2003-2005 жылдарға арналған "Маңғыстау жастары" Аймақтық бағдарламасы туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы мәлихатының шешімі. 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 23/242. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 21 қаңтарда N 1309 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
      1. 2003-2005 жылдарға арналған "Маңғыстау жастары" Аймақтық бағдарламасы  бекітілсін (қоса беріліп отыр).
      2. Осы шешім жарияланған күнінен күшіне енеді.

      Сессия төрағасы          Облыстың мәслихаттың
                                      хатшысы

"2003-2005 жылдарға арналған
"Маңғыстау жастары" Аймақтық
бағдарламасы туралы" облыстық
мәслихаттың 2002 жылғы 20  
желтоқсандағы N№23/242   
шешіміне қосымша      

2003-2005 жылдарға арналған "Маңғыстау жастары"
Аймақтық бағдарламасы

1. Паспорт

Бағдарламаның          2003-2005 жылдар кезеңіне "Маңғыстау  
атауы:                 жастары"  Аймақтық  бағдарламасы

Әзірлеу үшін           Қазақстан Республикасы Президентінің
негіздеме:             "Қазақстан Республикасының мемлекеттік
                       жастар саясатының тұжырымдамасы туралы"
                       1999 жылғы 29 тамыздағы N№73 өкімі

Бағдарламаны әзірлеуші "Облыстық жастар бастамашылығын қолдау
және түзіп жасаушы:    орталығы" МКҚК

Бағдарламаның мақсаты: Жас азаматтың әлеуметтік қалыптасуы
                       мен дамуына және оның қоғам мүддесіне
                       сай шығармашылық мүмкіндігін неғұрлым
                       толық жүзеге асыру үшін саяси-
                       құқықтық, әлеуметтік-экономикалық,
                      ±ұйымдастырушылық жағдайлары мен
                       кепілдіктерді жергілікті деңгейде
                       құру және нығайту

Бағдарламаның          Маңғыстау облысы әкімінің аппараты
әкімшісі:             

Бағдарламаны           "Облыстық жастар бастамашылығын қолдау
үйлестіруші:           орталығы" МКҚК

Бағдарламаның негізгі  "Облыстық жастар бастамашылығын қолдау
іс-шараларын           орталығы" МКҚК
орындаушылар:          Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту
                       және әлеуметтік қорғау басқармасы
                       Облыстық білім басқармасы
                       Облыстық мәдениет басқармасы
                       Облыстық дене мәдениеті және спорт
                       басқармасы
                       Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
                       Облыстық ішкі істер басқармасы
                       Бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес,
                       келісім-шарт жағдайында мемлекеттік,
                       коммерциялық болып табылмайтын қоғамдық
                       жастар ұйымдары

Бағдарламаны жүзеге
асыру мерзімі:         2003-2005 жылдар

Бағдарламаны
қаржыландыру көзі:     Облыстық бюджет

Бағдарламаны жүзеге    Жергілікті  деңгейде  мемлекеттік  жастар
асырудан күтілетін     саясаты аясында жастар бастамаларын
және түпкі нәтижелер:  нақты жүзеге асыру
                       Балалар мен жастар ұйымдарының дамуы үшін
                       нақты жағдайлар жасау және оны қолдау
                       Мүдделі ортаны құруға көмек көрсету және
                       жастарды Маңғыстау облысының проблемаларын
                       шешу процесіне тарту
                       Әлеуметтік мәні даусыз, балалар мен жастар
                       проблемаларын шешуге бағытталған жергілікті
                       мемлекеттік органдардың,ә?р түрлі балалар
                       мен жастар ұйымдарының, олар арқылы қала
                       балалары мен жастарының күш-жігерін
                       топтастыру
                       Жас ұрпақтың рухани-өнегелік, зиялы және
                       шығармашылық мүмкіндігін арттыру.
                       Жастардың әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын
                       үй жағдайларын жақсарту

Бағдарламаның орындалысын
бақылауды ұйымдастыру: Маңғыстау облыстық мәслихаты

2. Кіріспе

      Бүгіндегі, ХХІ ғасырдың басындағы жастар саясаты бұл аймақтық адам ресурстарын, "болашақтың кадрлары саясатын" дамытуға қаражат салу.
      Соңғы он жылдықта қоғамдық-саяси жағдайлардың өзгеруіне
байланысты, кәмелетке толмаған және жастармен іс жүзінде жүргізілген барлық жұмыс тиісті дәрежеде болмады. Бұл - жастар арасында рухани құндылықтарды ішінара жоғалтуға әкеліп соқты. Оған мынадай кейбір мәліметтерді ғана келтіре кетсек жеткілікті болмақ:
      жас азаматтардың, ең алдымен жас отбасылардың ата-аналарының көмегіне (ата-аналарынан ақшалай жәрдем алу) тәуелді болуы, мұның өзі жауапты тұлғаның дербес қалыптасу процесін едәуір тежейді;
      жастардың кейбір санаттарының әлеуметтік қорғалуының төмен деңгейі (мүгедектер, жетімдер, студенттер және т.б.);
       жастар, оның ішінде орта арнайы және жоғары оқу орындарын аяқтағандардың арасында жұмыссыздықтың өсу қаупі, сондай-ақ жас адамды өз жұмыс орнының қанағаттандырмауы;
      жастардың белгілі бір бөлігінің мәдениеттен, қоғамнан оқшаулану сипатының бой алуы  және осыған байланысты нашақорлық, улану, ішімдік деңгейінің өсуі;
      жастардың еңбек, демалыс және дене шынықтырумен айналысуын ұйымдастыруы үшін материалдық базаның қысқаруы;
      жас адамдардың оң өзгерістер мүмкіндігіне сенімсіздігі (сайлауларда, депутаттар мен сайлаушылардың кездесуінде селқостық танытуы).
      Қазіргі таңда бұрынғы тарихи тамырға негізделген жаңа дүниетанымды құру қажеттілігін бәрі де түсінеді. 1998 жылдан бастап ескі идеяның күйреу дәуірінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің  "Қазақстан  2030: барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы" ұзақ мерзімдік Стратегиясын жүзеге асыруға кірісті.
      Онда негізгі принциптер, сондай-ақ жастар саясаты мен жастар ұйымдарының қызметін жүзеге асыруға экономикалық және әлеуметтік кепілдіктер, сондай-ақ жас азаматтардың құқықтары мен міндеттері анықталған 1999 жылдың 28 тамызындағы №73 Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы қабылдағаннан кейін ұсынылған қайта құруды іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер пайда болды.
      2003-2005 жылдар кезеңіне "Маңғыстау жастары" аймақтық
бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының табиғи жалғасы болып табылады.
      2003-2005 кезеңіне "Маңғыстау жастары" аймақтық бағдарламасы мынадай негізгі принциптерден құрылады:
      жастарға демократиялық тұрғыдан қарау, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      прогрессивтік пен жаңашылдық;
      іс-әрекеттерінің мақсаттылығы;
      жалпылығы жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына
және діни тәнділігіне қарамастан қамту;
      әлеуметтік жіктелуі мен жас деңгейі проблемаларын есепке ала отырып саралап қарау;
      жастардың құқықтары пен мүмкіндіктерінің халықтық өзге де топтарымен тең болуы, жеке тұлғаның тәуелсіздігін мойындау және сақтау;
      жастардың аймақта жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға тікелей қатысуы;
      жастар ортасында әлеуметтік әділдікті сақтау;
      жастар бастамаларын қолдау.

3. Проблемалардың қазіргі жағдайын талдау

      Қазіргі әлеуметтік-саяси жағдай жастардың қоғамдық дамудағы рөліне дәстүрлі көзқарасты түбірлі түрде қайта қарауды қажет етеді.

      Соңғы жылдары елімізде қабылданған реформалар нәтижесінде, жастар аға буын тәжірибесінен қабылдаған әлеуметтік санаттан қоғамдық дамуға елеулі ықпал ету мүмкіндігі бола алатын күшке айналып келеді. Жастар демократиялық институттар мен нарықтық экономиканың орнығуы жағдайына өте қажетті жедел күшке, өзгеріс жағдайында бағдарлай қабілеттігін білу, жаңа идеяларды ұғынушылық қабілеттеріне ие болып отыр. Қазіргі заманғы жастар алдында қоғамдағы ғаламдасу өзгерістерін жүзеге асыру, сондай-ақ қала, облыс, ел деңгейінде әлеуметтік маңызды міндеттерді шешу міндеті тұр.
      Мемлекеттік жастар саясаты балалар, әйелдер, мүгедектер мен халықтың басқа да әлеуметтік жіктеріне қатысты саясаттан негізгі ерекшелігі, оның өтем тетігімен (көмек, қолдау т.б.) ғана шектелмейді, жастардың қоғам өміріне белсенді инновациялық қатысуын көздейді, жас ұрпақтың еңбек және шығармашылық әлеуетіне сүйенеді. Бұл жастар саясатын бүкіл қоғамның стратегиялық даму, оның шығармашылық әлеуеті мен инновациялық ресурстарын үдету мәселелері деңгейінде қарауға мәжбүр етуде.

      2003-2005 жылдар кезеңіндегі "Маңғыстау жастары" аймақтық бағдарламасы Маңғыстау облысындағы барлық мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдарының жас азаматтардың қалыптасуы мен дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайын қамтамасыз етуде күш-жігерін топтастыруды көздейді. Қоғамдық қайта құру күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтендіру үрдісіне, жас ұрпақ өмірінің барлық жағынан әсер етті. Жаңа тарихи жағдайларда дәстүрлі жастар проблемаларын шешудің мазмұны мен тәсілдері принципті түрде өзгерді. Әлеуметтік бағдарланған экономикалы демократиялық қоғамды жастардың адамгершілік және рухани дамуынсыз, қазақстандық жас ұрпақтың бойында отаншылдық, кәсіби біліктілік, жауаптылық, аға ұрпақтың әлеуметтік мәдени тәжірибесін меңгеру, әлемдік өркениетке қол жеткізу сияқты қабілеттерсіз қалыптастыру мүмкін емес.

      Бұл мақсаттарды жүзеге асыру жастардың қоғамға қатысты саясатты жүзеге асыруда тікелей белсенді түрде қатысуын қарастырады. Мемлекет (Маңғыстау облысының барлық мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдардың атынан) жас азаматтың тұрмыс деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан жеке өмірлік жолын талдау, жеке жетістікке жету мүмкіндігін кеңейту үшін жағдай жасауға тиіс. Осындай жағдайда ғана жастар саясатының негізгі міндеті жастардың өз қабілетін жүзеге асыруы қамтамасыз етіледі.

      Жас азаматтардың әлеуметтік жайластырылуының төмен қамтамасыз етілуін, жастардың нарық жағдайына нашар бейімделуін ескере келіп, бағдарламада жастарды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешені қарастырылған. Облыстық жастар бағдарламасы кешенді сипатқа ие, оны түзіп жасау кезінде жастардың айрықша әлеуметтік топ ретіндегі ерекшелігі ескерілген. Оның алдына қойған міндеті жастар саясаты мен негізгі принциптері бойынша бірыңғай ұстанымды жасау.

      Осы мәселелердің барлығы пысықталып тиянақталуға және жастардың үш санатына (жас шамасы топтары) қатысты
      14-17 жас;
      18 жас  24 жас;
      25  29 жас (кейбір реттерде 30 жасқа дейін) шешілуі тиіс.
      Мысалы, бірінші жас шамасы тобы үшін басымдық болып мыналар табылады:
      1) толыққанды негізгі орта және қосымша білім алу;
      2) әлеуметтену, "ересек" өмірге, мамандық таңдауға дайындықты
қамтамасыз ету, қажет жағдайда жұмыспен қамтамасыз ету;
      3) патриоттық және адамгершілік сананы қалыптастыру;
      4) шағын орта және тұрғылықты орын деңгейінде толыққанды,
салауатты бос уақытпен қамтамасыз ету;
      5) мәдени қажеттіліктерді дамыту;
      6) денсаулық сақтау үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету;
      7) нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу;
      8) бейресми қатынас түрін және жастар қызметін реттеу.

      Екінші жас шамасы тобын мыналармен қамтамасыз ету қажет:
      1) орта және жоғары оқу орындарында оқумен;
      2) жұмыс орындарымен;
      3) қатынастың ұқсас ортасымен;
      4) патриоттық және адамгершілік сананы қалыптастыру;
      5) мәдени қажеттіліктерді дамытумен;
      6) денсаулық сақтау үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз
етумен;
      7) нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алумен;
      8) бейресми қатынас түрін және жастар қызметін реттеумен;

      Үшінші жас шамасы тобын мыналармен қамтамасыз ету қажет:
      1) жұмыс орындарымен;
      2) кәсіби қалыптасуы және өсуімен;
      3) демалыстың мәдени түрлеріне, оның ішінде жас отбасылар
аясына тартумен;
      4) отбасын жоспарлауда көмек берумен;
      5) салауатты өмір салтын ұйымдастыру және бала тәрбиесімен;
      6) қазіргі жағдайды талдау, алдын-ала мәселелерді зерттеу
нәтижелерін басқа да бар мәліметтер тұрғысынан, тұрғын үй және қаржы проблемаларын шешуге жәрдем берумен.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      2003-2005 жылдар кезеңіне "Маңғыстау жастары" аймақтық бағдарламасын іске асыру жас азаматтардың еркін таңдауы, қабылданған шешімдерге жеке жауапкершілігі негізінде мәселелерді өзіндік шешу жағдайын және мүмкіндігін құрып, мемлекеттік органдар тарапынан түрлі себептерге байланысты өз проблемаларын өзбетінше шешу қабілеті жоқ жастар санаты үшін әлеуметтік кепілдік береді.
      Бағдарламаның мақсаты:
      жергілікті деңгейде саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларын жасау мен нығайту және жас азаматтың әлеуметтік орнығуы мен дамуына және оның қоғам мүдделеріне сай шығармашылық мүмкіндігін толық жүзеге асыруына кепілдік беру болып табылады.
      Бағдарламаның міндеттері:
      жастардың  патриоттық және азаматтық орнығуы үшін жағдай
жасауды қамтамасыз ету;
      оңды қоғамдық жастар бастамаларын қолдау және ынталандыру;
      жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
      аға ұрпақты құрметтеу, қамқорлық пен мейірімділік таныту
рухында тәрбиелеу;
      жастарды ұлттық мәдениет пен тілді дамыту жағдайларымен
қамтамасыз ету;
      жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін өзбетінше
жүзеге асыруы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
      жастарды еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдікпен
қамтамасыз ету;
      жастарды әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;
      жастар саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың
балалар мен жастардың коммерциялық емес ұйымдарымен ынтымақтастығы;
      жастарды тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
      дарынды жастарды мемлекеттік қолдау;
      жастардың зиялы және дене жағынан өсіп-жетілуі үшін
жағдайлармен қамтамасыз ету;
      жастардың денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету, олардың
салауатты өмір салтын қалыптастыру;
      жас азаматтардың мәдени бос уақытын өткізуі мен демалысы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
      жас отбасыларын мемлекеттік қолдау;
      жастардың әлеуметтік әлсіз бөлігін, оның ішінде мүгедектерді, денсаулығында мүмкіндігі шектелген жас азаматтарды, жетімдерді, көпбалалы және әл-ауқаты төмен отбасыларын атаулы қорғау және қолдау;
      коммерциялық емес жастар ұйымдарының қоғамдық маңызды
бастамаларын белсенді түрде қолдау, олардың тиімді өмірлік қызметі үшін жағдайлар жасау.

5. Бағдарламаның басты мақсаттары
мен жүзеге асыру тетігі

      Бағдарламаны жүзеге асыру келесі негізгі бағыттар бойынша
кезеңдік және үйлестірілген іс-қимылдарды көздейді:
      1) Қазақ жастарының азаматтығы мен патриотизмін дамыту;
      2) жастарды ақпаратпен қамтамасыз ету;
      3) жастардың зиялы, рухани және дене жағынан өсіп-жетілуі үшін
жағдайлар жасау;
      4) еңбекпен және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау;
      5) жастармен әлеуметтік жұмыс жасау:
      жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын
алу;
      жастар арасында нашақорлықтың және басқа да әлеуметтік зиянды
құбылыстардың таралуының алдын алу және жолын кесу;
      жастар үшін әлеуметтік қызмет жүйесін дамыту.
      6) жас дарындарды дамыту, қолдау және жастар   
бірлестіктерінің қызметі үшін жағдайлар жасау.
      Алға қойылған міндеттерді орындау үшін Бағдарламада келесі іс-шаралар жоспарланған. Бұл іс-шараларды жүргізу, жас отбасыларды рухани-байлыққа, өзара қарым-қатынастыққа тәрбиелеуге, балалар мен жасөспірімдердің демалысын қамтамасыз етуге, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасауға, патриоттық, әлеуметтік тәрбиелеуге бағытталған.

1) Қазақстан жастарының азаматтығы
мен патриоттығын дамыту

      Облыстағы ЖОО-ры, ООО-ры арасында "Студент көктемі 200..." облыстық жыл сайынғы жастар фестивалін ұйымдастыру және өткізу.
      Ауыл жылына орай Маңғыстау өлкесінің тарихи орындарында болумен бірге "Рухани жаңғырту" тарихи-өлкетану жастар экспедициясын ұйымдастыру және өткізу.
      Маңғыстау жастарының ІІ Форумын өткізу.
      "Қазақстан-2030" даму стратегиясын, насихаттау мақсатында
оқытушылар мен студенттер қатарынан құралған үгіт-насихат  топтарымен облыс аудандарына шығу.
      Республикалық акция шеңберінде "Патриот" облыстық акциясын
өткізу.
      Әскер қатарына дейінгі және әскердегі жастарды патриоттық
сезімге тәрбиелеудің түрлері мен тәсілдерін жетілдіру.
      Облыстық оқу орындарында қайсарлық сабағын өткізу.
      "Қамқорлық" облыстық жастар қайырымдылық акциясы.
      "Жастар мерекесін" ұйымдастыру және өткізу.
      Жастардың, түрлі ұлт өкілдерінің және ұлттық мәдени
орталықтарының қатысуымен Қазақстан халықтарының Бірлік күніне орай "Менің Қазақстаным" мәдени акциясын өткізу.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімдерімен шефтік байланысты дамыту.
      Облыстың жастар ұйымдары лидерлері үшін оқыту семинарлары.
      Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесімен қарым-қатынас жасау.
      Жастар арасында І облыстық "Барлық стильдегі шығыс жекпе-жегі" фестивалін өткізу.

2) Жастарды ақпаратпен қамтамасыз ету

      "WWW-ИНТЕРНЕТ" жүйесіне шығуға мүмкіндік алу, Облыстық жастар бастамашылығын қолдау орталығының "WWW.ZHASTAR.KZ" веб-сайтын ұстау.
      Бейне түсірілімдер жүргізу, бағдарламалар, жаңалықтар және шығармашылық кештерді, сондай-ақ, әлеуметтік және басқа да жастар проблемалары бойынша бағдарламалар дайындап, кейіннен оны облыстық телерадиокомпанияның эфирі арқылы көрсету.
      Жастарға арналған облыстық "Жастар" газетін шығару.
      Жастарға арналған "Радио Жастар" апталық жаңалықтар топтамасын ашу және шығару.
      Қаланың демалыс орталықтары, мекемелер мен ұйымдары туралы деректеме банкін толықтыру.
      "Менің ауылым", "Жас талап", "Молодежь за молодежь", "Дебаты молодых" теледидарламалық жастар бағдарламаларын шығару.
      Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған "Ақтау - жастық қаласы" кітабын шығару.

3) Жастардың зиялы, рухани және дене
жағынан өсіп-жетілуі үшін жағдайлар жасау

      Ақтау қаласындағы жоғары оқу орындары арасында "Әділ білім үшін" акциясын өткізу.
      Облыс студенттері арасында "Тәуелсіз Қазақстан: тәжірибесі мен болашағы" тақырыбына пікірталас-ойындарын өткізу.
      "ХХІ ғасырдағы елді реформалау барысындағы жастардың рөлі" тақырыбына облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізу.
      "Жастар және дін" тақырыбына облыстағы алдыңғы қатарлы діни конфессиялары жетекшілерінің қатысуымен конференция өткізу.
      Ақтауда Жастар Арбатын (аллеясын) құру.
      Орта білім мекемелеріне денсаулықты нығайту және салауатты
өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу және енгізу.
      "АҚТҚ-ЖҚТБ-ның алдын-алу күнін" өткізу.
      Қаланың жоғарғы және төменгі бөліктерінде әлеуметтік,
патриоттық  жастар тақырыбына екі билборд дайындау, орналастыру және ұстау.
      Жастар сарайының құрылысы.
      Облыстық жас суретшілер көрмесін өткізу.
      "Жастар таза жағажайды қалайды" кең көлемді акциясы.
      Жастар арасында қалалық брейк-данс конкурсын өткізу.
      Жастар РЭП фестивалін өткізу.
      Халықаралық жастар және студенттердің пікір алмасу жөнінде
Маңғыстау бюросын құру және оның қызметін ұйымдастыру.
      Тұрғылықты орын бойынша эксперименталдық жастар аула клубын
құру (қаланың үш шағын аудандарында).
      Бірінші "Ғылым" облыстық жастар фестивалін өткізу.
      Жас ғалымдар, аспиранттар, студенттер, ғылыми жұмыстармен
айналысып жүрген оқушы жастар жөнінде деректеме банкін қалыптастыру және қолдау.
      Ауыл жастарымен жұмыс жасау үшін аудандық жастар орталықтарын құру және қызметін үйлестіру.

      4) Еңбек және жұмыспен қамту
саласында жағдайлар жасау

      Кәсіпорындарда, оқу орындарында жастар ісі жөнінде комитеттер мен кеңестер құру.
      "Жас кәсіпкерлер қауымдастығын" құру және оның қызметі,
сондай-ақ шетел инвесторлары мен халықаралық қорлардың қаражаттарын тарту арқылы шағын бизнеспен және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тілек білдірушілер үшін тұрақты түрде қызмет ететін дайындау және қайта дайындау курстарын ұйымдастыру.
      Жұмыссыздар арасынан жастардың, оның ішінде халықтық
әлеуметтік қорғалмаған бөлігі үшін квота есебінен еңбекке орналасуын талдау.
     Жұмыссыздар арасынан жастарды қоғамдық жұмыстарға қатысуға
тарту ұйымдастыру.
      Соңғы курстың студенттері арасынан кейін жұмыс берушілер үшін
жас мамандардың деректемелер банкін құру.
      Шағын және орта бизнес құрылымдарымен кәсіби мектептер мен
колледждер байланысын дамыту және тереңдету.
      Жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес саласында жастар бастамаларына ықпалды жәрдем көрсету.
      Жастар мен жасөспірімдерді жастардың еңбек отрядтарында жаз мезгілінде еңбекпен қамтумен қамтамасыз ету.
      Жастар арасында шағын және орта бизнес пен кәсіпкерлік
саласында инновациялық жобаларға облыстық конкурс өткізу.
      Жастарға арналған еңбек биржасы қызметі.
      Облыстық студенттік еңбек отряды Штабының қызметі.

5) Жастармен әлеуметтік жұмыс жасау

      Осы бағытты жүзеге асыру келесі іс-қимылды көздестіреді:
      жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын
алу;
      жастар арасында нашақорлық пен өзге де әлеуметтік зиянды
құбылыстардың таралуының алдын алу және жолын кесу;
      жастарға арналған әлеуметтік қызмет жүйесін дамыту.
      Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын
алу.
      Осы бағытты орындау үшін мыналар көздестіріледі:
      Жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында
"Жасөспірім" операциясын жүргізу.
      Жастар мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстық алдын алу жөнінде оқу-құқтық кеңес орталығының қызметі.
      Жастарға қажетті заң кеңестерінен көмек беру.
      Студент жастарды тарту арқылы қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде жедел отрядтар құру.
      Жастар арасында нашақорлық пен өзге де әлеуметтік зиянды
құбылыстардың таралуының  алдын алу және  жолын кесу.
      Ішімдік пен шылымға қарсы "Біз зиянды әдеттерге қарсымыз"
облыстық кең көлемді жастар акциясын ұйымдастыру және өткізу.
      "ХХІ ғасырдың жастары есірткіге қарсы" облыстық кең көлемді
акциясын өткізу.
      Жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мен емдеу мәселелері бойынша семинарлар өткізу.
      Жастарға арналған әлеуметтік қызмет жүйесін дамыту.
      "ХХІ ғасырда жастар белсенділігінің рөлі мен болашағы"
тақырыбына Маңғыстау облысы жастарының жағдайы туралы әлеуметтік зерттеу ұйымдастыру және өткізу.
      ОЖБҚО базасында мамандардың қатысуымен жастарға әлеуметтік және психологиялық кеңес беру  үшін  "Сенім телефонының" қызметі.
      Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыру және олардың жұмыспен қамтылуын, ұйымдастыру.

6) Жас дарындарды дамыту және қолдау мен
балалар және жастар бірлестіктерінің
қызметіне жағдайлар жасау

      Облыстың КТК (КВН) командаларынан облыстық турнирлер өткізу.
      Жастар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне
арналған "... саласындағы қосқан үлесі мен жетістігі" номинациясы бойынша жыл сайынғы облыстық жастар сыйлығын беру.
      Қоғамдық жастар бірлестіктері арасында әлеуметтік маңызды
жастар жобалары мен бағдарламаларына конкурс өткізу.
      Жас отбасыларының "Ақ босаға" клубын құру.
      Жастар парламенті қызметін құру және ұйымдастыру.
      Осы жұмыстардың барлығы облыс әкімі жанындағы жастар ісі
жөніндегі үйлестіру Кеңесі (ОЖБҚО) көмегімен жүзеге асады.
      Бағдарламаны жүзеге асыру тетігі жарғылық мақсаттар мен
міндеттер тұрғысынан, мемлекеттік органдар және балалар мен жастардың коммерциялық емес ұйымдарының үйлестірілген іс-қимылын көздестіреді.
      2003-2005 жылдар кезеңіне "Маңғыстау жастары" аймақтық
бағдарламаны жүзеге асыруда сәтті де өнімді жұмыстар үшін ұйымдастырушылық құрылымына мыналар енеді:
       "Облыстық жастар бастамашылығын қолдау орталығы" МКҚК;
      Маңғыстау облысындағы жастар ісі жөніндегі комитеттер, олардың ұсынымдары бойынша жастар ұйымдары жастар бағдарламаларының іс-шараларын жүзеге асыруға қатысатын болады.
      Өз кезегінде 2003-2005 жылдарға "Маңғыстау жастары" қалалық кешенді бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жастармен жұмыс жасау жөнінде бөлімнің жұмысты жариялық пен ақпараттық ашықтығымен қамтамасыз ететін көрерменге, оқырманға және радио тыңдарманға тұрақты түрде шықпай жастар саясаты саласын құру мүмкін емес.
      Осы бағдарламаға қатысты жастармен жұмыс жасау орталығына, облыстық басқармаларға Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы аумағында жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ақпаратты жариялау үшін теледидар мен радиодан тұрақты эфир уақытымен қамтамасыз етуі, мерзімдік басылымдар осыған сәйкес айдарлар ұйымдастыруы тиіс.
      Жастар саясатын жүргізу үшін қажетті бағытта қоғамдық пікір қалыптастыруға талпыну ғана емес,  сондай-ақ көрермендер, тыңдармандар, оқырмандар тарапынан пікірлер алу да маңызды. Кері байланыс тетігін анықтау және жүзеге асыру.

7) Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері

    "2003-2005 жылдар кезеңіне Маңғыстау жастары" аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың басты құралдардың бірі бюджеттік қаржыландыру болып табылады. Негізгі қаржыландыру көзі - облыстық бюджет.
      Осы бағдарламаны қаржыландыру, бағдарлама әкімшісінің 2003-2005 жылдарға қалалық пен облыстық бюджеттен өткізілетін іс-шараларға көзделген ақша-қаражатынан жүргізіледі.

8) Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
 

            2003-2005 жылдар кезеңіне "Маңғыстау жастары" аймақтық бағдарламасы іс-шараларын жүзеге асыру келесі проблемаларды кезеңді түрде шешуді қамтамасыз етеді:
      жастар арасында Отанға Қазақстан Республикасына азаматтық-патриоттық, оның тарихы, мәдениетін, дәстүрлерін құрметтеу көзқарасын қалыптастыру;
      жастар мен жас отбасылардың табыс деңгейін көтеру, әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын-үй жағдайының жақсаруы;
      жұмыссыздық деңгейін төмендеуі;
      нарық талаптарына сай өзінің кәсіптік деңгейін көтеру және қабілет сипаты бойынша сәйкес келетін еңбек ресурстарының қалыптасуы;
      жастардың іскерлік белсенділігі мен өзіндік қабілетін жүзеге асыруы;
      жас ұрпақ денсаулығын жақсарту және өлімінің төмендеуі;
      жастар арасында қылмыс, нашақорлық пен алкоголизм деңгейінің төмендеуі;
      жас ұрпақтық рухани-өнегелілік, зиялы және шығармашылық әлеуетінің артуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады