Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 № 253 бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексін (Салық кодексін) іске асыру мақсатында және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" (Салық кодексін) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 23 тамыздағы N 67-р өкіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған радиожиілік спектрін пайдалану үшін ақы төлеуге арналған хабарлама нысаны (бұдан әрі - Хабарлама) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Хабарламаға қол қою құқығы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік аумақтық органдарының бастықтарына жүктелсін.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 5 тамыздағы N 165-п бұйрығымен .
3.Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау және лицензиялау департаменті (Р.Р.Нұршабеков) аумақтық органдардың радиожиілік спектрін пайдалануға жылдық ақы төлеу сомасы көрсетілген Хабарламаларды жазып беруін және Салық кодексінде белгіленген мерзімдерде ақы төлеушілерге жіберуін жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 5 тамыздағы N 165-п бұйрығымен .
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті (Есенғараев А.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Н.З.Нығматулинге жүктелсін.
6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, таныстыру мен таратуға жатады.
Министр
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің
"Радиожиілік спектрін
пайдалану үшін ақы төлеуге
арналған хабарлама нысанын
бекіту туралы"
2002 жылғы 18 желтоқсандағы
N 426-І бұйрығына
қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 5 тамыздағы N 165-п бұйрығымен .
____________________________________________________________________
Байланыс саласындағы уәкілетті орган аумақтық органдарының бланкі
____________________________________________________________________
Жазылған күні 2002 жылғы "___"____________ N___________
Радиожиілік спектрін
пайдалану үшін ақы төлеуге арналған хабарлама
Салық төлеушінің (Т.А.Ә.)атауы ____________________________________
СТН _______________________________________________________________
Облысы ____________________________________________________________
Қаласы ____________________________________________________________
Ауданы ____________________________________________________________
Мекен-жайы, телефоны ______________________________________________
Мың теңге
___________________________________________________________________
Р/с| Радио- | Рұқсат |Әкімшілік-| Ақы | Радио- | Жылдық
N-і|байланыс | N-і, | аумақтық |төлеудің | жиілік | ақы төлеу
|түрі (ақы|берілген| бірлік, | жылдық |спектрін| сомасы *
|төлеудің | күні | халық |ставкасы |пайдала.| (5 бағ./
| жылдық | | саны |(айлық |ну кезе.| 12)х6 бағ.)
|ставкасы | | | есептік | ңі, ай |
| р/с) | | |көрсеткіш)| |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Барлығы төлеуге:
___________________________________________________________________
* Жылдық ақы төлеу сомасы бюджетке салық төлеушінің есепке тіркелген орны бойынша ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегінен және 20 желтоқсанынан кешіктірілмей тең бөліктермен төленеді.
Төлем коды 105309.
Төлемдік тапсырмалардың көшірмелерін кейіннен бақылау жүргізу үшін Байланыс саласындағы уәкілетті орган аумақтық органына (осы хабарламаның жазылу орны бойынша) тапсыру қажет.
Аумақтық органның бастығы _____________________ Т.А.Ә.
(қолы)