Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым қалдығын қайта ресімдеу кезіндегі Өтінім нысаны туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 1 ақпандағы N 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2149.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N№1406 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкі" ААҚ-тың қолданыстағы шоттарында сақталған салым қалдығын мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларына қайта ресімдеу кезінде толтырылатын Өтінім нысаны (Бұйрыққа Қосымша) бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі Л.А.Ивановқа жүктелсін.
      3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
          атқарушы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
"Қазақстан Республикасы азаматтарының 
бұрынғы КСРО Қазақ республикалық   
жинақ банкіндегі 1992 жылғы      
1 қаңтардағы жағдай бойынша      
салым қалдығын қайта ресімдеу     
кезіндегі Өтінім нысаны туралы"   
2003 жылғы 1 қаңтардағы N 40 бұйрығына
Қосымша                

1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салым қалдығын айналыс мерзімі ______________________ жыл мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларына (МАӨҚО) қайта ресімдеуге
ӨТІНІМ

____________________________________________________________________
                  (тегі, аты-жөні және туған жылы)

____________________________________________________ теңге сомасына
("Қазақстан Халық Банкі" ААҚ-тың анықтамасы негізінде жазбаша
толтырылады)

______________________________________________ дана.

Жеке куәлік N ________________________  
ҚР ІІМ  _____________________ берген  
СТН __________________________  
Мекен-жайы __________________________  
Тел. __________________________  

200__ ж. "____"____________
Қолы:_______________________

Өтінімді қабылдаған Бақылаушы:

_______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты және қызметі)

____________________________                мөрдің орны
         (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады