"Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 28 қазандағы N 216-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 115-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4222. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 қарашадағы N 270-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 қарашадағы  N 270-НҚ  бұйрығымен.
__________________________________________

      "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  37-бабының 4-тармағының,»"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  18-5, 18-6,  18-7-баптарының , "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  2-1-тарауының негізінде  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 28 қазандағы N 216-НҚ  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2064 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" журналдың 2003 ж., N 1, 757-құжат жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесінде:
      3-тарау алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады