Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімінің шешімі 2001 жылғы 19 қазандағы N 42. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2001 жылғы 8 қарашада N 604 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 224 қаулысы

      Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 224 қаулысы.

       "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Z010148_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында және облыс бұрындары қабылдаған "Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы" 2001 жылдың 24 сәуiрiндегi N 91 шешiмiн қайта қарай келiп, облыс әкiмияты қаулы етедi: 
      1. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын облыстық дәрежедегi дербес зейнеткер атағы бар зейнеткерлерге облыстық бюджет қаржысынан ай айын қосымша ақы тағайындалсын. 
      2. Облыстық дәрежедегi дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу ережелерi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
      3. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (А.Баужанова) облыс қалалары, аудандары бойынша бұрын облысқа сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған адамдарға қосымша ақы тағайындау, төлеу және есепке алуды ұйымдастырсын. 
      4. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Шаметова) 2001 жылдың облыстық бюджетiнiң жыл сайынғы шығыстар сметасы шегiнде осы қаулыны орындау шараларын алсын.

     5. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Е.Күмiсқалиға жүктелсін.

     6. Облыс әкiмiнiң "Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы" 2001 жылдың 24 сәуiрдегi N 91 шешiмi күшi жойылған деп саналсын.

     Облыс әкімінiң
     мiндетiн атқарушы

                                          Маңғыстау облысы әкiмияты
                                           2001 ж. 24.04. N 42   
                                            қаулысымен бекiтiлген

                 Облыстық дәрежедегi дербес зейнеткерлерге
                     ай сайынғы қосымша ақы тағайындау
                                 және төлеу
                                 ЕРЕЖЕЛЕРI     

      Осы облыстық дәрежедегi дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ ҚРЗ  Z010148_ "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 28 наурыздағы N 11/85 "Облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 19 желтоқсандағы 9/69 2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шешiмiне сәйкес және облысқа сiңiрген еңбегi үшiн бұрын зейнетақы тағайындалған адамдардың зейнетақыларына қосымша ақыны тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi. 

                               1. Жалпы ереже 

      1. Ережелерде төмендегiдей негiзгi түсiнiктер қолданылады: 
      1) облысқа сiңiрген еңбегi бар зейнеткер - облыстық дәрежедегi дербес зейнеткер (бұдан әрi - дербес зейнеткер); 
      2) дербес зейнеткердiң зейнетақысына қосымша ақы - (бұдан әрi - қосымша ақы) олардың табысына қарамастан жеңiлдiктердiң орнына берiлетiн ақшалай төлемақы; 
      3) қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган - аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi; 
      4) қосымша ақыны беру жөнiндегi уәкiлдi орган - Қазақстан Республикасының Халықтық банкi (бұдан әрi - банк).

     2. Дербес зейнеткерлерге жеңiлдiктердiң орнына қосымша ақыны төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

     3. Қосымша ақы ай сайын өткен ай үшiн облыс әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiлген Ережелерге сәйкес төленедi.

                  2. Қосымша ақыны тағайындау тәртiбi

     4. Дербес зейнеткерлер қосымша ақы тағайындату үшiн тұрғылықты жерi бойынша қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi органға төмендегiдей құжаттар мен мәлiметтердi тапсырады:

     1) өтiнiш;

     2) жеке басын куәландыратын құжат;

     3) қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат;

     4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;

     5) банкінің филиалдарында зейнетақысын алатын адамдардың банкіндегі 

дербес есепшотының нөмірі;

     6) тұрақты тұрғылықты жерiн растайтын анықтама.

      5. Қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат болып, дербес зейнеткердiң куәлiгi немесе халық депутаттары Маңғыстау облыстық Кеңесiнiң 1992 жылғы 22 мамырдағы N Х/254 қаулысымен бекiтiлген облысқа сiңірген еңбегі үшiн зейнетақыларды белгiлеу жөнiндегi комиссияның облысқа сiңiрген ерекше еңбегі үшін зейнетақыны тағайындау туралы шешiмiнен көшірме саналады. 
      6. Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшірме түрiнде қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi органына тапсырылады. Ол құжаттар көшірмесін куәландырады, оларды іске қалыптастырады, тағайындалған сомалардың есебiн жүргiзу және кейiн компьютерлiк өңдеу үшiн қосымша ақыны тағайындау журналы бойынша жеті сандық тіркеу нөмірін береді, төленген сомалардың есебiн жүргiзу үшiн дербес есепшот ашады. 
      7. Қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган қосымша ақыны тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 
      Уәкiлдi орган төмендегiлерге қосымша ақыны тағайындаудан бас тартады: 
      1) қосымша ақыны тағайындау құқығын растайтын құжаттарын тапсырмаған адамдарға; 
      2) дәл емес мәліметтерден тұратын құжаттар тапсырған адамдарға; 
      3) бас бостандығынан айыру түрiнде сотпен тағайындалған қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға; 
      4) Қазақстан Республикасындағы басқа облысқа және одан тысқары жерге сіңірген еңбегi бар зейнеткерлерге. 
      Қосымша ақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган бас тарту себебiн жазбаша дәлелдеп түсiндiредi және өтiнiш берушiге құжаттарын қайтарады. 
      8. Қосымша ақыны алушылар өтiнiшiнде Ережелердiң 7 тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген, оны тағайындау үшін негiздерiн жойған жағдайларда, қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi органға бұл туралы 10 күннiң iшiнде хабарлауға мiндеттенедi. 
      9. Ай сайынғы қосымша ақы Маңғыстау облыстық мәслихатының шешiмiмен бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленген. 

                   3. Қосымша ақыларды төлеудi тоқтату 
                             және жаңғырту 

      10. Дербес зейнеткерге қосымша ақыны төлеу Ережелердің 7 тармағының 
3) тармақшасында көрсетiлген, оны тағайындау үшiн қайтыс болған күнiнен бастап тоқтатылады. 
      11. Қосымша ақыны төлеуді жаңғырту, дербес зейнеткердің оны тағайындауға қайта құқығын иеленген жағдайда, құқығы туындаған күннен бастап қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi органның шешiмi бойынша жүргiзiледi. 

                    4. Қосымша ақыларды төлеу тәртiбi 

      12. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеудi жүзеге асыру үшiн уәкiлдi орган зейнетақыны алу тәртiбi көрсетiлген қосымша ақыларды тағайындау туралы шешiмдердiң, алушылардың жеке өтiнiштерiнiң негiзiнде (зейнетақы алатын орны мен алу тәртiбi көрсетiлген) төмендегiдей құжаттарды жасақтайды: 
      1) компьютерде қосымша ақыларды алушылар бойынша базаны; 
      2) елдi мекендер бойынша банктегi дербес есепшотқа қосымша ақылар сомаларын түсiру үшiн тiзiмдердi 2 данада; 
      3) банкiнiң филиалдары бар елдi мекендерде үйге әкелiп берудi қажет ететiн зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеуге тiзiм-ведомстыларды 3 данада; 
      4) банк филиалдары жоқ болған жағдайда, елдi мекендерде қосымша ақыларды төлеуге тiзiм-ведомстыларды 3 данада; 
      5) ағымдағы айдың 20-жұлдызындағы жағдай бойынша қосымша ақыларды төлеуге тапсырыс-сұранысты. 
      13. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган ағымдағы айдың 20-жұлдызына дейiн облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына өтiнiмдi табыс етедi. 
      14. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы қалалар мен аудандар бойынша Агенттiк келiсiммен көзделген, банкiге сыйақыны (0,6%) ескере отырып, жинақталған өтiнiмдi облыс бойынша жасайды және оны ағымдағы айдың 23-жұлдызына дейiн облыстық қаржы басқармасына жолдайды. 
      15. Облыстық қаржы басқармасы тиiстi бағдарламалар бойынша жергiлiктi бюджеттiң жазылған шығыстарына сәйкес ағымдағы айдың 25-жұлдызына дейiн облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына өткен айдың қосымша ақыларын төлеу үшiн қажеттi қаражат бөледi. 
      16. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы ағымдағы айдың 28-жұлдызына дейiн төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi органның есепшотына қаржылық рұқсатпен бөлiнген сомалар шегiнде аударады. 
      Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган жасалған Агенттiк келiсiмнiң негiзiнде ағымдағы айдың 30-жұлдызына дейiн төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты банкiнiң есепшотына аударады. Осымен бiр мезгiлде банкiге дербес зейнеткерлердiң банкiдегi дербес есепшоттарына қосымша ақыларды түсiру үшiн тiзiмдердiң бiр данасын, олардың файлдық нұсқасын және тiзiм-ведомостының екi данасын бередi. 
      17. Банк алынған тiзiмдерге сәйкес қосымша ақыларды төлеудi жүзеге асырады. 
      18. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган арқылы банкiге қате немесе дербес зейнеткер қайтыс болғаннан кейiн аударылған сомалар, уәкiлдi органның хаты (өкiмi) негiзiнде облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының тиiстi есепшотына қайтарылуға жатады. Хат (өкiм) көшiрмесi облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына жолданады. 
      19. Бұрын төленбеген қосымша ақылар ағымдағы төлемақылармен бiрге төленедi. 

                    5. Есеп жүргiзу және есеп беру 

      20. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган ай сайын, төлем жүргiзiлген айдан кейiнгi айдың 5-жұлдызынан кешiктiрмей, банкiмен салыстыру кесiмiн жасайды.

     21. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган ай сайын, әр айдың 10-жұлдызынан кешiктiрмей, төленген қосымша ақылар бойынша есеп берудi жасайды және облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына бередi.

     22. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы тоқсан сайын дербес зейнеткерлердiң зейнетақысына қосымша ақыны тағайындау және төлеу туралы ақпаратты облыстық қаржы басқармасына тапсырады.

                        6. Жауапкершiлiк

     23. Қосымша ақыларды алушылар артық төлеуге әкелiп соқтырған 

жағдайларды жасырған жағдайда, қолданудағы заңнамаға сәйкес жауапкершiлiк артады.

                          7. Бақылау

     24. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақылардың тағайындалуы мен 

төленуiне бақылауды облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы мен облыстық қаржы басқармасы жүзеге асырады.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады