Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылы 9 қарашадағы N№1432 "Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімшілігі қаулы етті:
1. Тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру және өткiзу құқығын иелену үшiн өтiнiш берушiнiң тұрақты қаржы жағдайын растайтын құжаттар (N№1 қосымша) және өтiнiш берушiнiң қаржы жағдайын анықтауға керектi көрсеткiштердiң тiзбесi (N№2 қосымша) бекiтiлсiн.
2. Қорытынды беретiн сарапшылар комиссиясы лицензияттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi жөнiндегi қорытындыны өтiнiш иесiне тапсырған соң, қаржы жағдайының тұрақтылығын растауды Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң Экономика комитетi жүргiзедi деп белгiленсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктеледi.
Алматы қаласының әкiмi
Әкiмшiлiк хатшысы
Өтiнiш берушiнiң қаржы жағдайын анықтау үшiн тиiстi құжаттардың тiзбесi
1. Бухгалтерлiк баланс; <*>
2. Қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесi туралы есеп; <*>
3. Ақша айналымы туралы есеп; <*>
4. Берiлген қаржы есебiнiң әдiлдiгi және дұрыстығы жөнiндегi аудиторлық есеп.
Ескертпе
<*> бухгалтерлiк есеп стандарттарға және әдiстеме ұсыныстарына сәйкес өтiнiш берген айдың 1-не әзiрленедi.
Әкiмшiлiк хатшысы
Өтiнiш берушiнiң қаржы жағдайын анықтау үшiн
тиiстi көрсеткiштер тiзбесi
Көрсеткiш |
Көрсеткiштi ң мақсаты |
Есептесу нұсқасы |
Көрсеткiштi
ң
|
1.Тәуелсiздiк коэффициенті (жеке капитал жиынтығы, автономиялылы ғы) |
Кәсiпорынның жалпы активтер көзiнен өзiнiң меншiктi капитал үлесiн көрсетедi.Сол бойынша, кәсiпорынның қаншалықты заем қаржыларынан тәуелсiз екенiн және жеке қаржыларын жеке пайдалана алатынын көрсетедi. |
Меншiктi капитал
|
0,5-0,6 |
2.Қаржыландыру коэффициентi |
Меншiктi капитал мен тартылған (заем) қаржысының қатынасын бiлдiредi. Ол, кәсiпорын активiнiң қай бөлiгi өз қаражатымен қаржыландырады, ал қайсысы - заем қаржысымен қаржыландыратынын көрсетедi. |
Меншiктi капитал
|
>1 |
3.Абсолюттi өтiмдiлiк коэффициентi |
Ағымдағы қарыздарының қандай бөлiгi балансты жасаған мезетте жабылуы мүмкiндiгiн немесе жақын арада жабылатынын көрсетедi. |
Ақшалай қаражат
|
> 0,2:0,5 |
4.Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi |
Ағымдағы активтер қанша есе ағымдағы мiндеттемелердi жаба алатынын, және кәсiпорынның төлем мүмкiндiктерiн,дебиторлардың уақытында есептескенiн бағалауға, дайын өнiмдерiн ыңғайлы жағдайда сатуға, ал керек болған жағдайда басқа да айналымды қаражатты сатуды анықтауға мүмкiндiк береді. Ол бередi, сатылатын құралдар ағымдағы (шұғыл және қысқа мерзiмдi) мiндеттемелердi жаба алатынын, сонымен баланстың тұрақты екенiн дәлелдейтiн, және кәсiпорынның ағымдағы мiндеттемелерi (қарызы) бойынша тез арада есеп айырыса алатынын анықтауға мүмкiндiк бередi |
Ағымдағы активтер Ағымдағы мiндетте мелер |
> 2 |
Әкiмшiлiк хатшысы