Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.04 № 1-4/502 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2000 жылғы 30 қазандағы N 1627 P001627_ "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің ақпараттық-маркетингілiк жүйесін қалыптастыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығыминистрлiгiнiң Ақпараттық-маркетингiлiк жүйесi жұмысының ережесiбекiтiлсiн.
2. Стратегия және мемлекеттiк реттеу Департаментi (Тажмакин Д.К.) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Вице-Министр Л. Мусинаға тапсырылсын.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне кiредi.
Министрдің м.а.
КЕЛІСІЛДІ: БЕКІТІЛДІ:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар Ауыл шаруашылығы министрінің
министрі 2002 жылғы 7 қаңтардағы
"___"__________ 2001 ж. N 03 бұйрығымен
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ақпарат-маркетинг жүйесінің жұмыс істеу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi ақпарат-маркетинг жүйесiнiң осы жұмыс iстеу Ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің ақпарат-маркетинг жүйесiн қалыптастыру мәселелерi туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы N 1627 P001627_ қаулысына сәйкес әзiрленген.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ақпарат-маркетинг жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлейдi және оған қатысушылардың өзара iс-қимылының, құқықтары мен мiндеттерiнiң нысандарын реттейдi.
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ақпарат-маркетинг жүйесi (бұдан әрi - АШМ АқМЖ) - мемлекеттiк реттеуоргандары мен аграрлық сектор субъектiлерiнiң өзара байланысының тұрақты жұмыс істейтiн жүйесi;
2) АШМ АқМЖ Әкiмшiлiгi - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
3) АШМ АқМЖ-не қатысушылар - АШМ АқМЖ Әкiмшiлiгiне ақпарат беретiн мемлекеттiк органдар.
4. Берiлетiн ақпарат көздерi:
1) облыстық ауыл шаруашылығы департаменттерi;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi;
3) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және саудаминистрлiгi;
4) Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;
6) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
7) Тауар биржалары мен көтерме сауда рыноктары.
2. АШМ АқМЖ-нiң мақсаты мен негiзгi мiндеттерi
5. АШМ АқМЖ-нiң мақсаты:
1) ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлер мен мемлекеттiк органдар арасында талдау және маркетинг ақпаратының жедел алмасылуын қамтамасыз ету;
2) саланың тиiмдi мемлекеттiк реттелуiн қамтамасыз ету.
6. АШМ АқМЖ-нiң негiзгi мiндеттерi:
1) ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң өз проблемаларын анықтауы мен тұжырымдауына, нұсқаларды талдауына және шешiмдердi негiздi түрде таңдауына, қабылданған шешiмдердi жүзеге асыру уәждемелерiн арттыруына, олардың нәтижелерiн бағалауына және ауылдағы басқа тауар өндiрушiлермен ақпарат алмасуына жәрдемдесу;
2) ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне ауылшаруашылық өнiмiн өндiрудiң, өңдеудiң және өткiзудiң түрлi жай-жапсарлары бойынша үнемi жаңартылып отыратын ақпарат, соның iшiнде шаруашылық жүргiзудiң жаңа технологиялары мен жүйелерін беру;
3) аграрлық саясаттың тиiмдi шараларын әзiрлеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану және құрылып жатқан корпоративтiк желiнiң көмегiмен ақпарат алмасу арқылы АШМ АқМЖ Әкiмшiлiгi мен селолық тауар өндірушiлер арасында екiжақты байланысты қамтамасыз ету;
4) аграрлық секторда шаруашылық жүргiзу жүйесi мен әдiстерiнiң жақсартылуына инновациялардың таралуына жәрдемдесу;
5) ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң рыноктағы жағдайларын нығайту үшін олардың тиiмдi жұмыс істейтiн ұйымдарына қолдау көрсету;
6) аграрлық рынокқа және оған сабақтас салаларға қатысушылардың бәрiнiң осы ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
7) аграрлық рыноктың жай-күйi мен үрдiстерi туралы жүйелi талдау материалдарын әзiрлеу мен тарату мақсатында ақпараттар жинау және оны талдап өңдеу болып табылады.
3. АШМ АқМЖ-нiң құрылымы
7. АШМ АқМЖ-i Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің жұмыс істеп тұрған компьютерлік корпоративтiк желісінің мүмкiндiктерiн пайдалану негiзiнде құрылады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен облыстық ауыл шаруашылығы департаменттерi бөлiнген линиялар арқылы, ал аудандар коммутациялық линиялар арқылы қосылады. АШМ АқМЖ құрылымы мына тораптарды қамтиды:
АШМ АқМЖ әкiмшiлiгi (1 бiрлiк, сервер және АШМ АқМЖ жабдығы);
ҚР АШМ-нiң аумақтық бөлiмшелерi:
облыстық (14 бiрлiк, 2 компьютерден);
қалалық (36 бiрлiк, 2 компьютерден және 1 модемнен);
аудандық (161 бiрлiк, 2 компьютерден және 1 модемнен);
ауыл шаруашылығы департаменттерi:
облыстық (14 бiрлiк, 2 компьютерден);
аудандық (161 бiрлiк, 2 компьютерден және 1 модемнен).
4. АШМ АқМЖ Әкiмшiлiгi мен қатысушыларының
өзара iс-қимыл жасау тәртiбi
8. АШМ АқМЖ-нiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi әкiмшiлiк функцияларын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асырады, оған сондай-ақ АШМ АқМЖ-не қатысушылардың өзара iс-қимылын үйлестiру мәселелерi жүктеледi.
9. АШМ АқМЖ тоқсандық, жылдық және болашақ жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады, олар белгiлi бiр басымдықтарға сәйкес селолық тауар өндiрушiлердiң ақпараттық қажеттiктерiнiң проблемаларын талдау негiзiнде әзiрленеді.
10. Қатысушыларды АШМ АқМЖ-не қосу АШМ АқМЖ-нiң Әкiмшiлiгiмен шарт негiзiнде тегiн жүргiзiледi.
11. АШМ АқМЖ-не қатысушылар АШМ АқМЖ-нiң Әкiмшiлiгiне ақпаратты белгiленген тәртiппен бередi.
12. Төменгi деңгейлерден (аудан, облыс) алынған ақпарат өңделедi және:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ақпарат бюллетенiне;
2) АШМ АқМЖ Әкiмшiлiгiнiң Wеb-sit-iне;
3) Бұқаралық ақпарат құралдарына беру үшiн жинақталады.
5. АШМ АқМЖ Әкiмшiлiгiнiң функциялары
13. АШМ АқМЖ Әкiмшiлiгiнiң функциялары:
1) АШМ АқМЖ-нiң толассыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
2) АШМ АқМЖ-не қатысушылардың өзара iс-қимылдарын үйлестiру, АШМ АқМЖ-не қатысушылардың есептеме деректерiн беруiнiң Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiмен келiсiлген нысандарын әзiрлеу мен беру;
3) АШМ АқМЖ-iн әзiрлеуге және жасауға байланысты шараларды қаржыландыруға бөлiнген қаражатты мақсатқа сай пайдалану;
4) қатысушылардың АШМ АқМЖ-мен жұмыс iстей алуын қамтамасыз ету.
14. Әкiмшiлiктiң АШМ АқМЖ-нiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi құзыретi мыналарды қамтиды:
1) ауылшаруашылық өндiрiсi дамуының жай-күйi мен үрдiстерiн талдау негiзiнде ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлер үшiн ұсыныс-кеңестер әзiрлеу;
2) ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң ақпараттық қажеттерiн талдау негiзiнде аймақтық консультациялық-ақпарат бағдарламаларының басымдықтарын бiрлесiп айқындау және шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеу;
3) ауылшаруашылық өндiрiсiнiң осы заманғы технологиялары туралы ақпарат беру;
4) жаңа технологиялар, техника түрлерiн, ауылшаруашылық өндiрiсiн жүргiзудiң жүйелерi мен әдiстерiн әзiрлеудi, жергiлiктi жағдайларға бейiмдеудi, тәуелсiз сараптамадан (сынақтан) өткiзудi аймақтық бөлiмшелермен бiрлесе ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
5) туындайтын мәселелердi шешу мақсатында селолық тауар өндiрушiлердiң проблемалары туралы орталық және жергілiктi мемлекеттiк органдарды хабардар ету, олардың ауылшаруашылық өндiрiсiне қатысушылардың бәрiмен өзара iс-қимылын ұйымдастыру;
6) ауылшаруашылық өндiрiсiнiң түрi жай-жапсарлары бойынша ақпараттық және оқу-әдiстемелiк материалдар, соның iшiнде оны жүргiзудiң жаңа технологиялары мен әдiстерiн әзiрлеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен оларды тарату;
7) шаруашылық қызметiн жоспарлау мен басқару, қаржы және инвестициялық талдау, экологиялық талаптарды ескере отырып ресурстарды пайдалануды оңтайландыру жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету;
8) ауылшаруашылық өндiрiсiнiң көрсеткiштерiн жинақтау мен нәтижелерiн талдау, оның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар мен шаралар әзiрлеу;
9) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, ауылшаруашылық өндiрiсiн ұйымдастырудың прогрессивтi нысандарын зерделеу мен тарату;
10) АШМ АқМЖ-нiң деректер базасын жергiлiктi жағдайларға бейiмдеу, аймақтық деректер базаларын және ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң қажеттерiне бағдарланған қолданбалы бағдарламалық құралдар жасау және оларды жүзеге асыру.
6. АШМ АқМЖ-не Қатысушылардың функциялары
15. АШМ АқМЖ-не Қатысушылар функциялары:
1) АШМ АқМЖ-нiң Әкiмшiлiгi бекiткен тәртiпке және АШМ АқМЖ-нiңӘкiмшiлiгi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегiагенттiгiмен келiсiлген нысандарға сәйкес ақпараттық деректердi деркезiнде беру;
2) нақты деректер берiлуiн қамтамасыз ету.
7. Ақпарат жинау мен беру тәртiбi
16. АШМ АқМЖ-не қатысушылар ақпаратты есеп берудiң белгiленгенмерзiмдерi мен нысандарына сәйкес АШМ АқМЖ Әкiмшiлiгiне жiбередi.
17. Ведомстволық (салалық) есептеменiң арнайы әзiрленген нысандары төменгi деңгейлерден (аудан, облыс) ең алдымен АШМ АқМЖ Әкiмшiлiгiнiң серверлiк бөлiмiне келiп түсуге тиiс, содан соң онда техникалық қызметкерлер алынған ақпаратты сұрыптап, АШМ АқМЖ Әкiмшiлiгiнiң жұмыс істеп тұрған iшкi жергiлiктi желiсi арқылы Департаменттерге жiбередi.
8. Деректердi рұқсатсыз көшiрме жасаудан қорғау
18. Аппараттық-бағдарламалық құралдар талаптарға(стандарттарға) сәйкес келуге және оны электрондық өңдеудiң кез келген кезеңiнде ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге тиiс.
9. Қаржыландыру көзi
19. АШМ АқМЖ-iн қаржыландыру:
1) 78 "Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен;
2) 31 "Ауыл шаруашылығында ақпарат-маркетинг жүйесiн дамыту"бағдарламасы бойынша жергiлiктi бюджеттен (әкiмдермен келiсiм бойынша және мәслихаттардың шешiмi негiзiнде) жүзеге асырылады.
20. Бөлiнетiн қаражат тек қана белгiленген мақсатқа, жоспарлы жылдық мақсаттар шегiнде, республикалық немесе жергiлiктi бюджет бекiткен тиiстi бағдарлама (қосалқы бағдарлама) бойынша пайдаланылуға тиiс.
21. Республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуы мен жұмсалуы үшiн жауапкершiлiк АШМ АқМЖ-нiң Әкiмшiлiгiне жүктеледi.
10. Техникалық шешiм
22. АШМ АқМЖ-iн техникамен қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
1) компьютер жабдығын сатып алу:
жұмыс стансасы;
бағдарламамен қамтамасыз етiлген сервер;
қолда бар серверлердi жаңғырту;
маршрутизаторлар;
принтерлер;
модем;
үздiксiз қоректендiру құрылғысы;
желiлiк сүзгі;
дискеттер.
2) бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу мен сатып алу.
23. АШМ АқМЖ-не арналған бағдарламалық қамтамасыз ету:
1) желiге қатысушылар арасындағы құжат айналымын жүйелеуге;
2) деректер базасын басқаруға;
3) ақпаратты талдап өңдеуге;
4) өңделген ақпараттың АқМЖ-нiң корпорациялық желiсiнiң сайттарында берiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" 2000 жылғы 5 қазандағы N 1501 Қаулысының 2-тармағына сәйкес, сатып алынатын ақпараттық жәнебағдарламалық қамтамасыз етудiң белгiленген талаптар мен стандарттарға техникалық тұрғыдан сай келуiне байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен келiсiлуге тиiс.
11. Ақпарат құпиялылығы
24. АШМ АқМЖ-нiң Әкiмшiлiгi, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика туралы" заңының 13-бабына сәйкес, АШМ АқМЖ-нiң Әкiмшiлiгiне берiлген бастапқы статистикалық ақпарат құпиялылығын қамтамасыз етедi.
25. Құпия ақпараттың жария етiлуiне кiнәлi адам ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Мамандар: Омарбекова А.Т.
Жұманазарова А.Б.