"Қазақстан Республикасы Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастырудың және жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi төрағасының 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-НҚ бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2009. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-ОД бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңы  13-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 17-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастырудың және жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi төрағасының 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-НҚ бұйрығына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасы Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастырудың және жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi төрағасының 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-НҚ бұйрығының тақырыбынан, 1 және 2-тармақтарынан "Табиғи" деген сөздiң алдындағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздерi алынып тасталсын;
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастырудың және жүргiзудiң ережесiнде:
      тақырыбындағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып
тасталсын;
      1-тармақтағы "дамыту" деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып
тасталсын;
      3-тармақта "саласында" деген сөз "жағдайларында" деген сөзбен
ауыстырылсын;
      5-тармақтың бесiншi абзацындағы "темiр жол магистральдарын пайдалану" деген сөздер "магистральды темiр жол торабының қызметтерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ алынып тасталсын;
      9-тармақтың бiрiншi сөйлемi алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Тiркелiмнiң республикалық бөлiмiн орталық монополияға қарсы орган қалыптастырады және жүргiзедi.
      Тiркелiмнiң республикалық бөлiмi қызметiн шекаралары бiр облыстың шегiнен тыс шығатын рынокта жүзеге асыратын табиғи
монополия субъектiлерiн қамтиды.
      Тiркелiмнiң республикалық бөлiмiне қажеттiгiне қарай орталық монополияға қарсы орган басқа да табиғи монополия субъектiлерiн
енгiзуi мүмкiн.";
      11-тармақта:
      "Уәкiлеттi" деген сөз "монополияға қарсы" деген сөздермен
ауыстырылсын;
      "табиғи монополия саласына жатқызылған қызмет түрлерi" деген
сөздер "қызмет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақта:
      "Республикалық Уәкiлеттi" деген сөздер "орталық монополияға қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi абзацта "және қаулымен ресiмделедi" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тiркелiмнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзудi және одан шығаруды табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтер рыногының жай-күйi туралы шешiмнiң негiзiнде аумақтық монополияға қарсы органдар жүргiзедi және орталық монополияға қарсы органды хабардар ете отырып, ресiмдейдi.";
      13-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- белгiлi бiр табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтер рыногы мен түрлерi жай-күйiнiң өзгеруi;";
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Монополияға қарсы орган табиғи монополия субъектiсiнiң
Тiркелiмге енгiзiлгенi (шығарылғаны) туралы шешiм қабылданғаннан кейiнгi он күн мерзiмде ол туралы осы табиғи монополия субъектiсiн хабардар етуге мiндеттi.";
      15-тармақта "Уәкiлеттi" деген сөз "монополияға қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақта "Уәкiлеттi органның қаулылары" деген сөздер "монополияға қарсы органның шешiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақта:
      бiрiншi абзац алынып тасталсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тiркелiмге енгiзiлген табиғи монополия субъектiсi:";
      1) және 2) тармақшалардағы "Уәкiлеттi" деген сөз тиiсiнше
"монополияға қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-тармақта "Уәкiлеттi орган атынан мемлекет" деген сөздер "монополияға қарсы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19-тармақта:
      екiншi абзацтағы "Уәкiлеттi органға өтiнiшпен" деген сөздер "оны Тiркелiмге енгiзген монополияға қарсы органға арызбен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацта "Уәкiлеттi" деген сөз "монополияға қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Жиынтық талдау және аумақтық бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiру департаментi (С.А.Ержанова) және Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментi (А.Т.Рахымжанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан):
      1) осы бұйрықты тiркелгеннен кейiн ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң және аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады