---------------Қаулыдан үзінді---------------
Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалардың күнделікті электрондық есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 26 наурыздағы N 98 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1844 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана", N 9 басылымдарында 2002 жылғы 22 сәуір - 5 мамырда жарияланған)...
Төраға
_________________________________
Ескерту: Қаулының атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147 қаулысымен .
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің сақталуын және жай-күйіне оперативті бақылау жасалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалардың күнделікті электрондық есеп беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147
қаулысымен
.
2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар осы қаулы күшіне енген күннен бастап алпыс күн өткеннен кейін жоғарыда аталған Ережеге сәйкес күнделікті электрондық есеп беріп отыруға міндетті.
Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147
қаулысымен
.
3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар осы қаулы күшіне енген күннен бастап отыз күн ішінде күнделікті электрондық есептің жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес үздіксіз, толық және шынайы берілуі мақсатында өздерінің бағдарламалық-техникалық кешендерін жетілдіруге міндетті.
Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147
қаулысымен
.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
5. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі басқаратын ұйымдарына, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетіне жіберсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензиясы бар заңды
тұлғалардың күнделікті
электрондық есеп беру ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы
N 98 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы
бар заңды тұлғалардың күнделікті электрондық
есеп беру ережесі
Ескерту: Ереженің атауы өзгертілді және барлық мәтiн бойынша "компания", "компанияның", "компаниялар", "компанияға", "компанияларға", "компанияны" деген сөздер "ұйым", "ұйымның", "ұйымдар", "ұйымға", "ұйымдарға", "ұйымды" деген сөздермен,
"Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктi", "Ұлттық Банкке", "Ұлттық Банкте", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi органда", "уәкiлетті органның" деген сөздермен ауыстырылды
- ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147
қаулысымен
.
Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің сақталысын және жай-күйіне жедел бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалардың күнделікті электрондық есеп беру тәртібін белгілейді.
1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мынаны білдіреді:
1) ұйым - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға;
2)
алынып тасталды
;
3) есеп беру - ұйымның зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы, үлгі нысандардан тұратын күнделікті электрондық есеп беруі;
4) меншікті бағдарламалық қамтамасыз ету - үлгі нысандардың дұрыстығын тексеру жөнінде ұйым әзірлеген бағдарлама;
5) арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету - анықтамалық және ұйымға уәкiлеттi орган беретін үлгі нысандарды толтыру жөніндегі бағдарлама;
6) анықтамалық - үлгі нысандарды толтыру кезінде ұйымдар пайдаланатын электрондық деректер базасы;
7) үлгі нысандар - ұйымның зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жасалған күнделікті электрондық есеп беру нысандары;
8) уәкiлеттi орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалардың, кастодиан - банктердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147
қаулысымен
.
2. Ұйым өткен жұмыс күніндегі есепті келесі жұмыс күні Алматы уақыты бойынша сағат 15.00-ден кешіктірмей электрондық почтамен уәкiлеттi органға жібереді.
Айрықша жағдайларда, есепті электрондық почтамен жіберуге мүмкіндік болмаған кезде оның толтырылған үлгі нысандары уәкiлеттi органға қағазға басылып ұсынылады. Мұндайда толтырылған әрбір үлгі нысанға ұйымның бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қоюы және ұйым мөрінің таңбасымен расталуы тиіс. Толтырылған үлгі нысандар қағазға басылып ұсынылған кезде ұйым оларды кейіннен электрондық почта арқылы жіберілуін қамтамасыз етеді.
3. Уәкiлеттi орган ұйымды:
1) есеп жіберілетін электрондық почтаның мекен-жайларымен;
2) анықтамалықпен;
3) барлық ұйымдар үшін бірыңғай, үлгі нысандарды толтырған және есепті жөнелткен кезде пайдаланылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен және тиісті техникалық құжаттамалармен;
4) үлгі нысандарды толтыру және есепті жөнелту жөніндегі әдістемелік ұсыныстамалармен (осы Ереженің 2-қосымшасы) қамтамасыз етеді.
5. Анықтамалыққа қол жеткізу және есепті беру үшін ұйым уәкiлеттi органнан пайдаланушының атын (пайдаланушылардың аттарын) және парольді (парольдерді) алуы тиіс, бұлар ұйымның бірінші басшысы қол қойған және мөрінің таңбасымен расталған ұйымның жазбаша өтініші бойынша кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін.
6. Ұйым үлгі нысандарды толтыру алдында уәкiлеттi орган қалыптастырған және электрондық пошта арқылы ұйымға берген анықтамалықты жаңартады.
7. Анықтамалықты жаңартқаннан кейін ұйым Уәкiлеттi органнан алынған нұсқауға және әдістемелік ұсыныстамаларға сәйкес үлгі нысандарды толтырады. Мұндайда:
1) үлгі нысандар әрбір жекелеген жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша толтырылады;
2) үлгі нысандардың жолдары анықтамалыққа сілтеме жасала отырып анықтамалықтан алынған мәліметтермен ғана толтырылады;
3) зейнетақы активтерінің әрбір жеке қозғалысы үлгі нысанның жеке жолында көрсетілуі тиіс.
8. Үлгі нысандарды толтыру аяқталғаннан кейін ұйым оларды өзінің бағдарламалық қамтамасыз етуін және/немесе уәкiлеттi органнан алынған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып тексереді. Үлгі нысандарды тексеру аяқталғаннан кейін ұйым есепті уәкiлеттi органға береді.
9. Кейіннен (есеп уәкiлеттi органға берілгеннен кейін) үлгі нысандарда қателер анықталған жағдайда ұйым үш күн ішінде уәкiлеттi органға бірінші басшының қолы қойылған түсінік хат ұсынуға және түзетілген есепті уәкiлеттi органға беруге міндетті.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы
N 98 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды
тұлғалардың күнделікті электрондық
есеп беру ережесіне
1-қосымша
Ескерту: 1-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147
қаулысымен
.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың
күнделікті электрондық есеп беру үлгі нысандарының
тізбесі және мазмұны
"АҚША БАЛАНСЫ"
RС001 үлгі нысаны
1. Валюта коды (анықтамалықтан).
2. Есепшот үлгісінің коды (анықтамалықтан).
3. Күн басындағы ақша қалдығы.
4. Күн соңындағы ақша қалдығы.
"АҚША ҚОЗҒАЛЫСЫ"
RС002 үлгі нысаны
1. Валюта коды (анықтамалықтан).
2. Есепшот үлгісінің коды (анықтамалықтан).
3. Төлем түрінің коды (анықтамалықтан).
4. Төлем сомасы.
"ӨЗГЕ АКТИВТЕР"
RС003 үлгі нысаны
1. Валюта коды (анықтамалықтан).
2. Есепшот үлгісінің коды (анықтамалықтан).
3. Күн басындағы ақша қалдығы.
4. Күн соңындағы ақша қалдығы.
Салымдар портфелi
RC004 үлгi нысаны
1. Банктiк салым шартының коды.
2. Салымдардың саны.
3. Салымның сомасы.
4. Инвестициялық шоттан салымға ақша аударылған күн.
5. Ақшаның салымға нақты түскен күнi.
6. Салым валютасының салым бойынша төлем валютасына қатысты бағамы.
7. Салымға аударылған ақшаның қалдығы (салым бойынша ақша мерзiмiнен бұрын толық қайтарылмаған жағдайда салым бойынша нақты ақша қалдығы көрсетiле отырып толтырылады).
8. Салым бойынша ақша қайтарылған күн.
9. Салымға инвестициялау шарттарына енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып салым бойынша сыйақының ставкасы.
10. Салым төлемi валютасының коды (анықтамалықтан).
11. Зейнетақы активтерi салымға орналастырылған банктiң коды.
12. Салым валютасының коды (анықтамалықтан).
13. Банктiк салым шарты жасалған күн.
14. Банктiк салымның нөмiрi.
15. Салымның мерзiмi (күндермен).
16. Салым бойынша есептелген сыйақы.
17. Салымның теңгемен көрсетiлген ағымдағы құны.
Салымдар портфелi бойынша қозғалыс
RC005 үлгi нысаны
1. Банктiк салым шартының коды (ұйымның өзi қалыптастырады).
2. Салымның сомасы.
3. Операция түрiнiң коды (анықтамалықтан).
4. Салымдар санының өзгерiсi.
5. Банктiк салым шарты жасалған күн.
6. Инвестициялық шоттан салымға ақша аударылған күн.
7. Салым бойынша ақша қайтарылған күн.
8. Салым бойынша ақшаның мерзiмiнен бұрын толық қайтарылмаған сомасы.
9. Салымға аударылған ақша сомасы.
10. Салым бойынша қайтарылған ақша және/немесе салым бойынша келiп түскен сыйақы сомасы.
11. Салым бойынша сыйақының ставкасы (сыйақының ставкасы өзгерген кезде толтырылады).
12. Салым валютасы өзгерген жағдайда айырбастау бағамы.
13. Салым өзгерген жағдайда оның бастапқы валютасының коды (анықтамалықтан).
14. Салым өзгерген жағдайда оның түпкiлiктi валютасының коды (анықтамалықтан).
15. Салым бойынша төлем валютасының коды (анықтамалықтан).
16. Салым валютасының коды (анықтамалықтан).
17. Зейнетақы активтерi салымға орналастырылған банктiң коды (анықтамалықтан).
18. Салымның күндермен көрсетiлген мерзiмi.
"БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІ"
RС006 үлгі нысаны
1. Бағалы қағаздың коды (ұлттық бірегейлендіру нөмірі (ISIN) (анықтамалықтан).
2. Операция үлгісінің коды (анықтамалықтан).
3. Күннің соңына бағалы қағаздардың саны (данамен) (бірдей сатып алу шарттары бар бір үлгідегі бағалы қағаздар (бір текті сападағы, осы жиынтықты басқаларынан (оның ішінде сол эмитент шығарған бағалы қағаздардың басқа үлгілерінен де) біржақты айыруға мүмкіндік беретін сипаттамалары бар бағалы қағаздардың жабық жиынтығы) үшін; данамен көрсетілмейтін халықаралық облигациялар үшін, - облигация көлемінің бірлігі ретінде халықаралық облигацияның номиналдық құны көрсетілген шетелдік валютаның біреуі қолданылады).
4. Бағалы қағаздармен мәміле жасалған күн.
5. Инвестициялық есепшоттан бағалы қағаздарды төлеуге ақша аударылған күн.
6. Бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорының "депо" есепшотына есепке алған күн.
7. Бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бағалы қағаздар нақты шығындар бойынша есептеледi. Бағалы қағаздардың құнына мәмiле жасау кезiнде келтiрiлген шығындар кiредi (бағалы қағаздарды сатып алуға тiкелей байланысты), оның iшiнде: агенттерге, консультанттарға, брокер-дилерлерге төленген сыйақы мен комиссиялық сыйақы, қор
биржаларының алымдары, сондай-ақ аударым бойынша банктiк шығыстар. Осы күнi бағалы қағаздардың құнына олардың купоны бойынша сатушының кiрiсi кiрмейдi).
8. "Кері репо" операциясын ашу бағасы ("кері репо" операциясының жүзеге асырылғандығы расталатын бастапқы құжатта көрсетілген баға).
9. "Кері репо" операциясын жабу бағасы ("кері репо" операциясының жүзеге асырылғандығы расталатын бастапқы құжатта көрсетілген баға).
10. Бағалы қағаздарды олардың купоны бойынша сатушының кірісі (бағалы қағаздар сатушының купондық кірісінің есептелген сомасы).
11. Бағалы қағаздарды олардың купоны бойынша сатушының "кері репо" мәмілесі жабылардағы кірісі (бағалы қағаздар сатушының купондық кірісінің есептелген сомасы).
12. Шарттарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып "кері репо" мәмілесінің жабылған күні.
13. Шетелдік валютада номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі мәміле валютасының бағамы
(RС006 үлгі нысанының 3-тармағына түсініктемені қараңыз)
.
14. Шетелдік валютада номинацияланған бағалы қағаздар бойынша "кері репо" мәмілесінің жабылардағы өтінілген бағамы.
15. Бағалы қағаздарды төлеуге арналған төлем валютасының коды (анықтамалықтан).
16. Тапсырма бойынша, ұйымның есебінен және мүддесінде мәміле жасаған брокердің коды (анықтамалықтан).
17. Бағалы қағаздар есепке алынған күн.
18. "Кері репо" мәмілесі бойынша кірістіліктің бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде белгіленген ставкасы (өзара байланысты үй-жайлардың, жабдықтардың, мүкәммалдың, бағдарламалық-техникалық құрал-жабдықтардың, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының ішкі қызметін реттейтін құжаттардың және көмегі арқылы Брокер-дилерлер - бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелері арасында бағалы қағаздармен мәмілелер жасалатын өзге де қажетті активтер мен рәсімдердің жиынтығы).
19. Бағалы қағаз бойынша есептелген жиынтық сыйақы.
20. Бағалы қағаз бойынша теңгемен есептелген ағымдағы жиынтық құн.
"БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ПОРТФЕЛІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС"
RС007 үлгі нысаны
1. Бағалы қағаздың коды (ұлттық бірегейлендіру нөмірі (ISIN) анықтамалықтан).
2. Операция үлгісінің коды (анықтамалықтан).
3. Күннің соңына бағалы қағаздардың санының өзгерісі (данамен) (RС006 үлгі нысанының 3-тармағына түсініктемені қараңыз).
4. Бағалы қағаздармен мәміле жасалған күн.
5. Инвестициялық есепшоттан бағалы қағаздарды төлеуге ақша аударылған күн.
6. Бағалы қағаздарды сатқан кезде инвестициялық есепшотқа ақша аударылған күн ("кері репо" мәмілелері үшін - жабылған күн).
7. Бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бағалы қағаздар нақты шығындар бойынша есептеледi. Бағалы қағаздардың құнына мәмiле жасау кезiнде келтiрiлген шығындар кiредi (бағалы қағаздарды сатып алуға тiкелей байланысты), оның iшiнде: агенттерге, консультанттарға, брокер-дилерлерге төленген сыйақы мен комиссиялық сыйақы, қор
биржаларының алымдары, сондай-ақ аударым бойынша банктiк шығыстар.
Осы күнi бағалы қағаздардың құнына олардың купоны бойынша сатушының кiрiсi кiрмейдi).
8. Бағалы қағаздардың сату бағасы.
9. Бағалы қағаздарды олардың купоны бойынша сатушының бағалы қағаздарды сатып алғандағы кірісі (бағалы қағаздар сатушының купондық кірісінің есептелген сомасы).
10. Бағалы қағаздарды олардың купоны бойынша сатушының бағалы қағаздарды сатқандағы кірісі (бағалы қағаздар сатушының купондық кірісінің есептелген сомасы).
11. Шетелдік валютада номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі мәміле валютасының бағамы (мәміле бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалған жағдайда).
12. Шетелдік валютада номинацияланған бағалы қағаздарды сату жөніндегі мәміле валютасының бағамы (мәміле бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалған жағдайда).
13. Бағалы қағаздарды төлеуге арналған төлем валютасының коды (анықтамалықтан).
14. Бағалы қағаздарды сатқан кездегі төлем валютасының коды (анықтамалықтан).
15. Тапсырма бойынша, ұйымның есебінен және мүддесінде мәміле жасаған брокердің коды (анықтамалықтан).
16. Банк көрсеткен қызметке төленген сома.
17. Брокер-дилер көрсеткен қызметке төленген сома.
18. бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушы көрсеткен қызметке төленген сома.
19. Мәміле жасалған орын (анықтамалықтан).
"ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАҒАЛАУ"
RС008 үлгі нысаны
1. Валюта коды (анықтамалықтан).
2. Зейнетақы активтерінің күн басындағы ағымдағы құны.
3. Зейнетақы активтерінің күн соңындағы ағымдағы құны.
4. "Таза" зейнетақы активтерінің күн басындағы құны.
5. "Таза" зейнетақы активтерінің күн соңындағы құны.
6. Зейнетақы активтері құнының күн соңындағы өзгерісі.
7. "Таза" зейнетақы активтері құнының күн соңындағы өзгерісі.
8. Зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақы бойынша берешектің күн соңындағы қалдығы.
9. Инвестициялық кірістен алынатын комиссиялық сыйақы бойынша берешектің күн соңындағы қалдығы.
10. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы міндеттемелерінің күн соңындағы қалдығы.
11. Зейнетақы активтері бойынша міндеттемелердің жалпы көрсеткіші (жиынтығы).
12. Қаржылық инвестициялардың күн басындағы барлық құны.
13. Қаржылық инвестициялардың күн соңындағы барлық құны.