Жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Степногорск қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N С-23-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 14 ақпанда № 1557 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 24 ақпандағы № № 3С-14/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2005.02.24 № 3С-14/11 шешімімен

      2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 148-II Қазақтан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 11, 14-тармақшаларына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "2002 жылға жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер ережелерін" қосымша бойынша бекітілсін.
      2. Бұл шешім 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақмола облысының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден кейін өз күшіне енгізілсін.
      3. Бұл шешімнің іс-әрекеті 2002 жылдың 1 қаңтарынан табылған құқықтық қатынастарға тарайды.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

      Қалалық мәслихаттың хатшысы

Степногорск қалалық мәслихатының
2002 жылғы 28 желтоқсандағы
шешіміне
қосымша N С-23/8

Жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер
ережелері

1. Жалпы ережелері

      1. Бұл жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер ережелері(әрі қарай Ереже) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдер тәртібінің ұйымдастыруын реттейді.
      2. Ережелерді қабылдау үшін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"және "Бюджеттік жүйе туралы" Заңдары құқықтық негізі болып табылады.

2. Әлеуметтік төлемдерді алуға құқық

      3. Әлеуметтік төлемдерді келесі санатты азаматтардың құқығы бар:
      1) жалғыз тұратын зейнеткерлер;
      2) жұмыссыздар;
      3) мүгедектер;
      4) кәмелетке толмаған балалары бар, көпбалалы отбасылар;
      5) аурудың ұзақ мерзімімен емделетін аурулар.
      4. Жоғарыдағы айтылған санатты азаматтарға әлеуметтік төлемдердің келесі түрлері көрсетіледі:
      1) емделуге, дәрігерлік-консультативтік комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысымен аурулардың тізімі бойынша емделудің жол ақысын төлеу;
      2) өрттен, апаттан, басқа төтенше жағдайдан зақымданғандарға;
      3) басқа ойда болмаған оқиғаларда.

3. Әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша
жұмысты ұйымдастыру

      5. Әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін қалалық мәслихаттың депутаттары, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері, білім және денсаулық сақтау бөлімдері, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері құрамында қалалық комиссия құрылған. Комиссияның жиналыстары әлеуметтік саласын басқаратын әкімнің орынбасарымен өткізіледі.
      6. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) Көмек сұраған жанұяның (азаматтың) тұрмыс жағдайларының зерттеуін өткізу;
      2) Азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем көрсету өтініштерін қарастыру;
      3) әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау.

4. Жеке санатты азаматтарға көрсетілетін
әлеуметтік төлемнің мөлшері және оны
тағайындау тәртібі

      7. Әлеуметтік төлемдер жанұяның (азаматтың) 1 мүшесіне жылына 1 рет ақшалай нысанда беріледі.
      8. Әлеуметтік төлемнің мөлшері әрбір нақты жағдайда қалалық комиссияның қорытындысы бойынша анықталады.
      9. Жанұя (азамат) қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әлеуметтік төлемді тағайындау жөніндегі өтінішпен барады.
      Өтінішке келесі құжаттар қосымша болып келеді:
      1) жанұяның құрамы туралы мәлімет;
      2) шұғыл емделудің қажеттілігі туралы ДКК анықтамасы, емделудің жол ақысы, өмірге қауіп-қатерлі ауруларға қымбат тұратын дәрі-дәрмектерді алу;
      3) алушының санатын растайтын (мүгедек, жұмыссыз және т.б) мәлімет;
      4) жанұяның барлық мүшелерінің тоқсанда табатын табысы, тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысы.
      10. Жеке санатты азаматтарға әлеуметтік төлемдер еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен тағайынданған сомалар өтініш берушінің дербес шотына аудару тәсілімен өндіріледі.
      11. Әлеуметтік төлемдер келесі мөлшерде төленеді:
      1) емделуге, емделудің жол ақысын төлеуге (ДКК қорытындысы бойынша ауруға байланысты) 25 есеп айлық көрсеткішінен астам емес;
      2) өрт, апат, басқа төтенше жағдайларда шығындардың есебі бойынша, бірақ 10 мың теңгеден астам емес.

5. Әлеуметтік төлемнің қаржыландыру көздері

      12. Әлеуметтік төлемдердің қаржыландыру шығыстары қалалық бюджетте осыған көзделген қаржылардың шетінен төленеді.

6. Төлемдерді беру бойынша бақылау

      13. Әлеуметтік төлемдерді беру және оны дұрыс тағайындау бойынша бақылау қалалық бюджетті орындау шектеуінің бақылауында өткізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады