Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 қарашадағы
N 270-НҚ
бұйрығымен.
____________________________________________________
Қазақстан Республикасының "
Жосықсыз бәсеке туралы
" 1998 жылғы 9 маусымдағы, "
Табиғи монополиялар туралы
" 1998 жылғы 9 шілдедегі және "
Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы
" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаменті (А.Т.Рахымжанов) Ережені заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Әкімшілік жұмысы департаменті (М.А.Токарева):
заңдарда белгіленген тәртіппен Ережені ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
Ережені Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. "Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 15-НҚ
бұйрығының
күші (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміндегі нөмірі 793) жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары А.К.Әміринге жүктелсін.
6. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттігінің
2002 жылғы 28 қазандағы
N 216-НҚ бұйрығымен
бекітілген
1. Осы Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Жосықсыз бәсеке туралы " 1998 жылғы 9 маусымдағы, " Табиғи монополиялар туралы " 1998 жылғы 9 шілдедегі және " Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы " 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңдарына және монополистік қызметті, теріс пиғылды бәсекені ескертуге, шектеу мен жолын кесуге бағытталған өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Ереже Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің және оның аумақтық органдарының (бұдан әрі - монополияға қарсы орган) рынок субъектілерінің және мемлекеттік органдардың монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды.
3. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер, осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
4. Монополияға қарсы ден қою шаралары ретінде монополияға қарсы орган өз құзыретінің шегінде жүзеге асыратын, монополияға қарсы заң бұзушылықтарды ескерту, анықтау, жолын кесу және олардың салдарларын жою, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі іс-қимылдары түсіндіріледі.
5. Монополияға қарсы заң бұзушылықтар рынок субъектілері мен мемлекеттік органдардың монополияға қарсы заңдарға қайшы келетін әрекеттері (іс-әрекеттері, әрекетсіздіктері) болып танылады.
6. Мемлекеттік органдар жасайтын монополияға қарсы заң бұзушылықтар:
1) мемлекеттік органдардың өз нәтижесінде бәсекені шектейтін немесе шектеуі мүмкін актілері және (немесе) іс-әрекеттері, оның ішінде:
қандай да бір қызмет саласында жаңа рынок субъектілерін құруға шектеулер енгізу және/немесе негізсіз кедергі жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға немесе тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін өндіруге тыйымдар белгілеу;
қандай да бір салада рынок субъектілерінің қызметті жүзеге асыруына негізсіз кедергі жасау;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) республиканың бір облысынан екінші облысына сатуға (сатып алуға, айырбастауға, алуға) тыйым белгілеу немесе, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, рынок субъектілерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату (сатып алу, айырбастау, алу) құқықтарын өзге де түрде шектеу;
егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, рынок субъектілерінің сатып алушылардың (тапсырысшылардың) белгілі бір шеңберіне тауарларды (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) бірінші кезекте жеткізу туралы немесе шарттарды басымдықты түрде жасасу туралы нұсқаулар беру;
рынок субъектілерінің бірлестіктерін құру, егер ол тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайдың туындауына әкелсе;
тауар рыногын аумақтық принцип бойынша, сату немесе сатып алу көлемі бойынша, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ассортименті бойынша не сатушылардың немесе сатып алушылардың шеңбері бойынша бөлуді жүзеге асыру;
рынок субъектілеріне оларды жүзеге асыру нәтижесінде осы тармақшаның 2-6-абзацтарында көзделген заң бұзушылықтар бар не болуы мүмкін өкілеттіктерді (оның ішінде уақытша) беру;
жекелеген рынок субъектісіне немесе бірнеше рынок субъектілеріне оларды басқа рынок субъектілеріне қарағанда айрықша жағдайға қоятын жеңілдіктерді және/немесе айрықша құқықтарды негізсіз беру;
2) құрылу кезіндегі тиісті тауар рыногындағы үлесі отыз бес проценттен асатын рынок субъектілерін әділет органдарының мемлекеттік тіркеуі, белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін қайта ұйымдастыру кезінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ тарату, заңды күшіне енген сот шешімі бойынша, монополияға қарсы органның алдын-ала келісімінсіз жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін қайта ұйымдастыру немесе тарату кезінде заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімнен шығару туралы жазба енгізу;
3) мемлекеттік органның басқа мемлекеттік органдармен не рынок субъектісімен кез келген нысанда толық немесе ішінара қол жеткізген, өз нәтижесінде бәсекені шектейтін не шектеуі мүмкін келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), оның ішінде:
бағаларды (тарифтерді) қымбаттатуға, арзандатуға немесе ұстап тұруға;
тауар рыногын аумақтық принцип бойынша, сату немесе сатып алу көлемі бойынша, өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ассортименті бойынша не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырысшылардың) шеңбері бойынша бөлуге;
жекелеген рынок субъектісіне айрықша құқықтарды беруге;
рынок субъектілерінің тауар рыногына кіруін (рыноктан шығуын) шектеуге немесе одан шеттетуге бағытталған келісімдер (келісілген іс-әрекеттер);
4) шаруашылық дербестікті шектейтін, жекелеген рынок субъектілерінің қызметін кемсітетін немесе керісінше, қолайлы жағдайлар жасайтын не өзгеше түрде бәсекені жоятын немесе шектейтін актілер және(немесе) іс-әрекеттер болып табылады.
7. Бәсекелік саладағы рынок субъектілері жасайтын монополияға қарсы заң бұзушылықтар:
1) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің өз нәтижесінде бәсекені шектеу, өзінің үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдаланушылығы бар не болуы мүмкін іс-әрекеттері, мынадай іс-әрекеттерді қоса алғанда:
монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу;
контрагентке шарттың мәніне жатпайтын талаптарды таңу, контрагентті рыноктың басқа субъектілерімен салыстырғанда, тең емес жағдайға қоятын кемсітуші талаптарды шартқа енгізу, осы талаптарды енгізгенде ғана шарт жасасуға келісу;
тауар рыногында тапшылықты жасау немесе ұстап тұру не бағаны көтеру (төмендету) мақсатында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) айналымнан алып тастау;
басқа рынок субъектілерінің тауар рыногына кіруіне кедергілер жасау;
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген баға түзу тәртібін бұзу;
тұтынушылардың сұранымына немесе тапсырыстарына ие тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру көлемдерін, оларды өндіру немесе жеткізу мүмкіндігі бола тұра негізсіз қысқарту немесе өндіруді тоқтату;
2) белгілі бір тауар рыногындағы үлесі жиынтығында 35%-тен асатын (асуы мүмкін) бәсекелесуші рынок субъектілерінің (әлеуетті бәсекелестердің) кез келген нысанда толық немесе ішінара қол жеткізген келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), егер мұндай келісімдер (келісілген іс-әрекеттер) өз нәтижесінде бәсекені шектейтін не шектеуі мүмкін болса, оның ішінде:
тауар рыногында жасанды тапшылықты жасау немесе ұстап тұру не бағаларды қымбаттату мақсатында, оның ішінде сөз байласу жолымен тауарлардың өндірісін шектеуге, оларды айналымнан алып тастауға;
тұтынушылардың сұранымына немесе тапсырыстарына ие тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру көлемдерін, оларды өндіру немесе жеткізу мүмкіндігі бола тұра негізсіз қысқартуға немесе өндіруді тоқтатуға;
тауар рыногын аумақтық принцип бойынша, сату немесе сатып алу көлемі бойынша, өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ассортименті бойынша не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырысшылардың) шеңбері бойынша бөлуге;
белгілі бір сатушылармен немесе сатып алушылармен шарт жасасудан бас тартуға;
тауар рыногында бірыңғай бағаларды (тарифтерді), шегерімдерді, үстеме ақыларды (қосымша төлемдерді), үстеме бағаларды, оның ішінде сөз байласу жолымен белгілеуге (ұстап тұруға);
аукциондар мен сауда-саттықтарда бағаларды қымбаттатуға, арзандатуға немесе ұстап тұруға бағытталған келісімдер (келісілген іс-әрекеттер);
3) біреуі үстем монополиялық жағдайға ие, ал екіншісі оның жеткізіп берушісі немесе сатып алушысы (тапсырысшысы) болып табылатын бәсекелесуші емес рынок субъектілерінің кез келген нысанда толық немесе ішінара қол жеткізілген келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), егер мұндай келісімдер (келісілген іс-әрекеттер) өз нәтижесінде бәсекені шектейтін не шектеуі мүмкін болса және (немесе) жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтірсе не келтіруі мүмкін болса;
4) тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өндірушіге немесе сатушыға қатысты тұтынушыларды адастыратын немесе адастыруы мүмкін кәсіпкердің фирмалық атауын, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және (немесе) өзге де коммерциялық белгіленуін заңсыз пайдалану;
5) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндірушіге немесе сатушыға қатысты тұтынушыларды адастыруы мүмкін бәсекелес тауардың сыртқы ресімделуін, оның фирмалық атауын, тауардың таңбалануын, тауар белгісін, басқа да коммерциялық белгіленуін, сондай-ақ жарнамалық материалдарын, фирмалық буып-түйілуін, тауардың санын және өзге де сыртқы ресімделуін тікелей ұдайы өндіру жолымен бәсекелесті көшіру;
6) бәсекелестің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) қатысты, оның ішінде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шыққан орны, дайындаушысы, сатушысы, сондай-ақ сапасы, тұтынушылық қасиеттері, дайындау тәсілі мен орны туралы көпе-көрінеу мәліметтер мен растауларды және бәсекелестің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін), жақсы аты мен беделін кемсітетін өзге де көпе-көрінеу жалған мәліметтерді тарату;
7) басқа бәсекелестің тауарларымен (жұмыстарымен, қызметтерімен) немесе қызметімен әбес салыстыруды қамтитын жарнама мен өзге де ақпаратты тарату;
8) жарнамалық ақпаратта тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нақты қасиеттері, сапасы мен бағалары туралы мәліметтерді қасақана бұрмалау немесе жасыру;
9) бәсекені елеулі түрде шектеуге немесе жоюға әкелетін рынок субъектілерінің деңгейлес қосылуы;
10) коммерциялық және (немесе) қызметтік құпияны құрайтын ғылыми-техникалық және өзге де ақпаратты оның иесінің келісімінсіз алу, пайдалану немесе жария ету;
11) демпингтік бағаларды пайдалану жолымен бәсекеде артықшылыққа қол жеткізу;
12) бәсекені жоюға немесе шектеуге, негізсіз басымдықтар беруге және (немесе) алуға алып келетін өзге де іс-әрекеттер;
13) бәсекелестері жоқ сатушының өз сипаты немесе коммерциялық мақсаты бойынша шарттың мәніне жатпайтын қосымша сату шарттарын сатып алушыға таңуы болып табылады.
8. Табиғи монополия субъектілері жасайтын монополияға қарсы заң бұзушылықтар:
1) мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан басқа акцияларды (үлестерді) иеленуі немесе басқа коммерциялық ұйымдардың қызметіне өзгеше түрде қатысуы;
2) ұсынылып отырған қызметтері (тауарлар, жұмыстар) үшін монополияға қарсы орган белгілеген немесе онымен келісілген мөлшерден асатын төлем өндіруі;
3) монополияға қарсы органның келісімінсіз негізгі құралдарды иеліктен айыруы;
4) табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу шарттарын таңуы немесе табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін тұтынушыларды кемсітуге немесе белгіленген тарифтерде ескерілмеген төлемді тұтынушылардан өндіру есебінен кіріс алуға әкелетін өзге де іс-әрекеттер жасау;
5) заңдарда көзделген жағдайларда тендер немесе конкурс өткізбестен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу;
6) табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсету және өзге де қызметті жүзеге асыру;
7) табиғи монополия субъектісінің қызметтерін, тауарлары мен жұмыстарын өндіруге және беруге байланысы жоқ мүлікке меншік құқығының және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығының болуы;
8) ол тасымалдайтын немесе беретін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өзі тұтынбау үшін сатып алуы;
9) қызметтерді көрсетуге шарттар жасасудан және оларды атқарудан негізсіз бас тартуы;
10) көрсетілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкілетті орган айқындаған бағаларды, тарифтерді ескерместен тұтынушылардың қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуі;
11) Тұтынушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бағалар мен тарифтерді өзгерту туралы ақпарат ұсынбау;
12) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттейтін заңдарының талаптарына қайшы келетін өзге де әрекеттер болып табылады.
Ескерту: 3-тарау алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 115-НҚ бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) .
40. Монополияға қарсы заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама монополияға қарсы заңдардың бұзылуына жол берген рынок субъектілеріне не мемлекеттік органдарға енгізіледі.
41. Нұсқама монополияға қарсы органның фирмалық бланкісінде ресімделеді және мыналарды:
1) оған (оларға) қатысты нұсқама жасалатын рынок субъектісінің немесе мемлекеттік органның атауын;
2) монополияға қарсы белгіленген заң бұзушылық фактісін (фактілерін) бейнелеуді, сондай-ақ рынок субъектісі немесе мемлекеттік орган бұзған құқық нормаларын;
3) монополияға қарсы заң бұзушылықты жою үшін рынок субъектісі немесе мемлекеттік орган жасауға тиіс (немесе оны (оларды) жасаудан өзін-өзі тежеуге тиіс) іс-әрекеттерді;
3) нұсқаманың орындалу мерзімін;
4) нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты ұсыну мерзімін;
5) нұсқамаға қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолын;
6) монополияға қарсы органның мөрін қамтуға тиіс.
42. Мемлекеттік органдар (олардың лауазымды тұлғалары), рынок субъектілері (олардың басшылары) монополияға қарсы органның нұсқамасы мен шешімін толық немесе ішінара жарамсыз деп тану туралы не әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күшін жою немесе өзгерту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
43. Монополияға қарсы органның нұсқамасы мен шешіміне, талап-арыз мерзімі қолданылмайтын талаптарды қоспағанда, ол шығарылған күннен бастап алты ай ішінде шағым жасалуы мүмкін.
44. Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға жол берген рынок субъектілері мен мемлекеттік органдарға қатысты монополияға қарсы органның мынадай:
1) басқа рынок субъектілерімен шарттар жасасу туралы, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылармен қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) шарттар жасасуы туралы;
2) табиғи монополиялар болып табылмайтын технологиялық байланысты өндірістерді иеліктен айыру туралы;
3) келтірілген зиянның және (немесе) залалдардың орнын тікелей немесе уақытша өтемдік (төмендету) бағалары мен тарифтерін белгілеу жолымен толтыру туралы;
4) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілердің қызметтерге тіркелген бағалар (тарифтер) белгілеу туралы;
5) рынок субъектілерін мәжбүрлеп бөлу, бөліп шығару туралы;
6) жасалған шарттарға өзгерістер енгізу және күшін жою туралы;
7) монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңға сәйкес келмейді деп таныған актілерді алып тастау туралы;
8) жол берілген заң бұзушылыққа дейінгі ережені қалпына келтіру туралы;
9) монополияға қарсы заң бұзушылық нәтижесінде алынған монополиялық кірісті бюджетке аудару туралы;
10) монополияға қарсы органның нұсқамасын, шешімі мен қаулысын орындау туралы;
11) заң бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою туралы нұсқамалары, қаулылары мен шешімдері шығарылады.
45. Әкімшілік іс қозғау талап етілетін монополияға қарсы заң бұзушылық фактісі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің талаптарына сәйкес жасалған болуға тиісті әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамада тиісінше көрсетілуге тиіс.
46. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ іс жүргізу жөніндегі басқа қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, ол туралы хаттамаға белгі қойылады.
47. Іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысу мүмкіндігі берілуге тиіс. Көрсетілген тұлғалар хаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер мен ескерпелер беруге, сондай-ақ осы хаттамаға қоса берілетін, оған қол қоюдан бас тарту дәлелдерін баяндауға құқылы. Осы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жасалады.
48. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады. Әкімшілік құқық бұзушылықты, іс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәліметтерді және заңды тұлғаның заңды өкілінің жеке басын қосымша анықтауды талап ететін жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушылық анықталған сәттен бастап үш тәулік ішінде жасалады.
49. Тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс емес.
50. Монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалды ма, бұл тұлға оның жасалуына кінәлі ме, ол әкімшілік жауапкершілікке жата ма, жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар бар ма, мүліктік нұқсан келтірілді ме, соны анықтауға, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да жағдайларды анықтауға міндетті.
51. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, лауазымды тұлға:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы;
2) іс жүргізуді тоқтату туралы;
3) істі сотта қарауға осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін өзгеше түрдегі немесе мөлшердегі жазаны қолдануға құқылы органға (лауазымды тұлғаға) беру туралы;
4) айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы қаулылардың біреуін шығарады.
52. Монополияға қарсы органға ол жүргізген тексеру барысында немесе өзге де жағдайларда мәлім болған, рынок субъектісі немесе мемлекеттік орган жасаған заң бұзушылық фактілері бойынша істі қарау және жаза қолдану оның құзыретіне кірмейтін жағдайда, ол осы материалдарды монополияға қарсы заң бұзушылыққа байланысты қылмыстардың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті құқық қорғау органдарына жіберуге міндетті.
53. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес жасалады.
54. Монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен айқындалған монополияға қарсы органның жауапты бөлімшесі монополияға қарсы заң бұзушылыққа жол берген рынок субъектілеріне немесе мемлекеттік органдарға қатысты жасалған (қабылданған) нұсқамалардың, хаттамалардың, қаулылар мен өзге де шешімдердің есеп журналын жүргізуге және сақтауға тиіс. Есеп журналдары тігілуге, нөмірленуге және монополияға қарсы органның мөрімен бекітілуге тиіс.
55. Монополияға қарсы заң бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою үшін монополияға қарсы орган мынадай талап-арыздармен:
1) Теріс пиғылды бәсекелестікті жүзеге асыру кезінде алынған кірісті мемлекеттік бюджетке алу туралы;
2) рынок субъектісін тарату туралы;
3) заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге, сондай-ақ теріс пиғылды бәсекелестікті жүзеге асыру кезінде тұтынушыларға келтірілген шығындардың орнын толтыру туралы;
4) олардың құрамынан құрылымдық бөлімшелердің базасындағы бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды, егер бұл бәсекелестікті дамытуға алып келсе, үстем жағдайға ие рынок субъектілері күнтізбелік жыл ішінде бәсекелестікті шектеуге бағытталған бір немесе одан көп монополияға қарсы заң бұзушылықтарды жасаған жағдайда, мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару туралы;
5) өнімнің контрафактілік деп танылғаны туралы;
6) айыппұл сомасын өндіріп алу туралы;
7) монополияға қарсы органның осы Ереженің 44-тармағының 7)-11) тармақшаларында көрсетілген нұсқамаларын, шешімдері мен қаулыларын орындауға мәжбүрлеу туралы;
8) монополияға қарсы заңды, тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі заңды бұзушылықты жою мақсатымен өзге де жағдайларда сот органдарына жүгінеді.
56. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің аумақтық органдары өз қызметінде олар туралы тиісті Ережелермен айқындалған өз құзыретінің шегінде монополияға қарсы ден қоюдың кез келген шараларын, монополияға қарсы ден қою шараларын заңдарға сәйкес тек Агенттік қолдануы мүмкін жағдайларды қоспағанда, қолдануға құқылы.