Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 24.09.2013 № 175/23-V шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қолданушылардың назарына!!!
Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 161/30-ІІ "Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 5 маусымда N 206 тіркелген, 2002 жылғы 15 маусымда N 69 "Вечерняя Астана", 2002 жылғы 20 маусымда N 82 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы Ж. Нүркенов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин