінім.
         !   %     !дердің  ! мерзімді! қанағат.  ! мерзімді! дерді
         !         ! саны   ! ноттар. ! тандыру   ! ноттар. !қанағат
         !         !        !дың саны,! кезінде   !дың саны,!тандыр.
         !         !        !  дана   !түскен сома! дана    !ру кез.
         !         !        !         !           !         !інде
         !         !        !         !           !         !түскен
         !         !        !         !           !         ! сома
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
жиынтығы
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
_______________________________________________________
Өспелі жиынтығы          !Аукционда    ! Орташа       !
Аукцион бойынша ақша     !қалыптасқан  ! алғандағы    !
түсімінің көлемі         !орташа       ! дисконттелген!
________________________ !алғандағы    ! баға бойынша !
Көрсетілген  Көрсетілген !дисконттелген! сыйақының    !
шектеулер    шектеулер   !баға         ! жылдық       !
ескеріле     ескерілмей  !             ! ставкасы, %  ! 
отырып                   !             !              !
________________________ !             !              !
дана теңге   дана теңге  !             !              ! 
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________     

Қабылданған өтiнiмдердiң           Бәсекелес емес БҚ-дың
1 қысқа мерзiмдi нотына            барлық саны ____дана
орташа дисконттелген баға:
_____________ болды.

МБҚ-мен операциялар жасауға        Күні _______________
уәкiлеттi бөлiмшенiң 
басшысы _______ (аты-жөнi)

Қысқа мерзiмдi ноттарды 
орналастыру мына баға 
талаптарымен жүргiзiлсiн:

Кесiмдi бағасы _________ (теңге)

Орташа алғандағы баға ___ (теңге)   Шектеу ____ Көлемі___(теңге)

Қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша
орналастыру мынадай талаптармен 
жариялансын:

Орташа алғандағы баға____ (теңге)

Қосымша орналастыру көлемi ___ (теңге)

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары ________________ 

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2001 жылғы 20 желтоқсандағы
N 554 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын шығару, орналастыру,
айналысқа шығару және өтеу 
ережесiне         
N 4 қосымша      

       Ескерту: Қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

Қазақстан Республикасының                  Бастапқы агентке
Ұлттық Банкі                        (толық атауы, оның тiркеу коды)
                                           Бiрiншi басшы
                                            (лауазымы, аты-жөнi)

                                                мекен-жайы

_______ _______ _______ 
N _____________________

ХАБАРЛАМА

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Сiздiң қысқа мерзiмдi 
ноттарды сатып алуға берген өтiнiмiңiз 200___ ж. "___" ______ 
N __ эмиссия бойынша ______ теңгеге қанағаттандырылғанын хабарлайды.
Орташа алғанда дисконттелген аукцион бағасы бiр қысқа мерзiмдi нот
үшiн теңге __________ болды.
____________________________________________________________________
Өтiнiмнiң ! Бастапқы !Қысқа мерзімді!Бір қысқа мерзімді!Сатып алудың
 тармағы  ! агенттің !ноттардың саны!нот үшін дисконт. !қанағаттан.
    N     !  депо    !   (данасы)   !   телген баға    !дырылған 
          !  шоты    !              !     (теңге)      !көлемі
          !          !              !                  ! (теңге)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ЖИЫНТЫҒЫ: 
____________________________________________________________________
МБҚ-мен операция
жасауға уәкiлеттi
бөлiмшенiң басшысы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2001 жылғы 20 желтоқсандағы
N 554 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын шығару, орналастыру,
айналысқа шығару және өтеу 
ережесiне         
N 5 қосымша       

       Ескерту: Қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қосымша орналастыру
әдiсi бойынша өтеу күні - __________________ _____ күн болатын
N __________  эмиссия бойынша қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға
түскен өтiнiмдердiң

 ҚОСЫМША ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСI

             Қосымша орналастыру талаптары былайша белгiленген:

Осы эмиссияның аукционда қалыптасқан орташа алғандағы дисконттелген
бағасы _______ теңге
Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын қосымша орналастырудың 
белгiленген көлемi ________ млн. теңге
Бiр қатысушының өтiнiмдерiн қанағаттандыруға шектеу процентi_____ %
Қазақстан Республикасының резидент емес инвесторларының
өтiнiмдерiн қанағаттандыруды шектеу процентi                _____ %
____________________________________________________________________
Өтiнiм.!  Орташа  !Өтінім.!  Резиденттердің   !Резидент еместердің 
  нiң  !алғандағы !дердің !  МБҚ-ды қосымша   ! МБҚ-ды қосымша 
реттік !дисконт.  ! саны  !орналастыру көлемі !орналастыру көлемі
номерi !телген    !       !___________________!_____________________
       !баға      !       !Қысқа  !Қосымша    !Қысқа     !Өтінім.
       !бойынша   !       !мерзім !орналас.   !мерзімді  !дерді  
       !сыйақының !       !ді нот.!тыру       !ноттардың !қанағат.
       !жылдық    !       !тардың !көлемі,    !саны,     !тандыру
       !ставкасы, !       !саны,  !теңге      !дана      !кезінде
       !    %     !       !дана   !           !          !түскен
       !          !       !       !           !          !сома
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________                  жиынтығы 
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы 
___________________________
     Өспелі жиынтығы       !
Қосымша орналастыру көлемі !
___________________________!
Көрсетілген !Көрсетілген   !
шектеулер   !шектеулер     !
ескерілген  !ескерілмеген  !
____________!______________!
дана !теңге ! дана !теңге  !
___________________________!
____________________________
____________________________
____________________________
Қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастыру
____________ (теңге) көлемiнде жүргiзiлсiн

Уәкiлеттi бөлiмшенiң басшысы _______(аты-жөнi)  Күнi ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады