Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық қалалық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық әкімиятының қаулы. 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 112. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 12 ақпанда N 1106 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 17 наурыздағы N 240 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2008.03.17 N 240 қаулысымен.
      
      Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасаудың қалалық жүйесiн одан әрi жетiлдiру, тұрғындар мен аумақтарды апаттардан, сұрапыл бүлiншiлiктерден және күтпеген қайғылы жағдаяттардан қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мәселесiне жергiлiктi атқарушы органдардың, қалалық ұйымдардың және меншiктік нысандарына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң әрекеттерiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Курчатов қалалық әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық қалалық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
      2. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық қалалық комиссия туралы Ереже бекітiлсiн (N 2 қосымша).
      3. Қала бөлiмдерi мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң, басшылары қажет болған жағдайда төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi тиiстi салалық және объектiлiк комиссиялар құрсын, оларға өздерi басшылық жасасын.
      4. "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық қалалық комиссия туралы" қала әкiмiнiң 1997 жылғы 10 қарашадағы N 78 шешiмi күшiн жойды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      6. Курчатов қалалық мәслихатына Курчатов қаласындағы Төтенше жағдайлардың алдың алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық қалалық комиссия құрамы бекітуге берілсін.

      
      Курчатов қаласының әкiмiнің м.а.

       Курчатов қаласы әкiмиятының
2002 жылғы 9 желтоқсандағы
      N 112 қаулысына
N 1 қосымша

       Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi
ведомствоаралық қалалық комиссияның құрылуы туралы

Тулеутаев ШахмұратИгембекович

Әкiм орынбасары комиссия төрағасы

Аусенов ЖұмақұмарАйтказиевич

Әкiм аппаратыны ТЖ және АҚ жөнiндегi бас маманы м.а. комиссия хатшысы

Вакансия бойынша

Экономика, өнеркәсiп және сауда бөлiмiнiң меңгерушiсi

Крешенова Галина Валентиновна

Тұрмыстық-коммуналдық бөлiм бастығы м.а.

Древина Любовь Ивановна

Ауыл шаруашылық Министрлiгi Курчатов аумақтық басқармасының бастығы

Тоқжігітов Серiкқан Қайсымович

Қалалық полиция бөлiмiнiң бастығы

Қажиев Қуантқан Ерғалиевич

Шығыс Қазақстан облысы iшкi iстер Бас басқармасы 5 бөлiм бастығы

Пащенко Нина Николаевна

Бiлiм беру бөлiмiнің бастығы

Тастанбеков Хасен Сарқытович

"Қалалық аурухана" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорынының бас дәрiгерi

Сургутанов Александр Владимирович

N 48 өрт сөндiру бөлiмiнiң бастығы

Козырев Владимир Викторович

N 61 өрт сөндiру бөлiмiнiң бастығы

Альменов Габдильхах Сагындыкович

Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Департаментiнiң қалалық бөлiм бастығы

Корнышев Сергей Силантьевич

3514 әскери бөлiмiнiң командирi

Маснев Василий Афанасьевич

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының АҚ және ТЖ штабының бастығы

Тусупов Айғали Садықович

Ертiс өңiрiндегi электр желiлерiн Үйлестiру жөнiндегi бастығы

Асылгазинова Ләйлә Бикеновна

Қалалық санитарлық- эпидемиологиялық станциясыны бас дәрiгерi

Бралинова Ләйлә Каирбаевна

Курчатов қалалық қоршаған ортаны қорғау инспекциясының мемлекеттiк инспекторы

Ельникова Тамара Петровна

Қалалық қаржы бөлiмiнiң бастығы м.а.

Семенин Сергей Семенович

Қалалық телекоммуникация торабының директоры

Ковалев Владимир Васильевич

"Дегелең" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi директоры

Демченко Николай Иванович

"Озон" Өндiрiстiк кооперативiнiң төрағасы

Ставская Елена Юрьевна

Еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң бастығы

Шмурыгин Василий Георгиевич

"Коммунэнерго" Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынының директоры

Демышев Владимир Алексеевич

"Азот" Өндiрiстiк кооперативiнiң төрағасы

Гостев Геннадий Александрович

"Жолбарыс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры

Бражников Николай Иванович

"Монтажник" акционерлiк қоғамының директоры

Мокану Валерий Семенович

"Астра" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры

Аханов Ерлан Қантаевич

"Шаған" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры

Акимбеков Кажиакпар Баскенович

"Дегелең" станциясының бастығы

Тулақов Бейсен Куанышканович

Қаланың әскери комиссары

Кулешов Александр Иванович

"Балапантранс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры м.а.

      
      Курчатов қаласы әкiмi
      аппаратының басшысы

Курчатов қаласы әкiмиятының
2002 жылғы 9 желтоқсандағы
      N 112 қаулысына
N 2 қосымша

       Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi
Курчатов қалалық ведомствоарлық комиссиясы туралы
      ЕРЕЖЕ

       1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоарлық Курчатов қалалық комиссиясы (ары қарай комиссия) консультативтiк - кеңес берушi орган болып табылады және апаттардан, сұрапыл бүлiншiлiкерден, күтпеген табиғи және басқа жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы бiртұтас мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу жөнiндегi ұсыныстарды жасау мақсатында құрылған.
      2. Комиссия өзiнiң өкiлеттiлiгiн жергiлiктi атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындарымен, мекемелерiмен, ұйымдарымен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып жүзеге асырады.
      3. Комиссиясының негiзгi мiндеттерi мыналар бойынша ұсыныстар жасау болып табылады:
      1) қала аумағында апаттардан, сұрапыл бүлiншiлiктерден, күтпеген табиғи және басқа қайғылы жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласындағы бiртұтас мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу;
      2) апаттардан, сұрапыл бүлiншiлiктерден, күтпеген табиғи және басқа жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардан тұрғындардың, қала аумағының қауiпсiздiгi мен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру - техникалық және басқа шаралардың жүйесiн қалыптастыру;
      3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштерi мен құралдарын құру мен дамыту саласында бiртұтас техникалық саясатты жүргiзу;
      4) төтенше жағдайлардың алдын алу мен әрекет етудiң қалалық жүйесiн жетiлдiру мен, одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау;
      5) төтенше жағдайлардың алдын алуға, тұрғындар мен қала аумағының төтенше жағдайлардан қорғалуына және осы бағдарламаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiруге бағытталған мақсатты және ғылыми-техникалық қалалық бағдарламалардың жобаларын жасауды ұйымдастыру;
      6) апаттардың, сұрапыл бүлiншiлiктердiң, күтпеген табиғи және басқа қайғылы жағдаяттардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтiк - экономикалық, құқықтық қорғау, медициналық сауықтыру мәселелерi бойынша қалалық бөлiмдерi, жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiру;
      7) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелерiнде облыстың көршiлес аудандарымен, көршiлес Павлодар облысы Май ауылымен, төтенше жағдайлар жөнiндегi бiрлескен қызметтiң бағыттарын белгiлеу.
      4. Қала әкiмiнiң тапсыруы бойынша комиссия мыналарға құқылы:
      1) өз құзыры шеңберiнде қала бөлiмдерiмен, төтенше жағдайды жою мен болдырмаудың қоғамдық ұйымдарында қызметтерiн үйлестiру бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      2) комиссияның құзырына жататын қажеттi нормативтiк-құқықтық және заң актiлерiнiң жобаларын жасауға қатысуға;
      3) комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдарының, қала бөлiмдерiмен, қызметтерiнде және шаруашылық жүргiзушi құрылымдарының лауазымды адамдарын тыңдауға;
      4) жергiлiктi атқарушы органдарынан, қалалық бөлiмдерден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден олардың қызметi туралы комиссияның жұмысына қажеттi ақпаратты сұрауға;
      5) қала кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарының мамандарын (олардың басшыларымен келiсiп) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелерi бойынша талдау, сараптау және басқа жұмыстарды орындауға тарту.
      5. Комиссияның төрағасы қала әкiмiнiң орынбасары болып табылады, оны қала әкiмi тағайындайды.
      6. Комиссия өз қызметiн оның төрағасы бекiткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады.
      Комиссияның мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ тоқсан сайын бiр рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
      Комиссия мәжiлiстерiнiң аралығында шешiмдердi оның төрағасы немесе оның орынбасары қала аумағында орындалуға мiндеттi тиiстi нұсқаулар мен тапсырмалар түрiнде қабылдайды.
      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету қала әкiмi аппаратына жүктеледi.
      8. Қала әкiмiнiң шешуiн талап ететiн мәселелер бойынша Комиссия белгiленген тәртiппен тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
      9. Өз құзырына сәйкес комиссия қабылдайтын шешiмдер ұсыныстық сипатқа ие.
      10. Комиссия өзi қараған және шешкен неғұрлым маңызды мәселелер бойынша қала әкiмiн хабарландырып отырады.
      
      
      Курчатов қаласы әкiмi
      аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады