Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын субъектілердің тұрақты қаржылық жағдайын анықтау үшін қажетті құжаттар мен көрсеткіштер тізбелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімінің шешімі 2002 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-5. Астана қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 6 наурызда тіркелді. Тіркеу N 175. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 06-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.12.09 N 06-22 шешімімен

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтердi лицензиялау Ережесiн бекiту туралы" P011432_ қаулысының 18 тармағы 1) тармақшасын орындау барысында Астана қаласының әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын субъектiлердiң тұрақты қаржылық жағдайын анықтау үшiн қажеттi құжаттар мен көрсеткiштердiң ұсынылған тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Астана қаласы базарларындағы сауданы ұйымдастыру және бiр жолғы талондарды беру жөнiндегi басқарма Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құжаттар мен көрсеткiштер тiзбесiне сәйкес тұрақты қаржылық жағдайындағы Астана қаласының ойын бизнесi субъектiлерiне лицензия берудi ұйымдастырсын.
      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Н.З. Нығматулинге жүктелсiн.
 
      Астана қаласының әкімі
 
      Визалар:
                                         Астана қаласы қаржы
                                         департаментінің бастығы
Астана қаласы салық
комитетінің төрағасы
 
Астана қаласы базарларындағы
сауданы ұйымдастыру және бір жолғы талондары беру жөніндегі басқармасының бастығы
 
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН Қазақстан Республикасының Астана қаласы әкімінің қаржы вице-министрі 2002 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-5 шешімі Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын субъектілердің тұрақты қаржылық жағдайын анықтау үшін қажетті құжаттар мен көрсеткіштер ТІЗБЕСІ 1. Құжаттар: 1) Бухгалтерлiк баланс.* 2) Қаржы-шаруашылық қызметiнің қорытындысы туралы есеп беру.* 3) Ақша жүрiсi туралы есеп беру.* 4) Ұсынылған қаржылық есеп-қисаптың растығы мен әдiлдiгi туралы аудиторлық есеп беру. 5) Бюджетке салық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi болмаған жағдайда тiркелген жерi бойынша салық комитетiнің анықтамасы. Ескерту: * Түскен өтiнiш бухгалтерлiк есеп пен әдiстемелiк ұсыныстар стандарттарына сәйкес айдың 1-де жасалады. 2. Көрсеткiштер: ___________________________________________________________________________ Көрсеткiш Мағынасы Есепте формуласы ___________________________________________________________________________ 1. Абсолюттiк өтiмдiлiк 1-ден кем емес Ақшалай қаражат коэффициентi Ағымдағы мiндеттер 2. Тәуелсiздiк 0,5-тен кем емес Меншiктi капитал коэффициентi Жиынтық капитал - (капитал, дербес баланс валютасы меншiгінің концентрациясы) 3. Қаржыландыру 1-ден кем емес Меншiктi капитал коэффициентi Тартылған (қарыз) капитал (мiндеттер) 4. Ағымдағы өтiмдiлiк 2-ден кем емес Ағымдағы активтер коэффициентi (жалпы Ағымдағы мiндеттер орнын толтыру) ___________________________________________________________________________ Астана қаласы базарларындағы сауданы ұйымдастыру және бір жолғы талондары беру жөніндегі басқарманың бастығы Мамандар: Омарбекова А.Т. Жұманазарова А.Б.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады