Қызылорда облысындағы мемлекеттiк ұйымдарда iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 40 шешімі. Қызылорда облыстық Әділет басқармасында 2001 жылғы 27 қыркүйекте N 828 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы N 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2012.03.28 N 20 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 550 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiнде 2001-2002 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспары туралы" N 450 Қаулысын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына, 7-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:      
      1. Қызылорда облысы әкiмиятының 2001 жылғы 13 қыркүйектегi N 68 "Қызылорда облысындағы мемлекеттiк ұйымдарда iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiру туралы" Қаулысы еске алынып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңын жүзеге асыруға ықпал етiлсiн.
      2. Жыл сайын облыстық бюджеттi қараған кезде жергiлiктi жерде тiлдердi қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат бөлiнуi қарастырылсын.

      Облыстық Мәслихат
      VIII сессиясының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады