Ескерту. Шешімнің атауына өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес және Құрманғазы ауданы өкілетті және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, екінші сайланған облыстық Мәслихаттың кезектен тыс ХІV сессиясы шешім етті:
Құрманғазы ауданында жалпы ауданы 4856 гектар Шортанбай ауылдық округі жерінен қосымшаға сәйкес шекарада Көптоғай ауылдық округі құрылсын.
Ескерту. Шешімнің мәтініне өзгерістер енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Облыстық Мәслихаттың кезектен |
Д. Хасанов |
Атырау облыстық әкімиятының 2001 жылғы 15 қарашадағы N 55 қаулысы
«Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылдық округін құру туралы»
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес және Құрманғазы ауданы ауданы өкілетті және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Құрманғазы ауданында жалпы ауданы 4856 гектар Шортанбай ауылдық округі жерінен қосымшаға сәйкес шекарада Көптоғай ауылдық округі құрылсын.
Ескерту. Қаулының атауына және мәтініне өзгерістер енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілсін.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
К. Ищанов |