Емдеу кезiнде дәрiгерлер рецебi бойынша тегiн берiлетiн дәрi-дәрмек құралдарының нозологиялық тiзбесiн кеңейту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысы. 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 5/818. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 17 қаңтарда N 507 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 1/200 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 19 мамыр 1997 жылғы«"Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы"  Заңына  сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 5 мамыр 2002 жылғы N 674 "Ауру түрлерi бойынша дәрiлiк құралдармен және тұрғындардың жеке категориясын емдiк тағамдар мен балаларға арналған азық-түлiкпен қамтамасыз ету шаралары туралы"  Қаулысының  және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 18 қыркүйек 2000 жылғы N 1555«"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 5 мамыр 2002 жылғы N 674 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы"  Қаулысының  негiзiнде Алматы қалалық денсаулық сақтау бюджетiнде қаралған қаражат шеңберiнде 2003 жылы тұрғындарды тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету үшiн Алматы қаласының Әкiмшiлiгi  қаулы қабылдады:

      1. N 1 қосымшаға сәйкес, дәрiгерлер рецебi бойынша амбулаторлық емдеудегi ауру категориясына тегiн дәрi-дәрмектiк көмек көрсетiлу үшiн ауру түрлерi категориясының қосымша тiзбесi  бекiтiлсiн.
      2. Алматы қ. Денсаулық сақтау департаментi (В.Девятко) тұрғындарды дәрi-дәрмектiк құралдармен және балаларды арнаулы азық-түлiк, емдiк тағамдарымен қамтамасыз етуде жоғарыда көрсетiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулыларын және осы Қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Бұл қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң  орынбасары А.З.Мурзинге жүктелсiн.

       Алматы қаласының Әкімі

      Әкiмшiлiк хатшысы       

 Алматы қалалық әкiмшiлiгiнiң  
2002 жылғы "23" желтоқсандағы 
N 5/812 қаулысына N 1 қосымша 

Емдеу кезiнде дәрiгерлер рецебi бойынша
тегiн берiлетiн ауру категориясындағы
амбулаториялық емдеу кезiндегi
дәрi-дәрмек құралдарының қосымша
тiзбесi

 
      1. Жүректiң ишемиялық ауруы
      2. Созылмалы гепатит пен бауыр циррозы
      3. Артроз пiшiнiнiң бұзылуы
      4. Цереброваскулярлық аурулар
      5. Асқазан мен ұлтабардың ойшық жарасы
      6. Созылмалы панкреатит
      7. Жүрек соғысының бұзылуы
      8. Венаның варикозды кеңеюi
      9. Қабынған склероз
      10. Катаракта
      11. Глаукома

       Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады