"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 548 бұйрығына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 10 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1916. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.05.11 N 204 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 394 V021859_ бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында
                                БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 548 V011577_ бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiнде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсiлген мерзiмдерде медициналық, дене бiтiмi және психологиялық көрсетулерi бойынша талапкерлердi iрiктеудi жүзеге асырады. Медициналық, дене бiтiмi және психологиялық көрсетулерi бойынша iрiктеуден өтпеген және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiне 3-қосымша бойынша арыздарында екiншi және үшiншi мамандықтарды көрсеткен талапкерлер, мемлекеттiк сертификат алу үшiн өз ерiктерi бойынша кешендi тестiлеуге жiберiлуi мүмкiн. Кешендi тестiлеу, жоғары оқу орындарының тыңдаушылары қатарына қабылдау Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiнде белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi, олар Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсу арқылы ғана өзгертiлуi мүмкiн.".
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "290000 "Әскери техника және технология" даярлау бағытындағы мамандықтар бойынша: iшкi әскерлердiң командалық-тактикалық, тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстың командалық-тактикалық, автомобильдiк әскерлердiң командалық-тактикалық, байланыс әскерлерiнiң

 

командалық-тактикалық, әскерлердi инженерлiк-техникалық қамтамасыз етудiң

командалық-тактикалық, әскерлердi ракеталық-артиллериялық қамтамасыз

етудiң командалық-тактикалық, тылдық қамтамасыз етудiң

командалық-тактикалық, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етудiң

командалық-тактикалық:

     физика;

     математика;

     қазақ немесе орыс тiлi;

     Қазақстан тарихы.

     "Физика" негiзгi пән болып табылады.".

     2. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Тәрбие және кадр жұмысы

департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде

тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi

iстер вице-Министрi iшкi қызмет генерал-майоры С.Н.Баймағанбетовке және

Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Тәрбие және кадр жұмысы

департаментiне (М.М.Сүйiншәлиев) жүктелсiн.


     Министр

     генерал-полковник

     "КЕЛІСІЛДІ"

     Қазақстан Республикасы

     Білім және ғылым

     бірінші вице-Министрі

     2002 ж. 24 маусым


     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Икебаева Ә.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады