Жамбыл облысының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік "Ауыл" бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2002 жылғы 22 қарашадағы N 15-4 шешімі. Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 13 қаңтарда N 808 тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 22-22 Шешімімен

      Еркерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2009.03.30 № 22-22 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-ші тармағы 2-ші тармақшасына сай облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
     1. Жамбыл облысының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік "Ауыл" бағдарламасы бекітілсін \қоса беріледі\.
     2. Аудандардың, Тараз қаласының әкімдері бір ай мерзім ішінде осы Бағдарламаға сай 2003-2005 жылдарға арналған аудандық және қалалық аграрлық азық-түлік "Ауыл" Бағдарламасын және оны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын бекітсін.
     3. Аудандар және Тараз қаласының әкімдері, облыс әкімінің ауыл шаруашылық, білім беру, қаржы, денсаулық сақтау, экономика басқармалары, облыстық статистика, қоршаған ортаны қорғау басқармалары, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасы, аумақтық орман және биоресурстар жөніндегі басқармасы, "Жамбылсушаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, "Казагроэкс" жабық акционерлік қоғамы, машина құру, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар, минералды тыңайтқыштар өндіретін химиялық өнеркәсіптер меншік нысанына қарамастан осы бағдарламада жоспарланған іс-шаралардың міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.
     4. Бағдарламаның орындалу барысына бақылау жасау облыстық мәслихаттың аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кешені және қоршаған ортаны қорғау бөліміне жүктелсін.

      Облыстық мәслихат               Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                хатшысы

Жамбыл облыстық Мәслихатының
2002 жылғы 22 қарашадағы N 15-4
"Жамбыл облысының 2003-2005 жылдарға арналған
аграрлық азық-түлік "Ауыл" бағдарламасы туралы"
шешімімен бекітілген

Жамбыл облысының 2003-2005 жылдарға арналған
аграрлық азық-түлiк "Ауыл" бағдарламасы
Паспорт

Атауы                   Жамбыл облысының 2003-2005 жылдарға арналған
                        аграрлық азық-түлiк "Ауыл" бағдарламасы Бағдарламаны әзірлеудің Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002
негізі                  жылғы 2 тамыздағы "Қазақстан
                        Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған
                        Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк
                        бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
                        iс-шаралар жоспары туралы" N 864 Қаулысы

Негiзгi әзiрлеушi       Жамбыл облысы Әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және
                        экономика басқармалары    

Мақсаты                 Агроөнеркәсiптiк кешеннiң тиiмдi жүйесiн
                        қалыптастыру және бәсекеге қабiлеттi өнiм
                        өндiру

Мiндеттерi              - Облыс халқын басты азық-түлiктермен
                        қамтамасыз ету;
                        - аграрлық бизнестiң тиiмдi жүйесiн
                        қалыптастыру;
                        - ауыл шаруашылығы өнiмiн және оны қайта
                        өңдеу өнiмдерiн iшкi және сыртқы рыноктарда
                        сату көлемiн ұлғайту;
                        - ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттiк
                        қолдау шараларын ұтымды ету;
                        - ауылды қайта түлету, агроөнеркәсiптiк
                        кешеннiң тұрақты және серпiндi дамуын
                        қамтамасыз ете отырып, село халқының
                        әл-ауқатын көтеру;
                        - ауылды таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз
                        ету;

Қаржыландыру көздерi    Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
                        қаражаты, заем қаражаты, тiкелей
                        инвесторлар, гранттар және басқа қаржы
                        институттарының қаражаты

Бағдарламаны iске       Халықтың тұрмыс деңгейiн көтерудi
                        қамтамасыз ететiн асырудан күтiлетiн
                        экономика саласының өсуiне қол жеткiзу
                        түпкiлiктi нәтиже

Iске асыру мерзiмi      2003-2005 жылдар

Кiрiспе

      Жамбыл облысы - аграрлық аймақ болғандықтан агроөнеркәсiп кешенi облыс экономикасының аса маңызды саласы болып табылады.
      Жүргiзiлген реформалардың нәтижесiнде, ауылдық экономика көп салалы болып, өндiрiстiң нарықтық жаңа инфрақұрылымы құрыла бастады.
      Осы бағдарлама "Ауыл шаруашылығының 2010 жылға дейiнгi даму стратегиясында, 2002 жылғы 29 сәуiрдегi Президенттiң Қазақстан халқына жолдауында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы нөмiрi N 889 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасында қойылған мiндеттер мен талаптар ескерiлiп әзiрленген.
       Бағдарламаны әзiрлеу үстiнде, бұрын бекiтiлген мына бағдарламаларда қойылған мiндеттер ескерiлдi: селоның 2001-2005 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуы, 2001-2005 жылдарға арналған облыс ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң дамуы, 2001-2005 жылдарға арналған облыстың азық-түлiк қауiпсiздiгi, облыстың қала маңындағы аймақтарда сүт өндiрiсiн дамыту, 2002-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдардың егiс көлемi құрылымын оңтайландыру және тұрақтандыру жөнiнде, 2002-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту, қант өндiру саласын жандандыру, 2010 жылға дейiнгi кезеңге жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау өндiрiсiн қалпына келтiру және дамыту, 2002-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндiрiсiн минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, 2003-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу жөнiнде.
      Бағдарламаның басты мақсаты - жер, табиғи, еңбек ресурстары, озық технологиялары және ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң оңтайлы құрылымын құру негiзiнде, агроөнеркәсiп кешенi барлық салаларының тұрақты дамуы болып табылады.
      Бағдарламаның мiндеттерi - экономикалық өсiмдi қамтамасыз ету, экономиканы әлеуметтiк бағытын күшейту, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруде және өңдеуде, оларды сатып алып өңдейтiн кәсiпорындарға жеткiзумен айналысатын шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн, сондай-ақ ауылдық тауар өндiрушiлердi ақпарат, жаңа технологиялар, техника мен материалдармен қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау.

      1. Аграрлық азық-түлiк бағдарламасының мақсаты, мiндеттерi мен өлшемдерi 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлiк бағдарламасының негiзгi мақсаты агроөнеркәсiптiк кешеннiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру және бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiру.
      Бағдарламаның мақсатына жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
·     облыс халқын басты азық-түлiктермен қамтамасыз ету;
·     аграрлық бизнестiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
·     ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн iшкi және сыртқы рыноктарда сату көлемiн ұлғайту;
·     ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттiк қолдау шараларын ұтымды ету;
·     ауылды қайта түлету, агроөнеркәсiптiк кешеннiң тұрақты және серпiндi дамуын қамтамасыз ете отырып, село халқының әл-ауқатын көтеру;
·     ауылды таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
      Аграрлық азық-түлiк бағдарламасының тиiмдiлiгiн бағалау үшiн облыстағы агроөнеркәсiптiк кешеннiң сапалық жай-күйiн анықтауға мүмкiндiк беретiн өлшемдер жүйесi пайдаланылатын болады. ағымдағы жай-күй мен күтiлетiн нәтижелер мынандай өлшемдер топтары бойынша бағаланатын болады:
      1) халықты азық-түлiкпен қамтамасыз етудi және қамтамасыз ету жүйесiнiң тұрақтылық деңгейiн сипаттаушылар:
·     азық-түлiктiң нақты және экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейi;
   ·  iшкi тұтыну рыногындағы тамақ өнiмдерi импортының үлес салмағы;
   ·  облыс халқының тұтыну нормаларының стандарттарын қамтамасыз ету үшiн тамақ өнiмдерiн өндiрудiң қажеттi көлемiн сипаттайтын шектi мәндер;
      2) ауыл шаруашылығы өндiрiсiн және қайта өңдеудi дамытудың тиiмдiлiгiн сипаттаушылар:
·     аграрлық бизнес пен қайта өңдеу кәсiпорындары кiрiстерiнiң деңгейi;
·     ғылыми негiзделген аграрлық технологиялар мен қайта өңдеу технологияларын қолдану деңгейi;
·     iшкi азық-түлiк рыногындағы негiзгi тамақ өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi;
·     ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудiң көлемi мен өткiзу рыноктары сиымдылығының теңдестiрiлуi;
·     халықты жұмыспен қамтудың өсуi;
      3) аграрлық азық-түлiк кешенiн мемлекеттiк реттеу деңгейiн сипаттаушылар:
·     ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлар мен қызметтер көрсетуге кедендiк-тарифтiк және салық режимi;
·     ауыл шаруашылығы өнiмi мен тамақ өнiмдерiн өндiрудi мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесi;
·     ауыл шаруашылығы өнiмi мен тамақ өнiмдерiн өндiрудi мемлекеттiк қолдау мөлшерлерi және тиiмдiлiгi;
      4) инфрақұрылымдар мен әлеуметтiк саланың жағдайын сипаттаушылар:
      сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейi;
·     көлiк коммуникациясы және байланыс деңгейi;
·     селодағы бiлiм сапасы және мәдениеттi жақсарту;
   ·  селодағы дәрiгерлiк қамту жағдайы.

      2. Облыс халқын негiзгi азық-түлiкпен қамтамасыз ету      Азық-түлiктiк қауiпсiздiк - сыртқы және iшкi жағдайларға қарамастан, тамақтандырудың физиологиялық нормаларына сәйкес халықтың тамақ өнiмдерiне деген қажеттерiн қанағаттандыратын тиiстi ресурстармен, әлеуетпен және кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген экономиканың, соның iшiнде оның агроөнеркәсiптiк кешенiнiң жай-күйi ("Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19.01.2001 ж. N 143-11-ҚРЗ).
      Елдiң азық-түлiкпен қамтамасыз етiлуiндегi ағымдағы жай-күйi:
      2.1. Азық-түлiктiң нақты қол жетiмдiлiк деңгейi.
      Азық-түлiктiң нақты қол жетiмдiлiгi тұтыну нормаларына сәйкес келетiн көлемде және түр-түрлерiмен, тұтыну орындарында оның үздiксiз болуы ретiнде анықталады:
·     тамақ өнiмдерiне нақты қол жетiмдiлiк деңгейiн бағалау тамақ өнiмдерiн нақты тұтыну көлемiнiң тұтыну стандарттарының негiзiнде есептелген, халықтың қажеттi көлемiне сәйкестiгi ретiнде анықталады;
·     облыста халықтың тамақ өнiмдерiн тұтыну стандарттарына сәйкестiгiн талдау тұтастай алғанда, тамақ өнiмдерiн тұтынудың ең төменгi деңгейi қамтамасыз етiлетiндiгiн көрсетедi;
·     тамақ өнiмдерiнiң жекеленген топтары бөлiнiсiнде елеулi айырмашылықтар бар: егер нан мен нан-тоқаш өнiмдерi, картоп, көкөнiс пен сүт бойынша тұтыну шектi мәндер деңгейiнен жоғары немесе деңгейiнде болса, ал ет, жемiс-жидек, балық, қант пен жұмыртқа бойынша нақты тұтыну тұтынудың ең төменгi нормаларынан төмен.

1-кесте    

Облыс халқының азық-түлiктi жан басқа шаққанда тұтыну
стандартына кг/жылмен нақты тұтынуы

Азық-түлiктiң» түрi

Нақты
тұтыну ,
кг / жыл

Тұтыну стандарты , кг / жыл

Нақты тұтынудың тұтыну стандартына

ара-қатынасы , %

1997 жыл

2000 жыл

1997 жыл

2000 жыл

Нан өнiмдерi

199,2

117,0

116,17

171,47

100,71

Картоп

45,2

50,0

62,34

72,51

80,21

Көкөнiстер мен бақша дақылдары

55,0

79,0

55,14

99,75

143,45

Жемiс-жидектер

5,2

8,0

29,19

17,81

27,41

Ет және өнiмдер

26,6

23,9

41,60

63,94

57,45

Сүт және өнiмдер

120,2

87,4

179,53

66,95

48,68

Жұмыртқа, дана

74,0

73,0

103,40

71,57

70,60

балық және өнiмдер

1,7

2,8

4,38

38,81

63,93

Қант

13,0

17,6

15,26

85,19

115,33

Өсiмдiк майы

6,1

10,3

8,47

72,02

121,61

      * - "Қазақ тағам академиясы" ЖАҚ әзiрлеген және осы Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде пайдалану үшiн ұсынылған.
      Облыс халқының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң деңгейi көбiнесе оның өзiн-өзi азық-түлiкпен қамтамасыз ету мүмкiндiгiне байланысты (2 - кесте).

2-кесте    

Облыс халқының өзiн-өзi азық-түлiкпен қамтамасыз
ету деңгейi

Атауы

Тамақ өнiмдерiн тұтыну стандарттары кг/жыл

Облыс бойынша тамақ өнiмдерiн тұтынуды» шектi деңгейi (халық х 2 баған), тонна

Ауыл шаруашылығы өнiмiне есептегенде, облыс бойынша тамақ өнiмдерiн тұтынудың шектi деңгейi

Ауыл шаруашылығы өнiмiн нақты өндiру, тонна

Қамтамасыз етiлуi,

%

өнiм

тонна

1

2

3

4

5

6

7

Нан өнiмдерi (қарабидай, күрiш пен бұршақ тұқымдастарды қоса ұнға есептегенде

92,12

90860

Бидай, барлығы

122820

235106

191,4

Бұршақ тұқымдастар

3,72

3669

Бұршақ тұқымдастар

5241

161

3,1

Картоп

62,34

61486

Картоп

61486

86509

140,7

Көкөнiстер және бақша дақылдары, барлығы

55,14

54385

Көкөнiстер және бақша дақылдары, барлығы

54385

377335

693,7

Капуста

14,73

14528

Капуста

14528

15365

105,8

Пияз

14,66

14459

Пияз

14459

108038

747,2

Сәбiз

11,15

10997

Сәбiз

10997

34441

313,2

Қызылша

1,46

1440

Қызылша

1440

8262

573,7

Бақша дақылдарын қоса, басқа көкөнiстер

13,14

12960

Бақша дақылдарын қоса, басқа көкөнiстер

12960

211229

1629,8

Жемiс-жидектер,барлығы

27,37

26995

Жемiс-жидектер, барлығы

26995

5476

20,3

Алмалар

23,73

23405

Алмалар

23405

3543

15,1

Жидектер, (жүзiм және т.б)

3,70

3649

Жидектер, (жүзiм және т.б)

3649

1933

53,0

Қант

15,26

15051

Қант қызылшасы

125425

50707

40,4

Ет өнiмдерi (етке есептегенде)

41,60

41030

Ет, барлығы

41030

30600

74,5

Сиыр етi

14,60

14400

Сиыр еті

14400

11687

81,1

Шошқа етi

10,22

10080

Шошқа еті

10080

3288

32,6

Қой етi

8,03

7920

Қой еті

7920

10820

136,6

Құс етi

5,47

5395

Құс еті

5395

610

11,3

Басқа жануарлардың етi

3,28

3235

Басқа жануарлар еті

3235

4195

129,6

Балық, барлығы

4,38

4320

Балық барлығы

6171

637**

10,3

Жұмыртқа, мың дана

0,1034

101983

Жұмыртқа, мың дана

101983

65532

64,2

Сүт өнiмдерi (сүтке есептегенде)

179,53

177070

Сүт барлығы

177070

177157

100

Сүт, л (тонна)

91,24

89990

Сүт л. (тонна)

89990

98989

110

Қаймақ

2,19

2160

Қаймақ

2160

68

3,1

Ақ iрiмшiк

2,19

2160

Ақ ірімшік

2160

131

6,0

Мәйектi iрiмшiк

2,55

2515

Мәйектi ірімшік

2515

689

27,4

Сары май

2,19

2160

Сары май

2160

120

5,5

Өсiмдiк майы, л

8,47

8354

Майлы дақылдар

41770

5071

12,1

Күнбағыс майы, л

6,53

6440

Күнбағыс

32200

2515

7,8

Ашытқы

0,06

59

Ашытқы

59

119

201,7

Тұз

0,37

365

Тұз

1440

4724

328

      * 2001 жылғы 1 қаңтарда облыс халқының саны 986,3 мың адам болды
      ** жедел деректер
      *** iшкi өндiрiстiк тұтынуды есепке алмағанда
      Тұтыну стандартына сәйкес облыс халқының тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етiлуiн талдау, тұтастай алғанда облыс тамақ өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiмен өзiн-өзi қамтамасыз етiп отырғанын көрсетедi:
      бидай, картоп, көкөнiс, сүт бойынша қамтамасыз етiлу шектi мәннен жоғары;
      бұршақ тұқымдастар, алма, жемiс-жидек, қант, ет, балық, жұмыртқа, майлы дақылдар бойынша нақты өндiрiс тұтынудың стандарттық нормаларынан төмен.
      2.2. Экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейi
      Азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк ең төменгi тұтыну себетiне енгiзiлген көлемде баға мен кiрiстiң қалыптасқан деңгейi жағдайында халықтың азық-түлiк тауарларын сатып алу мүмкiндiгi ретiнде анықталады.

3-кесте     

Халықтың кiрiстерi деңгейi

№N

Басты көрсеткіштер

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

1

Халықты»ақшалай кiрiсi (бiр айда орташа жан басына шаққанда) теңге

2657

3194

3326

2

Күнкөрiс деңгейiнiң шамасы (бiр айда орташа жан басына шаққанда) теңге

2890

3335

3765

3

Экономикалық қол жетiмдiлiк коэффициентi (1 жол: 2 жолға)

0,92

0,96

0,88

      2001 жылы жан басына шаққанда орташа номиналдық ақшалай кiрiс облыс бойынша бiр айда орта есеппен 3326 теңге болды, бұл айына орта есеппен 3765 теңге көлемiнде қалыптасқан ең төменгi күнкөрiс деңгейiн қамтамасыз етпейдi.
      Алайда, халықтың топтары бойынша кiрiс деңгейiнiң елеулi саралануы байқалады. 2001 жылы облыс бойынша тұтастай алғанда кiрiсi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен аз халықтың үлесi 11,7 пайыз болды, оның үстiне осы халықтың үлесi қалада - 0,6 %, ауылда 19,4 %.
      Кiрiсi азық-түлiк себетiнiң құнынан жоғары халықтық үлесi облыс бойынша орташа есеппен 26,2 % болды.
      2.3. Iшкi тұтыну рыногындағы тамақ өнiмдерi импортының үлес салмағы
      Облыста ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн тұтынудағы импорттың үлесi болмашы.

4-кесте       

Негiзгi тамақ өнiмдерiн тұтынудағы
импортының үлесi (%)

Өнiмдердiң атауы

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

Картоп

1,4

4,4

1,4

1,0

Көкөнiстер мен бақша дақылдары

0,4

2,7

0,6

0,2

Ет және ет өнiмдерi

-

-

-

-

Сүт және сүт өнiмдерi

0,2

0,4

1,3

1,9

5-кесте       

Тамақ өнiмдерiн өндiру және олардың импорты


1998 жыл

1999 жыл

Барлығы

Өндiрiс

Импорт

импорт үлесi, %

Барлығы

Өндiрiс

Импорт

импорт үлесi, %

Өсiмдiк майлары

361,5

52

309,5

85,6

698

18,0

680,4

97,4

Қант*, мың. тонн

143,2

140,8

2,4

1,7

123,1

116,5

6,6

5,4

Шұжық тағамдары, тонна

64

64

-

-

11,4

11,0

0,4

3,5

Ет консервiлерi, тонна

187,9

-

187,9

100,0

9,6

-

9,6

100

Сүт пен кiлегей, мың. тонна

1,7

1,6

0,1

5,9

1,1

1,6

0,5

45,4

Сары май, тонна

218,3

149

69,6

31,7

205,8

167

38,8

18,9

Сары iрiмшiк және ақ iрiмшiк, тонна

545,3

366

179,3

32,9

779,3

559

220,3

28,3

Маргарин өнiмi, тонна

44,3

-

44,3

100

12,0

-

12,0

100

Кондитер өнiмдерi, тонна

407,7

131,7

276,7

67,9

76,7

27

49,7

64,8

2000 жыл

2001 жыл

Барлығы

Өндiрiс

Импорт

импорт үлесi, %

Барлығы

Өндiрiс

Импорт

импорт үлесi, %

2418,9

4

2414,9

100

2708

108

2600

96,0

143,8

142,7

1,1

0,8

164,4

162,4

2,0

1,2

44

44

-

-

283

283

-

-

21,1

1,1

20,0

94,8

155,8

4,0

151,8

97,5

4,8

2,7

2,1

43,7

6,2

3,0

3,2

51,6

335,3

128

207,3

61,8

192

120

72

37,5

1213,8

884

329,2

27,14

1370,4

849

521,4

38,0

-

-

-

-

-

-

-

-

131,2

5

126,2

96,2

100,9

78

22,9

22,7

      * қант өндiру импорттық шикiзатты қайта өңдеу есепке алынып көрсетiлдi.

6-кесте   

Тамақ өнiмдерiн тұтынудағы импорт

(тонна)        

Көрсеткiштер

1998 ж .

1999 ж .

2000 ж .

импорт

үлесi , %

импорт

үлесi , %

импорт

үлесi , %

Өсiмдiк майлары

309,5

85,6

680,4

97,4

2414,9

100,0

Қант

2406,6

1,7

6577,4

5,4

1108,2

0,8

Шұжық тағамдары

-

-

0,4

100,0

-

-

Ет өнiмдерi (консервiлер)

187,9

100

9,6

100

20

100

Сары май

69,3

31,7

38,8

18,9

207,3

61,8

Сары iрiмшiк және ақ iрiмшiк

179,3

32,9

220,3

28,3

329,2

27,1

Маргарин өнiмi

44,3

100

12,0

100

-

-

Кондитер өнiмдерi

276,7

67,9

49,7

64,8

126,2

96,2

2001 ж .

импорт

үлесi, %

2600,0

96,0

2005,8

1,2

-

-

151,8

100

72,0

37,5

521,4

38,0

-

-

22,9

22,7

      Тамақ өнiмдерi экспорт-импортын талдау астық дақылдары мен ұн-жарма өнеркәсiбi өнiмiнiң позициялары бойынша тұтастай алғанда, оң теңгерiмдi көрсетiп отыр. Алайда, тереңдеп қайта өңделген барлық басқа тамақ өнiмдерi, өсiмдiк майы мен құс етi бойынша сыртқы сауданың сальдосы терiс. Импорт ағынын талдау облысқа негiзгi азық-түлiк импорттаушы Ресей екендiгiн көрсетiп отыр - оның үлесi импорттың жалпы көлемiнiң 60%-ы. Ол шұжық тағамдарының ет және ет-өсiмдiк консервiлерiнiң, печеньенiң, кондитер тағамдарының, наубайхана ашытқысының, какао мен қанттан жасалатын кондитер тағамдары оның, қоюлатылған және құнарландырылған сүттiң, кетчуптiң, майонездің, балмұздақтың, сыраның, күнбағыс майының сары майдың 70%-нан 30%-на дейiн қамтамасыз етедi.
      Көлемi жағынан екiншi импорттаушы Қырғызстан болып табылады - оның үлесi 10%-дан 40%-а дейiн. Сондай-ақ, Өзбекстан да облысқа импорттаушы болып табылады.
      Бұл бағытта есеп-қисаптың жоқтығы, 2003 жылдан бастап, барлық өнiм түрлерiнiң қозғалысы жөнiндегi есептi жолға қоюды керек етедi.
      2.4. Тамақ өнiмдерiнiң сапа стандартына сәйкестiк деңгейi.
      Қазiргi кезде отандық ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру және оны қайта өңдеу халықаралық, көбiнесе тiптi ұлттық сапа стандартына да сай келмейдi. Облыстық СЭС деректерi бойынша 2001 жылы 5838,3 кг тамақ өнiмдерi жарамсыз деп танылған. Санитарлық гигиеналық зерттеу қорытындысымен жарамсыз деп танылған тамақ өнiмдерiнiң Россия мен Қырғызстаннан әкелiнген 4722,9 кг-ы немесе 84%-ы болса, өзiмiзде өндiрген отандық өнiмдердiң 1115,4 кг немесе 19%-ы болған.
      Сапасыз өнiмдердiң жоғары үлесi сүт пен сүт өнiмдерiнен болып отыр. 3904 кг (66,9%-ы) өнiмнiң 18 кг-ы (0,5%-ы) жергiлiктi өнiм, ет және ет өнiмдерiнiң 646,7 кг-ынан (11,1%-ы) 71,2 (11%), кондитер өнiмдерi бойынша 263,4 кг-нан (4,5%) - 1,4 кг-ы (4%) жергiлiктi өнiм.
      2.5. Жалпы тұжырымдар
      Халықтың тамақ өнiмдерiмен жалпы қамтамасыз етiлгендiгiн және бұл жүйенiң тұрақтылығын сипаттай келiп, мынандай қорытындылар жасауға болады:
·     азық-түлiк рыногы, тұтастай алғанда, негiзгi тамақ өнiмдерiн тұтынудың ұлттық стандартын қамтамасыз етiп отыр;
·     қатер төнген жағдайда негiзгi тамақ өнiмдерiн қамтамасыз ету жүйесi қалыптастырылды;
·     тамақ өнiмдерiне халықтың экономикалық қол жетiмдiлiгi, тұтастай алғанда халықтың кiрiстерi деңгейiмен қамтамасыз етiлгенмен, облыстағы әлеуметтiк топтар мен аумақтар бойынша бiркелкi емес;
·     азық-түлiк импорты көлемiнiң өсуiне, оның сапа стандарттарына сәйкессiздiгiне қарай азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi тұрақты емес.
      Шаралар:
·     жан басына шаққанда, сондай-ақ жынысы мен жасына қарай жекелеген топтарға орташа есептелген тамақ өнiмiнiң бүкiл қажеттi номенклатурасы бойынша тұтынудың ұлттық стандарттарын бекiту;
·     халықтың кедейлiк жағдайын жеңiлдету үшiн мыналар негiзгi басымдықтар болуға тиiс: олардың даму деңгейiн теңестiруге бағытталған аймақтық саясат жүргiзу, экономика салаларының, оның iшiнде ауыл шаруашылығының одан әрi экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, кедей халықтың (әсiресе ауылда) еңбек әулетiн iске асыру үшiн мемлекеттiң жағдай жасауы, халықтың әлеуметтiк осал топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудiң атаулылығын күшейту;
·     аудан әкiмдерi тұтынудың ұлттық стандарттарына негiзделiп есептелген ең төменгi тұтыну себетiнiң мониторингiн жүргiзуi қажет;
·     тамақтануға экономикалық қол жеткiзу үшiн халықтың барлық топтары кiрiстерiнiң деңгейiн тұтынудың ұлттық стандарттары негiзiнде есептелген тұтыну себеттерiнiң ең төменгi теңдестiрудi қамтамасыз ету;
·     тамақ өнiмдерiнiң сапасын бақылау жүйесiн әзiрлеу және оны халықаралық стандарттара көшiру;
·     азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мониторингiн жүзеге асыру;
·     индикативтiк жоспарды әзiрлеу кезiнде азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзiн құрайтын ауыл шаруашылығы өнiмiнiң және оны қайта өңдеудiң әрбiр түрi бойынша өндiрiстiң көрсеткiштерiн есепке алу;
·     отандық тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру және орында қолдаудың мемлекеттiк саясатын жүргiзу негiзiнде iшкi азық-түлiк рыногының импортқа тәуелдiлiгiн төмендету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
·     негiзгi тамақ өнiмдерiнiң iшкi өндiрiсiнiң көлемiн тұтыну стандарттарына сәйкес шектi мәннен кем болмайтындай етiп қамтамасыз ету.

      3. Аграрлық сектордың бүгiнгi жағдайына талдау
      Жүргiзiлген реформалардың барысында облыста экономиканың аграрлық секторы құрылымында үлкен өзгерiстер болды.
      2002 жылғы 1 тамызына облыста 9803 агроқұрылым болған, оның 9553-шаруа қожалықтар, 154-жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, 80-өндiрiстiк кооперативтер, 14-акционерлiк қоғамдар және 2-мемлекеттiк кәсiпорындар.
      Реформалар арқасында, агроқұрылымдардың 4,4 млрд. теңге қарыздары 2 млрд. 491 млн. теңгеге (57%) азайды. Өткен 2001 жылды 240 агроқұрылымдардың 51-i (21%) 50,2 млн. теңге пайдамен аяқтады. Бұл көрсеткiш 2000 жылы 45,4 млн. теңге немесе 16% болатын.
      Егiншiлiкте, 2002 жылы, 2001 жылмен салыстырғанда 60,9 мың гектарға (14%) егiс көлемi ұлғайтылды, оның iшiнде күздiк бидай көлемi 52 мың гектарға (26%) артты.
      2001 жылы, 2000 жылмен салыстырғанда, жалпы өнiм көкөнiстен 80,5 мың тоннаға, бақша дақылдарынан - 34,5, жүгерi дәнiнен - 24,9, картоптан - 18,8, қант қызылшасынан - 3,7, майлы дақылдардан - 1,1 мың тоннаға артып, әр гектардан алынған өнiм бақша дақылдарынан 31,3 центнерге, көкөнiстен - 27,7, жүгерi дәнiнен - 9,0, картоптан - 4,7, майлы дақылдардан - 1,1 центнерге артық болды.
      Масақты дәндi дақылдардың, әсiресе күздiк бидайдың сорттарын жаңарту мен ауыстыруға үлкен мән берiледi. Оларды өндiрумен 6 элитсемхоз шұғылданады.
      Сонымен қатар, егiншiлiкте, өндiрiс технологиясы мен агротехникалық тәсiлдерi сақталмайтынына байланысты, ауа-райы шарттарына тәуелдiлiгi күшеюiн, топырақтың құнарлығы төмендеуiн айта кеткенiмiз жөн, техника паркiнiң ескiруi, шаруашылықтардың энергия қуаттарымен жарақтандырылуы өте төмен болғандықтан, құнарлы жерлердi де толық көлемiнде өңдеуге мүмкiншiлiгi жоқ, сондықтан олардың көп бөлiгi пайдаланылмайды. 2001 жылы облыс бойынша 314 мың гектар (39%) айдалмалы жер, оның iшiнде 30,1 мың гектар (15%) суармалы жерлер пайдаланылмай қалған.
      Мал шаруашылығында қол жеткен табыстар айтарлықтай. Мал басы мен өндiрген мал шаруашылығы өнiмдерi жылдан жылға өсуде. 2001 жылы, 2000 жылмен салыстырғанда, мал шаруашылығы өнiмдерi 3%-тен 12% дейiн көп өндiрiлген, мал басы 3-тен 14% дейiн көбейген, жалпы мал өнiмдiлiгi артып, өлiм-жiтiмi қысқарды.
      2002 жылғы 1 тамызына, 2001 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда, ет өндiру 6 %, сүт - 9, жұмыртқа - 11 % артты, мал басы, шошқа - 2 %, жылқы - 7, қой - 12, мүйiздi iрi қара (МIҚ) - 11, құс - 6, түйе - 11 % өскен, қозы мен құлын 6 %, бота - 10, бұзау - 7 % көп алынып, малдың барлық түрлерiнiң өлiм-жiтiмi 12 %-дан 91 %-а дейiн қысқарды.
      Селекциялық-асылдандыру жұмыстары жақсарып, асыл тұқымды зауыттармен қалыптастырғыштардың саны 27-ге жеттi, оның iшiнде сүт өндiретiн шаруашылықтар - 6, биязы жүндi қой шаруашылықтар - 5, қаракөл шаруашылықтар - 4, еттi - майлы қой шаруашылығы - 1, жылқы шаруашылықтар - 9, шошқа шаруашылығы - 1, түйе шаруашылығы - 1.
      Облыста ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсатумен 364 шағын зауыттар шұғылданады, оның iшiнде 83 диiрмен, 120 нан зауыт, 45 шұжық цехтар, 17 - макарон, 18 - өсiмдiк майы шығаратын цехтар, 10 - сүт өңдейтiн, 6 - жемiс пен көкөнiс өңдейтiн цехтар, 5 - шарап, 6 - сусындар мен кондитерлiк тағамдарды өндiретiн, 5 - мал сою, 10 - тон тiгетiн және 7 - қой терiсi өңдейтiн цехтар бар.
      Қайта өңдеу кәсiпорындары 2001 жылы 23,2 мың тонна сүт өнiмдерiн, 27,5 мың тонна нан, 48,4 мың тонна ұн, 2,6 мың тонна макарон, 11,6 млн. литр спирт-арақ өнiмдерiн, 4,3 млн. литр алкогольсiз сусындарын, 1203 тонна шұжық, 1,1 млн. ТУБ көкөнiс консервiлерiн және басқа да өнiмдерiн 15,3 млрд. теңгеге өндiрдi.
      Ескертетiн жағдай, статистика қызметiнiң есептерiнде ұқсатылған өнiмдердiң жалпы көлемi 3 млрд. теңге деп көрсетiлген.

      4. Аграрлық бизнестiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру
      4.1. Жер қатынастарын дамыту
      ағымдағы жай-күйi:
      Жер пайдалануға мемлекеттiк актiлер мен құқық беру құжаттарын дайындап беруде облыста жүйелi iстер атқарылып келедi. 588,3 мың гектар көлемде арнайы жер қоры құрылды, оның 547,2 мың гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Селолық округтардың жерлерi қоғамдық жерлерден бөлiнiп, оларға қосымша 46 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берiлдi. Айдалмалы жерден 157,3 мың гектар өнiмi аз жер жайылымға ауыстырылды.
      Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын реформалаудың нәтижесiнде, өнiмi аз және сортаң жерлердiң ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылуына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 1991 жылымен салыстырғанда 4,1 млн. гектарға немесе 2 еседен астам кемiдi, сонымен бiрге егiстiк жер 0,2 млн. гектарға азайды.

7-кесте     

                                                     (млн. га)

Аудан аттары

1991 ж .

1995 ж .

2000 ж .

барлығы

ег iст жер

барлығы

ег iст жер

барлығы

ег iст жер

Байзақ

0,6

0,07

0,5

0,07

0,4

0,06

Жамбыл

0,6

0,07

0,5

0,07

0,4

0,06

Жуалы

0,4

0,11

0,3

0,11

0,3

0,11

Қордай

0,8

0,18

0,7

0,17

0,5

0,11

Меркi

0,7

0,12

0,7

0,11

0,7

0,10

Мойынқұм

2,9

0,01

2,9

0,01

1,9

0,01

Сарысу

2,3

0,05

2,3

0,02

1,3

0,02

Талас

1,2

0,03

1,2

0,03

0,8

0,03

Т. Рысқұлов

0,9

0,18

0,9

0,16

0,8

0,15

Шу

1,1

0,18

0,8

0,15

0,8

0,15

Жиынтығы

11,5

1,0

10,8

0,9

7,9

0,8

2001 ж.

1991 жылғ а қарағанда 2001 ж. өзгерiс (+, -)

барлығы

ег iст жер

барлығы

ег iст жер

0,3

0,06

-0,3

-0,01

0,4

0,06

-0,2

-0,01

0,3

0,10

-0,1

-

0,5

0,11

-0,3

-0,07

0,7

0,10

-

-0,02

1,8

0,01

-1,1

-

1,0

0,02

-1,3

-0,03

0,6

0,03

-0,4

-

0,8

0,15

-0,1

-0,03

0,8

0,15

-0,3

-0,03

7,4

0,8

-4,1

-0,2

8-кесте

2 001 жылдың 1 қарашасындағы Жамбыл облысы
бойынша нақты арнайы жер қоры

(мың га)                 

Аудандардың

Аттары

Арнайы жер қорының нақты көлемi

Барлығ ы

оның iшiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

одан айдалмалы жер

Байзақ

16,8

16,8

1,5

Жамбыл

11,2

10,5

1,4

Жуалы

19,3

18,4

2,6

Қордай

24,6

24,5

1,8

Меркі

15,3

15,0

6,7

Мойынқұм

67,0

59,2

1,2

Сарысу

167,9

148,1

0,5

Талас

62,5

59,8

1,0

Т. Рысқұлов

138,9

132,3

14,6

Шу

64,8

62,6

10,9

Жиынтығ ы

588,3

547,2

47,2

      Проблемалар:
      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншiктiң болмауы аграрлық секторда кепiл қатынастарының дамуын және күрделi қаржыны ұлғайтуды тежейтiн факторлардың бiрi болып табылады;
·     тұрақты жер қатынастарының болмауы iрi және орта тауарлы ауыл шаруашылығы құрылымдарын дамытуға ынталандырмайды;
·     топырақтың сапасын анықтайтын қазiргi заманға материалдардың болмауы нақты бағалауға және жер салығының көлемiн саралауға мүмкiндiк бермейдi;
·     топырақтың құнарлылығын арттыруға ынталандырудың, сондай-ақ топырақ құнарлылығының жай-күйiн пәрмендi қадағалаудың экономикалық тетiгiнiң болмауы жер пайдаланушылардың жердi пайдалану жөнiндегi жауапкершiлiгiн төмендетедi.
      Шаралар:
      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншiктi енгiзу жөнiндегi заңнамалық акт дайындауға қатысу;
·     ауыл шаруашылығы жерлерiнiң құнарлылығын сақтау және арттыру мақсатында жердi тиiмдi пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту;
   ·  жердi бөлудiң қолданылып жүрген заңнамаға сәйкестiгiне тексерiс жүргiзу;
·     жер телiмдерiнiң бағалау құнын анықтаудың әдiстемесiн жетiлдiру - барлық аймақтарда бонитеттi бағалаудың 4 турын өткiзу, ел экономикасының жай-күйiн ескере отырып, топырақтың типтерi мен iшкi типтерiн капиталға айналдыру ставкасын саралау;
·     жердi кепiлге беру арқылы кредит берудiң ипотекалық нысанын және кредит тетiгi арқылы жер пайдалану құқығын пайдалана отырып аграрлық секторда қаржы-кредит қатынастарын жетiлдiру.
      Қаржымен қамтамасыз ету

9-кесте     

(млн. теңге)       

Бюджеттiк бағдарламаның аттары

2003 жыл

республикалық бюджет

2004 жыл республикалық бюджет

2005 жыл республикалық бюджет

Топырақ құнарлылығын анықтау аумақтың бонитировкалау

26

27

27

Елдi мекендердiң картографиялық құжаттарын жасау

67

67

66

ДПГНПЦЗ-ның топырақ зерттеу зертханасын қайта қалпына келтiру

15

-

-

Топырақ құнарлылығының мониторингiн жүргiзу

10

5

50

ЖИЫНТЫҒЫ

118

99

143

      Күтiлетiн нәтижелер:
·     Жердi нарықтық айналымға енгiзу, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң несие ресурстарына қол жеткiзуiн ұлғайту, жердiң пайдаланылуын жақсарту, салық салудың арнайы режимiн сақтау.
      4.2. Ауыл шаруашылығында су пайдаланудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру
      Суармалы жерлердiң жай-күйi:
      Суармалы жер қоры - 226,3 мың га. Барлық айдалмалы жердiң 25%-ын құрап, өнiмiнiң 75%-ынан астамын өндiрудi қамтамасыз етедi. 1990 жылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде 249,3 мың га суармалы жер пайдаланылса, ал 2001 жылы нақты 160,9 мың га жер суғарылды, ал 31,24 мың га егiлмей қалды, қалған 34,14 мың га, сортаң жерлердiң айналымнан шығарылуына, суару жүйелерiнiң ақауларына, ұйымдастыру iс-шараларының нашарлауына, ең алдымен, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың болмауына байланысты пайдаланылмады.

10-кесте  

Қолда бар суармалы жерлер және олардың жай-күйi

                                                      (мың. га)

Аудан аттары

Қолда бар суармалы жер, барлығы

Оны»iшiнде суғарылатыны

Барлығы

оның iшiнде

Тұқым себiлген

Тұқым себiлмейтiн

Байзақ

32,8

32,8

28,33

4,47

Жамбыл

44,29

44,3

40,73

3,56

Жуалы

10,12

10,12

10,12

-

Қордай

47,69

47,69

47,69

-

Меркі

20,81

20,81

20,81

-

Мойынқұм

9,53

9,53

5,46

4,07

Т. Рысқұлов

8,13

8,13

6,03

2,1

Сарысу

4,94

4,94

3,94

1,0

Талас

13,44

13,44

4,95

8,49

Шу

34,54

34,54

26,99

7,55

Жиынтығы

226,3

226,3

195,05

31,24

Пайдаланылмайтын суармалы жерлер

Барлығы

оның iшiнде, мынандай себептермен

Суару жүйелерi ақаулы

Суды» жоқтығы

Топырақты суландыру жағдайларының» нашарлауы

Қаржының жоқтығы











5,88

-

-

-

5,88

17,18

-

-

-

17,18

10,49

10,49









0,59

-

-

-

0,59
















34,14

10,49

-

-

23,65

      Ескерту: Суармалы жер көлемiне:
      - Жамбыл ауданына Тараз қаласының 6,26,мың га суармалы жерi;
      - Шу ауданына Шу қаласының 1,1 мың га суармалы жерi кiрген
      Ауыл шаруашылығында су пайдалану проблемалары:
      ауыл шаруашылығында су пайдалануды, жер суландыру құрылыстарына меншiк қатынасын реттейтiн заңнамалық базаның жоқтығы;
·     су пайдалану ассоциацияларының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жасаған қызметiнiң тиiмсiздiгi;
·     суды жеткiзiп беру жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құны қымбат болғандықтан облыстың шаруашылықтарда 71,8 млн. теңге көлемiнде дебиторлық берешек қалыптасты, бұл ауыл шаруашылығында су пайдаланушылара қызмет көрсететiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметiнiң залалды болуына себепшi болады;
      Жер суландыру құрылыстарының әбден тозығы жетуiнiң салдарынан жер суландыру жүйелерiнiң ПӘК-i нормативтiк көрсеткiштен екi есе төмен.
      Су пайдалану жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар:
  ·   су пайдаланушылар бiрлестiктерiнiң ұйымдастырылыуы және олардың жұмыс iстеуi жөнiндегi нормаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Су Кодексiнiң жаңа редакциясын әзiрлеуге қатысу;
·     шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың ерекше авариялық жағдайдағы телiмдерiн қалпына келтiру;
·     Тараз қаласындағы "Казюжгидроводхоз" РМК ЖЗИ жобалау-зерттеу жұмыстарымен қамтамасыз ету;
·     кадрлар даярлау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламада жыл сайын жалпы саны 20-25 адам шамасында су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының инженер-гидротехниктерін, инженер-құрылысшыларын даярлауды көздеу;
·     2006-2010 жылдарда 47,7 млрд теңгеге 65 мың га суармалы алқапты түбегейлi қалпына келтiру.
      Қаржылық қамтамасыз ету:
      ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткiзiп беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер құнына субсидия беру;
·     шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың ерекше авариялық жағдайдағы телiмдерiн қалпына келтiру;
·     Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру" жобасы бойынша және Азия Даму Банкiнiң "Су ресурстарын басқару және жерлердi қалпына келтiру" жобасы бойынша қарыздар.

11-кесте     

(млн. теңге)     

Бюджеттiк бағдарламаның атауы *

2003 жыл республика бюджетi

2004 жыл республика бюджетi

2005 жыл республика бюджетi

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткiзiп беруде көрсететiн қызметтер құнын субсидиялау

87,12

97,4

98,0

Шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтiк құрылыстарды»ерекше авариялық жағдайдағы телiмдерiн қалпына келтiру

52,5

210,0

70,0

Ирригациялық және дренаждық жүйенi жетiлдiру

--

270,0

500,0

Жиынтығы:

139,62

577,4

668,0

      * - қаржы көлемi жыл сайын нақтылануы мүмкiн
      Күтiлетiн нәтиже:
      өсiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының рентабельдiлiгiн арттыру;
·     суармалы жүйелердiң пайдалы әсер коэффициентiн 80%-а дейiн арттыру;
·     ауыл шаруашылығы дақылдарының түсiмдiлiгiн 25-30%-а дейiн ұлғайту;
·     ауыл шаруашылығында су пайдаланудың тиiмдi жүйесiн және жер суландыру құрылыстарын пайдалану жөнiндегi құрылымдарды дамыту;
·     жұмыс орнын көбейту.
      4.3. Өсiмдiк шаруашылығы
      Жалпы сипаттамасы
      Атқарылған игi жұмыстардың нәтижесiнде 2002 жылы 1998 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс көлемi ұлғайтылды: дәндi дақылдар барлығы дәндiк жүгерiнi қосқанда 44,9 мың гектарға, оның iшiнде бидай 38,6 мың га, картоп 600 гектарға, көкөнiс 500 гектарға ұлғайды.

12-кесте   

Өсiмдiк шаруашылығын дамытудың кейбiр
көрсеткiштерiнiң серпiнi

Дақылдар

Жалпы өнiм жинау, мың тонна

Орта есеппен 1996-1998 жылдарда

Орта есеппен 1999 - 2001 жылдарда

1996-1998 жылдарға % есебiмен

Астық

378,8

382,3

100,9

Оның iшiнде бидай

239,2

253,5

105,9

Қант қызылшасы

73,4

51,8

70,6

Күнбағыс

0,7

2,2

31,4

Картоп

40,9

71,0

173,5

Көкөнiс

106,0

212,9

2 есе

Бақша дақылдары

22,6

74,5

3,3 есе

Тү с iмдiлiгi, ц/га

Орта есеппен 1996-1998 жылдарда

Орта есеппен 1999 - 2001 жылдарда

1996-1998 жылдарға % есебiмен

10,6

12,5

117,9

10,3

11,7

113,3

134,3

176,8

131,6

3,2

4,9

153,1

90,2

142,3

157,8

94,6

123,9

130,9

52,7

122,6

2 есе

      Егiс алқаптарының құрылымын оңтайландыру
      Ағымдағы жай-күйi

13-кесте    

Егiс алқаптарының құрылымы

                                                      (мың. га)

Дақылдар

1996 ж.

1999 ж.

2000 ж.

2001 ж .

Егiс алқабы, барлығы

613,3

476,0

488,6

439,3

Олардан дәндi дақылдар

398,7

331,1

361,7

313,7

оның iшiнде бидай

237,6

216,2

239,7

205,6

            арпа

121,6

103,1

104,1

89,2

            сұлы

-

0,1

0,2

0,2

            дәндiк жүгерi

19,6

9,5

17,0

18,1

            тары

0,1

0,5

0,5

0,3

Қант қызылшасы

10,2

4,1

4,5

3,5

Майлы дақылдар

25,8

11,5

13,7

12,4

оның iшiнде күнбағыс

1,1

3,6

5,2

4,6

            қытайбұршақ

24,1

7,5

6,7

6,6

Жем-шөптiк дақылдар

162,3

102,3

80,5

77,8

Жемiс-жидек екпелерi

4,8

4,2

2,8

2,5

Жүзiмдiктер

1,7

0,8

1,0

1,0

      Соңғы жылдардағы егiс алқаптарының құрылымын талдау егiстiктiң жалпы алқабы 1996 жылымен салыстырғанда 2001 жылы 174 мың гектарға қысқарғанын көрсеттi. Бұл орайда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алқабындағы дәндi дақылдар алқабы 85 мың гектарға қысқарса, қант қызылшасының алқабы 6,7 мың гектарға, майлы дақылдар - 13,4 мың гектарға, жем-шөптiк дақылдар 84,5 мың гектарға қысқарған.
      Жемiс ағаштары мен жүзiмдiк екпелер алқабының азаю үрдiсi сақталуда.
      4.3.1. Астық өндiру
      Облыстың өндiрiстiк әлеуетi, табиғи-климаттық шарттары бидайдың тиiмдi сорттарын өндiруге жақсы мүмкiншiлiктердi бередi. Астық өндiру 2010 жылға дейiнгi кезеңде аграрлық саясаттың басты назарында болады.
      Күздiк бидайды өндiру - егiншiлiктiң негiзгi саласы болып табылады.
      Осы саланың дамуына талдау жасап көрсек, 1991 жылғы күздiк бидайдың егiс көлемi 364,7 мың гектардан, 2001 жылы 163,3 мың гектарға қысқартылып, 201,4 мың гектарды құрады. Үстiмiздегi жылы оның егiс көлемi 52,0 гектарға ұлғайтылып, 253,4 мың гектарға дейiн жеткiзiледi. Егiс көлемiнiң қысқартылуы - құнарлығы төмен және өнiмi аз жерлердiң ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылуының, ауыл шаруашылығы құрылымдарының энергия қуаттарымен жарақтандырылу деңгейi төмендiгi салдарынан орын алған. Бұл бекiтiлген жерлердi өңдеудiң техникалық мүмкiншiлiктерiн шектеуге, тұқымдар мен жанар-жағармай дер кезiнде сатып алуға қиыншылықтарды тудырған қаражат тапшылығына әкелiп соқты.
      Бүгiнде облыста күздiк бидайдың 13 сорты өсiрiледi: "Безостая-1" (1963 ж.), "Богарная-56" (1981 ж.), "Южная-12" (1985 ж.), "Жетісу" (1995 ж.), "Стекловидная-24" (1995 ж.). 2001 жылдан бастап, сынақтардың негiзiнде "Наз" сорты аудандастырылды.
      Жаздық жұмсақ бидайдың 6 сорты зерделенуде. Облыс бойынша "Эритросперум-841" сорты аудандастырылған, оның орнына қазiр жаңа сорттар өсiрiледi. "Мирас" сорты аудандастыруға 2002 жылдан ұсынылды.
      Облыста жаздық арпаның мына сорттары аудандастырылған: "Байшешек" (1985 ж.) - жемге арналған, "Арна" (1992) - сыра қайнатуға арналған.
      Жүгерi гибридтерiнен облыста аудандастырылғандары: "Казахстанский-43 ТВ" (1976 ж.), "Казахстанский-700 СВ" (1993 ж.) - Қазақстанның селекциясынан, сондай-ақ шетел селекциясынан - "ДК-636" (АҚШ), "Призма" (Швейцария). 2003 жылдан бастап Қазақстан - Югославия бiрлескен селекциясының "Каз ЗП 77" гибридi аудандастырылуға ұсынылған.
      2002 жылдан сояның (майбұршақ) сорт сынақтарынан қайтадан өткiзiле бастады. Облыста "Эврика-357" (1998 ж.) сорты аудандастырылған.
      Проблемалар:
·     Дәндi дақылдардың, аймақтың топырақ-климат шарттарының және рынок конъюнктурасының ерекшелiктерiн ескерiлмей орналастыруы, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн тұрақты және бәсекеге шыдамды жүргiзудi қамтамасыз етпейдi;
·     ұсынылған ауыспалы егiстер сақталмайды;
·     ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құнарлығы жекелеген аймақтарда төмендеп барады;
  ·   мал азықтарды өндiру мәселелерге назар аудару жеткiлiксiз болып тұр.
      Шаралар:
·    ауыл шаруашылығы дақылдардың тиiмдi түрлерiнiң (бұршақтұқымдас, жармалық дақылдар, жемдiк дәндi дақылдар) егiс көлемiн ұлғайту;
·     тиiмдi, перспективалы дақылдар тұқымдарын өндiрудi қолдау;
·     дәндi дақылдарды қайта өңдеу кәсiпорындардың қуаттарын арттыру;
·     мал және құс шаруашылығы бағытында арнаулы өндiрiстердi құру;
·     2005 жылы, 2002 жылмен салыстырғанда, күздiк бидайдың егiс көлемiн 4,1 мың гектарға ұлғайтып, бидайдың жалпы өнiмiн 303,7 мың гектарға дейiн жеткiзу.
      Күтiлетiн нәтижелер:
·    агроқұрылымдардың экономикасы нығайту, бәсекеге қабiлеттi өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi арттыру;
      халықтың еңбекпен қамтылуы мен әл-ауқатын жоғарылату;
·     астық өткiзу проблемасын шешу, астық рыногын дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау;
·     2005 жылға астық экспортын 50 мың тоннаға дейiн жеткiзу;
·     ғылыми-негiзделген ауыспалы егiстердi игеру;
·     мал шаруашылығының азықтық базасын күшейту;
      Қаржылық қамтамасыз ету.

                            14-кесте    

                                                   (млн. теңге)

Бюджеттiк бағдарламаны» аталуы

2 0 0 3 жыл

республ. бюджет

Ж ерг iкт i бюджет

Негiзгi және айналым қорларын толықтыруға несиелеу

Дәндi дақылдар, жүгерi, соя мен сорго сорттарын сынақтардан өткiзу.

Жиынтығы :

2,5
 

  2,5


 
 
 
 
 

          31,2

31,2

2 0 0 4  жыл

2 0 0 5  жыл

республ. бюджет

Ж ерг iкт i бюджет

республ. бюджет

жерг iкт i бюджет

2,5

2,5

35,2

35,2

2,5

2,5

15,0

15,0

      Бұдан басқа шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң қаражаттары қосылады.
      4.3.2. Қызылша шаруашылығы
      Қант қызылшасы 80-жылдардың аяғына дейiн 42 мың гектар жерде өсiрiлiп, түсiмдiлiгi әр гектардан 297 центнерге дейiн жеткен. Жалпы өнiмi 1,25 млн. тоннаны құраған.
      1992-2001 жылдары егiс көлемi 5 есеге кемiген, өткен жылы 3,54 мың гектарды құрап түсiмдiлiгi 102 центнерден аспады, жалпы 50,7 мың тонна өнiм жиналды. Одан 3,9 мың тонна ақ қант өндiрiлдi. Облыстағы 3 қант зауыттарынан бiреу ана iстеп тұр ("Қант" АҚ) ол да негiзiнен әкелiнген қант шикiзатын өңдеуге бағдарланған. Өзiмiзде өсiрiлген қызылшадан өндiрiлген қанттың өзiндiк құны шетелдiк қант шикiзатынан өндiрiлген қанттан және ТМД елдерiнен әкелiнген дайын ақ қанттан едәуiр жоғары.
      Бiр жылда қанттың жан басына шаққанда тұтыну стандарты 15,2 килограмнан есептегенде, облыстың қант қажеттiлiгi 15,0 мың тоннаны құрайды, ал 2001 жылы тек 5,6 мың тонна ғана өндiрiлген. Нәтижеде, импорт үшiн, қант пайдалы тауарлардың бiрi болып қалды.
      Бұл проблеманың маңызды екенiн ескерiп, облыста "Қант" бағдарламасы әзiрленген, онда қант қызылша өнеркәсiбiн жандандыру жөнiнде шаралар қарастырылған. Қант қызылшасының егiс көлемiн 12 мың гектарға дейiн, болашақта 15 мың гектарға дейiн жеткiзу, Меркi селосындағы қант зауыты ("Ойтал" АҚ) жұмысын қайта қалпына келтiру көзделген. Бұл шаралар қантты жылына 30-35 мың тоннаға дейiн өндiруге мүмкiншiлiк берiп, облыс қажеттiлiгiн ғана емес, республикамыздың басқа өңiрлерiне өткiзудi қамтамасыз етедi.
      Қант қызылшасының мына сорттары мен гибридтерi аудандастырылған: "Ялтушковская односеменная", "Ялтушковская-30" - Украинаның селекциясы, "КАЗ МС - 44" (1995 ж.) гибридi Қазақстанның селекциясы. Соңғы жылдары облыста шетелдiк селекциясының мына гибридтер аудандастырылған: "Ризофорт", "Ризор", "Атайр", "Амелия", "Авантаж", "Гольф", "Доротея", "Кива". Алайда, бұл гибридтердiң алғашқы тұқымдастыруымен ешкiм қазiрше айналыспайды. Бұл гибридтердiң "КАЗ МС-44" стандартынан әр гектардан орта есеппен 20-60 центнерге жоғары.
      Проблемалар:
·    қант қызылшасын өсiру технологиясы ескiрген;
·     техника тозған;
·     Республика тұқым шаруашылығының жоқтығы;
·     Шу және Меркi аудандарындағы қант зауыттарының банкроттықа ұшырауы.
      Шаралар:
·    фабрикалық қант қызылшасы егiс көлемiн 12 мың гектарға дейiн ұлғайту;
·     қант қызылшасын өсiрудiң ғылыми-негiзделген ұсыныстарды әзiрлеу;
·     облыс қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн, Қазақстандық селекциядағы қант қызылшасының аудандастырылған сорттарын өсiрудiң тұқым шаруашылығын ұйымдастыру;
·     сапасы мен бағасы бәсекеге шыдамды қант өндiрудi қамтамасыз ететiн, қолда бар машиналар мен жабдықтарды жетiлдiру және жаңаларын сатып алу негiзiнде, Меркi ауданындағы қант зауыты ("Ойтал" АҚ) жұмысын қайта қалпына келтiру.
      Күтiлетiн нәтижелер:
·    қызылша шаруашылығын дамыту мәселесiнiң шешiлуi, ақ қантты өндiрудi жылда 30-35 мың тоннаға дейiн жеткiзу, қызылшаның 1 гектарына 2 жұмысшыдан есеппен қосымша 17 мың маусымдық жұмыс орнын ашудың арқасында ауылдың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту;
·     қайта қалпына келтiрiлген Меркi қант зауытында қосымша жұмыс орындарын ашу;
·     қант қызылшаның тұрақты өнiм берудi қамтамасыз ететiн, жер ресурстарын тиiмдi пайдалану, топырақтың құнарлығын сақталу және жоғарылату жөнiнде, ғылыми-негiзделген ұсыныстарды облыс үшiн әзiрлеу;
·     тәттi түбiрлердi өсiрудегi шығыстарды азайтуға бағытталған қант қызылшасын өсiру үшiн технологияларды, машиналарды және жабдықтарды әзiрлеу;
·     қант шығуын арттыру және оның сапасын жақсарту жөнiнде
ғылыми-негiзделген ұсыныстарды әзiрлеу.
      Қаржылық қамтамасыз ету.

15-кесте    

                                                   (млн. теңге)

Бюджеттiк бағдарламаның аталуы

2 0 0 3  жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

Негiзгi және айналым қорларын толықтыру үшiн несиелеу

Техникалық дақылдарды»сорттарын сынақтан өткiзу

ЖИЫНТЫҒЫ :

0,5

0,5

10,0

10,0


2 0 0 4 жыл

2 0 0 5 жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

0,5

0,5

11,0

11,0

0,5

0,5

5,0

5,0

      Бұдан басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құжаттары қосылады.
      4.3.3. Картоп және көкөнiс, бақша шаруашылықтары
      Картоп, көкөнiс және бақша дақылдарының егiс көлемдерi 1991 жылғы 11,9 мың гектардан 2001 жылы 31,6 мың гектарға дейiн (2,6 есеге) ұлғайтылып, жалпы өнiмi 158,8 мың тоннадан 463,8 мың тоннаға дейiн (2,9 есеге) өстi.
      Картоптың облыс қажеттiлiгi 61,5 мың тоннаны құраса, өткен жылы 86,5 мың тоннасы өндiрiлген.
      Көкөнiс, бақша өнiмдерiнiң қажеттiлiгi 54,4 мың тонна болса, былтыр 377,3 мың тоннасы өндiрiлген. Артық өндiрiлген өнiм негiзiнен облыстан тыс жерлерге жiберiледi (экспорт - 31,5 мың тонна), сондай-ақ басқа тауарларға айырбасталады және қайта өңделедi.
      Картоптың мына сорттары облыста аудандастырылған: "Прикульский ранний", "Шортандинский", "Тамыр", 2003 жылдан бастап аудандастыруға "Жанайсан" сорты ұсынылды.
      Пияздың - "Каратальский", "Мереке", "Арай" 2003 жылдан бастап аудандастыруға "Игiлiк" сорты ұсынылды. Томаттардың - "Новичок", "Лучезарный", "Меруерт", аудандастыруға "Нартай" сорты ұсынылды.
      Проблемалар:
·    өнiмдi өңдеу, сақтау және өткiзу объектiлердiң жұмыстары нашар. Облыстағы жемiс-көкөнiстердi өңдейтiн 6 цех, қуаты төмен болғандықтан, бұл проблеманы шеше алмайды.
      Шаралар:
·    маркетинг қызметтерiнiң, көтерме азық-түлiк базарларының және көтерме-дайындау базалардың жұмысын жетiлдiру, өкiмдi өңдейтiн және сақтайтын кәсiпорындарының қуатын жоғарылату;
·     картоптың егiс көлемiн 6,0 мың гектарға дейiн ұлғайту;
·     облыстық тәжiрибе стансасы мен Жуалы ауданының "Дархан" ШҚ базасында картоптың тұқым шаруашылығының элиталы тұқым қорларын құру көзделiп отыр.
      Күтiлетiн нәтижелер:
·    картоп өсiру бойынша арнаулы шаруашылықтардың жұмысын қалпына келтiру;
·     дақылдардың түсiмдiлiгiн арттыру;
·     жұмыс орындарын көбейту;
·     қайта өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарының қуатын күшейту.
      Қаржылық қамтамасыз ету.

16-кесте    

                                                   (млн. теңге)

Бюджеттiк бағдарламаның аталуы

2 0 0 3 жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

Негiзгi және айналым қорларын толықтыру үшiн несиелеу.

Көкөнiс бақша дақылдары мен картопты»сорттарын сынақтан өткiзу.

ЖИЫНТЫҒЫ :

0,5

0,5

10,0

10,0


2 0 0 4 жыл

2 0 0 5  жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

0,5

0,5

10,0

10,0

0,5

0,5

5,0

5,0

      Бұдан басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаттары қосылады.
      4.3.4.  Майлы дақылдар
      Соңғы жылдары облыс аймақтарында майлы дақылдардың егiс алқаптарын тиiмдi пайдалану жөнiнде бiрқатар шаралар қолданылды. Майлы дақылдардың егiс көлемi 1991 жылғы 4,1 мың гектардан 2001 жылы 11,6 мың гектарға дейiн (2,8 есе) ұлғайтылды, ал өндiрiлген майлы дақылдардың тұқымы 1,7 мың тоннадан 4,9 мың тоннаға дейiн (2,9 есеге), оның iшiнде күнбағыс тұқымы 2,5 мың тоннаға дейiн өстi.
      2005 жылы майлы дақылдардың егiс көлемi 14,2 мың гектарға дейiн, оның iшiнде мақсары - 9,1 мың гектарға дейiн жеткiзу жоспарланған.
      Облыс тұрғындарының өсiмдiк майға қажеттiлiгi 8,4 мың тоннаны құрайды, 2001 жылы облыста 2,5 мың тонна өндiрiлген, сондай-ақ негiзiнен республикамыздың басқа облыстарынан (3,5 мың тонна) және шетелден (2,4 мың тонна) әкелiнген.
      2003 жылдан бастап облыстың аймақтарында 1670 гектар алқапта соя (майбұршақ) егiлетiнi жоспарлануда, ол үшiн қазақтың егiншiлiк ғылыми-зерттеу институтында шығарылған сояның перспективалы сорттары ("Казахстанская 2309", "Эврика 357", "Мисула 1092") пайдаланылады.
      Проблемалар:
·     тұқымдармен қамтамасыз етiлуi жеткiлiксiз (соя);
·     ұсынылған ауыспалы егiстер сақталмайды;
·     техникалар әбден тозып, ескiрген;
·     несие ресурстары жетiспейдi;
·     инвестициялардың жоқтығы.
      Шаралар:
·    майлы дақылдардың егiс көлемiн ұлғайту;
·     майлы дақылдардың, әсiресе сояның тұқымын тиiмдi пайдалану жөнiнде "VITA" ААҚ-мен бiрге жұмыс атқару;
·     соя өсiрудiң ғылыми-негiзделген ұсыныстарды әзiрлеу;
·     майлы дақылдарды өндiруге инвестиция тарту;
·     ең тиiмдi жобаларды несиелеу.
      Күтiлетiн нәтижелер:
·    майлы дақылдардың түсiмдiлiгiн әр гектардан 15 центнерге дейiн арттыру;
·     жұмыс орындарын көбейту;
·     2005 жылы майлы дақылдардың жалпы өнiмi 21 мың тоннаға дейiн өсу керек.
      Қаржылық қамтамасыз ету.

17-кесте 

                                                   (млн. теңге)

Бюджеттiк бағдарламаның аталуы

2 0 0 3 жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

Негiзгi және айналым қорларын толықтыру үшiн несиелеу.

Майлы дақылдар сорттарын сынақтан өткiзу

ЖИЫНТЫҒЫ :

0,4

0,4

5,0

5,0

2 0 0 4 жыл

2 0 0 5  жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

0,4

0,4

5,0

5,0

0,5

0,5

1,8

1,8

      Бұдан басқа, инвестордың "VITA" ААҚ және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаттары қосылады.
      4.3.5. Жемiс және жүзiм шаруашылықтары
      Жемiс-жидек және жүзiм 2001 жылы 2484 гектар алқапта, оның iшiнде 1875 гектарда - жемiс берушi, сүйектiлер - 543 гектарда, жидектiктер - 132 гектарда, жүзiм - 975 гектарда, оның iшiнде жемiс берушi - 966 гектарда өсiрiлген. Алма мен алмұрттың жалпы өнiмi - 3,6 мың тоннаны, сүйектiлердiң - 1,6 мың тоннаны, жидектiң - 0,3 мың тоннаны, жүзiмнiң - 1,7 мың тоннаны құрады. Одан басқа, өткен жылы облысқа шекаралас ТМД мемлекеттерiнен 2,0 мың тонна жемiс-жидек әкелiнген. Баубақшалар мен жүзiмдiктердi дамытуға қаражат бөлiнбегендiктен, бүгiн көне плантациялардың үлесi, нормативтiң 20% орнына 80% құрап отыр.
      Қазiр алхорының (слива) - 10 сорты, өрiктiң - 11 сорты, алмұрттың - 16 сорты, алманың - 13 сорты, жүзiмнiң - 8 сорты сынақтан өткiзiлуде.
      Проблемалар:
·    көпжылдық ағаштар мен жүзiмдiктердi қалпына келтiру және ұлғайту жөнiнде жүргiзiлiп отырған жұмыстардың жеткiлiксiздiгiне байланысты қайта өңдейтiн кәсiпорындарда шикiзаттар жетпейдi;
·     несиелiк ресурстар жетпейдi;
·     салаға инвестициялар тартылмаған, жүзiм-шарап саласының техникалық және технологиялық жағдайының деңгейi төмен, жабдықтары тозған;
·     өндiрiстiң тәуекелдiгi мен банкiлердiң ставкалары жоғары болғандықтан, сондай-ақ кепiлдiк базаның жетiспегендiгiнен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердiң несие ресурстарды алуға мүмкiншiлiктерi аз;
·     алғашқы шарап жасау кәсiпорындарының (шарап зауыттар мен цехтар) ауыр қаржылық жағдайы, бюджет және жеткiзiп берушiлердiң алдында қарыздары.
      Шаралар:
·    жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау өндiрiсiн дамыту жөнiнде бағдарлама әзiрлеу;
·     селекциялық жаңа құнды сорттарының таза сортты егiс материалды өсiру бойынша жүзiм питомниктердi қалпына келтiру;
·     таза сортты жүзiм және алғашқы шарап жасау өндiрiсiне инвестиция тарту: "Шайқорық", "Шахан", "Жасөркен", "Ақ арал" ЖШС-де жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау өндiрiсiн қалпына келтiру және дамыту үшiн қолайлы экономикалық шарттар жасау;
      заңдардың негiзiнде iшкi рынокты шетелден заңсыз әкелiнген өнiмдерден қорғау;
·     ең тиiмдi жобаларды несиелеу.
      Күтiлетiн нәтижелер:
·    2005 жылы жүзiмдi 3 мың тоннаға дейiн өндiрiлуi көзделген, одан 190 мыңға жуық шарап материалдар жасалуы жоспарланған.
      Қаржылық қамтамасыз ету:
      Жүзiмдiктiң 1 гектарын егуге 1,2 млн. теңгелiк капиталдық салымдар қажет, 69 гектар үшiн 82,8 млн. теңге керек. Шығыстарды жүзiмдiктер егiлгеннен 4-5 жылдан кейiн қайтаратынын ескерсек, осы соманың қомақты бөлiгiн тiкелей инвестиция тарту жолмен, сондай-ақ, шаруашылықтардың өз қаражаттары, жергiлiктi және республикалық бюджеттердiң есебiнен қамтамасыз ету қажет.

18-кесте  

                                                   (млн. теңге)

Бюджеттiк бағдарламаның аталуы

2 0 0 3 жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

Негiзгi және айналым қорларын толықтыру үшiн несиелеу.

Жемiс-жидек және жүзiм сорттарын сынақтан өткiзу

ЖИЫНТЫҒЫ:

-

0,61

0,61

20,0

20,0

2 0 0 4 жыл

2 0 0 5  жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

-

0,61

0,61

20,0

20,0

-

0,61

0,61

7,0

7,0

      Бұдан басқа шаруашылық жүргiзушi субъектердiң қаражаттары қосылады.
      4.3.6. Тұқым шаруашылығы
      Өсiмдiк шаруашылығында жағдайды тұрақтандыруда және ауыл шаруашылығы дақылдардың өнiмiн арттыруда селекция мен тұқым шаруашылығын одан әрi жақсартуға үлкен мән берiледi. Дақылдардың вегетация мерзiмi әртүрлi, жатып қалуға төзiмдi, жоғары өнiмдi, жақсы технологиялық сапалы сорттары өндiрiске енгiзiлуде. Жоғары репродукциялы дәндi дақылдардың тұқымын өндiрумен 6 арнайы шаруашылық шұғылданады. Осы шаруашылықтардың өндiрiстiк әлеуетi облыс ауыл шаруашылығы құрылымдарын дәндi дақылдардың тұқыммен қамтамасыз етiлуiне қол жеткiзе алады. Майлы, бақша дақылдардың, көкөнiс, картоп және қант қызылшасы тұқымы облыс сыртында сатып алынады.
      Мемлекеттiк сорт телiмдерiнде қазақтың егiншiлiк ғылыми-зерттеу институты селекциясының күздiк бидайдың 15 сорты сынақтан өткiзiлiп жатыр. Олардың iшiнде "Наз", "Сапалы", "Юбилейная-60", "Алмалы", олардан "Наз" сорты аудандастырылған.
      Жаздық арпаның 5 сорты, жүгерiнiң 23 сорты мен гибридi, соргоның 6 сорты, қияр мен майлы дақылдардың 2 сорты, пияздың 4 сорты, картоп пен қызанның 5 сорты, жүзiмнiң 8 сорты, алхорының 10 сорты, өрiктiң 11 сорты, бүлдiргеннiң 13 сорты, алмұрттың 16 сорты, алманың 20 сорты сынақтан өткiзiлуде.
      Тұқым шаруашылығын жақсарту мәселелерi бойынша қазақтың егiншiлiк ғылыми-зерттеу институтымен бiрлесiп жұмыс жүргiзiледi.
      2002 жылға дейiн ауыл шаруашылығы дақылдардың элиталы тұқымдарын өндiруi мен өткiзуi және оларды субсидиялау, элиталы тұқымның нормативтiк көлемi есепке алынбай, нақты сатылғаны бойынша жүргiзiлген.
      Республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттарды тиiмдi пайдалану және элиталы тұқым шаруашылығын субсидиялау үшiн, 2002 жылдың өнiмiнен бастап, элиталы-тұқым шаруашылықтарға күздiк бидай, жаздық арпа және жүгерiнiң элиталы тұқымын сатуға квоталар бекiтiлген.
      Элиталы - тұқым шаруашылықтары жыл сайын сорттары жаңарту үшiн күздiк бидайдың элиталы тұқымын керектi көлемiнде өндiрiп сатады. Бiрақ, жаздық арпаның элиталы тұқымын және жүгерiнiң тұқымын өндiруi мен өткiзуi қазiрше жеткiлiксiз болып тұр. Осы себептен 2002 жылдың өнiмiне жаздық арпаның егiс көлемiнiң 33,5% жаппай репродукциялы тұқыммен себiлдi.
      Сорттарды жаңартуды жақсарту және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердi дәндi-дақылдардың жоғары репродукциялы тұқыммен қамтамасыз ету үшiн, тұқым шаруашылығы деген атағын растау үшiн облыстың 17 шаруашылықтың құжаттары Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жiберiлдi:
      Байзақ ауданы - "Достық" ШҚ, "Достық" ӨК;
      Жамбыл ауданы - "Пионер" ӨК, "Шайқорық" ӨК;
      Жуалы ауданы - "Күреңбел" ӨК, "Арна" ШҚ, "Орталық" ӨК;
      Т. Рысқұлов ауданы - "Абай" ЖШС, "Жидек" ЖШС;
      Меркi ауданы - "Сыпатай батыр" ЖШС, "Жылы бұлақ" АҚ, "Арна" ЖШС;
      Мойынқұм ауданы - "Талапты" ШҚ;
      Талас ауданы - "Көктал" ААҚ;
      Шу ауданы - "Сауранбаев" ӨК, "Дулат - 8" ЖШС, "Бөлтiрiк" ӨК.
      Облыста күздiк бидайдың аудандастырылған және перспективалы мына сорттары өсiрiледi: "Наз" - құрғақшылыққа жоғары төзiмдi, өте тәлiмi жерлерде өнiмдiлiгi 35 центнерге жетедi, дәнi - жоғары сапалы; "Алмалы" - сары және қоңыр тат ауруларға жоғары төзiмдi, өнiмдiлiгi 80 центнерге дейiн жетедi. Мемлекеттiк сорт сынақтарда, 25 сорттың iшiнде, Қазақстан Республикасының күздiк себетiн аймақтарда өнiмдiлiгi жөнiнен 1-шi орын алған. "Сапалы" сортының тәлiмi жерлерде өнiмдiлiгi 40 центнерге дейiн жетедi.

19-кесте     

Күздiк бидайдың аудандастырылған сорттарының
егiс көлемiнiң соңғы 5-6 жылдардағы динамикасы

                                             (мың. га)

С о р т

1997 ж .

1998 ж .

1999 ж .

2000 ж .

2001 ж .

2002 ж .

Безостая-1

80,0

60,4

51,0

91,6

54,5

34,7

Стекловидная-24

50,2

94,0

116,0

90,4

111,5

174,3

Богарная-56

74,8

48,1

49,0

40,0

28,8

31,5

Жетiсу

-

-

-

-

2,5

3,0

Наз

-

-

-

-

0,6

0,3

Алмалы

-

-

-

-

-

0,2

      Күздiк бидайдың ең перспективалы сорттары бүгiнгi күнi - "Наз" мен "Алмалы", жаздық арпаның - "Байшешек" пен "Арна".
      Ауыл шаруашылығы дақылдардың тұқым шаруашылығы мәселелерi бүгiнде өте маңызды. Селекция мен тұқым шаруашылықты дамытудың аймақтық бағдарлама жасалынып, тұқым шаруашылықтарын қайта жандандыру мәселелерi бақылауда тұрады.
      Тұқымдарды көбейту, өсiру, сақтау және басқа шаруашылықтарға өткiзу кезiнде, олардың себу және сорттық сапаларын төмендетуге жол бермеу керек.
      Қордай ауданының "Қайнар" ААҚ мен "Сарыбұлақ" ААҚ жүгерi тұқымын өндiрумен шұғылданады. Бұл жұмыстарды жүргiзу үшiн, алғашқы материалдар Қырғыз Республикасынан және Қазақ егiншiлiк институтынан алынады. Осы шаруашылықтар Қырғыз селекциясының "Ала-Тоо", "Шуский-62 ТВ" гибридтерiмен жұмыс iстеп айналысады.
      Облыста сорттармен гибридтердi мемлекеттiк сынақтан өткiзу, ең перспективалы сорттар мен гибридтердi анықтаумен, ауыл шаруашылығы дақылдарды сорттық сынақтар жөнiнде облыстық инспектура айналысады, оның құрамында 5 филиалы бар.
      Проблемалар:
·    заңнамалық базаның жетiлдiрiлмеуi, бұл тұқым шаруашылығы саласын мемлекеттiк реттеудi және бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi;
·     элиталық тұқым шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың жеткiлiксiздiгi және ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiрудi қолдаудың жоқтығы. Соңғы жылдарда тек бидайдың элиталық тұқымдарын өндiруге ғана субсидия берiлдi, ал маңыздылығы олардан кем емес ауыл шаруашылығы дақылдары - жемдiк дақылдардың, қант қызылшасының, көпжылдық шөптердiң тұқымдарын өндiруге мүлде субсидия берiлген жоқ. Бұл тұқым шаруашылығының одан әрi дамуына және элиталық тұқым шаруашылықтарының қалыптасуына жәрдемдеспейдi;
      тұқымдарды жаппай көбейтетiн дәндi дақылдардан басқа тұқым шаруашылықтары желiлерiнiң болмауы;
·     элиталық-тұқым шаруашылықтарында тұқым тазартқыш техниканың тозығы жетуi;
·     мемлекеттiк сынаққа келiп түсетiн ауыл шаруашылығы дақылдары сорттары көлемiнiң азаюы;
·     қант қызылшасының, жекелеген көкөнiс дақылдарының дербес тұқымдарының болмауы.
      Тұқым шаруашылығын дамыту жөнiндегi шаралар:
·    элиталық-тұқым шаруашылықтарына бекiтiлген квота бойынша уақтылы субсидия бөлу;
·     дәндi-дақылдардың, майлы дақылдардың, қозаның, қант қызылшасының, көкөнiс және бақша дақылдарының, картоптың, көпжылдық және бiржылдық шөптердiң тұқым шаруашылығын дамыту;
·     өсiп-өнуi жоғары тұқымдарды жаппай көбейтетiн тұқым шаруашылықтары жүйесiн қалпына келтiру жөнiнде жағдай жасау (картоп бойынша - Жуалы ауданы, қант қызылшасынан - Меркi ауданы, майлы дақылдардан - Жамбыл ауданы, дәндi дақылдардан Талас, Сарысу, Мойынқұм аудандарынан басқа барлық аудан);
·     жемiс ағаштары мен жүзiмдiктер өсiретiн көшеттiктердi қалпына келтiру;
·     ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердегi тұқымның сапасына уақтылы және бiлiктi сараптама жүргiзу, сапа жөнiнен олардың қолданыстағы МЕМСТ-тарға сәйкестiгiн анықтау;
      шетелдерден келетiн сорттарды қоса алғанда, сорт сынағына келiп түсетiн өсiмдiктер сорттарының түр-түрiн ұлғайту;
·     кадрлар даярлау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламада селекционер-тұқымтанушы мамандарды даярлап шығаруды көздеу.
      Қаржылық қамтамасыз ету:
      Элиталық тұқым шаруашылықтарын сақтауға және дамытуға, элиталық тұқым шаруашылықтарының, мемлекеттiк сорт сынайтын учаскелер мен станциялардың, мемлекеттiк астық ресурстарының тұқымдық және егiлетiн материалдарының сорттық және егiлу сапаларын, ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарының сыналуын анықтауға, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер тұқымдарының сапасын анықтауға республикалық бюджеттен қаражат бөлу.

20-кесте  

                                                   (млн. теңге)

Бюджеттiк бағдарламаның аталуы *

2 0 0 3 жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

Элиталық тұқым шаруашылықтарын сақтау және дамыту

Ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарын сынау

Элиталық тұқым шаруашылықтарының, тұқымдық және егiлетiн материалдарының сорттық және егiлу сапаларын анықтау

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер тұқымдарының сапасын анықтау

БАРЛЫҒЫ :

43,1
 

  4,1
 

  6,3

3,9
 
 

    57,4



2 0 0 4 жыл

2 0 0 5  жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

43,1

4,2

6,4

4,0

57,7


43,1

4,2

6,4

4,1

57,8


        * - Қаржы көлемi жылма-жыл нақтылануы мүмкiн.
      Күтiлетiн нәтижелер:
·    элиталық тұқымдар құнын 40%-а дейiн арзандату есебiнен оларға ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң қол жеткiзуi;
·     элиталық тұқымның қажеттi мөлшерiн өндiрудi қамтамасыз ететiн көлемде бiрегей тұқымдар өндiрiсiн қамтамасыз ету;
·     ауылдағы тауар өндiрушiлердiң сорт ауыстыру мен сорт жаңартуды жүргiзуi үшiн элиталық тұқымдармен толық көлемiнде қамтамасыз ету;
      өсiмдiктердiң тектiк қорын сақтау мақсатында аттестатталған элиталық тұқым шаруашылықтарының қаржылық жағдайын жақсарту;
·     қант қызылшасының, қозаның, картоптың, көпжылдық және бiржылдық шөптердiң тұқым шаруашылықтарын қалпына келтiру;
·     ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарының неғұрлым өнiмдi және сапасы жөнiнен бағалы сорттарын анықтау нәтижесiнде өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түсiмдiлiгiн, сапасын және жалпы түсiмiн арттыру.
      4.4. Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету
      Машина-трактор паркiнiң жай-күйiн талдау:
      1994 жылдан берi облыстың ауыл шаруашылығы саласына жаңа техника алынбады. Кейбiр iлкiмдi жандармен, агролизинг арқылы алынған техника агроқұрылымдардың техникамен жарақтануына ықпал ете алмады.
      Техниканың ескiруi, олардың санының азаюы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң төмендеуiне әкелiп соқтыруда. Қазiргi бар 5,9 мың түрлi тракторлар, 1 мың астық комбайны, 2,9 мың жүк автомобилi агроөнеркәсiп кешендерiнiң сұранымын қамтамасыз ете алмайды. Соңғы жылдары "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" ЖАҚ және "Казагрофинанс" ЖАҚ арқылы 57 ДТ-75, 10 МТЗ-82 тракторлары, 4 СК-5 "Нива" комбайндары және түрлi техникалар 137,4 млн. теңгеге алынды.
      Лизинг арқылы техника алудың шарттары қатаң болғандықтан, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердiң кез-келгенiнiң жағдайы көтермейдi.
      Облыстағы 26 машина-технологиялық станция сервистiк қызмет көрсетiп келедi. Олардың күшiмен өткен жылы 66,9 млн. теңгенiң қызметi көрсетiлдi. Бұл МТС-терде де техника ескiрген. 100 шаруа қожалығына 29 трактор, 9 жүк автомобилi, 11 соқа, 10 дән сепкiштен келедi, көрiп отырғандай шаруа қожалықтарының көпшiлiгiнде техника жоқтықтан МТС жұмысынан көмек сұрайды.

21-кесте    

Негiзгi ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

N

Атауы

Барлығы (дана.)

оның  iшiнде  жылдар бойынша

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1

Тракторлар

2002

745

632

371

136

53

45

5

2

Астық жинайтын комбайндар

444

185

143

66

48

2

-

-

3

Дестелегiштер

20

7

3

4

3

3

-

-

4

Жем-шөп комбайндары

83

31

24

14

6

8

-

-

5

Жүк автомобилдерi

1561

480

388

436

145

67

38

4

6

Трактор тiркемелерi

845

310

270

196

32

26

6

5

7

Қопсытқыштар

189

52

41

32

41

14

6

3

8

Дән сепкiштер

222

68

56

31

36

19

7

5

9

Соқалар

701

210

187

141

41

68

36

15

10

Тiстi тырмалар

1657

610

433

376

91

59

48

40

11

Шөп шапқыш

315

97

91

75

35

14

3

-

12

Тайлағыш

152

65

51

19

6

2

3

3

13

Мая салғыш

55

25

13

11

3

3

-

-

14

Тұқым дәрiлегiш

34

16

13

5

-

-

-

-

15

Дән толтырғыш

9

6

2

1

-

-

-

-

16

Бәрiккiш

25

8

3

5

4

3

1

1

17

Жүгерi комбайны

31

12

10

9

-

-

-

-

18

Қызылша комбайны

24

11

9

3

1

-

-

-

19

Картоп жинағыш комбайн

16

3

4

5

2

2

-

-

20

Суару машиналары

21

11

6

4

-

-

-

-

оның  iшiнде  жылдар бойынша

1998

1999

2000

2001

4

4

-

7

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

3

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

3

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

22-кесте    

Қолда бар тракторлар мен астық комбайндар

Жылдар

                            Атауы

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

Тракторлар, барлығы

8555

8255

8425

7939

7451

6555

5698

4865

6136

Астық жинайтын комбайндар

2183

2046

1955

1767

1656

1455

1289

1245

1059


2000

2001

5939

5844

1069

1114

      Проблемалар:
·     машина-трактор паркiнiң тозығы жетуi 90-95%-ға жеттi және толығымен ауыстыруды қажет етедi;
·     ұсақ және орта ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң саны көп болуы, олар техникасы болмағандықтан өздерiнiң ауыл шаруашылығы жерлерiн өз бетiнше өңдей алмайды;
·     ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң төлем қабiлетiнiң төмендiгi және өтiмдi кепiлге салатын мүлкiнiң болмауы қажеттi техника сатып алуына және екiншi деңгейдегi банктердiң кредит ресурстарын алуына мүмкiндiк бермейдi;
·     сервис орталықтары мен машина-технологиялық станциялардың (МТС) техникамен де, құрал-жабдықтармен де толық жасақталмағандығынан олар көрсететiн қызметтердiң деңгейi төмен.
      Шаралар:
·     ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге кейiннен лизингке беру үшiн отандық және шетелдiк техника мен қосалқы бөлшектер сатып алуға кредит беру қызметтерiнiң бастапқы кезеңiнде мемлекеттiк құрылымдардың қатысуымен кейiннен мемлекеттiң үлесiн бәсекелес секторға сатып, сервис орталықтар мен МТС-тiң тиiмдi нысандарын құру жөнiндегi пилоттық жобаларды әзiрлеу және iске асыру;
·     ауыл шаруашылығы қызметiн жасайтын, техникаларды жөндеумен, сатумен оларды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ететiн сервис орталықтарын құру;
·     "Запчасть", "Авторемонтный завод" АҚ зауыттарында ауыл шаруашылығы техникаларын (тракторлар, комбайндар) қайта жабдықтау, ауыл шаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер және инелi тырмалар шығаруды ұйымдастыру.
      Қаржылық қамтамасыз ету.

23-кесте    

                                                   (млн. теңге)

Бюджеттiк бағдарламаны»атауы *

2003 жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету

осындай сервис орталықтармен МТС құру*.

Ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол құрылысы техникасын мемлекеттiк тiркеу

ЖИЫНТЫҒЫ :

23,4

--
 

  1,5
 

  24,9



2 0 0 4 жыл

2 0 0 5  жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

40,0

200,0

1,6

241,6


59,5

  --

1,7

61,2


        * - қаржы көлемi жылма-жыл нақтылануы мүмкiн.
·     облыста сервис орталығын құруға 385 млн. теңге қажет, "КазАгроФинанс" ААҚ жүйесiнен (бiрiншi жыл 20% (100 млн. теңге), ал келесi 2 жылда 58 млн. теңгеден бөлгенде бұл iстi iске асыруға болар едi, бұл мақсатқа қаржы болмағандықтан ештеңе қаралған жоқ.
      Күтiлетiн нәтижелер:
·    қолда бар машина-трактор паркiн жаңарту;
·     отандық трактор жасауды және ауыл шаруашылығы техникасын, қосалқы бөлшектер шығаруды қолдау;
·     2003 жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне, әсiресе ұсақ шаруа құрылымдарына егiстiктi өңдеу, күту, егiн жинау мен ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша тиiмдi сервистiк қызметтер көрсететiн сервис орталығын құру;
·     ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын iшiнара жақсарту;
·     сервис орталықтары мен МТС-тар көрсететiн қызметтердi ұлғайту және жақсарту;
·     ауыл шаруашылығы дақылдарын өндiру тиiмдiлiгiн арттыру;
·     жұмыс орындарын 2003 жылы 35-ке, 2004 жылы - 60-қа, 2005 жылы - 98-ге көбейту;
·     ауыл шаруашылығы құрылымдары кiрiстерiнiң өсуi.
      4.5. Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың негiзгi бағыттары
      Қазiргi жай-күйi:
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң төлем қабiлетiнiң жоқтығына орай және осыған байланысты сұраныстың болмауынан ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсiпорындар өндiрiлетiн өнiмiнiң номенклатурасын әртараптандырды және соның нәтижесiнде қазiргi уақытта тек ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға ғана маманданған кәсiпорындар iс жүзiнде жоқ.
      Бүгiнгi күнде облыста ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер шығаруға бағдарланаған 9 кәсiпорындарда ауыл шаруашылығы мақсатындағы өнiмнiң 30 түрiн шығарады. Сонымен қатар ЯМЗ-238, ЯМЗ-240 двигательдерiн жөндеу "Кировец" тракторларын, двигательдердiң барлық түрiн жөндеу, автомашиналарды, астық және жүгерi комбайндарын күрделi жөндеу жұмыстарын атқарады.
      Ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын өндiрiстiк кәсiпорындардың тiзiмi:
      1. "Запчасть" АҚ
      2. "Авторемонтный завод" "Тараз-Дизель" ААҚ
      3. "Жуалынская агропромтехника" АҚ
      4. "Аса агропромтехника" АҚ
      5. "Коммунмаш" (өртсөндiргiш) АҚ
      6. "Бектемби" (ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу) АҚ
      7. "Шеберхана" (ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу) АҚ
      8. "Куланский РМЗ" ЖШС
      9. "Интеграция Кордай" ЖШС (ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу)
      Проблемалар:
·    астық жинайтын комбайндар мен доңғалақты тракторлар шығаруда өз өндiрiсiмiздiң болмауы;
·     ауыл шаруашылығы техникасының отандық маркаларының бәсекеге жарамдылығының төмендiгi;
·     отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасаушылардың жиынтықтау түзiлiмдерi мен бөлшектерi жөнiнен шетелдiк жеткiзiп берушiлерге тәуелдi болуы;
·     отандық зауыттардың қажеттi айналым қаражаттарының болмауы және олардың мiндеттi төлемдер бойынша қарыздарының болуы;
·     ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда орта буын кадрлардың жетiспеуi;
·     жаңа ауыл шаруашылығы техникасын әзiрлеу мен енгiзу жөнiндегi мамандандырылған отандық ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық ұйымдардың болмауы;
·     өндiрiлген өнiмдi сату жөнiндегi ұйымдастырылған дилер желiлерiнiң болмауы;
·     ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсiпорындарының өндiрген өнiмi жөнiнде қажеттi жарнамалық ақпараттың болмауы.
      Шаралар:
·    Негiзгi ауыл шаруашылығы жұмыстарының оңтайлы мерзiмдерде орындалуын, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сақталуы мен өңделуiн қамтамасыз ететiн, тиiмдiлiгi жоғары ауыл шаруашылығы техникасын, құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндiрiсiн дамыту;
·     машина жасау кәсiпорындары бойынша мәлiметтер базасын қалпына келтiру және қалыптастыру, оны ақпараттық-маркетингтiк жүйесiне орналастыру;
·     эксперименттiк және жобалау-конструкторлық жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсету;
·     ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсiпорындарының өндiрiстiк кооперациясын ұйымдастыру және оған сатуға көмек көрсету;
·     кәсiптiк-техникалық лицейлер (КТЛ) мен орта арнаулы оқу мекемелерiнде кадрлар даярлауды ұлғайту мәселесiн пысықтау;
·     жаңа ауыл шаруашылығы техникасын әзiрлеуге және оларды енгiзуге бағытталған ғылыми-зерттеу және инновациялық бағдарламалар мен жобаларды iске асыру
      Қаржылық қамтамасыз ету.

24-кесте   

                                                   (млн. теңге)


2003 жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

Ауыл шаруашылығы техникаларын, қондырғыларды, қосалқы бөлшектер алуды несиелеу

-

-

ЖИЫНТЫҒЫ

-

-


2 0 0 4 жыл

2 0 0 5  жыл

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

республ. бюджет

жергiлiктi бюджет

-

20,0

-

20,0

-

20,0

-

20,0

      Қаржы көлемi жылма-жыл нақтылануы мүмкiн.
      Орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
·    ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсiпорындарының кооперациясын iске асырудың негiзiнде облыста техника мен құрал-жабдықтар өндiрiсiнiң тиiмдi кешенiн қалыптастыру;
·     облыстың 6 ауданында тұқым себу және егiн жинау техникалары үшiн, сондай-ақ жем-шөп өндiруге және ауыл шаруашылығы өнiмiн бастапқы өңдеуге арналған аса тапшы қосалқы бөлшектер шығаратын өнеркәсiптiк кәсiпорындар iске қосылады;
·     жаңадан жұмыс орындарын құру.
      4.6. Өсiмдiктердi қорғау және карантин
      4.6.1. Өсiмдiктердi қорғау
      Қазiргi жай-күйi:
      Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарына 35-ке тарта түрдегi қорек таламайтын және бейiмделген ерекше зиянкестердiң 70-тен аса түрi, аурудың 50-ден аса түрлерi және 105-ке жуық арамшөп түрлерi залал келтiруде. Шегiртке зиянкестерiн қоспағанда, аса қауiптi зиянкестер мен аурулардың таралуы бойынша фитосанитариялық жағдай күрделi деп бағаланады. Фитосанитариялық жағдайдың нашарлауының негiзгi себептерi мыналар болып табылады:
      - құнсыз жерлер мен өңделмеген егiстердiң көбеюi;
      - ауыл шаруашылығы дақылдарының егiп өсiру технологиясының
сақталмауы;
      - қорғау iс-шараларының бүкiл кешенiнiң орындалмауы;
      - бюджеттiң және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң қаржылық мүмкiндiктерiнiң шектеулi болуы.

25-кесте   

Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының таралуы және 1998-2002 жылдарда оларға қарсы
күрес жүргiзу жөнiндегi мәлiметтер

Аса қауiптi зиянкестер мен аурулардың атауы

Өңделуге тиiс және нақты өңделген алаңдар, мың га

1998 ж .

1999 ж .

2000 ж .

Өңделуге тиiс болғаны

нақты өңделгенi

Өңделуге тиiс болғаны

нақты өңделгенi

Өңделуге тиiс болғаны

нақты өңделгенi

Шегiртке

31,6

29,6

54,2

14,5

112,5

112,5

Астық бақашығы

3,0


2,5


1,3


Колорада қоңызы

1,6

1,4

2,1

2,1

1,3

4,2

Астық барылдауық қоңызы

1,1

0,23

5,7

2,7

3,5

2,5

Астық қоңызы

14,1


11,4


16,1


Өрмекшi кене

1,2

0,1

1,5


0,2


Тот және септориоз

0,2


1,5


1,6



2000 ж .

2001 ж .

таралуды» 2002 жылға арнал-ған болжамдары

Өңделуге тиiс болғаны

нақты өңделгенi

Өңделуге тиiс болғаны

нақты өңделгенi

112,5

112,5

127,38

127,38

63,1

1,3


9,0


46,5

1,3

4,2

0,7

5,9

6,5

3,5

2,5

5,5

2,7

7,6

16,1


2,0

0,1

0,3

0,2


0,5

0,2

7,0

1,6




25,0

      Проблемалар:
·    республикалық және облыстық бюджеттерден бөлiнген қаражат көлемi жеткiлiксiз болғандықтан зиянкестермен және аса қауiптi зиянкестерге қарсы күрес толық көлемде жүргiзiлмедi, бұл фитосанитариялық жағдайдың нашарлауына әкеп соқпақ;
·     тиiстi қаржыландырудың болмауынан және фитосанитариялық диагноз қоюмен болжау қызметiнiң жүргiзiлмеуiнен басқа да өсiмдiктер зиянкестерiнiң ауруларының және арамшөптердiң көбеюi мен таралуына iс жүзiнде мониторинг жүргiзiлмейдi;
·     зиянкестердiң, өсiмдiктердiң ауруларының және арамшөптердiң көбеюi мен таралуына жүйелi мониторинг жүргiзетiн құрылым жоқ.
      Шаралар:
·    барлық өсiмдiктер зиянкестерiнiң, ауруларының және арамшөптердiң көбеюi мен таралуын бақылауды, есебiн жүргiзудi және болжауды жүзеге асыру үшiн облыста және аудандарда болжау пункттерi бар фитосанитариялық диагностика әдiстемелiк орталығын құру;
      аса қауiптi өсiмдiктер зиянкестерi мен ауруларын анықтауға арналған фитосанитариялық бақылаудың объектiлерiн қажеттi зерттеудi жүзеге асыру;
      аса қауiптi өсiмдiктер зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi фитосанитариялық iс-шараларының бүкiл кешенiн толық көлемде жүргiзу;
·     өсiмдiк қорғау мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру.
      Қаржылық қамтамасыз ету
      Өсiмдiк қорғау саласындағы бағдарламаның орындалуы үшiн қаражат бөлу.

26-кесте 

N

Iс-шараның аталуы

2 0 0 3

көлемi , млн. га

С о ма сы , млн. теңге

респуб. бюджет

жергi . бюджет

1.

Фитосанитариялық диагностика мен болжауды» Республикалық орталығының облыстық, аудандық филиалдарын құру


17,3


2.

Аса қауiптi зиянкестер мен ауруларды анықтауға арналған зерттеулер жүргiзу

1,0

4,4


3.

Аса қауiптi зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру

0,12

124,6



Өсiмдiк қорғау бойынша жиынтығы

0,12

146,3



2 0 0 4

2 0 0 5

көлемi, млн. га

С о ма сы , млн. теңге

көлемi, млн. га

С о ма сы , млн. теңге

респуб. бюджет

жергi . бюджет

респуб. бюджет

жергi . бюджет


8,2



8,2


1,3

4,7


1,3

4,7


0,11

134,1


0,11

136,0


1,41

147,0


1,41

148,9


        Бөлiнетiн қаржының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын республикалық бюджет комиссиясы қарауының нәтижелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен нақтылану мүмкiн.
      Күтiлетiн нәтижелер:
·    өсiмдiк қорғау және карантин саласындағы бағдарламаны iске асыру:
      - аса қауiптi зиянкестер мен аурулар таралатын алаңдардың одан әрi ұлғаюын болдырмауға;
      - аса қауiптi зиянкестер мен аурулар келтiретiн залалды шаруашылық тұрғысынан байқалмайтындай деңгейге дейiн азайтуға;
      - облыс аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдай жасауға;
      - өсiмдiк қорғау қызметiнiң оңтайлы құрылымын жасауға мүмкiндiк бередi.

      4.6.2. Өсiмдiктер карантинi
      Қазiргi жай-күйi.

27-кесте  

Облыс аумағындағы карантиндiк объектiлердiң саны мен
таралатын алаңдары жөнiндегi мәлiметтер

Карантиндiк арамшөптер

Алаңы мың га

Карантин дiк зиянкестер

Алаңы , мың . га

Жатаған укекiре

814

Шығыс жемiс жемiрi

0,09

Тiкенектi

0,14

Калифорниялық сымыр

0,09

Арамшырмауықтар

52,3

Колорада қоңызы

4,8

      Әкелiнетiн карантинге жатқызылған объектiлердiң көлемi ұлғайып барады, жыл сайын әлемдегi 20-дан астам елден карантиндiк объектiлердiң енiп кетуi қаупiн туғызатын карантинге жатқызылған материал келiп түседi. Осыған байланысты өнiм импорттайтын көптеген елдерде карантиндiк жағдай шиеленiсуде.
      "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес карантиндiк объектiлердi оқшаулау және жою жөнiндегi мемлекеттiк iс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      2000-2001 жылдарда карантиндiк объектiлерге қарсы күреске бюджеттен қаражат бөлiнген жоқ. 2002 жылы көрсетiлген мақсаттарға республикалық бюджеттен 2,3 млн. теңге бөлiндi, ол 340 га алқапта карантиндiк объектiлерге қарсы, 35378 га алқапта карантиндiк объектiлерге қарсы iс-шаралар жүргiзуге мүмкiндiктер бередi. Бұл шаралар алда да жүргiзiле бередi.
      Карантинге жатқызылған өнiмдi шекарада бастапқы тексеруден өткiзудi, сондай-ақ үш шақырымдық аймақты зерттеудi шекара пункттерi мен бекеттерiнiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.
      Карантинге жатқызылған өнiмнiң келiп түскен орнында екiншi рет тексеруден өткiзудi және карантиндiк объектiлердi анықтауды, оларды әкеткенде тексерудi және сараптауды, сондай-ақ карантиндiк объектiлердiң көбеюi мен таралуына мониторингтi министрлiктiң тиiстi аумақтық басқармаларының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.
      Карантиндiк объектiлердi анықтау үшiн аумақтарға зерттеу жүргiзудi, карантиндiк объектiлердiң көбеюi мен таралуына мониторингтi "Фитосанитария" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жүзеге асырады.
      Химиялық өңдеудi ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң өздерi және келiсiм-шарт негiзiнде бәсекелес ортада өңдеу бойынша қызметтер көрсететiн орындаушы фирмалар атқарады.
      Карантинге жатқызылған өнiмнiң үлгiлерiне талдау және сараптама жүргiзудi, сондай-ақ объектiлердiң карантиндiк түрлерге тиесiлген растауды, егiлетiн, тұқымды импорттық материалдың карантиндiк объектiлермен көмескi залалдануын анықтауды "Республикалық карантиндiк зертхана" мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Жемiс-жидек дақылдарының республикалық жерсiндiру-карантиндiк көшеттігі" мемлекеттiк мекемелерi жүргiзедi.
      Проблемалар:
      шекаралық фитосанитариялық пункттер мен постылар өсiмдiктер карантинi жөнiндегi инспекторлармен толықтырылмаған. Қосымша барлығы 13 бiрлiк қажет;
·    облыстық, қалалық, аудандық аумақтық басқармалардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi инспекторларының, сондай-ақ шекаралық фитосанитариялық пункттер мен постылардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы нашар;
      өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттара сай әдiстемелiк, анықтамалық-ақпараттық әдебиетпен, карантиндiк объектiлер жөнiндегi әдiстемелермен қамтамасыз етiлуi жеткiлiксiз, карантиндiк объектiлердiң таралуындағы өзгерiстер туралы ақпарат жоқ;
      карантиндiк объектiлердi оқшаулау және жою жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру өте мардымсыз.
      Шаралар:
      шекара мен транспорттағы фитосанитариялық пункттерi мен постыларын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi инспекторлармен толықтыруды аяқтау. Олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту;
·    өсiмдiктер карантинi бойынша әдiснама және кәсiби дамыту орталығын құру;
·    оқу орындарында, мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемелерiнде және карантиндiк зертханаларда өсiмдiктер карантинi бойынша мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және оқыту;
·    карантиндiк объектiлерге қарсы күрес үшiн республикалық бюджеттен жыл сайын қажеттi көлемде қаражат бөлу;
·    бюджет қаражаты есебiнен карантиндiк объектiлердiң көбеюi мен таралуына мониторинг жүргiзу, оларды оқшаулау және жою.
      Қаржылық қамтамасыз ету:
      Өсiмдiктер карантинi саласындағы бағдарламаның орындалуы үшiн 2003-2005 жылдарда республикалық бюджеттен 180,08 млн. теңге сомасында қаражат бөлiнуi қажет.

28-кесте  

Iс-шаралардың атауы *

Қажеттi сома, млн. теңге

2003 ж .

Республика лық

бюджет

1.

АШМ-нiң облыстық аумақтық басқармасында өсiмдiктер карантинi бойынша бөлiм құру, жұмыс iстеп тұрған ветеринарлық-фитосанитарлық постыларды, аудандық, қалалық аумақтық басқармаларында өсiмдiктер карантинi жөнiндегi инспекторлармен толықтыру.

7,76

2.

Облыста интродукциялық-карантиндiк дәндi дақылдар жөнiндегi күшеттiк құру

3,85

3.

Материалды-техникалық жарақтандыру

1,54

4.

Карантиндi объектiлердiң ошағын жою жөнiндегi шараларды жүргiзу

25,4

5.

Шекаралық фитосанитариялық пункттер мен өсiмдiк карантинi жөнiндегi постылар үшiн арнайы қондырғылар, орг.техника тағы басқа құралдар сатып алу.

32,7


Жиынтығы

71,25


Қажеттi сома, млн. теңге

2 0 0 4 ж .

2 0 0 5 ж .

Республика лық

бюджет

Республика лық

бюджет

13,19

13,19

3,9

4,65

2,45

2,45

31,5

37,5

--

--

51,04

57,79

      * - Қаржы көлемi тиiстi қаржылық жылға карантиндiк объектiлердiң таралу дәрежесiне сай нақтыландырылып отырады.
      Күтiлетiн нәтижелер:
·    облыс аумағында карантиндiк объектiлер бойынша қолайлы фитосанитариялық жағдай жасау;
·    өсiмдiктер карантинi жөнiндегi халықаралық мiндеттемелер мен келiсiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету;
·    облыс аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру;
      аграрлық азық-түлiк қауiпсiздiгiн, отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi мен сыртқы рынокқа еркiн шығуын қамтамасыз ету.
      4.7. Мал шаруашылығы
      Жалпы сипаттама:
      Облыстың аграрлық секторында мал шаруашылығының алатын орны қомақты. Кең жайылымдары, қолайлы климаттық шарттары осы маңызды саланың дамуына жақсы мүмкiншiлiк бередi. Алайда, бұрынғы өндiрiс байланыстары күйреуi, бағалардың диспаритетi, қайта өңдеу кәсiпорындарының банкроттыққа ұшырауы, мемлекеттiк сатып алу тәжiрибесi жоғалғаны, бұл салғаны тиiмсiз болып қалғанына әкелiп соқты.
      Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесiнде, бiрқатар кешендi шаралар орындалғанының арқасында, соңғы жылдары мал шаруашылығында тұрақтану мен өсiмге қол жеткiзiледi. Мал басы барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ ет, сүт, жүн, жұмыртқа өндiру жылдан жылға өсiп келедi.
      1998 жылдан бастап мал басы тұрақтанып, өсiп келедi. 2002 жылы, 1998 жылмен салыстырғанда, мүйiздi iрi қара мал басы - 32, қой - 25, шошқа - 24, жылқы - 15, түйе - 18, құс - 47 % өсуi көзделген.
      Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң қазiргi көлемi iшкi рыноктың сұраныс деңгейiне сәйкес келедi. Iшкi рыноктың сыйымдылығы халықтың төлем қабiлеттiлiгiмен байланысты болғандықтан шектеулi. Сонда да оның өсу динамикасы байқалады. Сондықтан, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi iшкi рынокқа бағдарланған, бұл сүт өндiрiсi, құс, шошқа, жылқы шаруашылықтары өнiмдерi.     

29-кесте    

Жыл аяғына мал басы

                                                     (мың. бас)


Ф а к т

2002 ж. күтiлетiн

2002 ж 1998 ж

1998 ж

1999 ж

2000 ж

2001 ж

+, -

%

Мүйiздi iрi қара

138,1

151,0

158,0

179,1

182,7

+44,6

132

Қой мен ешкi

948,0

1015,9

1067,2

1154,5

1187,0

+239,0

125

Шошқа

37,0

42,8

45,4

45,2

46,0

+9,0

124

Жылқы

47,9

50,1

51,7

53,3

55,0

+6,0

115

Түйе

2,7

2,9

2,9

3,2

3,2

0,6

118

Құс

748,7

940,4

1023,5

1072,1

1100,0

+347,3

147


Болжам

2005 ж. 2001 ж.

2003 ж

2004 ж

2005 ж

+, -

%

186,5

190,1

195,6

+16,5

109

1237,0

1269,0

1330,0

+175,5

115

46,5

47,1

49,6

+4,4

110

58,0

62,0

67,0

+13,7

126

3,3

3,4

3,5

+1,3

109

1140,0

1170,0

1200,0

+127,9

112

30-кесте 

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру

                                                   (мың. тонна)


Ф а к т

2002 ж. күтiлетiн

1998 ж

1999 ж

2000 ж

2001 ж

Ет, барлығы (сойыс салмағы)

28,1

28,5

29,3

30,6

32,0

Сүт, барлығы

140,4

158,3

167,8

179,1

181,1

Жұмыртқа, млн. дана

38,3

45,0

54,0

65,5

70,9

Жүн

1,8

2,3

2,6

2,7

2,9

Терi шикiзаты:

- iрi, мың дана

- майда, мың дана

122,3

703,9

85,8

488,9

110,9

588,2

121,2

662,1

49,5

380,0


2002 ж 1998 ж

Болжам

2005 ж. 2001 ж.

+, -

%

2003 ж

2004 ж

2005 ж

+, -

%

+3,9

114

33,4

34,5

35,2

+4,6

115

+40,7

129

182,3

186,1

190,5

+11,4

106

+32,6

185

73,5

76,2

79,5

+1,4

121

+1,1

161

3,1

3,2

3,3

+0,6

122

-72,8

-323,9

40

54

61,0

394,7

61,4

406,9

63,1

419,1

-58,1

-243,0

52

63

      2005 жылы, 2001 жылға қарағанда мал басы өсуi, өндiрiстi жақсарту және мал басы сақтау арқасында өнiмнiң мына түрлерiн өндiруi өседi:
      ет - 15% (35,2 - 30,6 мың тонна);
·    сүт 6% (190,5 - 179,1 мың тонна);
    · жұмыртқа 21% (79,5 - 65,5 млн. дана);
    · жүн 22% (3,3 - 2,7 мың тонна);
    · терi шикiзаты: iрi - 52% (63,1-121,2 мың. дана.) майда 63% (419,1 - 662,1 мың дана).
      Жұмыстың негiзгi бағыттары
      Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының ең кепiлдi саласы болып саналады, ауа-райының қолайсыз шарттарына онша тәуелдi емес. Сонымен қатар, жергiлiктi халықтың дәстүрлi ұлттық саласы болып есептеледi. Сондықтан, мал шаруашылықты дамыту аграрлық саясаттың басым бағыттарының бiрi болып табылады. Мал шаруашылығы, оның бүгiнгi жағдайы, аймақтық ерекшелiктерi, табиғи-климаттық шарттары ескерiлiп, дамуы тиiс.
      Еттi мал шаруашылығында ет өндiру көлемiн арттыруда шағын ауыл шаруашылығы құрылымдарының, шаруа, фермерлiк қожалықтарының мүмкiншiлiктерiн пайдалануға негiзгi назар аударылып және арнайы мал бордақылау кешендерiн кезең-кезеңiмен жандандыруға бағытталады.
      Сүттi мал шаруашылығында барлық күш әрекеттер қалалар мен iрi елдi мекендердiң маңында арнайы сүт кешендердi құруға жұмсалады. Сонымен қатар, жеке шаруашылықтардан, шаруа қожалықтардан өнiмдi жинау және сату, дайындау ұйымдарының орталықтандырылған қабылдау пункттерi арқылы ұйымдастырылады.
      Қой шаруашылығында - биязы жүндi қой шаруашылығы негiзiнен оңтүстiк қазақ меринос тұқымы саулықтарын австралия тұқымының қошқарларымен будандастыру арқылы дамытуы көзделген.
      Қаракөл шаруашылығында, өткiзу рыноктарды iздестiру және нәсiлдiк қорын сақтап қалуға бағытталған шараларды орындауға тиiспiз.
      Жылқы шаруашылығында - үйiрлi жылқы шаруашылығын дамыту - басымды болып табылады. Жергiлiктi табиғи-климаттық шарттарына бейiмделген жылқыларды өсiру - оның өнiмдiлiгiн және бәсекеге шыдамдығын жоғарылатады. Европа және басқа мемлекеттерде жылқы етiне сұраныс болғанын ескерсек, жылқы етiн және басқа да жылқы шаруашылығы өнiмдерiн, оның iшiнде қымызды экспортқа шығаруды қолдап, өнiмнiң сақтау мерзiмдерiн ұзарту жөнiнде өндiрiс технологияларды жолға қоюымыз қажет.
      Шошқа шаруашылығы - алғашқы уақытта, iшкi рынок қажеттiлiгiн негiзiнен шағын құрылымдармен жеке шаруашылықтарда шошқаның мал басы өсуi есебiнен қанағаттандырылады. Шошқа етiне сұраныс өскен сайын, оның дамуы шошқа өсiру кешендерiн қалпына келтiру жолмен өнеркәсiптiк негiзде асырылады.
      Құс шаруашылығында - импорттық өнiмдерi iшкi рыноктан шығару мақсатында, Байзақ аудандағы құс фабрикалардың бiреуiнiң жұмысын қалпына келтiрiп, iске қосу мiндетi тұр.
      Проблемалар:
      жекешелендiруден кейiн мал шаруашылығының iрi кешендерi мен бордақылау пункттерi жұмысын тоқтатты;
      қайта өңдеу кәсiпорындары банкроттыққа ұшырауынан, тұтыну кооперацияның күйреуiмен және селода дайындаудың басқа арнайы жүйесiнiң жоқтығы, ауыл тұрғындары үшiн өндiрген мал шаруашылығы өнiмдерiн қанағаттанарлық бағамен сатуы қиыншылық тудырады.
      Шаралар:
      шағын ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерден және жеке азаматтардан мал шаруашылығы өнiмдерiн дайындаумен айналысатын дайындау ұйымдар жүйесiн құру;
·    ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсату объектiлердi құру, қайта құру және қалпына келтiру;
·    Тараз қаласының маңындағы 11 тауарлы - сүт фермаларын қалпына келтiру;
·    Жуалы ауданының "Гамбург" ЖШС-де тауарлы - сүт фермасын құру;
·    Малды асылдандыру мақсатында барлық ауыл округтерде малды қолдан ұрықтандыру пункттердi ұйымдастыру;
·    мүйiздi iрi қара малды, қойларды, шошқаларды бордақылау жөнiнде iрi арнайы шаруашылықтарды құру;
·    асыл тұқымды малдарды сатуға арналған көрме-аукционды ұйымдастыру.
      4.8. Ветеринария
      ағымдағы жай-күйi:
      Облыста мал мен құстың жұқпалы ауруларының 79-дан астам түрлерi ұшырасады, соның iшiнде 25-i аса қауiптi түрлерiне жатады, оның көбi адам мен мал үшiн ортақ аурулар болып табылады.
      2001 жылы тұрақты табиғи ошақтардың болуынан және жүргiзiлетiн алдын алу iс-шаралары деңгейiнiң жеткiлiксiздiгiнен мал мен құстың әр түрлi аса қауiптi жұқпалы ауруларының 11 ошағы тiркелдi. Облыс аумағында сiбiр жарасының 190 ошағы бар. Лептоспироз, құтыру, шешек, оба, эхинококкоз, қырым геморрагиялық қоздырма ошақтары, туберкулез бойынша 2, бруцеллез бойынша 8 қолайсыз пунктi бар. Жылдан жылға адам мен малдың бруцеллез ауруымен ауырғаны өсуде.
      Ветеринариялық биологиялық препараттарды қолдану жергiлiктi жерлерде бәсекелес ортаға берiлген. 280 лицензиялы ветеринариялық дәрiгерлер мұны конкурстық негiзде жүзеге асырады. Облыста ветеринариялық-санитарлық қадағалауды ауылдық, аудандық, облыстық 174 ветеринариялық инспекторы жүзеге асырады, одан басқа ветеринариялық-фитосанитарлық бекеттерде 47 адам iстейдi. "Облыстық ветеринариялық зертханасы" РМК "Орталық ветеринариялық зертханасы" РМК-а бағынады, ол мемлекеттiк тапсырыспен малдың ауруларын алдын алу, мал шаруашылығы өнiмдерi мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптаумен төлем негiзiнде айналысады.
      Проблемалар:
·    ветеринариялық қызмет көрсетудiң бәсекелестiк секторын дамыту: облыс бойынша шамамен шартты түрде 461,8 мың бас мал бар, оларға қызмет көрсету үшiн нормативтер бойынша 709 ветеринария маманы қажет, сонда әрбiр ветеринария маманына шартты түрде 650 бас мал жүктелмек, алайда қазiргi уақытта мал шаруашылығына өндiрiстiк ветеринариялық қызмет көрсетумен лицензиясы бар 280 ветеринария маманы айналысады немесе 40 % қамтамасыз етiлген;
      биологиялық препараттарды мемлекеттiк сатып алу бойынша тендердi кеш өткiзгеннен және мал шаруашылығында қолданылатын биопрепараттара қаражат кеш бөлiнгеннен жоспарланан көктемгi эпизоотияға қарсы профилактикалық шаралар кеш басталады;
·    адамдар мен малдың бруцеллезi ауруымен ауырғандары жылдан жылға өсiп келедi. Ауру малды соятын жерi және оны өңдейтiн орындары болмағандықтан, бруцеллезға қарсы басталған шаралар бiтiрiлмей қалады. Облыста малдарды сақтандыру жүйесi жолға қойылмаған, соның салдарынан бруцеллез ошақтарын жоюда қиыншылықтар көп. Бруцеллез ауруына қарсы республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржы жеткiлiксiз. Барлық ошақтарды жою үшiн қаржылық қолдау қажет;
      ветеринариялық зертханалардың техникалық жарақтандырылуы халықаралық нормалар мен стандарттара сәйкес келмеуiнiң салдарынан жүргiзiлетiн сараптамалар әдiснамасының және аурулардың диагностикасы деңгейi төмен болып тұр;
·    халықтың нақты мал саны статистикалық деректерге сәйкес келмейдi. Биологиялық препараттар орталықтан тек ҚР Статистика жөнiнде Агенттiгiнiң деректерi бойынша босатылады, сондықтан малды жаппай иммунизация кезiнде вакцина жетiспейдi, бұл эпизоотиялық жағдайға терiс әсерiн тигiзедi;
·    қазiргi мал қорымдары ескiрiп, күрделi жөндеудi талап етедi.
      Шаралар:
·    жыл сайынғы жоспарлы ветеринариялық - алдың алу, эпизоотияға қарсы және ветеринариялық-диагностикалық іс-шараларды толық көлемінде жүргізу үшін қаржыны уақытылы бөлу;
·    ауылдың және кенттік аймақтар үшін ветеринариялық инспекторлардың санын республикалық бюджет есебінен 144 бірлікке дейін жеткізу;
·    бруцеллез және туберкулез жұқпалы ауруларға қарсы күрес үшін әр аудан орталығында сойыс цехтарын, облыс орталығында бруцеллезбен ауру малдың етін өңдеу цехын ұйымдастыру. Сондай-ақ, малдарға вакцинация және диагностикалық зерттеу жүргізу;
·    ветеринариялық зертханаларды техникалық жарақтандыру үшін қазіргі заманғы құрал-жабдықтар мен аппаратура сатып алу қажет;
·    малдың бруцеллез, қырым геморрогиялық қыздырма ауруларына қарсы күрес және инфекция ошағын жою үшін жыл сайын толық көлемде қаржы бөлу қажет;
·    жергілікті атқарушы органдарда коммуналдық /қазыналық/ ветеринарлық мекемелерді құру;
·    облыстың ауыл шаруашылығы колледждерінде жыл сайын 60 ветеринар мамандарын даярлауын ұйымдастыру.
      Қаржылық қамтамасыз ету
      Ветеринариялық қызмет көрсету бағдарламасын республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырудың көлемінің болжамы.

31-Кесте   

                                                   (млн. теңге)

Бюджеттік бағдарламалардың атауы

2001 жыл есеп

2 0 0 3  жыл

республ. бюджет

жергілікті бюджет

республ. бюджет

жергілікті бюджет

Эпизоотияға қарсы күрес

Ветпрепараттарды қолдану

21,0


67,919


Ветпрепараттарды түрінде

46,3


43,432


Ауру малдардың бруцеллезі мен туберкулезіне қарсы күрес 

5,0


--


Ауру малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын  жою 


0,2*

0,5


Қырым гемморогиялық қыздырма ауруының  табиғи ошақтарда алдын алу


5,6


10,0

Ауылдың ветеринариялық инспекторларды ұстауға қаражат бөлу 


11,0**

14,0


Барлығы

72,3

16,8

125,851

10,0


2 0 0 4 жыл

2 0 0 5  жыл

республ. бюджет

жергілікті бюджет

республ. бюджет

жергілікті бюджет

77,301


95,445


66,858


116,798


24,667


12,765


0,5


0,5



10,0


10,0

17,3


17,5


186,626

10,0

243,008

10,0

      * - аудандық бюджеттен қаржыландыру
      ** - эпизоотиялық жағдайда, мал басының санына және қолайсыз пункттер болуына байланысты қаржыландыруға өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      Республикалық бюджеттік комиссия тиісті қаржылық жылға республикалық бюджеттің жобасын қарау нәтижесіне байланысты, қаржыландыру көлемі, заңмен белгіленген тәртіпте өзгеруі мүмкін.
      Күтілетін нәтижелер:
·    малдар мен құстарды аса қауіпті, соның ішінде адамдар мен малдарға ортақ аурулардан қорғауға мүмкіндік береді;
·    малдан өндірілетін өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
·    облыс аумағын жұқпалы аурулар қоздырғыштарының әкелінуінен қорғау;
·    облыста ветеринарлық-санитарлық және эпизоотиялық қолайлы да оңтайлы орта қалыптастыру;
·    аса қауіпті жұқпалы аурулардан мал шаруашылығына келетін зиянды азайту.

      5. Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі және сату көлемін ұлғайту.
      5.1. Ауыл шаруашылығы өнімінің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігін бағалау
      Ауыл  шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың критерийі:
      Тиімділік, шығындарды азайту әлеуеті.
      Бәсекелік индексі:
      ішкі рынокта, импорт бағасының ішкі рыноктағы сату бағаларына сату қатынасы ретінде есептеледі;
      сыртқы рынокта, әлемдік және ресейлік бағалардың экспорттың бағаларға қатынасы ретінде есептеледі.
      Сұраныс-ұсыныс индексі:
      ішкі рынокта, нақты қажеттіліктің отандық өндіріске қатынасы ретінде есептеледі;
      сыртқы рынокта, ішкі тұтынуды алып тастағанда экспорт көлемінің өндіріс көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.
      Бидай - тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті, ішкі рынокта ұсыныс сұранымнан жоғары, сыртқы рынокта сұраныстары бар;
      Картоп, көкөніс, сүт, жұмыртқа - тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсеке қабілеті нашар, ішкі рынокта сұраныс ұсыныстан жоғары, сыртқы рынокта сұраныстары жоқ;
      Қант қызылшасы - тиімділігі төмен, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті;
      Сиыр еті, қой еті, жылқы еті, шошқа еті, құс еті - тиімді, ішкі рынокта бәсекеге қабілетті;
      Жүн-тиімсіз, бәсекеге қабілетті, сыртқы рыноктардан сұраныс жоқ.
      Шаралар:
      Бидай - сыртқы рыноктарды кеңейтуді, ішкі тұтыну үшін дендеп өңдеудің көлемін және қайта өңделген өнім экспортының көлемін ұлғайтуды көздеу қажет;
      Картоп, көкөніс, сүт, жұмыртқа - тарифтік қорғаныс деңгейін күшейтуді талап етеді, мұның өзі ішкі өндірістің көлемін ұлғайтуға және ұқсас импорттарды ығыстырып шығаруға мүмкіндік береді;
      Қант қызылшасы, сиыр еті, қой еті, жылқы еті, шошқа еті, құс еті - озық технологияларды енгізу арқылы өндіріс шығындарын азайтуды қажет етеді. Ауыл шаруашылығы өнімінің бұл түрі өңдеу өнеркәсібі үшін шикізат ретінде сұранысқа ие. Азық-түліктік топқа жататын қайта өңдеу өнімдері тиімді болып табылады және сыртқы рыноктарда көбірек сұранысқа ие.
      Жүн - экспортқа кедендік тарифті жоғарылату, сонда ғана "Фабрика ПОШ" өндірістік кооперативті толық қуатымен жұмыс істеуге қол жеткізер еді, себебі, жуылған жүн сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті.

      5.2. Астық рыногының дамуы
      Астық өндірісі мен астық мониторингінің ахуалын талдау

32-кесте  

Дәнді дақылдар түсімділігінің, өндірілуі мен тұтынылуының қарқыны

(түсімділігі - ц/га; өндіру және тұтыну - мың тонна)

Дәнді дақылдар орта есеппен 1996-1998 ж.ж.

Соның ішінде: бидай орта есеппен 1996-1998 ж.ж

Дәнді дақылдар орта есеппен

1999-2001 ж.ж.

Түсімділігі

өндіру

түсімді-лігі

өндіру

Түсімді-лігі

өндіру

тұтыну

10,4

356,9

7,6

223,9

12,5

382,2

393,4


Соның ішінде: бидай орта есеппен 1999-2001 ж.ж.

түсімділігі

өндіру

тұтыну

11,6

242,2

276,8

      Астық - елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің негізгі компоненті.
      Соңғы үш жылда (1999-2001 ж.ж.) дәнді дақылдар егіс алаңдарының тұрақтанғандығына орай олардың түсімділігі өткен үш жылмен (1996-1998 ж.ж.) салыстырғанда 2,1 ц/гектарға немесе 20,2%-ға өсіп, 7,1 ц/гектарға жетті. Астық өндіру 25,3 мың тоннаға немесе 7,0%-ға ұлғайды және орташа жылдың деңгейі шамамен 382 мың тоннаға жетті.
      Негізгі экспорттың дақыл - бидай өндірудің көлемі 1996-1998 жылдардағы 11,6 мың тоннадан 1999-2001 жылдарда 30 мың тоннаға дейін өсті.
      Астық қабылдайтын кәсіпорындардың астық сақтау жөніндегі қызметін лицензиялаудың енгізілуі олардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
      Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқым, жанар-жағармай, минералдық тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер сатып алуы үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға лизингтік негізде жеңілдетілген кредит ресурстары бөлінеді.
      Осының барлығы еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астықтық экспорттың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
      Соңғы жылдары майлы дақылдардың егістік алаңының көбею үрдісі байқалуда, сонымен қатар түсімділігінің 4-6 ц/га деңгейінде тұрақтануы майлы дақылдардың жалпы өнімін 38%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
      Тиімді және өтімді дақыл болғандықтан күнбағыс егісі ұлғаюда. Күнбағыстық жалпы түсімі: 47%-ға көбейіп, 2515 тонна жетті.
      Қытай бұршақ егістігінің көлемі 2002 жылы 7105 гектарға жеткізілсе, 2005 жылы 9200 гектарға жеткізу жоспарлануда.
      Бұршақ (соя) егісінің көлемі 2002 жылы 411 гектар болса, 2005 жылы егіс көлемі 1229 гектарға ұлғайтылып, 1670 гектарға жеткізіледі.
      Жүгер егісі 40-50%-ға ұлғайып, түсімділігі 5 центнерге арттырылып, 41,7%-ға артып, жалпы түсім 2 есеге ұлғайтылып, 69,6 мың тоннаны құрады.
      Проблемалар:
·    егіншілік мәдениетінің төмендегі, минералдық тыңайтқыштарды енгізудің жеткіліксіздігі, сапасыз тұқымдарды пайдалану дәнді дақылдар түсімділігінің ықтимал мүмкіндігін 1,5-2 есе төмендетіп; өндірілетін астықтық сапасын кемітуге әкеп соқтырады. Бидай дәніндегі дән маңызының орташа мөлшері 1986-1991 жылдардағы 20-32%-бен салыстырғанда 1992-1999 жылдары 18-30%-ға азайды;
·    астық сапасының төмендеуі ұн етіп тартылатын астық партияларының қалыптасуын қиындатады, астықтың бәсекеге қабілеттілігі мен оның экспорттың әлеуетін азайтады;
·    астық саласының техникамен орташа қамтамасыз етілуі, техникалық дайындық коэффициентін қоса есептегенде 67%-дан аспайды. Астық жинайтын бір комбайнның жүктелімі нормативтік деңгейден 50-60%-ға артық. Техниканы жаңарту оның істен шығуынан едәуір артта қалған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көпшілігі өз қаражаттары есебінен техника сатып ала алмайды;
·    астық өңдеу мен сақтаудың материалдық-техникалық базасының жай-күйі едәуір нашарлады. Қойма сыйымдылықтары әсіресе тікелей астық өндірушілерде азайды. Астық өңдейтін технологиялық құрал-жабдық моральдың және табиғи жағынан тозды;
·    астық сату арналарының дамымай қалуы, өркениетті көтерме сауда рыноктары мен маркетингтің, арзан көліктік коридорлардың болмауы, көлікпен тасымалдауға арналған тарифтердің тым қымбаттағы, биржалық сауданың нашар дамығандығы және астық бағасының белгіленбеуі астық экспортының көлемін ұлғайтуға, оны өткізудің жаңа рыноктарын іздестіруге тежеу болып баға демпингіне әкеп соғуда;
      астық өндірісін кеңейту үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде айналым қаражатының аз болуы және кредит ресурстарына қол жеткізудің төмендігі;
·    астық өндірісі құрылымының жетілмегендігі. Астық өндірісіндегі бидайдың үлес салмағы жемдік, дәнді бұршақ, жарма дақылдары есебінен 1999-2001 жылдары орта есеппен 61,9%-ды құрады;
·    ауыл шаруашылығы өндірісін сақтандыру жүйесінің жоқтығы;
·    дәнді дақылдар өнімі болжамының анықтығы жоғары әдістерінің жоқтығы;
·    егістік алаңдар құрылымындағы мақсыр, басқа майлы дақылдардың үлес салмағы 0,03%-ды құрайды;
·    ұсынылған ауыспалы егіс тәртібі сақталмайды;
·    ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер құнарлылығының төмендеуі;
·    суармалы жерлердің сортаңдануы мен батпақтануы, ұзақ уақыт жөндеусіз пайдаланылғандықтан, суландыру және дренаж жүйелері ПӘК-нің төмендегі.
      Жалпы облыс бойынша 600 мың тонна сиымдылығы бар астық элеваторлары мен қоймалар сақталып қалған. Олар астық қабылдауға, сақтауға дайын, бірақ қолданылатын қызмет ақысы жоғары болғандықтан элеваторлар мен қоймалар пайдаланылмай тұр.
      Астық өндірісі мен рыногын дамыту жөніндегі шаралар:
·    бидайдың халықаралық рыноктарда үлкен және тұрақты сұранысқа ие күшті және қатаң сорттарының өндірісін (Наз, Алмалы, Дербес) ұлғайтуға бағытталған табиғи-климаттың жағдайларды және рыноктың конъюнктураны ескере отырып, астық өндірісі құрылымын, сондай-ақ еліміздің өсімдік майына, жармаға, құрама жемдерге, ұқсатушы салаға арналған шикізатқа - ең кемінде 235 мың тонна бидай астығы, арпаға 76,3 мың тонна, жүгеріге - 69,5 мың тонна, қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жемдік астық, майлы, бұршақ және жарма дақылдарын өндіруді оңтайландыру;
      жемдік астық, майлы, бұршақ және жарма дақылдарының егістік алаңдарын бір мезгілде кеңейте отырып, жұмсақ бидайдың күшті сорттарын өндіру үшін облыс аймақтарының (Қордай, Т.Рысқұлов, Жуалы, Шу, Меркі, Жамбыл, Байзақ аудандары) топырақ - климат әлеуетін мейлінше тиімді пайдалану;
      Қордай, Жуалы, Байзақ, Жуалы, Шу аудандарында, майлы және жарма дақылдарын (күнбағыс, соя, сафлор, тары) өндіруді ұлғайту;
      астық өндірісі құрылымындағы үлес салмақтарын 65%-ға жеткізе отырып, күздік бидай өндіруді, ұлғайту;
·    Қордай, Шу, Меркі, Байзақ және Жамбыл аудандарына суармалы егіншілік базасында жүгері дәні мен соя өндіруді ұлғайту. Элиталық тұқым өндірудің құнын арзандату, минералдық тыңайтқыштар сатып алу және басқа шаралар арқылы мемлекеттік қолдаудың дифференциялы шараларын жүзеге асыру;
      майлы дақылдардың майлы дәнін - соя және мақсыр өндіруді ұлғайту (Қордай, Байзақ, Жамбыл және Шу аудандарында);
·    баға белгіленімі және баға демпингін болдырмау үшін қолданыстағы тауар биржаларындағы астықтық биржалық саудасын дамыту;

33-кесте   

Экспорттық рыноктардың сиымдылығын бағалау және
азық-түліктік бидайдың бағалық конъюнктурасы

Астық импорттау-шы негізгі елдер

Бидай экспортының облыстағы 1999-2000 жылдардағы орташа көлемі, мың тонна

Үлес салмағы, %

1 тонна бидайдың рыноктағы бағасы ,

АҚШ $ 2001 ж .

Қырғызстан

3,6

51,4

63,5

Тәжікстан

3,4

48,6

203,5

Өзбекстан

0,05


63,5

Барлығы

7,0

50,0

131,95

      Қаржылық қамтамасыз ету:
      аталған мақсаттарға жыл сайын көзделіп бөлінетін ақша шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен отандық астық өндірушілерді қолдау;
      ауыл шаруашылық кредит беру серіктестіктерінде және өзге де ұйымдарда жинақталған қаржы ресурстарын астық өндірісін қаржыландырудың мемлекеттік жүйесімен қатар пайдалану.
      Күтілетін нәтижелер:
·    астықтық сапасы мен бәсекелестік қабілетінің артуы;
·    облыстық астыққа деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету;
·    астықты өткізу рыноктарын кеңейту және экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін көбейту;
·    астықтық бағасын оның рентабельді өндірісін қамтамасыз ететін деңгейде тұрақтандыру;
·    ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық жағдайын жақсарту;
·    облыстық азық-түліктік қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
·    топырақ құнарлылығын және агроландшафттардың экологиялық тұрақтылығын арттыру;
·    ұқсатушы кәсіпорындарды жарақтандыру және жаңарту.
      5.4. Стандарттардың үйлесімі (қабылданған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасына лайықталған).

      6. Мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету
      Аграрлық азық-түлік кешенін мемлекеттік қолдау деңгейін бағалау
      Мемлекеттік қолдау шаралары реттеуші сипатта болады және салааралық ала-құлалықты теңестіруге бағытталған. Оның деңгейі агрокешенде маусымдылығы мен өндірістік циклдің ұзаққа созылатындығына, табиғи-климаттық факторларға, экономиканың басқа салаларымен ауыл шаруашылығының тауар алмасудағы баламасыз болуына, халықтық сатып ауыл қабілетінің төмендігіне байланысты шын мәнінде төмендеп кеткен.
      Облыста мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сипаттағы және арнаулы шаралар болып бөлінеді:
·    жалпы сипаттағы шаралар дегеніміз - жануарлар мен өсімдіктердің ерекше қауіпті ауруларының диагностикасын, мониторингін және оларға қарсы күресті, карантинге жататын өнімдерге зертханалық және фитосанитариялық талдау жасауды, ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын сынақтан өткізуді, суармалы жердің мелиорациялық жай-күйін бағалауды, мемлекеттік резервтегі астықтық сақталуын, элиталық тұқым шаруашылығы мен мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауды және дамытуды мемлекеттік қаржыландыру, минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға субсидия беру, агроөнеркәсіптік күшеннің ақпараттық жүйесін жасау және дамыту, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. Жалпы шараларға ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге жеңілдікпен салық салуды (заңды тұлғалар үшін патентті және шаруалар (фермер) қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын), бюджеттік борыштарды өтеу мерзімін ұзартуды да жатқызуға болады;
      нақтылы салалар мен өндірістерді қолдауға бағытталған арнаулы шаралар, олар, әдетте, өтеулі сипатта болады және қаржы жөнінен рыноктың тұрақты шаруашылық жүргізуші субъектілеріне беріледі: мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу, ауыл шаруашылық техникасы лизингісіне кредит беру, көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен кредит беру, ауылдық кредит серіктестіктері жүйесіне кредит беру, сыртқы заемдарды тарту арқылы мемлекеттің кредит беруі, экспорттық-импорттық режимді реттеу кезіндегі тариф саясаты.
      Республикалык бюджеттен ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау деңгейі 2001 жылы 339,8 млн. теңгеге тең (оның сыртында облыстық бюджеттен 151,6 млн. теңге), ал жанама субсидия беруді (салықтар жеңілдіктері, борышта өтеу мерзімін ұзарту, сыртқы заемдар бойынша кепілдіктер) қоса есептегенде, ол 1236,4 млн. теңге болады. Бұл 1996-1998 жылдармен салыстырғанда, абсолютті көрсеткіштерде 5,8 пайызға жоғары, немесе 1 теңгеге есептегенде, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1996-1998 жылдардағы 0,03 теңгеден 2001 жылы 0,05 теңгеге дейін көтерілді.
      Ауыл шаруашылығын қолдауға Республикалық бюджеттен жасалатын шығыстар облыста жалпы өнімге шаққанда 1,3%, бүкіл ел бойынша 0,7%. Бір ауыл шаруашылығы құрылымына шаққанда Республикалық бюджеттен қолдау сомасы Қазақстанда - 1200$, болса, облыста 911$.
      Егер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша мемлекеттік қолдаудың қандайда бір жүйесі болса, өнімдерді ұқсатуға қатысты ол осы уақытқа дейін қалыптастырылмаған. Мәселен, бүкіл 1996-2001 жылдар кезеңінде салаға едәуір дәрежеде Азия Даму Банкі заемдарының есебінен Қордай ауданындағы "Достық" өндірістік кооперативіне ет және ет өнімдерін өңдейтін желісінің құрылысы үшін 22,7 млн. теңге кредит беру арқылы қолдау жасалынды. Импорт алмастыру бағдарламасында тамақ өнімдерін өндіруге тиісінше назар аударылмаған.

      7. Әлеуметтiк сала
      7.1. Демография, жұмыспен қамту, еңбек ресурстары
      2002 жылдың 1 қаңтарына облыста 980,6 мың халық тұрады, оның 54,7 % - ауылдық жерлерде. Демографиялық жағдай, соңғы жылдары, халықтың, әсiресе жастар мен еңбекке қабiлеттi тұлғалардың, ауылдардан аудан орталықтар мен қалаларға қоныс аударатынымен сипатталады. Миграциялық процесстерге оралмандар да айтарлықтай әсерiн бередi.
      2002 жылдың 1 қаңтарына облысқа оралмандардың 3229 жанұясы келiп қоныстады, барлығы 17229 адам. Еңбекке қабiлеттегi жастағы оралмандардың үлес салмағы - 41,5 % құрайды. Облысқа келген оралмандардың тек 52,6 % - тұрғын үйлерi бар.
      Квотамен келген оралмандарға шағын жер телiмдерiн беру тәжiрибеге айналған. Алайда, материалдық тапшылығы себептермен, оралмандардың көбiнiң әл-ауқатын жақсартуға мүмкiншiлiктерi жоқ.
      2001 жылы облыста 478,8 мың еңбекке жарамды адам тұрған, оның 56,9% - ауылдарда. Өзiне өзi жұмыс тапқандардың 75 % - ауылдық жерлерде, бұл дегенiмiз, ауыл тұрғындары негiзiнен жазы-күзгi кезеңде кездейсоқ ақылы жұмыстардың арқасында өмiр сүрiп жүр.
      Еңбек ресурстар балансы деректерi бойынша 2001 жылғы ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейi 7 % құрады. 2000 жылы қабылданған жұмыссыздық және кедейлiкпен күрестiң кешендi бағдарламаның шеңберiнде, ауылдық жерлерде 8,0 мыңнан астам жұмыс орындары құрылған, маусымдық және уақтылы жұмыстарда - 52,0 мың адам, қоғамдық ақылы жұмыстарда - 7,0 мың жұмыссыз адамдар қатысты.
      Сонымен қатар, кейбiр аудандарда жұмысқа орналастыру көрсеткiшi облыстық орташа көрсеткiшiнен едәуiр төмен болып тұр. Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарында 2001 жылы жұмыс iздегендердiң тиiсiнше тек 3,9% -, 5,9% -, 14% жұмысқа орналастырылды.
      Микро бағдарламасы жағдайды бiршама жеңiлдеттi, 1998-2001 жылдары осы бағдарламаның шеңберiнде 108,8 млн. теңгеге 3489 микронесие берiлдi. Алынған несиелелердiң қомақты бөлiгiн несие алушылар мүйiздi iрi қара мал, қой, шошқа, құс өсiруге жұмсады. Сонымен қатар, алынған несиелер жеке мұқтаждарға жұмсалған фактiлер де кездестi, оның салдарынан несиелердiң жартысынан көп сомасы белгiленген мерзiмге дейiн қайтарылмаған. Несие бөлу, қайтарылған сомалардың есебiнен iске асырылатынын ескерсек, аз қамтылған және жұмыссыз адамдарды қолдаудың осы көзi таусылды десек болады.

      7.2. Халықты әлеуметтiк қорғау
      Облыста өмiр сүру деңгейi көрсеткiшi республикада ең төменгiлердiң бiрi.
      2001 жылы халықтың номиналдық ақшалай кiрiстерi республикалық орташа деңгейiнiң 68% құрады. 2001 жылы жан басына шаққанда ақшалай кiрiс облыс бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 94,9 % құрады.

34-кесте   

                                                        (%)


2001 жыл

Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен кiрiстi төмен халықтың үлесi (тұтынуға пайдаланылған)

48,4

қалаларда

41

ауылдарда

53,4

Азық-түлiк корзина бағасынан кiрiсi төмен халықтың үлесi (тұтынуға пайдаланылған)

16,3

қалаларда

13,5

ауылдарда

18,2

      2002 жылдың 1 қаңтарына облыста 138,5 мың аз қамтылған азаматтар, оның iшiнде 94 мыңы (67,9 %) - ауыл тұрғындары, олардың 18,7 % - жұмыссыздар, 9,9 % - көп балалы аналар құрайды.
      Үстiмiздегi жылы, атаулы әлеуметтiк көмек, жаңа тәртiпке сәйкес, 13,4 мың отбасыға 125,3 млн. теңгеге тағайындалды. Атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың 58 % - ауыл тұрғындары.
      Облыстық бюджетте 2002 жылы жоғарыда көрсетiлген жәрдем бойынша төлемдерге 402,2 млн. теңге көлемiнде қарастырылған, бұл қажеттiлiктен едәуiр төмен болып тұр.
      2002 жылдың 1 сәуiрiне 188,8 млн. теңгеге жәрдемақы төленген. Қарыз 125,8 млн. теңгенi құрайды.
      Мақсатқа жетудiң негiзгi жолдары - кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды тиiмдi дамыту, қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемiн кеңейту, жұмыс орындарын сақтап және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ету, кәсiпкерлiктi дамыту, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, халықтың нақты кiрiстерiн арттыру, халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiн жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
      Техниканы лизингке беру, жеңiлдетiлген несие беру арқылы халықты ауыл шаруашылығымен айналысуға қызушылығын таныту жөнiнде шаралар қолданылады.
      Облысымызға қоныс аударған оралмандарды ауылдық жерлерге қоныстату тәжiрибесi жалғасады. Көптеген шалғай ауылдарда тұрғындар жұмыссыз қалған. Жастар қалаларға көшiп кеткенiне байланысты тұрғындардың орташа жасы 40 жастан асады. Әлеуметтiк инфрақұрылым қызметтерге қол жетiмдiлiгi қиын, сапалы ауыз су тапшылығы бар.
      Осы орайда, оларды бұлдыр өңiрлерден басқа елдi мекендерге көшiру мәселесi көтерiледi. Осы шараны кезең-кезеңiмен, әр тұрғынның мүддесi еске алынып, жүзеге асыруымыз қажет.
      Кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi көтеру бойынша жұмыстар, еңбек рыногының қажеттiлiгiне сай, мiндеттi түрде жұмысқа орналастыру арқылы жүргiзiлiп, жүзеге асырылады. Даярлау курстарын аяқтаудан кейiн, қаржы және ұйымдастыру жағынан жергiлiктi атқарушы органдар ықпал жасап, өздерiнiң кәсiптiң iсiн ашуға көмек көрсетiледi.
      Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiне атаулы әлеуметтiк көмектi дер кезiнде беру және еңбек ақыларын көтеру, ауыл тұрғындарының материалдық жағдайын  жақсартуға мүмкiндiк бередi.

      7.3. Бiлiм беру
      Облыстың ауылдық аудандарында 359 жалпы бiлiм беру, оның iшiнде 254-орта, 39-толық емес орта және 66 бастауыш мектеп жұмыс iстейдi, оларда облыстағы жалпы оқушылардың 67,7% оқытылады.
      Меркi ауданында жетiм балаларға және ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат iстейдi, онда 244 бала оқытылады.
      181 ауылдық мектептерi типтiк ғимараттарда, 178 арнаулы ғимараттарда орналастырылған, 120 мектеп күрделi жөндеудi талап етедi, ал 2-i күйреу жағдайында тұр.
      Соңғы жылдар облыста жаңа мектептердiң құрылысы жүргiзiлмегендiгiне қарамастан, бос тұрған ғимараттар, бөлмелер есебiнен 21 бастауыш және аз комплекттi мектеп ашылған, бұл балаларды мектепке тасымалдау мәселесiн жеңiлдеттi.
      Мектептердi компьютерлеудiң республикалық бағдарламаның шеңберiнде, 2001-2002 оқу жылына барлық ауылдық мектептер компьютерлiк сыныптармен қамтамасыз етiлдi.
      Үстiмiздегi жылы жаппай оқыту қоры қаражаттары есебiнен, ауылдағы аз қамтылған балалардың 14 % материалдық жәрдем көрсетiлген.
      Бiрнеше жылдар бойы бiлiм беру жүйесiнде бiрқатар проблемалар шешiлмей жүр, олар:
      - 25 елдi мекендерде мектептер жоқ, осыған байланысты 2563 оқушы басқа мектептерге тасымалданады;
      - педагогтiк кадрлар, әсiресе шет тiлдерi мен химия пәндерiнен, жеткiлiксiз;
      - сынып-комплекттердiң толықтыруы төмен, оның салдарынан бiрлескен сыныптар оқытылып, кейбiр оқытушылар өзге пәндердi оқытуға мәжбүр болады;
      - материалдық-техникалық база нашар;
      - жалпы бiлiм беру мектептерде дәрiгерлiк пункттер толық қамтамасыз етiлмеген, медициналық қызметкерлер қажеттiлiктен 30 % құрайды.
      Бiлiм беру жүйесiн дамуының негiзгi бағыттары: жаңа мектептердi ашу, бұрын жабылып қалғандарды қайта қалпына келтiру, iстеп тұрғандарды қайта ұйымдастыру жолмен ауылдағы мектептердiң санын мемлекеттік нормативке сай келтіруді қамтамасыз ету, бітпей қалған мектептердің құрылысын аяқтау;
      оқушылардың бiлiм сапасын жоғарылату, жаңа технологиялар мен оқыту әдiстерiн, жаңа оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi енгiзу, кiтап қорларын құру; материалдық базаны күшейту, оқытудың техникалық және басқа құралдарын сатып алу, ауылдық мектептердi информатизациялау бағдарламасын аяқтау; ауылдық мектептердiң, оның iшiнде аз комплекттi мектептердiң педагогтiк кадрларын даярлау және қайта даярлау; ауылдық аз комплекттi мектептердiң тиiмдi моделiн әзiрлеу және кезең-кезеңiмен енгiзу; аз комплекттi мектептердiң оқу-тәрбие процесiне арнайы әдiстемелер мен технологияларды енгiзу; бiлiм беру мазмұнын жаңарту, бiлiм беру мекемелердiң жаңа инновациялық типтерiн дамыту; мiндеттi мектеп алдағы даярлауды қамтамасыз ету, мектепке дейiнгi мекемелердi дамыту; мектептен тыс қосымша бiлiм беру ұйымдарды қайта қалпына келтiру.
      Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi мекемелердiң жүйесi кеңейтiлiп, қоғамның барлық жiктерi үшiн қол жетiмдiктерi мiндеттi түрде оның негiзгi шарты болады.
      Мемлекеттiк кепiлдi нормативке сай жалпы бiлiм беру мектептердiң жүйесi кеңейтiледi, оқытуды мемлекеттiк тiлде жүргiзген мектептердiң ролi күшейедi. Шетел тiлдерiнiң бiрiн оқытуға айрықша назар аударылады.
      Жалпы орта бiлiм беру оқу орындарында оқыту процесстi ұйымдастыруда, жаңа оқу жоспарлар мен бағдарламалар қолданылып, жаңа оқулықтар мен пәндер енгiзiледi.
      Орта кәсiптiк буынның мамандарын даярлауға мемлекеттiк тапсырыс кеңейтiледi, мұнда ауылдық жастар, жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балалар басымдықпен қолданады.
      Барлық деңгейдегi бiлiм беру жүйесi, оқу бағдарламаға сәйкес оқытуды ана жүргiзбей, оқушылар арасында тәрбие жұмысын да жүргiзу тиiс. Қазiргi заманның шарттары оқытудың инновациялық технологияларын, оқу процесс ұйымдастырудың жаңа формаларын енгiзудi талап етедi. Шетелде әзiрленген оқыту әдiстерiн енгiзу арқылы жаңа эксперименталды мектептердi ашу қажет.
      Бiлiм беру бағдарламаларды қаржыландыру көлемiн көтерiлуi жоспарланған.
      Бiлiм беру бюджетiнде оқытудың жаңа технологияларды, информатизацияны, құрал-жабдықтарды енгiзуге қаражаттар қарастырылады.
      Қаржыландыру көздерi мүмкiн демеушiлердiң, халықаралық гранттардың қаражаттары, кәсiпорындар мен ұйымдардың инвестициялары бола алады.      

      7.4. Денсаулық сақтау
      Облыстың ауылдық денсаулық сақтау жүйесiнде 2150 орындық 24 аурухана мекемелерi және 103 амбулаторлық - емхана мекемелерi бар, сондай-ақ 74 фельдшерлiк-акушерлiк пункт, 134 фельдшерлiк пункт және бөлмесiз 57 фельдшерлiк пункт жұмыс iстейдi.
      367 елдi мекендердiң 16-да емхана мекемелерi жоқ, бұл ауылдардың тұрғындары 0,5 - 2,0 км. iргелес тұрған емханаларға бекiтiлген.
      Ауылдық жерлерде дәрiгерлiк кадрлармен қамтамасыз етiлу мәселесi күрделi болып тұр. Оның негiзгi себебi - 99-шы жылдардағы кадрлардың үлкен ағымы және жас мамандардың ауылда iстегiсi келмегендiгi болып табылады.

35-кесте 

Дәрiгерлiк кадрлармен қамтамасыз етiлу

адам          

Аудандар

Медперсонал саны

Дәрiгерлер

Орта медициналық

Нақты iстейтiндер

Қосымша

қажет

Нақты iстейтiндер

Қосымша

қажет

Байзақ

82

65

230

152

Жамбыл

60

12

226

26

Жуалы

61

18

248

16

Қордай

117

18

360

28

Меркi

80

80

193

222

Мойынқұм

53

12

169

38

Т. Рысқұлов

78

29

220

59

Сарысу

53

26

81

-

Талас

71

26

273

-

Шу

129

-

509

-

      Соңғы 10 жылда ауылдық денсаулық сақтау мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасы жаңартылмаған, телефондық байланыспен қамтамасыз етiлуi 29 %-ана құрайды. Автомобиль паркiнiң 1/3 бөлiгiнiң пайдалану мерзiмдерi әлде қашан өтiп кеткен және олар есептен шығарылуға тиiс.
      Ауылдық тұрғындарға дәрi препараттары 82 дәрiханаларда сатылады, бұл ең төменгi мемлекеттiк стандарттара сәйкес келмейдi.
      Облыста туберкулез (2000 жылы облыста алғашқы туберкулез аурумен әр 100 мың тұрғындардың - 192 ауырды, республикалық орташа көрсеткiшi - 152,2), қант диабетi (халықтың 0,8 %), "В" вирустік гепатит (Сарысу мен Т. Рысқұлов аудандарында 2000 жылы осы аурумен ауырған адамдардың саны тиiсiнше 352,3 және 250 құрады, ал республикалық орташа көрсеткiш - 137,5) және басқа аурулар өсiп келедi. Одан басқа, қырым қанды безгегi ауруы жиi тiркелетiн болды.
      Халыққа дәрiгерлiк жәрдем көрсетудi жетiлдiру мақсатында мына шарлар қолданылады: дәрiгерлiк мекемелердiң жүйесi мемлекеттiк стандартқа дейiн жеткiзiледi; "Денсаулық жылын" өткiзу жөнiнде iс-шараларды орындауды қамтамасыз ету; қабылданған бағдарламаларды орындаудың нәтижесiнде халықтың ауруларды алдын-алу жөнiнде бiлiмi жоғарылайды; коммуналдық дәрiханалар жүйесiн құру; жеке меншiк дәрiгерлiк қызметiн дамыту; денсаулық сақтау мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
      Алдағы кезеңде, ауылдық жерлерде жалпы тәжiрибелiк дәрiгерлер санын көбейтуге бағытталған, денсаулық сақтаудың алғашқы буынын дамытуға арналған жұмыстар жалғасады.
      Алғашқы дәрiгерлiк-санитарлық жәрдемнiң барлық буындары медициналық кадрлармен және жабдықтармен қамтамасыз етiледi. Орта медициналық кадрлар Жамбыл медициналық колледжi базасында даярланады, оған қабылдауда ауылдық жастарға басымдық берiледi.

      7.5. Мәдениет
      1997 жылы жүргiзiлген оңтайландыру мәдениет объектiлерге үлкен зиян әкелдi, олардың саны 83 % қысқартылды. 10 жылдан аса уақытта клуб, кiтапхана құрылыстары жүргiзiлмеген, музыкалық аспаптар, дыбыс-бейнеаппаратуралар, тұрмыстық жиһаз, сахналық костюмдер ескiрiп, тозып бiткен.
      Нәтижесінде, ауыл тұрғындары мәдениет ошақтарынсыз қалды, олардың мәдениет деңгейi төмендеген. Соңғы екi жылда бұл салада айтарлықтай өзгерiстер болды, 158 кiтапхана мен 43 клуб ашылды. Материалдық-техникалық база едәуiр жақсарып, 26,8 млн. теңге күрделi және ағымдағы жөндеуден өткiзiлген, 2 млн. теңгеге музыкалық аппаратура алынды, ұлттық костюмдер 1,5 млн. теңгеге сахналық киiмдер 500 млн. теңгеге тiктiрiлген, 11,1 млн. теңгеге 11 микроавтобус сатып алынды. Кiтап қорын толықтыруға 4 млн. теңге жұмсалды, "Кiтапханаға кiтап сыйла" айдарымен халықтан 25 мың кiтап жиналды.
      Сонымен қатар, мәдениет саласында шешiлмеген бiрқатар проблемалар бар. Жаңадан ашылған мәдениет салалары мен клубтарда жөндеу жұмыстарын жүргiзу керек, олардың көбiнде жылыту жүйелерi жоқ. 1997-2000 жылдары мәдениет ошақтарының 131 - жекешелендiрiлген, ал 137 - ауыл шаруашылығы құрылымдардың балансына өткiзiлген, олардың 116 толығымен жабылып, қалғандары қаржыландыру болмағандықтан iстемей тұр. Қазiргi кезде 68 мәдениет үйлерi мен клубтарды мемлекетке қайтару қажет, ол үшiн қомақты қаржы керек.
      Коммуналдық меншiктiң балансында 6 мәдениет және демалыс саябақтар тұр.
      Олар қазiр қызмет көрсетпей тұр десек болады. Ауылдық жерлерде 4 аудандық мұражай және облыстық тарихи - өлкетану мұражайдың 3 филиалы бар, олардың бөлмелерiнде қайта экспозициялауды жүргiзу керек.

      8. Бағдарламаны iске асырудан күтiлiп отырған нәтижелер
      Аграрлық саясатты iске асыру барысының талдауы мен мониторингi, облыс экономикасының басқа салаларының тұрақтану мен дамуы және тұрақты өсiмге өту, ауыл шаруашылығы салаларының төлем қабiлеттiлiгiнiң жоқтығы тежеуiш болып тұрғанын көрсетедi. Ауылдың проблемаларын шешпей, өнеркәсiп саласының өркендеуi мүмкiн емес.
      Облыс агроөнеркәсiп кешенiнiң 2003-2005 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң серпiндi және тұрақты өсуiне бағытталған. 2005 жылдың соңына дейiн бiрқатар ауылдық несиелiк серiктестiктер, несиелеудiң ипотекалық қорлары құрылып, iстей бастайды, астық қолхаттары енгiзiледi, МТС-дың жұмыстары мен қызмет көрсету көлемi айтарлықтай өседi, ауылдық жерлерде өнiмдi дайындау жүйесi ашылады, бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйесi iске қосылады.
      2004 жылдың соңына дейiн шаруалар мен майда ауыл тауар өндiрушiлерi өндiрiстiк-қаржылық және экономикалық проблемаларды шешу үшiн, iрi және орта кооперативтерге, ассоциацияларға бiрлеседi.
      Осы бағдарламаны жүзеге асыруға 2003-2005 жылдары қаржыландырудың барлық көздерiнен 9770,5 млн. теңге бөлiнуi көзделген.
      2005 жылға ауыл кәсiпорындары өнеркәсiп өнiмдерiн 15,8 мың млрд, теңгеге өндiредi, бұл 2002 жылғыдан 1,7 есеге көп болады.
      2005 жылы, 2002 жылмен салыстырғанда, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың саны 3% өсетiнi жоспарлануда. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 13,4 мың адам тартылады, 1,8 мың адам кәсiптiк оқытудан және қайта даярлаудан өтедi, атаулы әлеуметтiк көмекпен аз қамтылған азаматтардың 100% қамтылады, бұл төлемдер белгiленген мерзiмдерде төленедi.
      Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң еңбек ақылары 50%, атаулы әлеуметтiк көмек 17,7% өсуi жоспарлануда.
      2 орталық аудандық және 3 ауылдық ауруханалардың құрылысы, 5 фельдшерлiк пункттiң, 7 ауылдық ауруханалар мен 1 жанұялық дәрiгерлiк амбулаторияның ашылуы жоспарланған. Вирустық және жұқпалы аурулар едәуiр төмендейдi, медициналық кадрларға қажеттiлiк толығымен қанағаттандырылады, ауылдық денсаулық сақтау мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасы жақсарады.
      Ауыл тұрғындарының дәрi-дәрмектерге қажеттiлiгi қамтамасыз етiлуi де жоспарланған.
      Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi және мектептен тыс мекемелерiнiң жүйесi кеңейтiледi, жалпы бiлiм беру, мектептер жүйесi кепiлдi нормативке дейiн жеткiзiледi, бiрқатар мектеп қасындағы интернаттар мен жалпы типтегi интернаттардың жұмысы қалпына келтiрiледi, тоқтап қалған мектеп құрылыстары аяқталады, бастауыш кәсiптiк бiлiм беру мекемелерi бюджеттiк қаржыландыруға көшiрiледi, мектеп жасындағы балалар толығымен оқытылады.
      Клубтық мекемелердi ашу, құру және мемлекеттiң қарамағына қайтарылуы, күрделi және ағымдағы жөндеуден өткiзу мен материалдық-техникалық базаны жаңарту, мұражайлар үшiн экспонаттар сатып алу жоспарланған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады