Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 № 253 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына сәйкес бұйырамын:
1. "Радиожиілік спектрді пайдаланғаны үшін төлем хабарламасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 426-1 (N 2128 тіркелген) бұйрығына келесі өзгертулер енгізілсін:
1) 2-ші тармақтағы "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті" сөздері "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік" сөздерімен ауыстырылсын;
2) 3-ші тармақтағы "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетіне (А.Б.Есенғараев)" сөздері "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау және лицензиялау департаменті (Р.Р.Нұршабеков)" сөздерімен ауыстырылсын;
3) бұйрық қосымшасының мәтінінде "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті" сөздері "Байланыс саласындағы уәкілетті орган" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау және лицензиялау департаменті (Р.Р.Нұршабеков) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуге ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төраға орынбасары А.Қ.Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынған күнінен бастап күшіне енеді, таныстырылуға және таратылуға тиісті.
Төраға