Балықтарды қоса жануарлар әлемi ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру Ережелерін бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің 2002 жылғы 14 мамырдағы N 131-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1875. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004.06.30. N 190-п бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N  1693  "Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң Ережелерiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес және балықтарды қоса жануарлар әлемi ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мiндеттерiн қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса берiлiп отырған балықтарды қоса жануарлар әлемi ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру Ережелерi бекiтiлсiн. 
      2. Қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттiк инспекциясы Департаментiмен Табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң аумақтық құрылымдары осы Ережелердi басшылыққа және орындауға алсын. 
      3. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы Комитетiнiң 1999 жылғы 3 тамыздағы N 188 және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнің 2000 жылғы 1 шiлдедегi N 268-П, 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 346-П бұйрықтарының күшi жойылсын. 
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күшiне енедi. 
      5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттiк Бас инспекциясының Департаментiне жүктелсiн. 

       Министр 

       Жiберiлсiн: Iске, қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттiк инспекция Департаментiне, ұйымдастыру және кадрлар жұмысы басқармасына, орман, балық және аңшылық шаруашылығы Комитетiне, облыстық аумақтық жануарлар және өсiмдiктер әлемiн мемлекеттік бақылау басқармаларына, облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармаларына. 

Қазақстан Республикасы         
Табиғи ресурстар және қоршаған      
ортаны қорғау министрінің        
Бұйрығымен Бекітілген          
14 мамыр 2002 ж.             
N 131-п                   

  БАЛЫҚТАРДЫ ҚОСА ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ РЕСУРСТАРЫН 
ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДА 
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР   

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы"  Z970160_  , "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы"  Z970162_  , "Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы"  Z933300_  Заңдарына, 1999 жылдың 12 қазандағы N 1693  P991693_  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы Ережеге, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны қорғау бас мемлекеттік инспекциясының Департаменті туралы және жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау жасайтын облыстық аумақтық басқармалардың, биоресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мекемелердің Ережелеріне сәйкес әзірленген және балықтарды қоса жануарлар әлемі ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалануға мемлекет тарапынан бақылауды ұйымдастыру тәртібін анықтайды. 
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жүйесінде балықтарды қоса жануарлар әлемі ресурстарын қорғау, өндіру және қолдануға мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, жоғарыда аталған актілерге сай табиғатты қорғау тәртібін сақтау бойынша қоршаған ортаны қорғау бас мемлекеттік инспекциясының Департаментінің орталық аппаратындағы, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекет тарапынан бақылау жасайтын облыстық аймақтық басқармаларындағы және биоресурстарды қорғау бойынша аймақтық мекемелеріндегі, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың мемлекеттік инспекторлары құзырлы болып табылады. 
      3. Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекет тарапынан бақылау жасайтын облыстық аймақтық басқармалар және биоресурстарды қорғау бойынша аймақтық мекемелер барлық заңды және дара тұлғалардың балықтарды қоса өсімдіктер әлемі ресурстарын қорғау, өндіру және пайдалану белгіленген тәртіптің сақталуын тексеруді қамтамасыз етеді. 

 

  2. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ 
ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

       4. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі ресурстарын қорғауда қалыптасқан тәртіпті сақтауда заңды және дара тұлғаларды тексеру Басқармалықтардың жоспарлы жұмысы болып табылады және жылдық жоспар бойынша жүзеге асырылады, онда барлық немесе негізгі іс-әрекеттерді мақсаттық, сондай-ақ жүйелі тексерістер көзделеді. 
      Тексерудің кезектілігі жыл сайын. Шаруашылық етуші субъектілерді тексеру туралы актілер прокуратура органдарында тіркелуге тиіс. 
      5. Керек болған жағдайда кешенді тексеруге белгіленген тәртіпке сай ғылыми-зерттеу, жобалау-зерттеу және басқа да ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін. 
      6. Мемлекеттік бақылаудың аумақтық ұйымдары мен биоресурстарды бақылау бойынша аймақтық мекемелердің жылдық жұмыс жоспарларын - Қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттік инспекциясы Департаментінің директоры немесе директордың орынбасары бекітеді, мемлекеттік инспекторлардың жұмыс жоспарларын - олар жұмыс істейтін аумақтық басқарма және аумақтық мекемелер басшылары бекітеді. 
      7. Жоспарларда мыналар көрсетіледі: 
      1) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар атаулары; 
      2) тексеру жоспарлануға негіз болатын қаулы, бұйрық, немесе тағы да басқа қалыпты құжат; 
      3) тексерілетін ұйым, кәсіпорын, мекеме не басқа да объектінің атауы; 
      4) жоспарланған шараның орындалуына жауапты адам және оның орындалу мерзімі. 
      8. Мемлекеттік бақылауды өткізу бойынша шаралар жоспарда тексерілетін ұйымдар тәртібімен бөлек көрсетіледі. 
      9. Жұмыс жоспарында алдағы тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған шаралардың орындалуын бақылау ескеріледі. 
      10. Балықтарды қоса өсімдіктер әлемі ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында заңды сақтау бойынша табиғат байлығын қолданушыларды тексеру бағдарламасын жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекет тарапынан бақылау жасайтын облыстық аумақтық басқармалары және биоресурстарды қорғау бойынша аумақтық мекемелері Қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттік инспекциясы Департаментімен келісе отырып әзірлейді және бекітеді. 
      11. Бекітілген жоспар және инспекциялық тексеру ұйымының бағдарламасы тексерілетін шаруашылықты субъекті мен тиісті тексеруге тартылған басқа да бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік ұйымдарға тексеру белгіленген мерзімнен 1 (бір) ай бұрын жеткізілуі тиіс. 
      12. Тексеруді басқарушы, немесе ол тағайындаған тексеретін ұйымның өкілі жүргізеді. Ұйым басқарушысы, немесе оның орнындағы адам барлық сұралған құжаттар мен материалдарды, сонымен қатар керек болған жағдайда орынға барып тексеру үшін көлік беруі тиіс. 
      13. Жеке жағдайларда тексеріс (лауазымды тұлға табиғат байлығын қорғау заңдылығын бұзды деген хабар түскен жағдайда) тексерілетін ұйымның басшысы алдын-ала ескертілмей жедел түрде жүргізілуі мүмкін. Бұндай жағдайда мемлекеттік инспектор қызметтік куәлігін және тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін көрсетуі керек. 
      14. Тексеру кезінде есептік құжаттар зерттеледі және орындағы объектілер қаралады. 
      15. Балықтарды қоса өсімдіктер әлемі ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалануға мемлекет тарапынан бақылауды жүргізген кезде қосымшаға сай тексерілуі тиіс Негізгі сұрақтар тізімін басшылыққа алған жөн. 
      16. Мемлекеттік бақылаудың тәртібінде жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша тексерілген орында 3 данада акті жасалады, онда бақылау сұрақтары бойынша тексерілген объектінің қызметіне сипаттама беріледі; туған немесе кемшіліктер әсерінен тууы мүмкін залалдар; бұған кінәлі адамдардың лауазымы, аты-жөндері; кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар анықталады, тексерілген ұйымның басшысына қол-хатпен кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою туралы белгіленген қалыптағы нұсқама тапсырылады. 
      17. Актімен келіспеген жағдайда басшы өзінің ерекше пікірі жазылған қағазды бірге жібере алады. 
      18. Ерекше пікірдің болуы нұсқаманың берілуіне еш кедергі жасай алмайды: алдым деген белгісі бар бір данасы тексерілген ұйымда қалады, екіншісі - тексерілген ұйымнан жоғары ұйымға жіберіледі, үшіншісі - тексеру жүзеге асыратын ұйымға жіберіледі. Нұсқаманы орындалуы туралы мәліметті тексерілген кәсіпорын тексерген ұйымға жеткізуі тиіс. 
      19. Егер мемлекеттік бақылау кезінде табиғат байлығын қорғау заңдылығын бұзушылық анықталған болса мемлекеттік инспектор хаттама толтырады, және белгіленген тәртіпте әкімшілік істер қаралады. 
      20. Мемлекеттік бақылау ұйымдарымен жүргізілген тексерулер тексеру кітабында тіркеледі. 
      21. Мемлекеттік бақылаудың жүзеге асқаны туралы деректер ведомстволық және статистикалық есеп беру нысандарында, сонымен бірге мемлекеттік бақылау ұйым қызметтері туралы есепке тіркелген түсініктеме қағазда көрсетілуі тиіс. 

Балықтарды қоса жануарлар      
әлемi ресурстарын қорғау, өндiру және 
қолдануға мемлекеттiк бақылауды   
ұйымдастыру Ережелерiне        
Қосымша                  

  БАЛЫҚТАРДЫ ҚОСА ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМI РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН
МОЛАЙТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖYРГIЗГЕН КЕЗДЕ ТЕКСЕРIЛУI ТИIС СҰРАҚТАР
ТIЗІМІ

  1. ЖЕРДЕГI ЖАБАЙЫ АҢДАРҒА
ӨНДIРIСТIК ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

     1. Аңдарды жинақталған және көбейетiн жерлерiнде қорғаудың әдiстерi (жұмыс жоспарларының және оперативтi отрядтардың бекiтiлген рейдтiк жол бағыттары, шығу жиiлiгi, арнайы техниканы қолдану).
     2. Бұзушылықтар ашылды, ұйғарымдар берiлдi.
     3. Айып салу және талап етiлдi.
     4. Айып және талап етiлген сома алынды.
     5. Тәркiленген қарулары мен заңсыз тәркiленген өнiмдердiң алынуы.
     6. Берiлген ұйғарымдардың орындалуын тексеру.
     7. Балықтарды қоса жануарлар әлемiн қорғауды насихаттауды жүргiзу (бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, плакаттар).

  2. ЖЕРДЕГI ЖАБАЙЫ АҢДАРДЫ ӨНДIРУ 

      8. Жабайы аңдарды асырау және табиғатқа шығарудың жылдық және ұзақ мерзiмдi жоспарларының болуы және орындалуы.
     9. Өсiп-өнетiн жерлер және демалатын тыныштық аймағын құру.
     10. Жабайы аңдарды қоректендiру.
     11. Ұя салуға жарайтын жер аумағын көбейту.
     12. Жабайы аңдарды климатқа үйрету және басқа климатқа үйрету.
     13. Мал-дәрiгерлiк/алдын-алу және санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар.
     14. Қасқырлар және қорқау қасқырлармен күрес.
     Қорғау және биотехникалық iс-шаралардың әсерлiгiн бағалаудағы негiзгi көрсеткiштерi болып аңшылық алқаптардың биологиялық (аумақ бiрлiгiне шаққандағы барлық аң түрлерiнiң өсу саны) және тауарлық (өнiмнiң шығуы) өнiмдiлiгi табылады.

  3. ЖЕРДЕГI ЖАБАЙЫ АҢДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 

      15. Жабайы аңдардың санының ықшамды мөлшерiн есепке ала отырып, жыл сайынғы жайылымдардың саны туралы деректер негiзiнде жабайы аңдарды аулауға шек қоюды анықтаудың дұрыстығы.
     16. Жабайы аңдарды аулауға рұқсат берудiң тәртiбiн сақтау.
     17. Жабайы аңдарды аулауға берген шек қоюдан асып кету немесе түгел қолданбау деректерi.
     18. Аңшыларда аңшылық билеттерiнiң және аңдарды аулауға және қару ұстауға рұқсаттарының болуы.
     19. Аңшылардың кәсiпкершiлiгi.
     20. Жануарлар әлемi байлығын пайдалану төлемдерiнiң алынуының белгiленген тәртiбiн сақтау.
     21. Аңшылықтың бар түрiмен аң аулағанын тiркейтiн журналды бастау (аң аулағаны туралы күнделiктi мәлiмет).
     22. Аңшылық шаруашылықтарында тексерiлетiндер:
     1) аңшылық жерлерiнiң бекiтiлуi туралы құжаттар (Әкiмшiлiк шешiмi, негiзгi жер иелерiнiң келiсiмi, алқаптарды бекiту туралы келiсiм шарт, келiсiм шарт жүретiн мезгiл, аншлагтың, көрнекi құралдардың, мұражайлардың көп болуы);
     2) аңшылық құрылымдар бойынша арнайы жобалардың болуы;
     3) технико-экономикалық негiзделуi бар шаруашылықтың өркендеу-өсу жоспары;
     4) шаруашылық территориясының картографиялық материалдары бар паспорт;
     5) аңшылық қолданушының келiсiм шарттағы мiндеттерiн орындауы;
     6) қорықшылар құрамының кәсiпкерлiк дайындығы;
     7) қорықшының күнделiк және фенологиялық бақылау журналын жүргiзуi, аңшылық шаруашылығын аралауы;
     8) жабайы аңдардың санын есептеу (кестелер, есеп актiлерi,
жануарлар саны туралы жинақ есебi, табиғаттан жабайы аңдарды алуда шек қоюдың дұрыс анықталғандығы, жабайы аңдардың өлiмi). 
     23. "Аң аулау зоолог кәсiбi" өндiрiстiк бiрлестiгiнде қосымша тексерiледi: 
     1) киiктердiң топтап төлдейтiн орындарын ұйымдастыру және өткiзу; 
     2) аңшылық тәртiбiн сақтау (жолдық және бағыттық қағаздар, аңшылық билеттер, оқ-дәрiлердiң белгiленуi, қосымшалар). 
     24. Жабайы аңдарды, соның iшiнде сирек және жоғалу қаупi бар аңдарды асырау және сатумен айналысатын зоопарк, питомник және басқа да зоологиялық коллекцияларды тексерген кезде қамаудағы аңдардың сатып алыну заңдылығына және күтiлуіне, асыру және ұсталу жағдайларына, төлдерiнiң алыну және тiркелуiне, ен салынуына және сатылуына (ауыстырылуына) ерекше назар аударылуы керек. 
     25. Жабайы аңдарды өсiрумен және олар өмiрiне қажет өнiмдердi, соның ішінде жаңғақ өнiмдерiмен, қолданумен айналысатын ұйымдарды тексерген кезде мамандардың кәсiптiк даярлығына, техника қауiпсiздiгiне, жануарлардың күтiлу және жұмсалу жағдайларына, жануарлар өмiрiне қажет өнiмдердiң тiркелуi мен жұмсалуына және де жануарлар әлемiн қолдану ерекшелiгiмен байланысты арнайы сұрақтарға баса назар аударылуы тиiс.

  4. БАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ 

       26. Балықшаруашылықты суаттар мен балық аулайтын жерлердi есептеу, олардың жұмыс iстеуiн бақылау (шекара белгiлерiнiң, аншлагтардың болуы).
      27. Балық ресурстарын қорғау бойынша құқық қорғау ұйымдары мен табиғат қорғау ұйымдармен бiрлескен жұмыс жоспарларының болуы.
      28. Балық қорларын қорғау қызметтерiнiң әдiстерi (балық ауланатын жерлердi бөлу және олардың қорғау қызметтерiнде тiркелуi, дислокация, жүзу құралдарымен, байланыс құралдарымен, қарумен, жанар-жағар маймен қамсыздануы).
      29. Аумақтық басқару ұйымдары балық ресурстарының қорғалуын жүйелi түрде тексерiлуi, тексеру актiлерiнiң болуы, олардың орындалуын бақылау.
      30. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау насихатын ұйымдастыру және жүргiзу (бұқара ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, плакаттар).
      31. Балықшаруашылық суаттарының өнiмдiлiк күйi.
      32. Браконьерлiкпен күресудiң әсерлiгi.
      33. Бұзушылықтар ашылды.
      34. Айып және талап етiлген сома алынды.
      35. Заңсыз ауланған балық пен уылдырық пен аулау құралдарының алынуы.
      36. Берiлген ұйғарымдардың орындалуын тексеру. 
      37. Құқық қорғау ұйымдар және қоғамдық ұйымдармен жұмыс.
      38. Ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыру.

  5. БАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ӨСIП-ӨНДIРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ 

      39. Қолданушылар көмегiмен суаттардың экологиялық жағдайларын жақсартуға, балық және басқа да су жануарларының өмiрiне жағдай жасауға бағытталған балық, су-шаруашылық суландыру жұмыстарын жүргiзу (суландыру жұмыстарын орындауға және қабылдауға арналған құжаттар). 
      40. Суаттарда балықтарды өсiп-өндiруге, балықтарды тарату және балықтандыру, бөлшектенген арықтар, күрiш арықтарында және басқа да уақытша суаттардағы балық өскiндерiн сақтау бойынша жұмыстарды жүргiзу.
     41. Балықтарды кәсiпкерлiк аулауға және балықшаруашылық суаттарын бекiтуге рұқсат беру тәртiбi сақталу, құжаттардың дұрыс рәмiзделiнуi.
     42. Жыл сайын жасалатын ғылыми-зерттеу жұмыстар, бақылаулық аулау негiзiнде әр суат бойынша түрлiк құрамы көрсетiлiп, балық және басқа да су жануарларын аулауға шек қою және квота бойынша ұсыныстардың негiзделуi.
     43. Ғылыми-зерттеу мақсатында балық және басқа да су жануарларын аулаудың бекiтiлген мөлшерi мен әдiстерiнiң негiзделуi.
     44. Балық аулауға қойылған шектi игеру.
     45. Табиғат байлығын қолданушы туралы деректер:
     1) тұрақты мекен-жайы;
     2) аулауға берiлген билеттiң болуы;
     3) оның қолданылу мерзiмi;
     4) билетте көрсетiлген балықшы санының нақты балық аулауда жүргендермен сәйкестiгi;
     5) балық аулайтын және малту құралдарымен қамсыздануы, олардың тiркелуi;
     6) билетке тiркелген аулау құралдарының бөлiмшедегi құралдармен сәйкестiгi, оларға ен салыну.
     46. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жануарларын аулау ережелерiнiң" сақталуы.
     47. Балық аулау журналының жүргiзiлуi.
     48. Балық және басқа да су жануарларын аулағаны үшiн алынатын төлемақыларды алу.
     49. Шетел туризмiн қоса, спорттық және әуесқойлық балық аулауды реттеу, оның ұйымдастырылу формаларын өркендету.
     50. Уылдырық-өсiрiлу шаруашылықтары (ҰӨШ), балықпитомниктерi, тоған шаруашылықтарын тексерген кезде мыналарға назар аударыңыздар: 
     1) балық өскiндерiн өсiру бойынша жоспардың (тапсырыстың) болуы және орындалуы (суаттарға шаққандағы, балықтар түрiне қарай нақты түрде орындалуы); 
     2) тоғандардың саны және аумағы (өсiретiн, оңалдырылтатын, қыстататын, аналық), олардың техникалық жағдайлары, топырақ түрi, өсу дәрежесi, арнайы құралдар мен техникалық жабдықтардың болуы, оның жағдайы, жанар-жағар маймен қамсыздануы;
     3) балықтардың түрлiк құрамы және олардың талаптағы көлем стандартына сай болуы, ауруларының бар-жоқтығы; сумен қамсыздандырылуы;
     4) су жiберiлу жағдайы, жемдерi және олардың мөлшерi.
     51. Мемлекеттiк бақылау тәртiбiнде жүргiзiлген тексерулер кезiнде жануарлар әлемiн қолданатындардың қызметiмен байланысты басқа да сұрақтардың шешiлуiне мүмкiндiк бар.      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады