Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 2007.02.20 N 2-1 шешімімен
Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы", "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы N 718 Қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери - техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы, Талдықорған, Үштөбе филиалдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскерге шақырылу жасындағы бозбалалардың ішінен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жасақтау мақсатында әскери-техникалық мамандар және мемлекеттің 2003 жылға арналған жұмылдыру ресурстарының дайындығын үргізеді.
2002 жылдың әскери-техникалық мамандар дайындау жоспары орындалды. Қарулы Күштер мамандармен 100 % жасақталды.
Филиалдың басшы және оқып үйренуші құрамын дайындауға бағытталған жиындар, оқу-әдістемелік сабақтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне арналған әскери - техникалық мамандар дайындығын ұйымдастыру ережелері бұрмалана отырып, әскери бөлімшелер базасында емес әскери - техникалық мектептерде жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери - техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы, Талдықорған, Үштөбе филиалдарында әскери - техникалық мамандар дайындау жоспарын орындау мақсатында облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери - техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы, Талдықорған, Үштөбе филиалдарының бастықтары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери - техникалық мамандарын дайындаудың негізі міндеттері деп төмендегілерді санасын:
1) әскерге шақырылушыларды әскери - техникалық мамандықтарға оқыту;
2) әскерге шақырылушыларды патриотизм, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі азаматтық және әскери борышын орындауға дайын тұру рухында тәрбиелеу;
3) әскерге шақырылушылардың әскери ұжымдарда тез бейімделуін мүмкіндік беретін тәртіптілік, орындаушылық және ұйымшылдық сияқты қасиеттерін, алға қойған мақсатты орындауға деген жоғары жауапкершілігін қалыптастыру;
4) әскерге шақырылушыларға техниканы құру жөнінде қажетті білім беру. Шақырылғаннан кейін мерзімді әскери қызметті өтеу кезеңінде өзінің штаттық лауазымына сәйкес міндеттерін аз уақытта орындауға кірісіп кетуіне мүмкіндік беретін, техникаға қызмет көрсету, жөндеу және оны қолдануға байланысты нақты іс жүзіндегі біліктілікке ие болу;
5) әскерге шақырылушылардың білім беру ұйымдарында алған әскери білімі мен біліктілік негіздерін жетілдіру, олардың сауықтыру дене тәрбиесі деңгейін арттыру;
6) курсанттарға алғашқы кәсіби білім беру.
2. Аудандық әскери комиссариаттар бойынша, қосымшаға сәйкес тапсырмаларды бөлу тәртібі бекітілсін.
3. Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссары (Т. Мәукебаев):
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери - техникалық мамандар бойынша әскерге шақырылушыларды дайындау "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы, Талдықорған, Үштөбе филиалдарында әскери комиссариаттардың (әскери есепке алынған жеріндегі) жолдамасы бойынша, ерікті түрде өндірістен қол үзе отырып, жүргізілсін;
2) Әскери - техникалық мамандықтарға дайындыққа кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын, денсаулығы, дене тәрбиесі, моральдық қасиеттері және білімі жағынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге жарамды, әдеттегідей алғашқы дайындықтан өткен, жасы 18 бен 26 арасындағы әскерге шақырылушылар қатыстырылсын. Бұл жерде әскерге шақырылушының біліктілігі, азаматтық мамандығы және іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі ескерілсін;
3) Шақыру мерзімін ұзарту, мерзімді әскери қызметке шақырудан босату құқығы бар немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде міндетін өтеу талаптарына сай келмейтін, сондай-ақ сот жазасын аяғына дейін өтемеген әскерге шақырылушылар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың филиалдарына, әскери - техникалық мектептерге жіберілмесін.
4) әскери - техникалық мамандықтар бойынша дайындықтан өтуге іріктеліп алынған әскерге шақырылушылар өздерінің әскери міндетін өтеуге жарамдылығын анықтау үшін әскери комиссариаттардың жанындағы медициналық комиссиядан өтсін, ол жөнінде комиссиялардың хаттамаларында және медициналық бетшелерде тиісті жазу жазылсын. Көлік құралдарының жүргізушісі ретінде дайындықтан өтуге бөлінген әскерге шақырылушылар, сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша оларды басқаруға жарамдылығын растайтын медициналық куәландырудан өтсін;
5) Жасақтаушы әскери комиссариаттар "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери - техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдарына дер кезінде, сапалы жасақтау және оқу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақыру жұмыстарын жүргізу үшін толық жауапкершілікте болады.
6) Әскери - техникалық мамандарды дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне Алматы, Талдықорған, Үштөбе филиалдарының түлектерін көктемгі және күзгі әскерге шақыру қорытындылары туралы шешімдерінің орындалу барысын хабардар етіп отырсын.
4. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы (Ә. Жайлаубеков) филиалдарда дене тәрбиесі дайындығы сабақтарының үнемі өтіп тұруын ұйымдастырсын және әрбір оқыту кезеңінің аяғында президенттік тест нормаларының тапсырылуын қамтамасыз етсін.
5. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары меншік түріне қарамастан өндірістен қол үзіп, әскери - техникалық мамандар дайындығынан өтіп жатқан әскерге шақырылушылардың жұмыс орнын, қызметін оқу кезеңінде сақтап, негізгі жұмыс орны бойынша орташа еңбек ақысын төлесін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа және Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссары Т.Р. Мәукебаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыс әкімінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 12-336 шешіміне
қосымша
Алматы облысы аудандық әскери комиссариаттары бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 2003 жылы мамандар дайындау жөніндегі тапсырмаларды бөлу
ТӘРТІБІ
1. ҚР ҚМ-ң Алматы ӘТМ-і |
|
КМ жүргізушісі |
Көктемгі әскерге шақыру |
Қарасай АӘК |
5 |
Жиынтығы: |
15 |
КМ жүргізушісі |
Күзгі әскерге шақыру |
Қарасай АӘК |
6 |
Жиынтығы: |
24 |
Радио мамандары |
Көктемгі әскерге шақыру |
Қарасай АӘК |
6 |
Жиынтығы: |
24 |
Радио мамандары |
Күзгі әскерге шақыру |
Қарасай АӘК |
6 |
Жиынтығы: |
24 |
2. ҚР ҚМ-ң Талдықорған ӘТМ-і |
|
КМ жүргізушісі |
Көктемгі әскерге шақыру |
Талдықорған АӘК |
30 |
Жиынтығы: |
60 |
КМ жүргізушісі |
Күзгі әскерге шақыру |
Талдықорған АӘК |
30 |
Жиынтығы: |
60 |
3. ҚР ҚМ-ң Үштөбе ӘТМ-і |
|
КМ жүргізушісі |
Көктемгі әскерге шақыру |
Қаратал АӘК |
45 |
КМ жүргізушісі |
Күзгі әскерге шақыру |
Қаратал АӘК |
45 |
Жиынтығы |
297 |
Облыс әкімі
аппаратының басшысы