Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.11.30 № 253 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағына және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласының мемлекеттiк көшi-қон саясаты бағдарламасы және оны iске асыру жөнiндегi шаралар бекiтiлсiн, N 1, 2 қосымша.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қоғамдық келiсiм және рухани дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.Ж.Байсарина) және Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.Х. Бижановқа жүктелсiн.
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының IХ-сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
II-сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
2001 жылғы 4 сәуiрдегi
IХ сессиясының шешiмiне
N 1 қосымша
Алматы қаласы мемлекеттiк көшi-қоң
саясатының бағдарламасы
Алматы қаласы көшi-қон саясатының бағдарламасы 2000 жылғы 5 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының көшi-қон саясатының тұжырымдамасы туралы" N 1346 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Осы бағдарламаны әзiрлеу кезiндегi негiзгi база мыналар: - этникалық қазақтарды тарихи отанына көшiру Тұжырымдамасында көрсетiлген мақсат пен мiндет, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк демография және көшi-қон саясаттарының тұжырымдамалары; - 2001 жылдың басында Алматыда қалыптасқан көшi-қон процестерi. Осы бағдарламаның құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында бағдарламалар әзiрлеу Тәртiбiн бекiту туралы" 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 Қаулысына сәйкес мазмұндалған.
ПАСПОРТЫ
--------------------------------------------------------------------- Атауы !Алматы қаласында мемлекеттiк көшi-қон саясаты тұжырымдамасын !iске асыру бағдарламасы -------------------------------------------------------------------- Мақсаты !Алматы қаласының әлеуметтiк-экономикалық қауiпсiз дамуын және !көшiп келушiлер құқығын iске асыру бойынша барлық қажеттi !жағдайдың жасалуын қамсыздандыратын тұрақты көшi-қон !саясатын қалыптастыру --------------------------------------------------------------------- Мiндеттерi!- Сыртқы көшiп келу процесiн қысқарту мен тұрақтандыру; !- Қала интеллектуалдық қуатының елден тысқары жерге кетуiн ! тоқтату; !- Көшi-қон процесiн реттеу мен бақылау, оның iшiнде: еңбек ! миграциясының жоспарлау мен басқару, заңсыз көшi-қонмен ! "күрес"; !- Оралмандардың орналасуына, олардың қала "өмiрiне" көндiгуiне ! және олардың әлеуметтiк ортаға бiртiндеп тартылуына ! жан-жақтап көмектесу; !- Босқындарға байланысты процестердi, олардың әлеуметтiк ! ортаға тартылуын реттеу және олардың мемлекетке оралуы ! жөнiндегi iс-әрекетiне жәрдемдесу. --------------------------------------------------------------------- Күтiлетiн !Келушiлер құқығын iске асыру бойынша барлық қажеттi нәтиже !жағдайларды жасауды қамсыздандыратын көшi-қон саясатын !қалыптастыру. !Қала тұрғындарының осы интернационалдық құрамы қала !өмiрiне бейiмделуi мен тартылуы үшiн барлық қажеттi жағдайды, !қалайтын болса, алатын болады. Олардың күнделiктi өмiрiндегi !негiзгi өлшем Қазақстан Республикасы Конституциясы, !этно-мәдени дәстүрлер шегiнде материалдық дәулетiн, рухани !iзгiлiктiгiн көтеру болып табылады. -------------------------------------------------------------------------- Iске !Бағдарламаны екi кезеңде iске асыру көзделедi: асыру !1 кезең - 2001-2005 жж.; кезеңдерi !2 кезең - 2005-2030 жж. !Осы бағдарлама мен шаралар жоспары негiзiнен 1-шi кезеңде ашық !нақтылайды. !2-шi кезең тұжырымдамалық сипатта берiлген. --------------------------------------------------------------------------
1. Алматы қаласындағы көшi-қон процестерiнiң
қазiргi жағдайын талдау
Алматы Қазақстан Республикасының ең iрi ғылыми, қаржы, өнеркәсiп, мәдени, спорт орталығы болып табылады. Қалада жеткiлiктi дамыған нарық инфрақұрылымы көлiк байланысы мен коммуникацияның халықаралық және iшкi республикалық тармақталған желiсi бар.
Жоғарыда көрсетiлгендердiң бәрi қалада болып жатқан көшi-қон процесiне әсер етедi.
Алматыдағы көшi-қон процестерiн болашақ тұрғысынан қарау халықтың механикалық қозғалысы бойынша бұрын байқалған терiс бағыттардың соңғы жылдары қысқарғандығын көрсетедi.
Сонымен қатар, Алматы қаласы халқы санының механикалық өсуi негiзiнен iшкi көшу есебiнен болып отыр.
Сыртқы көшi-қон таяу, сондай-ақ алыс шет ел бойынша әлi де жағымсыз болып отыр. 2000-шы жылы 7886 адам кеттi, бұл 1999 жылдың осы мерзiмiмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Егер 1999 жылы республикадан тысқары жерде 8309 адам кетсе, 2000 жылы 10589 адам кеттi (27,4 пайызға
өстi). Ұлттық белгi бойынша қаладан негiзiнен орыстар, украиндер, немiстер, еврейлер кетуде. Керiсiнше қазақтар, ұйғырлар, кәрiстер, әзiрбайжандар келуде. Қала аудандары бойынша негiзгi көшi-қоннан, Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарының үлесiне тиесiлi 2000 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көшi-қон процесiне 43,8 адам тартылды, бұл 1999 жылмен салыстырғанда 33,1 пайызға артық (1 таблица).
1 Таблица --------------------------------------------------------------------- !Көшi-қон сальдосы!Келгендер!Кеткендер --------------------------------------------------------------------- Барлық ағын бойынша жиыны 2346 23069 20723 оның iшiнде: Халықаралық миграция -7886 2703 10589 - ТМД елдерiнен тыс -1844 155 1999 - ТМД елдерi -6042 2548 2590 Облыс аралық миграция 10232 20366 10134 --------------------------------------------------------------------- 1999-2000 жж. еңбекке қабiлеттi жас тұрғысынан халықтың көшi-қон ағынын салыстырмалы талдау 1999 жылы 2000 жылмен салыстырғанда еңбекке қабiлеттi жастағы келгендер санының өскендiгiн көрсетедi. (таблица 2) 2 Таблица Алматы қаласының еңбекке қабiлеттi жастағы адамдарының көшi-қоны ---------------------------------------------------------------------! 2000 ж. ! 1999 ж. ! Өсу қарқыны % --------------------------------------------------------------------- Еңбекке қабiлеттi жастан кiшiлер --------------------------------------------------------------------- Сальдо ! -250 ! +93 ! Х --------------------------------------------------------------------- Еңбекке қабiлеттi жастағылар -------------------------------------------------------------------- Сальдо ! +3885 ! +5559 ! 69,9 --------------------------------------------------------------------- Еңбекке қабiлеттi жастан үлкендер --------------------------------------------------------------------- Сальдо ! -1289 ! -715 ! 180,3 ---------------------------------------------------------------------
Екiншi таблицадан көрiнiп тұрғандай, 2000 жылы еңбекке қабiлеттi жастағы келушiлер саны 1999 жылмен салыстырғандағы артқандығы байқалады. Сонымен қатар еңбекке қабiлеттi жастар үлкен адамдардың кетуi 2 есеге жуық көбейдi. 1999 жылға қарағанда 2000 жылы еңбекке қабiлеттi жастағыдан кiшiлер көшi-қонының жағымсыз сальдосы байқалды.
Бiлiм деңгейi бойынша көшi-қон ағынын салыстырмалы таңдау бiлiмдiлерiн көбiрек кеткендiгiн көрсетедi. Мысалы, 1999 және 2000 жж. жоғары бiлiмдi кеткен адамдар саны олардың келу бойынша үлесiмен кемiнде 10 пайызы асып түстi. Алматы қаласындағы көшi-қон саласындағы қызметтiң негiзгi бағыты оралмандарға байланысты жұмыс болып табылады. 2000 жылы Алматы қаласында тұратын оралмандар саны 1835 адам немесе 496 отбасы болды (4 таблица). 4 таблица --------------------------------------------------------------------- N ! Келген елi ! Отбасы ! Жиыны !Адам саны !Жиыны ! ! саны ! бойынша % ! !бойынша % ----------------------------------------------------------------------1 Монғолия 115 36,9 489 41,9 2 Қытай 188 60,3 644 55,1 3 Ауғанстан 2 0,6 6 0,5 4 Иран 2 0,6 10 0,9 5 Түркия 5 1,6 19 1,6 Алыс шетел жиыны 312 100 1168 100 6 Ресей 74 212 7 Өзбекстан 68 297 8 Түркменстан 14 70 9 Қырғызстан 6 14 10 Тәжiкстан 19 63 11 Латвия 1 4 12 Украина 2 7 Жақын шетел жиыны 184 667 Барлығы: 496 1835 ---------------------------------------------------------------------
Алыс шетелден келген оралмандардың ең көп саны Қытайға - 55,1 пайыз және Моңғолияға 41.30 пайыз тиесiлi. Жақын шетел бойынша Өзбекстан мен Ресейден оралмандар көбiрек келдi. Олардың iшiнде 2000 жылы 17 отбасы квота бойынша.
Алматыдағы көшi-қон саясатының негiзгi бағыттарының бiрi шетел аймақтарын қабылдау және оларға Қазақстан Республикасында босқындар мәртебесiн беру туралы өтiнiштердi қарау бойынша жұмыс болып табылады. Босқындардың негiзгi бұқарасы 1998 жылы ресми тiркеуден өттi. 2000 жылдың 1-шi қаңтарында Алматы бойынша босқын мәртебесiн алғандар саны балаларды қоса алғанда 754 адам болды. Бұлар негiзiнен Ауғанстан Ислам Мемлекетiнiң (99 пайыз) азаматтары. Олардың көпшiлiгi бұрын өз елiнде жоғары лауазым алғандар, бұрынғы КСРО республикалары жоғары оқу орындарында оқығандар. Ұлттық құрамы бойынша босқындардың негiзгi құрамын Тәжiктер - 488 адам (64,7 пайыз), Пуштундар - 106 адам (14 пайыз), Хазарлар - 47 адам (6,2 пайыз), Өзбектер - 45 адам (5,9 пайыз) және өзге де ұлттар - 68 адам (9,0 пайыз) құрайды.
Өтiнiш бергендердiң барлығына бiрдей босқын мәртебесi берiлмейдi. 2000 жылы 108 отбасыға (146 адам) босқын мәртебесiн беруден бас тартылды, 175 отбасы (308 адам) әртүрлi себеп бойынша есептен шығарылды, оның iшiнде бұрын босқын болып танылған қатарындағы 57 отбасы (116) адам бар.
2. Алматы қаласындағы көшi-қон саясатының мақсаты
мен негiзгi мiндетi
Жоғарыда мазмұндалған Алматыдағы көшi-қон процесiн талдауды ескере отырып, сондай-ақ Тұжырымдамада көрсетiлген негiзгi мақсат пен мiндетке сәйкес Алматы қаласы көшi-қон саясаты Бағдарламасының негiзгi мақсаты қаланың әлеуметтiк және экономикалық қауiпсiз дамуын және оралмандардың құқығын iске асыру бойынша барлық қажеттi жағдайды жасау болып табылады.
Қала билiк органдарының алдында тұрған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттер тұр:
- сыртқы келу процесiн қысқарту мен тұрақтандыру;
- қала интеллектуалдық қуатының елден тысқары кетуiн болдырмау;
- көшi-қон процестерiн реттеу мен бақылау, оның iшiнде еңбек көшi-қонын жоспарлау мен басқару, заңсыз көшi-қонмен "күрес".
3. 2001-2005 жж. Алматыдағы көшi-қон саясатына негiзгi
бағытттары мен iске асыру механизмi
3.1. Кетудi қысқарту
Қала азаматтарының елден тысқары кетуiн қысқарту Алматыдағы көшi-қон саясатының негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады.
Бұл бағыттағы негiзгi құралдар мыналар:
- жыл сайын "Алматы қаласының эмиграциялық ауданының индикаторын" анықтау (социологиялық зерттеулер жүргiзу және ұлты, жасы мен қала аудандары бойынша кетудiң негiзгi себептерiн анықтау);
- "Бiздiң шетелдегi отандастарымыз", "Бiз Алматыда тудық" және т.б. айдарымен теле-радио хабарларын өткiзу.
"Ақыл-ойдың кетуiн" қысқарту мақсатында әлемнiң әртүрлi елдерiндегi өмiр деңгейi, шетелдегi бұрынғы бiлiктiлiгi жоғары отандастарымыздың өмiрi туралы әртүрлi ақпараттық түсiнiк хабарлары қарастырылатын болады.
3.2. Келудi реттеу мен бақылау.
Алматы қаласына келу процесiн реттеу мен бақылау жүйесi мына қосалқы жүйелер бойынша жүргiзiлетiн болады: Iшкi (облыс аралық) көшi-қон, "Оралмандар", "Босқындар", "Еңбек және заңсыз келу" қосалқы жүйелерi.
"Iшкi (облыс аралық) көшi-қон" қосалқы жүйесi бойынша негiзгi құралдар:
- әртүрлi тұрғыдан (жасы, кәсiбi, келiп-кеткен жерi бойынша) мәлiметтердiң ақпараттық банкiсiн жасау.
- жыл сайын "iшкi (облыс аралық эмигрант пен иммигрант портретiн)" әзiрлеу.
"Оралмандар" қосалқы жүйесi бойынша көшi-қон саясатының негiзгi құралдары:
- бейiмдеу орталықтарын құру;
- оларды тұрғын үймен қамсыздандыру;
- жыл сайын "Оралмандарды еңбекке орналастыру, кәсiби оқыту,
дербес тiршiлiгiне жәрдемдесу" бағдарламасын әзiрлеу; - қала өмiрiне оралмандардың күндiгуi мен тартылуына социологиялық зерттеу; - медициналық қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру, зейнетақы мен жәрдемақы беру сияқты әлеуметтiк көмекпен қамту; - барлық жағдайда азаматтық iстi еңбек дауын және т.б. қоса алғанда құқықтық көмек көрсету; - оралмандар балаларының қала мектептерiнде, колледждерiнде, жоғары оқу орындарында көмектесу; - жыл сайын "Алматыдағы оралмандар күнi" шараларын өткiзу. "Босқындар" қосалқы жүйесi бойынша Алматыдағы негiзгi көшi-қон саясатының құралдары қосымша мыналарды қамтитын оралмандар үшiн қарастырылатын барлық шаралар болып табылады: - Алматыда босқындар бойынша мәлiметтердiң ақпараттық банкiсiн құру; - уақытша орналастыру орталықтарын құру; - босқын балалар үшiн арнайы мектептер ашу; - босқын мәртебесiне сәйкес барлық келушiлердi жыл сайын бақылау; - босқындарға тарихи отанына оралуға жәрдемдесу;
- босқындардың туып-өскен елi болып табылатын мемлекеттердiң
көшi-қон немесе өзге де қызметтерiмен байланыс орнату. "Еңбек және заңсыз келу" қосалқы жүйесi бойынша көшi-қон саясатының негiзгi құралдарымен алады: - еңбек көшi-қон iшiнде келген шетел жұмысшыларының қызметiн лицензиялау; - "Заңсыз иммиграцияны бақылау жүйесiн" әзiрлеу. Жоғарыда мазмұндалғандар 2001-2005 жылдарға арналған негiзгi шаралар болып табылады. Алматыдағы көшi-қон саласындағы ұзақ мерзiмдi болашақтағы негiзгi шаралар мыналар: - Алматыдағы халықты қоныстандырудың экономикалық нормативтерiн әзiрлеу; "Демографиялық оптимумды" қамсыздандыру мақсатында Алматының көшi-қон саясатын әзiрлеу. 4. Бағдарламаны iске асыру бойынша қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi Алматыдағы көшi-қон саясатының Бағдарламасын iске асырудың негiзгi қаржы көздерi: - әртүрлi мамандандырылған және халықаралық қорлардың, оның iшiнде ХКБ, БҰҰ ДКББ; - қала жұмыс берушiлерi мен азаматтарының қайырымдылық аударымдары; - өзге де көздер. 5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
2030 жылы бағдарлама шараларының iске асыру нәтижесiнде Алматыда қаланың әлеуметтiк және экономикалық қауiпсiз дамуының және оралмандар құқықтарын iске асыру бойынша барлық қажеттi жағдайлар жасалуын қамсыздандыратын тұрақты көшi-қон саясаты жасалуы тиiс.
Қала тұрғындарының осы интернационалдық құрамы қала өмiрiне бейімделу мен күндiгуі үшiн барлық қажеттi жағдайларды алатын болады. Халықтың күнделiктi өмiрiндегi негiзгi өлшемдер этно-мәдени дәстүрлер, Қазақстан Конституциясы шегiнде салауатты өмiр салты және материалдық игiлiктi, рухани iзгiлiктi көтеру болып табылады.
Глоссарий
1. Демографиялық оптимум - жастық топ пен жыныс бойынша
топтастырылған ел, аймақ, халқының жыныстық-жастық құрамы. 2. Механикалық қозғалыс - халықтың кетуiне, келуiне және ел iшiнде ауысуына негiзделген халық санының өзгерiсi. 3. Көшi-қонның жағымсыз сальдосы - кетушiлер келушiлерден асып түседi. 4. Сыртқы көшi-қон - халықтың басқа елдерге көшуi. 5. Iшкi көшi-қон - халықтың ел iшiндегi ауысуы. 6. Халықаралық көшi-қон ұйымы. 7. Босқындар iсi жөнiндегi БҰҰ Жоғары комиссарының басқармасы БҰҰ (БЖКБ).
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының IХ-сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
II-сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
2001 жылғы 4 сәуiрдегi
IХ сессиясының шешiмiне
N 2 қосымша
Бағдарламаның iске асыру шараларының
жоспары
-------------------------------------------------------------------
N ! Шаралар ! Орындауға !Мерзiмi! Аяқталу !Қаржыландыру ! ! жауаптылар ! ! саны !көзi ---------------------------------------------------------------------Сыртқа келудi төмендету 1 "Алматыдағы кету көңiл- Көшi-қон және 4-шi Үлгi Жергiлiктi күйiнiң индикаторын" демография тоқсан анкета бюджет әзiрлеу басқармасы, 2001 ж. қорлар мен қоғамдық ұйымдар 2 "Бiздiң шетелдiк Қалалық БАҚ, Тұрақты Теле-радио Жергiліктi отандастарымыз", көшi-қон хабары бюджет, "Бiз Алматыда тұрамыз" және ҚИҚ және т.б. айдарымен демография теле-радио хабарларын басқармасы өткiзу 3 Әртүрлi елдердегi Қалалық БАҚ, Тұрақты Теле-радио Жергiлiктi өмiр деңгейi, көшi-қон хабары бюджет, шетелдегi бұрынғы және ҚИҚ отандастарымыздың демография өмiрi туралы басқармасы ақпараттық түсiнiк хабарлары 4 "Алматыдағы келу Көшi-қон және Жыл Қысқаша Жергiлiктi индикаторын" анықтау демография сайын талдама бюджет бойынша социологиялық басқармасы, есеп зерттеулер қорлар мен қоғамдық ұйымдар 5 Шетелге кетушiлер Көшi-қон және Тұрақты Буклет Жергiлiктi үшiн қайта оралу демография бюджет құқығы, кепiлдiгi мен басқармасы мүмкiндiгi туралы ақпарат пен "Алматы менiң қалам" буклетiн әзiрлеу Келудi бақылау мен реттеу "Iшкi (облыс аралық) көш-қон" 6 Iшкi көшi-қон бойынша Көшi-қон және Жыл Мәлiметтер Жергiлiктi мәлiметтердiң демография сайын банкi бюджет ақпараттық банкiсiн басқармасы, жасау статистика басқармасы, көшi-қон полициясы басқармасы 7 "Iшкi (облыс аралық) Көшi-қон және Жыл Қысқаша Жергiлiктi келушi мен кетушi демография сайын талдау бюджет портретiн жасау" басқармасы есебi Оралмандар 8 Бейiмдеу орталығын құру Алматы қаласы 2001 ж. Бейiмдеу Жергiлiктi әкiм аппараты орталығы бюджет, Көшi-қон және республикалық демография бюджет басқармасы 9 Оралмандарды тұрғын Көшi-қон және Жыл Тұрғын Республикалық үймен қамсыздандыру демография сайын үй бөлу бюджет басқармасы 10 Жинақы қоныстану үшiн Сәулет және Жыл Жер Жергiлiктi жеке тұрғын үй қала құрылыс сайын учаскесiн бюджет, тұрғысына жер департаментi, бөлу республикалық участкесiн бөлу жер ресурсын бюджет басқару комитетi Көшi-қон және демография басқармасы 11 Оралмандардың қала Көшi-қон және Тұрақты Талдау Жергiлiктi өмiрiне бейiмделу мен демография есебi бюджет, тартылуына басқармасы қор социологиялық зерттеу және қорлар бюджеттерi мен қоғамдық ұйымдар 12 Медициналық Еңбек, Жергiлiктi қамсыздандыру, жұмыспен қамту бюджет әлеуметтiк сақтандыру, және халықты зейнетақы мен әлеуметтiк жәрдемақы беру сияқты қорғау әлеуметтiк көмектер департаментi көрсету Көшi-қон және демография басқармасы 13 Барлық жағдайда Құқық қорғау Әлеуметтiк Жергiлiктi азаматтық iстер, еңбек жөнiндегi қамсыздан- бюджет дауы және т.б. құқықтық қалалық дыру көмегiн көрсету органдар Көшi-қон және демография басқармасы 14 Оралмандар балалары Көшi-қон және Балаларды Жергiлiктi қала мектептерi, демография оқыту бюджет колледждерi мен жоғары басқармасы оқу орындарына оқуға жәрдемдесу 15 "Алматыда оралмандар Көшi-қон және Жыл Шаралар Жергiлiктi күнiн" өткiзуде демография сайын бюджет басқармасы 16 Алматыда босқындар Көшi-қон және Тұрақты Мәлiметтер Республикалық бойынша мәлiметтердiң демография банкi бюджет, ақпараттық банкiсiн басқармасы БҰҰ БЖКБ жасау 17 Уақытша қоныстандыру Көшi-қон және 2003 ж. Орталық Республикалық орталығын құру демография бюджет, басқармасы БҰҰ БЖКБ Алматы әкiмiнiң аппараты 18 Босқындардың балалары БҰҰ, БЖКБ, 2001 ж. Мектеп БҰҰ, БЖКБ үшiн арнайы мектеп ашу Көшi-қон және демография басқармасы 19 Босқындар мәртебесiне БҰҰ, БЖКБ, Тұрақты Есеп БҰҰ, БЖКБ, сәйкес бүкiл босқынды Көшi-қон және бақылау демография басқармасы 20 Босқындардың тарихи БҰҰ, БЖКБ, Тұрақты Есеп БҰҰ, БЖКБ, отанына оралуына Көшi-қон және Жергiлiктi жәрдемдесу демография бюджет басқармасы 21 Босқындар келген БҰҰ, БЖКБ, Тұрақты Ақпарат БҰҰ, БЖКБ, елдердiң көшi-қон Көшi-қон және ХКБ немесе басқа да демография қызметтерiнен байланыс басқармасы орнату "Еңбек және заңсыз келу" 22 Еңбек миграциясы Көшi-қон және Тұрақты Лицензия Жергiлiктi шегiнде келген шетел демография бюджет жұмысшыларының басқармасы, қызметiн лицензиялау экономика жөнiндегi комитет 23 "Заңсыз келудi бақылау Iшкi-iстер 2002 ж. Бақылау Жергiлiктi жүйесiн" әзiрлеу басқармасы ҰҚК жүйесi бюджет Көшi-қон және демография басқармасы ---------------------------------------------------------------------
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының IХ-сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы