Почта байланысы, телекоммуникациялар саласында және радиожиілік спектрiн пайдалануда лицензиаттардың лицензия шарттарын сақтауын тексерулердi ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитет Төрағасының 2002 жылғы 16 тамыздағы N 206-П бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 17 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1954. Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 16 тамыздағы N 172-п (V043070) бұйрығымен.

      Почта байланысы, телекоммуникациялар саласында және радиожиiлiк спектрiн пайдалануда лицензиаттардың лицензия шарттарын, радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудың техникалық нормаларын сақтауын бақылауды реттеу және күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса берiлiп отырған почта байланысы, телекоммуникациялар саласында және радиожиiлiк спектрiн пайдалануда лицензиаттардың лицензия шарттарын сақтауын тексерулердi ұйымдастыру Ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Байланыс саласындағы мемлекеттiк қадағалау басқармасы (А.Е. Баймұратов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi Комитет Төрағасының орынбасары А.Қ.Жұмағалиевке жүктелсiн. 
      4. Бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және таныстыру мен таратуға жатады. 

      Төраға 

                                    Қазақстан Республикасы
                                  Көлiк және коммуникациялар
                                  министрлiгiнiң Байланыс және
                                    ақпараттандыру жөнiндегi
                                     Комитетi төрағасының
                                2002 жылғы 16 тамыздағы N 206-П
                                      бұйрығымен бекiтiлген

Почта байланысы, телекоммуникациялар және
радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласында
лицензиаттардың лицензия шарттарын сақтауын
тексерудi ұйымдастыру ережесi

      Почта байланысы, телекоммуникациялар және радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласында лицензиаттардың лицензия шарттарын сақтауын тексерудi ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi және почта байланысы, телекоммуникациялар және радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласында лицензиаттардың лицензия шарттары мен қолданыстағы заңдарды сақтауын тексерулердi жүзеге асыру тәртiбiн, сондай-ақ тексерулердi ұйымдастыру бөлiгiнде Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi аумақтық басқармалардың (бұдан әрi - БАБ) байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның орталық аппаратымен - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн белгiлейдi. 

1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Комитет Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665  P001665_  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi туралы ереже, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443  P961443_  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ереже, және басқа нормативтiк құқықтық кесiмдер негiзiнде почта байланысы, телекоммуникациялар және радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласында кез келген санаттағы тұтынушыларға қызметтер ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың лицензиялық лицензия ережелерi мен қағидалары саласындағы заңдарды сақтауына мемлекеттiк қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады. 
      Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi аумақтық басқармалары (бұдан әрi - БАБ) бар. 
      2. Комитет пен БАБ тексерулердi өздiгiнен, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүзеге асырады. Басқа органдармен бiрлесiп тексерулер жүргiзу кезiнде тексеру жоспарлары келiсiледi. 
      3. Тексерулердi жүзеге асыру кезiнде БАБ лауазымды адамдары байланыс саласындағы қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi басшылыққа алуы тиiс. 
      4. Комитет лицензиаттарды есепке алуды жүзеге асырады және БАБ-қа қызметi бiр облысқа не Қазақстан Республикасының барлық аумағына тарайтын лицензиялар туралы хабарлайды. 
      5. БАБ облыс аумағында лицензиаттың лицензия шарттарын сақтауына бақылау жасауды және есепке алуды жүзеге асырады және лицензиаттың лицензия шарттарын сақтауын тексерулердi жүзеге асыру жоспарларын құрастырады. 

2-тарау. Негiзгi мақсаттар мен міндеттер 

      6. Почта байланысы, телекоммуникациялар және радиожиілік спектрiн пайдалану саласындағы кәсiпкерлiк қызметке арналған лицензия шарттарын сақтауға тексерулер жүргiзудің мақсаты телекоммуникациялар, почта қызмет көрсетулерi рыногының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары белгiлеген талаптарға сәйкес пайдалану болып табылады. 
      7. Тексерулердің негiзгi мақсаты: 
      1) лицензиаттардың радиожиілік спектрiн және Қазақстан Республикасы аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға берiлген лицензия шарттарын сақтауын бақылау; 
      2) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес желi құрылғылары мен почта және электр байланысы құрылғыларының оларды техникалық пайдалану бойынша техникалық нормаларға және талаптарға сәйкестiгiн тексеру (қажеттi сынақтар мен өлшеулердi жүргiзу); 
      3) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 264 Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсыну ережесiне сәйкес байланыс қызметтерiн ұсыну ережесiмен белгiленген, тағайындалған сапа нормаларына сәйкес почта байланысы қызметтерiн алуға тұтынушылардың құқығын қамтамасыз ету; 
      4) заңсыз қолданылып жүрген радиохабарлар таратушы құралдарды анықтау және жолын кесу; 
      5) Қазақстан Республикасының заңдарын және халықаралық келiсiмдер талаптарын бұзушылықтарды анықтау және алдын алу. 

3-тарау. Байланыс саласындағы лицензияланатын қызметке 
тексерулердi ұйымдастыру және жүргiзу 

1. Жалпы талаптар 

      8. Заңды және жеке тұлғалардың почта байланысы, телекоммуникациялар және радиожиілік спектрiн пайдалану саласындағы қызметтi реттейтiн нормативтiк-техникалық кесiмдердi, сондай-ақ лицензианттардың лицензия шарттарын орындауын тексерулердi жүргiзудi БАБ лицензиаттың қызмет көрсетулердi ұсыну орыны бойынша тексерудi заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 
      9. Тексеру жүргiзу туралы шешiмдi лицензиар - Комитет немесе БАБ Комитет Басшылығы бекiткен тексерулер жүргiзу кестесiне сәйкес қабылдайды. 
      10. Тексеру кестелерi БАБ-қа келiп түскен азаматтардың, ұйымдардың, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың өтiнiштерi негiзінде, орталық мемлекеттiк органдардың, құқық қорғау органдары өкілдерiнiң тапсырмалары негiзiнде, сондай-ақ лицензиат лицензия шарттарын бiрнеше рет бұзған жағдайда және Қазақстан Республикасының байланыс және ақпараттандыру саласындағы қолданыстағы заңдарына сәйкес, сот шешiмi негiзiнде құрастырылады. 
      11. Почта байланысы, телекоммуникациялар және радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласында лицензиялануға тиiс қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексерулердi жүзеге асыруға техникалық тапсырманы БАБ бастығы бередi және мөрмен куәландырады. 
      12. Жоспарлы тексерулердi жүргiзу мерзiмдерi, технологиялық процестерде материалдық зиян шектiруге әкелуi мүмкiн ерiксiз тұрып қалулар мен үзiлiстердi болдырмау мақсатында лицензиаттармен келiсiледi. 
      13. Тексерулердi жүзеге асыратын БАБ лауазымды адамдары: 
      1) лицензиатқа алда болатын тексеру туралы жазбаша хабарлауы, БАБ бастығы қол қойған тексеру жүргiзуге арналған техникалық тапсырманы көрсетуi (1-қосымша), тексеру процесiнде оның құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпараттандыруы; 
      2) лицензияның және радиожиілік спектрiн пайдалануға берiлген рұқсаттардың белгiленген шарттарын мүмкiн болар бұзуларды болдырмауы, олардың болуына ықпал жасайтын себептер мен жағдайларды анықтауы және өзiнің өкiлеттiгi шегiнде оларды жоюға шаралар қабылдауы; 
      3) өзінің құзыретi шегiнде лицензиаттарға iс жүзiнде көмек көрсетуi; 
      4) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе толық орындамағаны үшiн, сондай-ақ жiберген заң бұзушылықтары үшiн жауапкершiлiкте болуы тиiс.

2. Тексерулердi жүргiзу тәртiбi  

      14. Тексерулер белгiлеу туралы кесiм Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және ақпарат орталығының аумақтық органдарында (бұдан әрi - ҚСжАО) тiркеуден өткеннен кейiн жеке және заңды тұлғаларды тексерулер жүргiзiледi. Қала аумақтарында және аудандарда ҚСжАО бөлiмшелерi болмаған жағдайда, тексерулер белгілеу туралы кесiмдi тiркеу осы қала және аудан прокурорлары арқылы жүргiзiледi. 
      15. Қолданыстағы заңнамаларды бұза отырып сәйкесті ресiмдемеген кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға тiркеуге жатпайды (лицензиясыз). 
      16. Байланыс қызмет көрсетулерiн лицензиясыз ұсыну жөнiндегi тәртiп бұзушылықтар анықталған жағдайда, құрастырылған кесiм құқыққорғау органдарына берiледi. 
      17. БАБ тексеру бiтiсiмен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 ж. 25 сәуiрiнде N 27  V021867_  бұйрығымен бекiтiлген Барлық шаруашылық субъектiлер қызметiн тексерудi бiрiншi рет тiркеу құжаттарын беру және тiркеу туралы ережеге сәйкес 24 сағат iшiнде шаруашылық субъектiлерiн тексергенi туралы ҚСжАО аумақтық бөлiмшелерiне тiркеу карточкасына талон-қосымша беруi тиiс. 
      18. Почта байланысы, телекоммуникациялар және радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласындағы лицензиаттың лицензия шарттарын орындауын тексерулер мерзiмдiк жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер түрiнде жүргiзiледi. Мерзiмдiк жоспарлы тексеру жылына 1 рет жасалады (адам саны 10-нан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 3 жылда 1 рет болады). 
      19. Лицензия бойынша қызмет көрсету басталуы мерзiмiне сәйкес қызмет ұсыну фактiсi бiрiншi жоспарлы тексерумен куәландырылады. Егер оператор бұрын осы қызметтердi алдыңғы лицензия бойынша ұсынбаған болса, онда ол лицензия бойынша қызмет көрсете бастау күнiнен бастап бiр ай iшiнде жүргізiледі. Лицензияда көрсетiлген мерзiмнің басталуына дейiн iс-жүзiнде қызмет көрсетiлген жағдайда, бiрiншi тексеру лицензиат тiркелгеннен 6-10 айдан кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      20. Тұтынушылардың немесе байланыс операторларының арыздары бойынша, сондай-ақ лицензиясыз қызмет және радиоэлектронды құралдар (бұдан әрi - РЭҚ) мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды (бұдан әрi - ЖЖҚ) пайдаланудың техникалық нормаларын бұзу анықталған және жолы кесiлген жағдайда, Комитет нұсқауы бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргiзiлуi мүмкін. 
      21. Лицензия шарттарын орындауды тексеру жоспарларын БАБ бастықтары құрастырады және Комитетке тексеруге жiбередi. 
      22. Осы Ережеге сәйкес тексерулердi жүзеге асыратын БАБ лауазымды адамдары тексерiлетiн тұлғаларға қызметтiк куәлiктерi мен тексеру жүргiзуге тапсырманы көрсетуге мiндеттi.
      23. Тексеруге тапсырма БАБ бланкiсiне басылып, оған басшысы қол қоюы тиiс. Тапсырмада тексерiлуге жататын мәселелер тiзбесi, оларды өткiзу мерзiмi, сондай-ақ лауазымдарын көрсете отырып, тексерудi жүзеге асыратын тұлғалардың тiзiмi көрсетiледi.
      24. Тексеру мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) iстің жай-күйiн алдын ала зерделеу;
      2) тексерулердi жүргiзу;
      3) тексеру жүргiзу кезiнде алынған нәтижелердi талдау және жалпылау, қорытындыларды тұжырымдау, тиiстi құжаттарды ресiмдеу;
      4) жұмыс нәтижесiн қорытындылау;
      5) тексеру нәтижелерi туралы ұйым басшыларын (кәсiпкердi) хабарландыру;
      6) тәртiп бұзу фактiлерi, егер олар анықталған болса шаралар қабылдау.
      25. Тексерулердi өткiзу мерзiмi, алдағы жұмыстар көлемiн, қойылған мiндеттер мен қызметкерлер тобы құрамын ескере отырып белгіленедi, бiрақ 30 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс. 
      26. Негiзделген себептерi бар болғанда тексеру мерзiмi 20 күнтiзбелiк күннен артық емес уақытқа ұзартылуы мүмкiн, бұл үшiн тексерушi тексеру мерзiмiн ұзарту үшiн объективтi себептердi көрсете отырып, БАБ бастығының атына баяндама жазба жазуы тиiс. Уақытын ұзарту туралы белгi осы тапсырмаға жасалады. Бұл туралы тексерушілер тексерiлетiн ұйым басшысын хабардар етуi тиiс. 
      27. Жоспардан тыс тексеру жүргiзген жағдайда анықтамада лицензия қызметi шарттарының жоспардан тыс тексеруге әкелiп соқтырған тармақтарының орындалуына басты назар аударылады. 
      28. Тексеру жүргiзу кезінде лицензияланатын қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар БАБ уәкiлеттi лауазымды адамдарының талаптары бойынша оған қосымшаларымен лицензияларын, рұқсат құжаттарын және орындап отырған қызметiнiң лицензия шарттарына сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттарды көрсетедi. 
      29. Тексеру нәтижелерi бойынша тексерудiң құжаттамалық кесiмдерi құрылады (бұдан әрі - Кесім). 
      30. Кесiмге қол қойған күн тексеру аяқталған күн деп есептеледi. 
      31. Құжаттамалық тексеру Кесiмi (2-қосымша) барлық қосымшаларымен бiрге екi дана етіліп құрастырылады. Бiрiншi қосымша ұйым басшысына немесе оның орнындағы адамға тапсырылады, екiншiсi-тексерушіде қалады. 
      32. Бұл орайда БАБ уәкiлеттi лауазымды адамдары мынадай талаптарды орындауы тиiс: 
      1) анықталған бұзушылық фактiлерiн тиiстi заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдерге сiлтеме жасай отырып, жүйелi, шын, анық және егжей-тегжейлi баяндау; 
      2) тексеру Кесiмiнің мәтінінде анықтамалық деректер, екiншi дәрежелi фактiлер, кесiмге қосымшаларда көрсетiлуi тиiс қайталанатын бiртектi тәртiп бұзушылықтарды санамалау мазмұндалмауы тиiс; 
      3) Кесiмде тек тәртiп бұзушылықтар туралы нақты, негiзделген және құжат жүзiнде расталған деректердi көрсету қажет (құжаттың нөмiрi мен күнi, нормативтiк құқықтық кесiмнің атауы, бұзушылықтың мазмұны). 
      33. Кесiмде сәйкестi құжаттармен дәлелденбеген қорытындылар, ұсыныстар мен деректер енгiзуге жол берiлмейдi. 
      34. Құжаттамалық тексеру кесiмiне тексерулердi жүргiзуге уәкiлеттi тұлғалар қол қояды және оны ұйымның бiрiншi басшысына не оның орнындағы адамға таныстыруға жатады, бұл туралы кесiмге тиiстi жазу түсiрiледi және мөрмен куәландырылады. 
      35. Ұйым басшысының тарапынан қарсы пiкiр немесе ескертулер бар болғанда, ол немесе кесiмге қол қоюшы тұлға бұл туралы өзiнің қолының алдына алдын ала жазу түсiредi және жазбаша түсiндiрмесiн қоса бередi. 
      36. Құжаттамалық тексеру кесiмi БАБ арнайы журналында тiркеледi. 
      37. Лицензия қызметi шарттарын бұзу, сондай-ақ заңсыз пайдаланылған РЭҚ пен ЖЖҚ анықталған жағдайда, БАБ лауазымды тұлғасы тексеру кесiмi тiркелгеннен кейiн үш күндiк мерзiмде мына шешiмдердің бiреуiн қабылдайды: 
      1) лицензияда көзделген шарттарды бұзуларды жоюдың мерзiмiн белгiлей отырып, бұзуды жою жөнiнде лицензия иесiне нұсқама бередi; 
      2) тоқтата тұру себебiн көрсете отырып, лицензия қызметiн алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға ұсыныс енгiзумен материалдарды Комитетке жiберу туралы БАБ бастығын тексеру кезiнде анықталған тәртіп бұзушылықтар туралы хабардар ету (сот шешiмiнсiз шағын кәсiпкерлiк субъектiсінің лицензия қызметiн тоқтата тұруға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айырықша жағдайларда 3 күннен артық емес мерзiмге, көрсетiлген мерзiмде сотқа міндеттi қуынымдық өтiнiш түсiрумен рұқсат етiледi). 
      38. Байланыс және коммуникациялар саласындағы лицензияланатын қызметтi тексеру нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы (3-қосымша) БАБ лауазымды адамы жазбаша, екi дана етiп құрастырады - бiрiншiсi шаруашылық жүргiзушi субъектiге тiкелей тексеру аяқталғанда берiледi, нұсқаманың екiншi данасы БАБ-қа тапсырылады және бұл құжаттардың көшiрмесi міндеттi түрде Комитетке жiберiледi. 
      39. Шаруашылық жүргiзушi субъект нұсқамадағы мерзiм ішiнде бұзушылықтарды жоюға және нәтижелерi туралы БАБ-қа жазбаша хабарлауға мiндеттi. 
      40. Бұзушылықтарды жойғаны туралы жазбаша жауап алғаннан кейiн немесе заңнамада белгіленген мерзiмде ол тапсырылмаған жағдайда, БАБ лауазымды адамы шаруашылық жүргiзушi субъектінің нұсқаманы орындау затына тексерудi жүзеге асырады бұл туралы анықтама құрастырады (4-қосымша). 
      41. Нұсқамалар және БАБ ұйғарымдарын байланыс және ақпараттандыру заңнамаларына сәйкес лицензия шарттарын және талаптарын орындалмаған жағдайда, бұзушылық қайталанғанда БАБ мынадай iс-қимылдар жасауы мүмкiн: 
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443  P961443_  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Почта байланысы, телекоммуникациялар және радиожиілік спектрiн пайдалану саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженiң 31-тармағына сәйкес жабдықтың техникалық сипаттамаларын қолданыстағы стандарттарға толық сәйкес келтiргенге дейiн немесе РЖС пайдаланудағы қарыздарды өтегенге дейiн (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен басқа) Комитет алдында лицензия қызметiн 6 (алты) айға дейiн тоқтата тұруға өтiнiш жасайды; 
      2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Комитетке РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануды тоқтату туралы ұсыныс бередi. 
      42. Лицензиар, себептерiн көрсете отырып, лицензия қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апталық мерзiм iшiнде лицензияның қызметi тоқтатылғандығы туралы иелерiне жазбаша түрде хабарлайды. 
      43. Лицензия қызметiн тоқтата тұру туралы Комитет шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға болады. 

3. Тексеруге жататын негiзгi мәселелер  

      44. Тексеру жүргiзу кезiнде лицензиат қызметiнің Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық кесiмдерiне және лицензия шарттарына сәйкестiгiн белгiлейтiн мынадай өлшемдердi анықтау қажет: 
      1) лицензияланатын қызметi, оларды пайдаланумен жүзеге асатын, негiзгi қорларға ие болу және пайдалану құқығы (жалға алу, лизинг, жалдау және тағы басқа шарттар, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi); 
      2) мамандардың кәсiби бiлiктiлiгi; 
      3) жеке және заңды тұлғалардың пайдаланушыларға қызмет көрсетулер ұсынуға лицензиясының және РЖС пайдалануға рұқсатының бар болуын; 
      4) лицензия қызметi шарттарының сақталуын; 
      5) лицензиаттардың желiлер мен байланыс объектiлерінің құрылысы ережелерiн, желiлер мен байланыс объектiлерiн техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк техникалық құжаттама талаптарын және техникалық қауiпсiздiк талаптарын орындауын; 
      6) жеке және заңды тұлғалардың байланыс құралдарының жұмысын белгiлейтiн заңнамалық және өзге нормативтiк құқықтық кесiмдердi орындауын; 
      7) байланыс объектiлерiнде және желiлерiнде тек сертификатталған техникалық құралдардың қолданылуын; 
      8) жалпы пайдаланыстағы желi операторларымен тиiстi тәртiппен ресiмделген шарттарының және қызмет ету мерзiмiнің бар болуы, осы шарттардың орындалуы, техникалық шарттардың бар болуы және орындалуын (жалпы пайдаланыстағы желiлерге қосылған ведомстволық және басқа желiлер үшiн, сондай-ақ коммерциялық қызметтер ұсынатын айқындалған желiлер үшiн); 
      9) байланыс құралдарының, объектiлерiнiң және құрылғыларының белгiленген тәртiппен тiркелуiн және радиожиiлiктердi пайдалану мен РЭҚ пен ЖЖҚ қолдануға арналған рұқсаттар шарттарының орындалуын; 
      10) РЭҚ пен ЖЖҚ қолдану техникалық сипаттамаларының РЖС пайдалануға рұқсатта көрсетiлген деректерге сәйкестiгiн; 
      11) байланыс объектiлерi мен құрылғыларының санитарлық паспорты және санитар-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы мемлекеттiк орган қорытындысының бар болуын анықтау қажет.
      45. Почта байланысы ұйымдарын тексеруге Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің 1997 жылғы 30 мамырдағы N 81 бұйрықтарымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 ақпанда тiркелген   V970461_   Почта байланысы қызмет көрсету ережелерiне сәйкес клиентке қызмет көрсетудi ұйымдастыруын тексеру кiредi. 

4-тарау. Лицензиаттың лицензия шарттарын сақтауын
тексеру жөнiнде құжаттық кесімді ресiмдеу

      46. Құжаттамалық тексеру кесiмi бес тармақтан тұрады және келесi мәлiметтерден тұруы керек:
      1) бiрiншi тармақта көрсетiлуi тиiс:
      тексерудi тағайындаған орган аты;
      бақылаушы органның күнi және тiркеу нөмiрi;
      тексерудi жүргiзетiн қызметкердің тегi және аты;
      тексерiлетiн объектiнің аты және орналасу орны, СТН;
      тексерiлетiн субъектінің тегi, аты;
      тексеру түрі;
      тексеру жүргiзу мерзiмi;
      лицензияға ие ұйымның атауы, оның заңды мекен-жайы, телефоны және факсы;
      лицензияға ие ұйым атауының осы лицензия бойынша байланыс қызметтерiн ұсынатын ұйым атауымен сәйкестiгi;
      бақыланатын аумақтағы лицензиат кәсiпорыны филиалының атауы, оның мекен-жайы, телефоны және факсы;
      берiлген лицензияға сәйкес лицензияланатын және iс жүзiндегi 
қызметтің түрi;
      лицензияның қызметi тарайтын аумақ;
      лицензияның нөмiрi және берiлген күнi;
      қызметтің басталу мерзiмi (лицензия бойынша және iс жүзiнде);
      қызметтің басталуын растайтын құжаттар (пайдалануға енгiзу кесiмдерi, шарттар және басқалар).
      2) екiншi тармақта көрсетiлуi тиiс:
      көлемдiк көрсеткiштерi көрсетiлген желiнің құрылымы;
      сәйкестiк сертификат нөмiрлерi көрсетілген пайдаланылатын байланыс аппараттары түрлерi;
      құралдардың, объектiлердiң және құрылғылардың БАБ-та тiркелуi туралы куәлiктерiнiң нөмiрлерi;
      байланыс желiсiнің басқа операторлармен өзара iс-қимылы және осы операторларда лицензиялардың барлығы (тиiстi лицензиялардың нөмiрлерi көрсетiледi) туралы мәлiметтер;
      метрологиялық қамтамасыз ету, қолданылатын өлшеу аппараттарының түрлерi, оның жеткiлiктiлiгi, мемлекеттiк тексеру туралы куәлiктерiнің бар болуы.
      3) үшiншi тармақта көрсетiлуi тиiс:
      қызмет көрсетулер ұсынудың басталуы;
      лицензия шарттарының, сондай-ақ нормативтi құқықтық кесiмдердің орындалуы;
      лицензия шарттарына сәйкес жарна төлеу;
      ұсынылатын қызметтердің сапасы үшiн лицензиаттың жауапкершілігi көрсетiлген байланыс қызметiн тұтынушылармен жасасқан қолданыстағы шарттардың бар болуы; 
      ұсынылатын қызметтер сапасының, қолданып жүрген стандарттардың, нормалардың және ережелердің орындалуы; 
      техникалық пайдалану және техникалық қауiпсiздiк нормативтерiнiң орындалуы; 
      арнайы жедел-iздестiру iс-шаралары бөлiгiнде коммутациялық станциялар үшiн байланыс желiлерiне қойылатын талаптардың орындалуы; 
      РЖС пайдаланатын байланыс желiлерi үшiн РЭҚ қолдану және РЖС пайдалануға арналған рұқсаттардың бар болуы; 
      лицензиардың директивалық нұсқауларды орындауы. 
      4) төртiншi тармақта көрсетiлуi тиiс: 
      лицензия шарттарының орындалуы (орындалмауы) (соңғы жағдайда орындалмаудың нақты тармақтары және себептерi келтiрiлуi және лицензия қызметiн тоқтата тұру, керi шақыру немесе қайта ресiмдеу жөнiндегi БАБ iс-қимылы көрсетiлуi тиiс); 
      тексеру кезiнде айқындалған кемшiлiктердi жойғаны. 
      5) бесiншi тармақта негiзi бойынша нұсқамалар құрастырылатын және лицензиаттың мекен жайына ресми түрде жiберiлетiн тұжырымдар көрсетiлуi тиiс. 
      47. Лицензия қызметiн тоқтата тұруды талап етпейтiн тәртiп бұзулар анықталғанда, лицензиат көрсетiлген кемшiлiктердi жоюға тиiстi уақыт мерзiмi белгiленедi. 

5-тарау. Комитет пен БАБ-тың өзара іс-қимылы 

      48. Почта байланысы, телекоммуникациялар және РЖС пайдалану саласындағы лицензиялық қызметке бақылау жөнiндегi жұмысты талдау үшiн, сондай-ақ БАБ жоспарлы тексерулерiн орындау үшiн мыналар қажет: 
      1) бекiтiлген жоспарға сәйкес лицензия қызметiне тексеру жүргiзгеннен кейiн, Комитетке 10 күндiк мерзiм iшiнде кесiм көшiрмесiн тапсыру; 
      2) лицензиат нұсқамада көрсетiлген ескертулердi жойғаннан кейiн, 10 күн iшiнде мiндеттi түрде бұл жөнiнде Комитеттi хабардар етулерi (керi жағдайда, орындалмау себебiн түсiндiруi қажет); 
      3) ай сайын лицензияланатын қызметтi бақылау жөнiнде Комитетке Почта байланысы, телекоммуникация және радиожиілік спектрiн пайдалану саласында лицензиаттардың лицензия шарттарын сақтауын тексерудi ұйымдастыру (5(Л) қосымша) және радиоэлектрондық құралдар мен радиоспектрдi пайдалану жөнiнде (6(РЖС) қосымша) есеп берулерi көрсетiлген; 
      4) радиобақылаудың бекiтiлетiн кестесi бойынша, әр тоқсан сайын Комитетке РЖС пайдаланатын ауқымға техникалық радиобақылау бойынша деректер ұсынуы (тоқсаннан кейiнгi айдың бесiнші күнi). 

6-тарау. Есепке қою туралы куәлiктердi және лицензия 
шарттарының сақталуын тексерулер жөнiндегi құжаттарды 
есепке алу, сақтау және тарату 

      49. Лицензиатты есепке қою туралы БАБ кесiмi және куәлiк типтiк және нақты бөлiктерден тұратын нөмiрi болуы тиiс. 
      Өз кезегiнде типтiк бөлiк лицензия нөмiрi мен дефис арқылы БАБ облысы кодын қамтиды (7-қосымша). Нақты бөлiктің нөмiрi (типтiктен кейiн бөлшек сызығы арқылы) БАБ ұйғаруы бойынша берiледi. 
      50. БАБ әрбiр лицензиясы бойынша осы лицензияға қатысты ішiнде барлық құжаттар сақталуы тиiс жеке iс болып ресiмделуi тиiс. Лицензияның жұмысы тоқтатылғаны туралы немесе лицензияға ие ұйымның жойылғаны туралы ресми хабар алғаннан кейiн, бұл iс мұрағатта сақталады. 
      51. Лицензиат БАБ-тан алынған құжаттар негiзiнде байланыс лицензиаттарын мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне енгiзiледi. Тiзiлiмге мына жағдайларда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi: 
      1) заңды тұлғаны қайта тiркегенде; 
      2) лицензиаттың лицензия шарттарын сақтауына тексерулер жүргiзгенде; 
      3) ұйым таратылғанда. 
      Тiзiлiм ЭЕМ жадында электрондық түрде және магнит тасушыларда көшiрмесi түрiнде сақталады. 
      52. Лицензиат өкiлiне Кесiмнiң бiрiншi данасын беру арнайы тiркеу журналына Кесiм данасын алғандығы туралы алушының тегiн, атын, әкесiнің атын қажет болғанда алушының қызметiн, сондай-ақ алған күнiн көрсете отырып, қолхат беру арқылы жүргiзiлуi тиiс. 
      53. Лицензиаттың лицензия шарттарын сақтауын тексеру жөнiндегi Кесiмнің екiншi данасы тексерудi жүзеге асыратын БАБ-та лицензияның бүкiл қызметi мерзiмiнде сақталады. Лицензиаттың жазбаша сұрауы бойынша көшiрмесiн алуға рұқсат етiледi. 
      54. Құжаттамалық тексеру кесiмi (толтыруы бойынша) тек БАБ бастығының жазбаша рұқсатымен және танысқан лицензиат не оның өкiлi журналға қолхат жазып беру арқылы танысу жүргiзiлетiн құжат болып табылады. 
      55. Лицензиатты есепке қою туралы куәлiктiң екiншi данасы лицензияның бүкiл қызметi мерзiмi iшiнде бақылау жүргiзілетiн БАБ-та сақталады. Қажет болғанда екiншi дананың көшiрмесiн алуға болады. Сондай-ақ лицензиаттың жазбаша сұрауы бойынша көшiрмесiн алуға рұқсат етiледi. 
      56. Лицензиат өкiлiне куәлiктiң бiрiншi данасын беру арнайы тiркеу журналына куәлiк данасын алғандығы туралы алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын және қызметiн, сондай-ақ алған күнiн көрсете отырып, қолхат беру арқылы жүргiзiлуi тиiс. 

                                 Қазақстан Республикасы Көлiк
                             және коммуникациялар  министрлігінiң
                                 Байланыс және ақпараттандыру
                                жөніндегі Комитетi төрағасының
                               2002 жылғы 16 тамыздағы N 206-П
                                     бұйрығымен бекiтiлген
                               Почта байланысы, телекоммуникация   
                                  және радиожиiлiк спектрiн
                              пайдалану саласында лицензиаттардың
                             лицензия шарттарын сақтауын тексерудi
                                     ұйымдастыру ережесiне
                                          1-қосымша

Тексерулер жүргiзуге арналған
техникалық тапсырма  

   N ____                                   "__"_________ ж. 

____________________________________________________________________
          (Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi басқарма атауы)

тексеру жүргiзу үшiн________________________________________________
                         (шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң атауы)
_______ бастап        _______      дейiн _____________________ күнге
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________                              (тексеру мақсаты)

БАБ қызметкерi (-лерiнiң)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
       (Басқарма қызметкерiнiң тегi, қызметi, қызметтiк куәлiк N-i)
____________________________________________________________________
Техникалық тапсырма Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi басқарма
қызметкерi (-лерi) қызметтік куәлiгiн көрсеткен жағдайда рас болып 
табылады.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

_________________________________         ____________________
 (Басқарма басшысының тегi)                        (қолы)
Ұзартылу мерзiмi ______ нен _________ дейін ___________ күн

                                 Қазақстан Республикасы Көлiк
                             және коммуникациялар  министрлігінiң
                                  Байланыс және ақпараттандыру
                                жөніндегі Комитетi төрағасының
                               2002 жылғы 16 тамыздағы N 206-П
                                     бұйрығымен бекiтiлген

                              Почта байланысы, телекоммуникация
                                   және радиожиiлiк спектрiн
                             пайдалану саласында лицензиаттардың
                            лицензия шарттарын сақтауын тексерудi
                                    ұйымдастыру ережесiне
                                          2-қосымша

ҚҰЖАТТАМАЛЫҚ ТЕКСЕРУ КЕ СІМІ
(екi дана етiлiп құрастырылады)

____________                                   "__"_________ ж.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (кәсiпорынның, ұйымның толық атауы, басшысының аты-жөнi)
____________________________________________________________________
Мына құрамдағы комиссия:____________________________________________
                     (тексеруге қатысушылардың аты-жөнi, лауазымы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________ қатысуымен
                    (ұйым қызметкерi)
жоғарыда көрсетiлген ұйымға тексеру жүргiздi.
     Тексеру нәтижесiнде анықталды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     "Таныстым"
____________________       ___________________      ______________
(тексерушiнiң қолы)          (басшының тегi)                (қолы)

      Ескерту:  Кесiм нысаны тексеру мәселелерiне қатысты жеке
тармақтармен толықтырылуы мүмкiн.

                                   Қазақстан Республикасы Көлiк
                                және коммуникациялар  министрлігінiң
                                    Байланыс және ақпараттандыру
                                   жөніндегі Комитетi төрағасының
                                  2002 жылғы 16 тамыздағы N 206-П
                                       бұйрығымен бекiтiлген
                                  Почта байланысы, телекоммуникация
                                      және радиожиiлiк спектрiн
                                 пайдалану саласында лицензиаттардың
                               лицензия шарттарын сақтауын тексерудi
                                         ұйымдастыру ережесiне
                                              3-қосымша     

Тәртiп бұзушылықтарды жою туралы нұсқама
(екi дана етiлiп құрастырылады)

_____________ ж.                                  "___"_________ ж.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Осы нұсқама
____________________________________________________________________
 (Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегі аумақтық басқарманың атауы)
берген  "___"_________ N __ Тапсырмасына сәйкес "___"_________
жүргізілген тексеру негізiнде ______________________________ берiлдi
                                     (кiм берген)
Тексеру нәтижесiнде мынадай тәртiп бұзушылықтар анықталды:
____________________________________________________________________
Тәртiп бұзушылықтар              Анықталған          Жою мерзiмi   
                             бұзушылықтарды жою
                             жөнiндегі шаралар 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Көрсетілген мерзiмде анықталған ескертулердi жоймаған жағдайда,
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Сiзге
қатысты шаралар қабылданатын болады. 

     Берiлдi                                      Алдым
                                      "___"________ ж. __________
                                     (тапсырған күнi) (лауазымы)
  ____________________                    __________   __________
  (тексерушiнiң қолы)                      (қолы)       (Т А.Ә.)

                                  Қазақстан Республикасы Көлiк
                               және коммуникациялар министрлігінiң
                                  Байланыс және ақпараттандыру
                                 жөніндегі Комитетi төрағасының
                                2002 жылғы 16 тамыздағы N 206-П
                                      бұйрығымен бекiтiлген

                                Почта байланысы, телекоммуникация
                                    және радиожиiлiк спектрiн
                               пайдалану саласында лицензиаттардың
                              лицензия шарттарын сақтауын тексерудi
                                      ұйымдастыру ережесiне
                                           4-қосымша

                  Нұсқаманың орындалуы жөнiнде 
                           Анықтама

_____________ қ.                                  "___"_________ ж. 

____________________________________________________________________
(Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегі басқарма маманының аты-жөнi,
 қызметi, тексеру күнi)
____________________________________________________________________
           (Шаруашылық субъектiсiнiң аты, басшысының аты-жөнi)
______ "___"______ N ___ берiлген нұсқаманың орындалуы тексерілді  

Тексеру барысында мыналар анықталды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     БАБ маманы ___________________             ___________________
                                                      (қолы)
     Шаруашылық
     субъектiсiнiң
     Басшысы ___________________                ___________________
                                                      (қолы)

                                 Қазақстан Республикасы Көлiк
                              және коммуникациялар  министрлігінiң
                                 Байланыс және ақпараттандыру
                                жөніндегі Комитетi төрағасының
                               2002 жылғы 16 тамыздағы N 206-П
                                    бұйрығымен бекiтiлген
                               Почта байланысы, телекоммуникация   
                                   және радиожиiлiк спектрiн
                              пайдалану саласында лицензиаттардың
                             лицензия шарттарын сақтауын тексерудi
                                      ұйымдастыру ережесiне

                                           5(Л)- қосымша           

Почта байланысы, телекоммуникация және радиожиiлiк спектрiн
пайдалану саласында лицензиаттардың лицензия шарттарын
сақтауын тексеру жөнiнде ай сайынғы
- - - - - - облысы бойынша 2002 ж
ЕСЕП БЕРУI

____________________________________________________________________
 NN         Көрсеткiштiң атауы          Есептiк   Жыл     Барлығы 
р/н                                    айдағы    басынан
                                       деректер  бастап
                                                 деректер
____________________________________________________________________
 1   Облыс аумағында иелерiнiң
     заңды мекен-жайы бар қызмет
     көрсетулер ұсынылатын 
     тiркелген лицензиялар саны
1.1  Оның iшiнде есептi құрастыру
     сәтiнде қызмет көрсетушiлер
 2   Басқа облыс аумағында 
     иелерiнiң заңды мекен-жайы
     бар қызмет көрсетулер
     ұсынылатын тiркелген
     лицензиялар саны
2.1  Оның iшiнде есептi құрастыру
     сәтiнде қызмет көрсетушілер
 3   Байланыс және ақпараттандыру 
     жөнiндегi Комитетке жiберiлген
     құжаттардың пакет саны:
3.1  Лицензия алу үшiн
3.2  РЖС рұқсат алу үшiн
 4   Операторлардың лицензияланатын
     қызметтерiн тексерулер саны
 5   Анықталған тәртіп
     бұзушылықтар (ақаулар):
5.1  Лицензиясыз қызмет
     көрсетушілер
5.2  Радиожиілік спектрін РЖС
     арналған рұқсатсыз
     пайдаланушылар
5.3  Сертификатталмаған
     жабдықтарды пайдаланушылар
5.4  Жабдықтарды техникалық
     пайдалануда МЕСТ, ТҚЕ
     бұзған, құжаттық деректерден
     және нормативтерден
     ауытқыған жағдайлар саны
5.5  Тәртiп бұзудың басқа түрлерi
 7   Қолданылған шаралар: 
7.1  Жүргiзiлген тексерулердiң
     деректерi бойынша берiлген
     нұсқамалар саны
7.2  Салынған айыппұлдар саны
7.2.1 Салынған айыппұл сомасы
 8   Анықталған тәртiп
     бұзушылықтардың жалпы саны
8.1  Тәртiп бұзушылықты
     жойғандар саны
8.2  Бақылауда тұрған тәртiп
     бұзушылар саны
____________________________________________________________________

________ облысы бойынша БАБ бастығы   Тегi, аты-жөнi

                                   Қазақстан Республикасы Көлiк
                               және коммуникациялар  министрлігінiң
                                   Байланыс және ақпараттандыру
                                  жөніндегі Комитетi төрағасының
                                 2002 жылғы 16 тамыздағы N 206-П
                                      бұйрығымен бекiтiлген
                               Почта байланысы, телекоммуникация   
                                    және радиожиiлiк спектрiн
                              пайдалану саласында лицензиаттардың
                             лицензия шарттарын сақтауын тексерудi
                                     ұйымдастыру ережесiне
                                       6 (РЖС) 4-қосымша

Радиожиiлiктi және радиоэлектрондық
құралдарды пайдалануды қадағалау жөнiнде
- - - - - - облысы бойынша 2002 ж
ЕСЕП БЕРУI

____________________________________________________________________
NN         Көрсеткiштiң атауы            Есептiк     Жыл    Барлығы
                                          айдағы    басынан
                                          деректер  бастап
                                                    деректер
____________________________________________________________________
 1   Есепте тұрған
     радиоэлектрондық құралдар
     саны
 2   РЭҚ пайдалануға берілген
     рұқсаттар саны
 3   Қазақстан Республикасына
     РЭҚ әкелуге арналған
     рұқсаттар саны
 4   Тiркелген жоғары жиілікті
     құралдар саны
 5   Зерттелген радиожелiлер саны
 6   Анықталған тәртiп бұзушылар
6.1  Рұқсат құжаттарынсыз
     радиожиiлiк спектрiн
     пайдаланушылар
6.2  Сертификатталмаған
     жабдықтарды пайдаланушылар
6.3  Қазақстан Республикасы
     аумағына РЭҚ шетелден әкелу
     тәртiбiн бұзу
6.4  Басқа тәртiп бұзушылықтар
 7   Қолданылған iс-шаралар:
7.1  Жүргiзiлген тексерулердiң
     деректерi бойынша берiлген
     нұсқамалар саны
7.2  Салынған айыппұл саны
7.3  Салынған айыппұл сомасы
 8   Тәртiп бұзушылықтардың
     жалпы саны
8.1  Тәртiп бұзушылықты
     жойғандар саны
8.2  Бақылауда тұрған тәртiп
     бұзушылар саны
_____________________________________________________________________________
 облысы бойынша БАБ бастығы   Тегi, аты-жөнi 

                                 Қазақстан Республикасы Көлiк
                              және коммуникациялар  министрлігінiң
                                 Байланыс және ақпараттандыру
                               жөніндегі Комитетi төрағасының
                               2002 жылғы 16 тамыздағы N 206-П
                                    бұйрығымен бекiтiлген
                               Почта байланысы, телекоммуникация   
                                  және радиожиiлiк спектрiн
                              пайдалану саласында лицензиаттардың
                             лицензия шарттарын сақтауын тексерудi
                                     ұйымдастыру ережесiне
                                          7-қосымша

                      Қазақстан Республикасының 
                  әкiмшiлiк-аумақтық бөлiктерiнiң
                 объектiлердi белгiлеу жүйесiндегi
                             кодалар

____________________________________________________________________
                Код N-і                           Аумақ
____________________________________________________________________                  900                    Қазақстан Республикасы
                  901                         Астана қаласы
                  902                         Ақмола облысы
                  904                         Ақтөбе облысы
                  907                         Алматы облысы
                  910                         Алматы қаласы      
                  915                         Атырау облысы
                  917                    Шығыс Қазақстан облысы
                  919                         Жамбыл облысы
                  926                    Батыс Қазақстан облысы
                  930                       Қарағанды облысы
                  933                       Қызылорда облысы
                  937                       Қостанай облысы
                  943                       Маңғыстау облысы
                  945                       Павлодар облысы 
                  948                    Солтүстiк Қазақстан облысы
                  958                     Оңтүстiк Қазақстан облысы
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады