Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 28 ақпандағы N 72 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1814

      Банк жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 V011410_ қаулысы мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Ұлттық Банк осы қаулы күшiне енгенге дейiн бiр жыл бойы Ұлттық Банк мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асырған екiншi деңгейдегi банктер үшiн осы қаулының талаптарын орындау мерзiмiн ұзартуға құқылы.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.
      3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу 
шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк 
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi 
деңгейдегi банктерге жiберсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     
     Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады