Сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2002 жылғы 8 ақпандағы N 12-14 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2002 жылғы 25 ақпанда N 522 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 29 қазандағы № 16-20 Шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2009.10.29 № 16-20 Шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 489, 490, 491, 492 баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл облысының инфрақұрылымында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ай сайынғы ставкалары бекітілсін (қосымша № 1).
      2. Жамбыл облыстық салық комитеті сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін бекітілген төлемақылар ставкаларына сәйкес қаржы жинауды қамтамасыз етсін.
 
 

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрайымы

Облыстық мәслихат сессиясының хатшысы


Облыстық мәслихаттың
8 ақпан 2002 жылғы
N 12-14 шешіміне қосымша

      Сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ай сайынғы ставкалары --------------------------------------------------------------------------- N | | Төлем ақы ставкаларының айлық п/п| Алаң көлемі (шаршы метр) | есептік көрсеткіштері | |----------------------------------- | |1 категория|2 категория|3 категория --------------------------------------------------------------------------- | |Заңды тұлғалар | 1,0 | 0,5 | 0,3 1 |2-ге дейін |--------------------------------------------------- | |Жеке тұлғалар | 0,5 | 0,3 | 0,2 --------------------------------------------------------------------------- | |Заңды тұлғалар | 2,0 | 1,0 | 0,7 2 |2-ден 10-ға дейін |--------------------------------------------------- | |Жеке тұлғалар | 1,0 | 0,7 | 0,5 --------------------------------------------------------------------------- | |Заңды тұлғалар | 3,0 | 1,5 | 1,0 3 |10-нан 20-ға дейін |--------------------------------------------------- | |Жеке тұлғалар | 1,5 | 1,0 | 0,7 --------------------------------------------------------------------------- | |Заңды тұлғалар | 4,0 | 2,0 | 1,5 4 |20-дан 30-ға дейін |--------------------------------------------------- | |Жеке тұлғалар | 2,0 | 1,5 | 1,0 --------------------------------------------------------------------------- | |Заңды тұлғалар | 6,0 | 4,0 | 2,0 5 |30-дан аса |--------------------------------------------------- | |Жеке тұлғалар | 3,0 | 2,0 | 1,5 --------------------------------------------------------------------------- 6 |Дүңгіршектер мен уақытша типтегі | 0,4 | 0,3 | 0,2 |қойылған павильондардағы жарнамалар| | |
      - Ескерту: 1. ҚР мемлекеттік органдары төлеушілер болып табылмайды. 2. Сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкасы қолданылатын категорияларға мына төмендегі нысандар жатады: · 1 категорияға - Тараз қаласының орталық бөлігі, облыстық мәндегі автомобиль жолдары; · 2 категорияға - аудан орталықтарының аймағы, аудандық мәндегі автомобиль жолдары; · 3 категорияға - елді мекендер аймағы, (аудан орталықтарынан басқа).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады