"Психикалық ауытқулардан зардап шегетiн бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау және емдеуге арналған психиатриялық емхана Ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 156 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1153 бiрлескен бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 170, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 890 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2085. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 176, ҚР Әділет министрлігінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 109 (V053631) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы"  Заңының  5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Психикалық ауытқулардан зардап шегетiн бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау және емдеуге арналған психиатриялық емхана Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 156 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1153 бiрлескен  бұйрығына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi психиатриялық ауруханасында психикалық ауытқулардан зардап шегетiн сотталғандарға медициналық көмек көрсету Ережесiнде:
      4 тармақтағы "немесе АҚТҚ/ЖҚТБ" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы             
         Әділет министрі

      Қазақстан Республикасы
     Денсаулық сақтау министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады