"Медицинада қолданатын бұйымдарды стерилизациядан және зарарсыздандырудан өткізгенде, оның сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері және нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2185. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сүйене отырып, төмендегі көрсетілген тармақтарды орындауды, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымша берілген 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 8.01.013.03 "Медицинада қолданатын бұйымдарды стерилизациядан және зарарсыздандырудан өткізгенде, оның сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері және нормалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге қойылып, алғашқы ресми түрде баспадан шыққан күннен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

БЕКІТІЛГЕН           
Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау Министрінің 
2003 жылы 31 қаңтардағы      
N 96 бұйрығымен        

"Медицинада қолданатын бұйымдарды стерилизациядан және зарарсыздандырудан өткізгенде оның сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық ережелері және нормалары

1. Жалпы ережелер

      1. "Медицинада қолданатын бұйымдарды стерилизациядан және зарарсыздандырудан өткізгенде, оның сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) жұмыс барысында стерилизация және (немесе) зарарсыздандыруға тиісті медицинада қолданатын бұйымдарға қойылатын талаптардан тұрады.
      2. Осы санитарлық ережелер медициналық бұйымдарды дайындайтын, өңдейтін және қолданатын жеке және меншік нысанынан тәуелсіз заңды тұлғаларға арналған.
      3. Осы санитарлық ережелер талаптары:
      1) дәрі-дәрмектерге және оларды орау үшін арналған заттарға;
      2) өнеркәсіпте шығарылатын стерильді медициналық бұйымдарға;
      3) тоқыма материалдардан жасалған бұйымдарға;
      4) ауруларды күтуге арналған заттарға, медициналық жиҺаздарға таралмайды.
      4. Осы санитарлық ережелердің талаптары жаңадан шыққан медициналық бұйымдарға, жаңа техникалық тапсырыстарды, жаңа бұйымдарды, мемлекеттік жаңа стандарттарды әзірлегенде қолданылады.
      5. Жалпылай шығарылып отырған өнімдердің нормативтік құжатында, стерилизация жасаудың алдындағы тазалауды, стерилизациядан немесе зарарсыздандырудан өткізерде осы санитарлық ереженің талаптары мен тәртібі көрсетілуі тиіс.
      6. Осы санитарлық ережелерді дайындағанда, мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) ауа арқылы стерилизациядан өткізу - медициналық бұйымдарды стерилизациядан өткізу үшін пайдаланылатын арнайы құрал, мұндағы стерилизациялайтын агент - ыстық ауа;
      2) ингибитор - химиялық реакциялардың өтуін тежейтін химиялық зат; олар металдардың тотығуын баяулатып немесе оны болдырмайды;
      3) медициналық бұйымдар - ауруханалық ұйымдарда аурулардың диагнозын анықтау үшін, емшаралар жүргізу үшін қолданылатын металдан, шыныдан, резеңкеден, латекстен, полимерден және басқа да материалдардан жасалынған бұйымдар;
      4) манометр - сұйықтың, газдың қысымын өлшеуге арналған аспап;
      5) стерилизация жасау алдындағы өңдеу - медициналық бұйымдарды стерилизация жасаудың алдында, оларды нәруыздан, майдан, механикалық кірленуден тазалау үшін жүргізілетін шара;
      6) бу арқылы стерилизациядан өткізу - медициналық бұйымдарды стерилизациядан өткізу үшін пайдаланылатын арнайы құрал, мұндағы стерилизациялайтын агент - жоғары қысымдағы су буы;
      7) стерилизация - микробтардың барлық түрін, олардың спораларын жоғарғы температура арқылы немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәуле көздерінің әсерімен толық жою.

2. Медицинада қолданатын бұйымдарды зарарсыздандыруға
қойылатын талаптар

      7. Осы санитарлық ережелерге 1-қосымшада көрсетілгендей, медицинада, зертханада қолданылатын құрал-саймандардың барлық түрі әрбір қолданыстан кейін зарарсыздандырылуы тиіс.
      8. Зарарсыздандыру дәрмектерімен жұмыс істегенде: құрғақ дәрмектерді бөлгенде, олардан жұмысшы ерітіндісін дайындағанда мынандай сақтану шаралары орындалуы тиіс:
      1) зарарсыздандыру жұмыстарының барлық түрін халат немесе комбинезон, резеңке қолғап, көзге көзілдірік киіп, алжапқыш байлап, дем алу ағзаларын респиратормен қорғау;
      2) жұмыстан соң беті мен қолын сабынды сумен мұқият жуып, зарарсыздандырғыш дәрмекке берілген әдістемелік нұсқауға сай, көздің шырышты қабатына, ауыздың шырынды қабатына дәрмек тиген жағдайда ол жерлерді таза судың немесе арнайы ерітінділердің мол мөлшерімен шаю.
      9. Бір рет қолдануға арналған медициналық аспаптарды (шприц, адамның қан тамырына дәрі құятын аспаптар, скарификаторлар, қалақшалар, гинекологиялық айналар және басқа да аспаптар) кем дегенде 6000 С температурада арнайы немесе муфелді пештерде өртеу арқылы жойылып жіберіледі.

3. Медицинада қолданатын бұйымдарға стерилизациялауға және стерилизация жасаудың алдында жүргізілетін тазалау жұмыстарына қойылатын талаптар

      10. Медициналық бұйымдарды стерилизациялау алдында, олардан нәруыз, май, механикалық кірлер, сол сияқты дәрі-дәрмектердің қалдықтарынан алынып, стерилизация жасау алдындағы тазалау жұмысы атқарылуы тиіс.
      11. Стерилизация жасау алдындағы тазалау жұмысы атқарылған кезде жуғыш заттар, ингибиторлар және басқа да қоспалар қолданылуына жол беріледі.
      12. Стерилизация жасау алдындағы тазалау жұмысы, берілген құрылымның жабдықталуы туралы нұсқауға сай қолмен немесе механикалық әдіспен жуғыш заттарды қолдану арқылы жүргізіледі. Бөлшектері бір-бірінен ағытылып алынатын бұйымдарға стерилизация жасау алдындағы тазалау жұмысы, оларды бөлшектеп алынғаннан кейін жүргізілуі тиіс.
      13. Медициналық аспаптарға жасалынатын стерилизация, жасау алдындағы тазалау жұмысы осы санитарлық ережелерге 2-қосымшасының 12-кестелеріне сай жүргізілуі тиіс.
      14. Заттардың қанмен ластанғанын білдіретін қызғылт түс пайда болғанша жуғыш заттар қосылады. Синтетикалық жуғыш заттар қосылған сутегінің асқын тотығының ерітіндісі дайындалғаннан кейін, бір тәулік бойы оны қолдануға болады. Егер ерітіндінің түсі өзгермесе, оны алты ретке дейін қыздыруға болады.
      15. Стерилизациядан өткізуге осы санитарлық ережелерге 3-қосымшаның 1234 кестелеріне сай терімен, шырышты қабатпен, ағзалармен, алынған жаралардың бетімен, қанмен және басқа да биологиялық сұйықтармен жанасқан барлық медицинада қолданатын бұйымдар жатады.

4. Бу және ауа арқылы стерилизациядан өткізгенде
жасалатын бақылау

      16. Бу және ауа арқылы стерилизациядан өткізгенде, оған химиялық, биологиялық тестілерді және термохимиялық индикаторларды қолдана отырып, оларға физикалық, химиялық және бактериологиялық әдістер арқылы бақылау жүргізіледі.
      17. Бу және ауа арқылы стерилизациялау циклын өткізгенде, оның жұмыс тәртібінің параметріне физикалық, химиялық әдістермен бақылау жасалынады; бактериологиялық жолмен стерилизатор жұмысының тиімділігі анықталады.
      18. Ауруханалық ұйымдарда стерилизаторлардың жұмысы алғаш рет іске қосқаннан кейін, жұмыс барысында немесе жөндеу жұмыстарын өткізгеннен кейін аурухананың қызмет көрсететін тұлғалары бақылау жасап тексеруі тиіс. Ондай бақылауды ауруханалық ұйымның мамандары жүргізеді.
      19. Стерилизациялық құрал-жабдықтардың өлшем құралдары заңнамамен белгіленген тәртіпте тексерілуі тиіс.
      20. Аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен стерилизациялаудың тиімділігін анықтау үшін іріктеу арқылы бақылау жасалынады.
      21. Температуралық бақылау жұмыстарын жүргізгенде, тестке (химиялық, биохимиялық тесттер, термохимиялық индикатор) арналған материалдарды орайтын қағаз пакеттерге стерилизациядан өткізетін материалдармен бірге салып, стерилизатордың бақылау жасайтын нүктелеріне осы санитарлық ережелерге 4-қосымшаның 1 4 кестелеріне сәйкес орналастырады.
      22. Әрбір стерилизациядан өткізілетін материалдар тобы белгіленген үлгідегі осы санитарлық ережелерге 5-қосымшаға сай журналға тіркеледі. Стерилизаторлардың паспорттары, техникалық жағдайын тексерілген, стерилизацияның тиімділігін көрсететін актілер мен хаттамалар ауруханалық ұйымның стерилизация 3/4-ін жауапты тұлғада сақталады.
      23. Медицинада қолданатын бұйымдарды стерилизациядан өткізуді ұйымдастыру және оның сапасына жауап беру ауруханалық ұйымның басшысына жүктеледі.
      24. Стерилизаторлардың жұмысына бақылау жүргізетін физикалық әдіс температураны, қысымды, өлшейтін құралдар (термометр, үлкен термометр, манометр) арқылы жүргізіліп, стерилизация жүргізілген уақыт өлшенеді. Стерилизаторлардың жұмыс тәртібінің параметрі, аппараттың паспортында көрсетілген талаптарға сай, стерилизация циклы жүргізілген барлық уақытта тексерілуі тиіс.
      25. Стерилизацияға химиялық әдіспен бақылау жасау химиялық тесттердің көмегімен, термоуақыт және термохимиялық индикаторлар арқылы жүргізіледі. Стерилизацияның аяқталғандығы индикатор түсінің өзгеруіне қарап анықталады.
      26. Бактериологиялық әдіс - микробтар спораларының дозаланған санын құрайтын биологиялық тесттердің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тесттер санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бактериологиялық зертханаларымен, басқармаларымен немесе санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мекемелерімен дайындалуы тиіс.
      27. Стерилизациялау жұмысы біткеннен кейін, биологиялық тест полиэтиленді қапшыққа салынып, сол күні ілеспе құжатпен бірге бактериологиялық зертханаға жеткізіледі.

5. Бу арқылы жұмыс істейтін стерилизаторларды пайдалану және техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелері

      28. Бу арқылы жұмыс істейтін стерилизаторлармен жұмыс істеуге, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органымен белгіленген тәртіпте медициналық тексерістен өткен, бу арқылы жұмыс істейтін стерилизаторларды пайдалану туралы техникалық минимум курсын бітіріп, куәлік алған, жасы 18-ден жоғары адамдар жұмыс істеуге жіберіледі.
      29. Стерилизациядан өткізетін аппаратура орналасқан әрбір бөлмеде, оны пайдалану ережелері көрнекті жерде ілінілуі тиіс.
      30. Әрбір бу арқылы жұмыс істейтін стерилизатордың зауыт берген паспорты болуы тиіс. Ол бу арқылы жұмыс істейтін стерилизатордың жұмысына және қауіпсіздігіне жауап беретін адамда сақталуы тиіс.
      31. Әрбір стерилизатор арнайы бөлмеде орналастырылуы және оның көлемі құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сай болуы тиіс.
      32. Автоклав орналасқан бөлме табиғи жарық көзі, терезесі фрамугы немесе форточкалы болып, оның сорып-тартатын желдеткіш жүйесі болуы тиіс. Бөлменің есіктері бөлмеден сыртқа ашылып, стерилизатор жұмыс істегенде жабылмауы тиіс. Стерилизация өткізетін бөлмеге шынысы бар есікті қоюға болмайды.
      33. Бұл бөлмедегі еден тоқ өткізбейтін материалдардан жасалуы тиіс. Бу арқылы жұмыс істейтін стерилизаторлар қабырғадан 0,8 метр ара-қашықтықта, ал шкафты стерилизаторлар 1,5 метр ара-қашықтықта орналасуы тиіс.
      34. Әрбір электрлі стерилизатор тоқ жүйесіне қосқыш немесе автоматты айырғыш арқылы жалғасуы тиіс. Бу арқылы жұмыс істейтін стерилизаторды штепсельді розетка арқылы тоқ көзіне қосуға болмайды. Қосқыш немесе автоматты айырғыш еденнен 1,6 метр биіктікте, бу арқылы жұмыс істейтін стерилизатордан 1 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Осы қосқыш немесе автоматты айырғышқа басқа электрэнергиясын пайдаланатын тұтынушыны қосуға тыйым салынады.
      35. Тоқ көзін су құбырларына, орталықтандырылған жылу көздерінен келетін құбырларға, канализацияға, жанар, жағар май әкелетін құбырларға, жарылғыш жүктерге, найзағай тартқыштардың жермен қосу жүйесіне қосуға тыйым салынады.
      36. Бу арқылы жұмыс істейтін стерилизатор орналасқан бөлмелерде өртке қарсы күресу ережелері сақталуы тиіс. Стерилизатор орналасқан бөлмелерде медицинаға арналған бұйымдарды стерилизациядан өткізуге қатысы жоқ жұмыстарды орындауға, жұмысқа қатысы жоқ ластандыратын басқа заттарды сақтауға тыйым салынады.
      37. Стерилизация жүргізіліп жатқан бөлмеге тек қана осы жұмысты атқаруға тікелей қатысы бар және осы жұмыстың дұрыс жүргізілуін бақылайтын адамдар кіре алады.
      38. Әрбір бу арқылы жұмыс істейтін стерилизатор дұрыс жұмыс істейтін пломбыланған манометрмен жабдықталып, оларда сақтандырғыш клапан болуы тиіс. Манометрлердің кем дегенде екі жарым дәлдік класы болып, олардың шкалаларының көрсету шегі жұмыс қысымының үштен екі бөлігін өлшейтін жағдайда тұруы тиіс.
      39. Пломбасы жоқ манометрлерді, тексеру мерзімі өтіп кеткен, тексеруден соң манометрдің көрсеткіш тілі нольге қайтып келмеген, бетінің шынысы сынған жағдайда немесе басқа да бүлінушілік орын алғанда, ондай манометрлерді қолдануға жол берілмейді.
      40. Стерилизаторда болатын теріс қысым жағдайында жұмыс істейтін сақтандырғыш клапан тексерістен өтуі тиіс.
      41. Қысыммен жұмыс атқаратын стерилизаторлар дұрыс жұмыс істеу жағдайына куәлік берілуі мен өлшеуіш құрал-жабдықтардың тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      42. Қызмет көрсететін персонал бу арқылы жұмыс істейтін стерилизаторларға қойылатын талаптарға сай жұмыс істеп, бақылау-өлшеу құралдарының және сақтандырғыш құрылғының дұрыстығын уақытында тексеріп отыруға міндетті.
      43. Бу арқылы жұмыс істейтін стерилизаторларды жөндеу жұмысы, қысыммен жұмыс атқаратын ыдыстарды жөндеуге лицензиясы бар мамандармен жүргізілуі тиіс.

"Медицинада қолданылатын бұйымдарды  
стерилизациядан және зарарсыздандырудан
өткізгенде індетті болдырмау үшін оның
сапасына қойылатын талаптар" туралы  
санитарлық ережелер және нормаларға  
1 Қосымша               

Медицинада қолданылатын бұйымдарды зарарсыздандыру

___________________________________________________________________
Зарарсыздандыру|    Зарарсыздандыру      | Қолданылуы  | Зарарсыз.
   әдісі       |       тәртібі           |             |дандыруды
               |________________________ |             | өткізу
               |Темпе. |Қанықпа|Зарарсыз.|             |жағдайлары
               |ратура,|       |дандыру  |             |
               |градус |       |уақыты,  |             |
               |Цельсий|       |минутпен |             |
___________________________________________________________________
Қайнату:          98           30 қосу 5  Шыныдан,      Суға толық
дистилляциядан                            темірден,     батыру
өткен су;                                 ыстыққа
дистиляциядан                             шыдамды
өткен су қосу            2,0   15 қосу 5  полимерлік
екі көмір                                 материалдан,
қышқылды натрий                           резеңкеден
(ас содасы)                               жасалған
                                          бұйымдар үшін
___________________________________________________________________
Будың қызуымен.   110          20 қосу 5  Шыны, темір,  Стерилиза.
Бу стерилиза.                             резеңке,      циялайтын
торында немесе                            латекс,       қораптарға
зарарсыздандыру                           ыстыққа       салынады
камерасында                               шыдамды
                                          полимерлік
                                          бұйымдары үшін
___________________________________________________________________
Ауаның қызуымен.  120          45 қосу 5  Шыны және     Ораусыз,
Ауа стерилиза.                            темірден      астаушада
торында құрғақ                            жасалған      жүргізіледі
ыстық ауамен                              бұйымдар
жүргізіледі                               үшін
___________________________________________________________________
Химиялық әдіспен.                         Шыныдан,      Ерітіндіге
Шыныдан, пласт.                           тотығуға      толық
массадан жасалған                         шыдамды       батыру
немесе эмалды      Кем    2,0  45 қосу 5  полимерлік
ыдыста жүргізі.    деген.                 материалдан
леді: формалиннің  де                     және
үш еселі           қосу                   резеңкеден
ерітіндісімен      18                     жасалған
                                          бұйымдар үшін
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Сутегінің          Кем    3,0   80
асқын тотығы       деген. 3,0   180
                   де     4,0   90
                   қосу
________________   18     __________
Формалин                  3,0   30
(формальдегид             10,0  60
бойынша)                  3,0   30
________________          __________
Дезэффект                 1.0   60
                          4,0   30
                          2,5   60
________________          __________
Гибитан                   2,5   60
________________          __________
Пресепт                  0,056  90
                         0,280  45
                         0,112  60
________________          __________
Септокаль                 0,1   60
                          1,0   60
                          1,0   15
________________          __________
Дезапрев                  0,5   10
                          1,0   15
                          1,0   10
________________          __________
Лизетол                   2,0   30
                          4,0   30
                          4,0   15
________________          __________
0,5% жуғыш заттар         3,0   30
қосылған сутегі.          3,0   30
нің асқын тотығы          4,0   30
________________          __________
Кальцийдің                0,25  30
гипохлориді               1,0   30
                          1,0   30
___________________________________________________________________

      1. Кестеде көрсетілген заттармен қоса, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіп бойынша тіркеуден өткен басқа да зарарсыздандырушы заттарды қолдануға болады.
      2. Зарарсыздандыру жұмысын жүргізу (әдістемелік нұсқаулармен), халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өкілетті органымен белгіленген тәртіп бойынша бекіткен нұсқаулар арқылы анықталады.
      3. Кестеде көрсетілген химиялық әдіспен зарарсыздандырудың тәртібі - әрбір дәрмек үшін әр жолды оқуды қажет етеді: жоғарғы жол - іріңді ауруларға, ішек және ауа арқылы таралатын жұқпаларға, бактерия және вирусты этиологиясы бар ауруларға қарсы қолданылатын тәртіпті көрсетеді, гибитан тек бактериологиялық этиологиясы бар ауруларға қарсы қолданылады; орта жолдағы дәрмектер-туберкулезге қарсы қолданылатын зарарсыздандыру тәртібін анықтайды, төменгі жолдағысы-вирусты гепатит жағдайындағы зарарсыздандыру тәртібін анықтайды.
      4. Медициналық құралдарды зарарсыздандыру медициналық сутегінің асқын тотығының техникалық А және Б маркаларымен зарарсыздандырылып, артынан жуылады.
      5. Адамның шырышты қабаты және терісімен тікелей жанаспайтын бұйымдар, олардың ішіне ерітінді еніп кетпеуі үшін оның бөлшектері, зарарсыздандырылатын ерітіндіге батырылып, сығылып алынған сулық орамалмен сүрту арқылы зарарсыздандырылады.
      6. Химиялық әдіспен зарарсыздандырылған бұйымдар зарарсыздандырылған ерітіндінің иісі толық кеткенше, ағынды сумен жуылуы тиіс.
      7. Полимерлі материалдан жасалған бұйымдарды қайнату және будың қызуы арқылы зарарсыздандырғанда, олар дәкемен орап қойылуы тиіс.

"Медицинада қолданылатын бұйымдарды  
стерилизациядан және зарарсыздандырудан
өткізгенде індетті болдырмау үшін оның
сапасына қойылатын талаптар" туралы  
санитарлық ережелер және нормаларға  
2 Қосымша               

1 кесте 

Медицинада қолданылатын бұйымдарды стерилизациядан өткізер алдындағы тазарту ережесі

___________________________________________________________________
        Тазарту барысында        |Ерітіндінің |Ерітіндіде ұстау
     жүргізілетін үрдістер       |  бастапқы  | уақыты, минутпен
                                 | темпера.   |   есептегенде
                                 |   турасы,  |
                                 |   градус   |
                                 | Цельсиймен |
___________________________________________________________________
1. Зарарсыздандыру аяқталғаннан                         0,5
кейін  медициналық құралдар
ағынды сумен шайылады, одан
кейін ерітінділердің біріне
толық батырылады:
жуғыш заттарының ерітіндісіне
___________________________________________________________________
халықтың санитарлық-эпидемио.
логиялық салауаттылығы                20-25              15
саласындағы өкілетті органымен
рұқсат етілген жуғыш заттардың
ерітіндісіне
___________________________________________________________________
2. Жуатын ерітіндіде әр бұйымды                          0,5
қылдүрпі немесе мақта-дәкеден
жасалған орамның көмегімен жуу
___________________________________________________________________
3. Ағынды сумен шаю                                      10,0
___________________________________________________________________
4. Дистилляциядан өткен сумен шаю                        0,5
___________________________________________________________________
5. Кептіргіш шкафтарда ыстық         85              Ылғалы толық
ауамен құрғату                                       кепкенше
___________________________________________________________________

2 кесте 

Жуатын ерітіндіні дайындау

___________________________________________________________________
  Ерітінді құрамының         |Ерітіндіні|       Қолданылуы
       атауы                 |дайындауға|
                             | қажетті  |
                             | құрамның |
                             |  көлемі, |
                             | граммен  |
___________________________________________________________________
1. Жуғыш заттар                 3       Механикалық жолмен
   ауыз су, кубтық сантиметр 1 литрге   тазарту кезінде қолданылады
   (бұдан әрі - см 3 )          дейін     (ағып тұрған судың астында
                                        ысқылап тазартылады,
                                        ультрадыбысты қолдануға
                                        болады)
___________________________________________________________________
2. Жуғыш заттар                1,5      Механикалық тазарту
   ауыз су (см 3 )             1 литрге   кезінде араластыру әдісімен
                              дейін     жүргізіледі
___________________________________________________________________
3. Жуғыш заттар                 5       Қолмен тазарту
   ауыз су (см 3 )             1 литрге   кезінде қолданылады
                              дейін
___________________________________________________________________
4. Сутегінің асқын              17      Механикалық жолмен
   тотығының 27,5%              5       тазарту (ағып тұрған
   ерітіндісі.                1 литрге  судың астында ысқылап
   жуғыш заттар                дейін    тазартылады, ультрадыбысты
   ауыз су (см 3 )                        қолдануға болады) және
                                        қолмен тазарту кезінде
                                        қолданылады
___________________________________________________________________
5. Жуғыш заттар                 8       Қолмен тазарту барысында
   0,8% ауыз су (см 3 )        миллилитр  қолданылады
   Жуғыш заттар 1,6%          қанықпа
   ауыз су (см 3 )             1 литрге
                              дейін
                           16 миллилитр
                              қанықпа
                            1 литрге
                              дейін
___________________________________________________________________

"Медицинада қолданылатын бұйымдарды  
стерилизациядан және зарарсыздандырудан
өткізгенде індетті болдырмау үшін оның
сапасына қойылатын талаптар" туралы  
санитарлық ережелер және нормаларға  
3 Қосымша               

1 кесте 

Стерилизациядан өткізудің химиялық әдісі (химиялық дәрмектердің ерітіндісі)

___________________________________________________________________
Стерилизациядан|  Стерилизация   |Бұйымның     | Стерилизацияны
өткізуші агент|   жүргізудің    |  аты        |     өткізу
               |    тәртібі      |             |   жағдайлары
               |_________________|             |
               |Темпера.| ұстау  |             |
               |турасы, | уақыты,|             |
               |градус  |минутпен|             |
               |Цельсий.|        |             |
               | мен    |        |             |
___________________________________________________________________
6% сутегінің      кем               Полимерлі    Бұйымды ерітіндіге
асқын тотығы    дегенде             материал.    толық батыру арқылы
                  18       360      дардан, ре.  жүргізіліп, одан
                  50       180      зеңкеден,    кейін стерилденген
               (қосу 2)   (қосу 5)  шыныдан      сумен жуылады.
                                    және         Стерилизациядан
                                    тотығуға     өткен бұйымдарды
                                    төзімді      стерилденген жайма
                                    темірден     төселген
                                    жасалған     стерилденген
                                    бұйымдар     ыдыста сақтау
                                    үшін         мерзімі үш тәулік
                                    ұсынылады
___________________________________
Ерітінді:
Гигасепт 10%               300
         5%                720
___________________________________
Лизоформин
Ерітіндісі-
3000          40-50        60
2,5-3,0%
___________________________________
2% белсенді
Сайдекс,
глутарлы      20-25        240
альдегидтің
қышқыл
көрсеткіші.
мен (бұдан
әрі - РН)
-8,2-9,2
ерітіндісі
___________________________________
фирмасының     кем
глутарлы     дегенде
альдегидті.    20          360
нің  2,5%                 (қосу 5)
ерітіндісі
РН7,0-8,5
___________________________________________________________________
      1. Стерилизациядан өткізу барысында ерітіндінің температурасы сақталынбайды.
      2. Бұйымдарды  зарарсыздандыру үшін ерітіндіге батыруға шыны, пластмасса немесе эмалданған ыдыстар қолданылуы тиіс.

2 кесте  

Су буын қолдану арқылы стерилизациялау әдісі
(артық қысымды қаныққан су буы)

___________________________________________________________________
                 Стерилизация жүргізудің  тәртібі
___________________________________________________________________
Стерилизация   |  Стерилизация  | Ұсталу уақыты,  |қолданылуы
   жүргізу      |    жүргізу     |   минутпен      |
камерасындағы  |  камерасындағы |                 |
будың қысымы   |    жұмысшы     |                 |
шаршы санти.   | температурасы  |                 |
метрге кило.   | градус Цельсий |                 |
граммен алғанда |                |                 |
___________________________________________________|
Номиналды мәні    Номиналды Мәні    Қолмен және
                                      жартылай
                                    автоматтан.
                                     дырылған
                                   басқару кезінде
___________________________________________________
0,20 шекті         132                 20         Таттануға төзімді
ауытқуы 0,02       қосу-2             қосу-2         металдардан,
(2,0 ауытқу                                        шыныдан, резеңке.
  қосу-0,2)                                          ден жасалған
                                                       бұйымдар
                                                    үшін ұсынылады
___________________________________________________
0,11 шекті         120
ауытқуы 0,02      қосу 2
(1,1 ауытқу
қосу-0,2)
___________________________________________________________________
      1. Стерилизациядан өткізу үшін сүзгіші жоқ қораптарда немесе сүзгіші бар қораптарға салып немесе жұмсақ бөзге немесе пергаментке екі рет оралған, қапшық тігетін қағазға, ылғал өткізбейтін затпен өңделмеген қапшық тігетін қағазға, Е маркалы автоматта орау заттарын дайындайтын және бумен жұмыс істейтін стерилизаторларда жұмыс атқаруға арналған қатты қағаздарға орайды.
      2. Стерилизациядан өткен бұйымдардың сақтау мерзімі: сүзгілі қораптарда стерилизациядан өткендер үшін - жиырма тәулік, ал басқалары үшін - үш тәулік.

3 Кесте  

Ыстық ауаны қолдану арқылы стерилизациялаудың әдісі
(құрғақ ыстық ауа)

___________________________________________________________________
                Стерилизация өткізудің тәртібі
___________________________________________________________________
Стерилизация өткізетін |Стерилизациядан өткізу|   Қолданылуы
камерадағы жұмысшы     | уақытының ұзақтығы   |
температурасы градус   |     минутпен         |
Цельсиймен Номиналдық  |  Номиналдық мәні     |
      мәні             |                      |
___________________________________________________________________
180 (қосу 2; алу10)         60 (қосу 5)        Темірден, шыныдан,
160 (қосу 2; алу10)            150             силиконды резеңкеден
                                               өнімдерге ұсынылады
___________________________________________________________________

      1. Қапшық тігетін қағаздан, ылғал өткізбейтін қағаздан, Е маркалы автоматта орау заттарын дайындайтын және жоғарғы сападағы қатты қағаздан, екі қабатты қатты қағаздан жасалған орамда ыстық ауаны қолдану арқылы құрғақ өнімдерді стерилизациядан өткізу үшін ашық ыдысты қолданады.
      2. Орамасыз стерилизациядан өткен өнімдер стерилизациядан өтісімен пайдаланылып, ал оралған күйде стерилизациядан өткен бұйымдар үш тәуліктің ішінде қолданылады.

4 кесте 

ЭБ (газ) қоспасымен және этиленнің тотығуымен, формальдегид ерітіндісінің буымен стерилизациядан өткізудің химиялық әдісі

___________________________________________________________________
Стерилизация.|Газ. | Стерилизациялаудың  |Ылғал. |Уақыты |
дан өткізетін|дың  |      тәртібі        |дылығы |       |Бұйымдар
   агент     |до.  |____________________ |       |       |
             |засы,| Tемпература  |Стери.|       |       |
             |милли. қосу 18 о      |лиза. |       |       |
             |грам.| Газдың қысымы| ция  |       |       |
             |мен  |______________|өткі. |       |       |
             |     |Кило. |Сынап  |зетін |       |       |
             |     |грамм |бағана.|темпе.|       |       |
             |     |секунд|сы     |рату. |       |       |
             |     |шаршы |милли. |расы  |       |       |
             |     |санти.|метр.  |градус|       |       |
             |     |метрге|мен    |Цель. |       |       |
             |     |      |       |сий   |       |       |
___________________________________________________________________
    1          2      3      4        5      6        7       8
___________________________________________________________________
ЭБ қоспасы    2000   0,65   490     35      кем    240   Оптикалық
(этилен                            қосу-  дегенде қосу-  бұйымдар,
тотығының                          алу 5    80%   алу 5  кардио-
бромды        2000   0,65   490     55             240   стимулятор.
метилмен                           қосу-          қосу-  лар, поли.
мынандай                           алу 5          алу 5  мерлі
ара-салмақта  2000   0,65   490     55             360   материал.
1:2,5 еселе.                       қосу-          қосу-  дардан,
нуі)                               алу 5          алу5   шыныдан,
                                                         темірден
                                                         жасалған
                                                         бұйымдар,
                                                         тігетін
                                                         құралдар.
                                                         дың пласт.
                                                         массалық
                                                         дүкендер
                                                         үшін
                                                         арналған
___________________________________________________________________
Этилен      1000      0,55      412      кем     960     Полимерлі
Тотығы                                  дегенде  қосу-   материал.
                                          18     алу 5   дардан,
                                                         шыныдан,
                                                         темірден
                                                         жасалған
                                                         бұйымдар
                                                         үшін.
___________________________________________________________________
Формалиннің                     75      96%     300      Резеңкеден,
16%-ды                         қосу-            қосу-    полимерлі
ерітіндісі                     алу5             алу 5    материал.
(формаль.                                                дардан,
дегид                                                    темірден,
бойынша)                                                 шыныдан
                                                         жасалған
                                                         бұйымдар
                                                         үшін
___________________________________________________________________
Этил                            80              180      Полимерлі
спиртіндегі                    қосу-            қосу-    материал.
формальде.                     алу 5            алу 5    дардан,
гидтің                                                   пласт.
40%-ды                                                   мастан,
ерітінді.                                                резеңкеден
сінің буы                                                жасалған
Құралдағы                     80              120        бұйымдар,
формальде.                   қосу-            қосу-      шыныдан,
гидтің-150-                  алу 5            алу 5      темірден
дециметрге-                                              жасалған
миллиграмм                                               бұйымдар
(бұдан әрі                                               үшін
- мг/дм)
қанықпасы
___________________________________________________________________
      1. Стерилизациядан өткізу үшін екі қабатталған қалыңдығы
0,06-0,2 милиметр полиэтиленді пленкамен, пергаментте, сіңірмейтін қапшықтық қағазда, ылғалға төзімді қапшықтық қағазда, Е маркалы автоматта өнімдерді орауға арналған қағазда, жоғары төзімді орайтын қағазда, қатталған қағазда, тұрақты газ стерилизаторында, микроанаэростатында, портативті құралдарда өткізеді.
      2. Полиэтиленді пленкаға оралған стерилизациядан өткен бұйымдардың сақталу мерзімі - бес жыл, ал басқа оралымдағылар үшін - жиырма күн.
      3. Бұйымдар стерилизациядан өткеннен соң желденетін бөлмелерде, темір мен шыныдан жасалған бұйымдар үшін бір тәулік, пластмасса және резеңкеден жасалғандар үшін - бес-он үш тәулік, шырышты қабатпен, түтінмен, қанмен жанасатын (отыз минуттан аса) барлық бұйымдар үшін он төрт тәулік, балаларға арналған полимерден жасалған бұйымдар үшін - жиырма бір тәулік.
      4. Формалиннің буымен стерилизациялау арнайы стерилизаторларда жүргізіледі. Стерилизациялау тәртібі аяқталғаннан соң формалиннің қалдықтарының әсерін бейтараптандыру үшін, олар алпыс минут бойы аммиакпен өңделуі тиіс.

"Медицинада қолданылатын бұйымдарды  
стерилизациядан және зарарсыздандырудан
өткізгенде індетті болдырмау үшін оның
сапасына қойылатын талаптар" туралы  
санитарлық ережелер және нормаларға  
4 Қосымша               

1 кесте 

Бу арқылы стерилизация жүргізетін стерилизаторларда
бақылау нүктелерін орналастыру

___________________________________________________________________
Стерилизация | Бақылау  |
жүргізетін  |  нүкте.  |      Бақылау нүктелерінің орналасуы
Камераның   |лерінің   |
сыйымдылығы  |  саны    |
  кубтық     |          |
дециметрмен  |          |
___________________________________________________________________
                          Тікбұрышты стерилизаторлар үшін:
100-ге дейін      5       Бір - жүк тиелетін есіктің жанында екі -
                          қарама-қарсы қабырғада (жүк түсірілетін
                          есікте); үш, төрт, бес-ортасында.
___________________________________________________________________
                          Тік, домалақ стерилизаторлар үшін:
100-ден аса               Бір - камераның жоғарғы жағында;
750-ге дейін     11       екі - камераның төменгі жағында;
                          үштен он бірге дейін - ортасында.
___________________________________________________________________
750-ден аса      13       Горизонтальды орналасқан дөңгелек
                          стерилизаторлар үшін:
                          бір - жүк тиелетін есіктің жанында;
                          екі - қарама-қарсы қабырғада (жүк
                          түсірілетін есікте);
                          үштен он үшке дейін - стерилизациядан
                          өткізетін қораптардың ортасында немесе
                          стерилизациядан өтетін, әр түрлі деңгейде
                          орналасқан орамның ішінде
___________________________________________________________________

2 Кесте  

Ауа арқылы стерилизация жүргізетін стерилизаторларда
бақылау нүктелерінің орналасуы

___________________________________________________________________
Стерилизация | Бақылау |    
жүргізетін  | нүктеле.|      Бақылау нүктелерінің орналасуы
Камераның   | рінің   |
сыйымдылығы  | саны    |
  кубтық     |         |
дециметрмен  |         |
___________________________________________________________________
                         Бір - камераның ортасында;
80-ге дейін      5       екі-үш - камераның төменгі жағында,
                         есіктің оң және сол жағында;
                         төрт-бес - камераның төменгі жағында артқы
                         қабырғаның сол және оң жағында.
80-нен аса      15       Бір, екі, үш - камераның ортасында
                         жоғарыдан төмен қарай үш деңгейде;
                         төрттен он беске дейін сағат тіліне қарсы
                         үш деңгейде (төрт, жеті - төменгі жағы;
                         сегізден он бірге дейін - ортасы; он
                         екіден-он беске дейін жоғарғы жағы)
                         орналасады.
80-нен аса               әрбір камера үшін  жоғарғыдағыдай
екікамералық    30
___________________________________________________________________
      Бақылау тесттерін стерилизатордың қабырғасынан кем дегенде бес сантиметр ара қашықтықта орналастыру қажет.

3 кесте 

Бу арқылы стерилизациялау жүргізетін стерилизаторлардағы температуралық параметрлерінің жұмыс тәртібін бақылауға арналған химиялық тесттердің рецептурасы

___________________________________________________________________
Заттардың     |Кристалдардың түрі,  | Бақылануға жататын
  атаулары     |    түсі, иісі       | температураның параметрі
               |                     | 110    120    132
___________________________________________________________________
1. Бояғыш заты  Түссіз кристалдар       +      -      -
бар антипирин   немесе иісі жоқ ақ
                ұнтақ

2. Кәдімгі      Сары кристалдар         -      +      -
   күкірт

3. Бояғыш заты  Ақ немесе әлсіз-        +      -      -
бар резорцин    сары Кристалдар

4. Бояғыш заты  Түссіз ине тәрізді      -      +      -
бар бензой      кристалдар немесе
қышқылы         ақ ұнтақ

5. Бояғыш заты  Әлсіз иісі бар ақ       -      -      +
бар никотинамид кристалданған ұнтақ

6. Бояғыш заты  Түссіз кристалдар      -      -      +
бар мочевина
___________________________________________________________________

      Бояғыш зат ретінде: фуксин қышқылын, фенолды қызылды, бромбимолды көкті және геанциттікүлгінді қолданады.

4 кесте 

Ауа арқылы стерилизация жүргізетін стерилизаторлардағы температуралық параметрлерінің жұмыс тәртібін бақылауға арналған химиялық тесттер

___________________________________________________________________
Химиялық        |Кристалдардың түрі, |    Бақылануға жататын
қоспаның        |   түсі, иісі       | температураның параметрі
  атауы          |                    | _________________________
                 |                    |      160 о С   |   180 о С
___________________________________________________________________
1. Левомицетин    Ақ немесе әлсіз
                  сары-жасыл түсті
                  ақ ұнтақ                      +           -

2. Шарап қышқылы  Ақ  түсті немесе
                  мөлдір, түссіз
                  кристалдар                    -           +

3. Гидрохинон     Түссіз немесе
                  ақшыл-сұр күміс
                  түсті кристалдар              -           +

4. Тиомочевина    Жылтыр түссіз
                  кристалдар                    -           +

5. Янтарь қышқылы  Түссіз кристалдар            -           +
___________________________________________________________________

      Ауа арқылы жүргізілетін стерилизация жұмысын бақылау үшін қолданылатын химиялық тесттердің құрамына бояу қоспайды, өйткені көрсетілген химиялық қоспалар балқыту температурасына жеткенде түсін өзгертеді.

"Медицинада қолданылатын бұйымдарды  
стерилизациядан және зарарсыздандырудан
өткізгенде індетті болдырмау үшін оның
сапасына қойылатын талаптар" туралы  
санитарлық ережелер және нормаларға  
5 Қосымша               

Медициналық бұйымдардың стерилизациядан өткендігін
есепке алу журналы

___________________________________________________________________
Да.|Сте. |Бұйым |Қап.|Стерили. |Тәртібі |  Тест-бақылау.      |Сте.
та.|рили.|бөлім.|та. |зациядан |        |   дың қорытын.      |рили.
сы |за.  |ше    |ма. | өткізе. |        |       дысы          |зация
   |тор. |сан.  |сы  |  тін    |        |____________________ |жүр.
   |дың  |дары  |    |уақыты   |        |Химиялық |Бактерио.  |гіз.
   |бел. |      |    |         |        |         |логиялық   |ген
   |гісі,|      |    |_________|______________________________|адам.
   |нөмі.|      |    |Бас.|аяқ.|Қы.|Тем.|Ин. |Түсі|Ин.  |Мик. |ның
   |рі   |      |    |та. |та. |сым|пе. |ди. |өз. |дика.|роор.|қолы
   |     |      |    |луы |луы |   |ра. |ка. |гер.|тор. |га.  |
   |     |      |    |    |    |   |ту. |тор.|ген |лар. |низм.|
   |     |      |    |    |    |   |ра. |лар.|ин. |дың  |дер. |
   |     |      |    |    |    |   |сы  |дың |ди. |саны |дің  |
   |     |      |    |    |    |   |    |саны|ка. |     |өсуі.|
   |     |      |    |    |    |   |    |    |тор.|     |не   |
   |     |      |    |    |    |   |    |    |лар |     |жол  |
   |     |      |    |    |    |   |    |    |дың |     |бер. |
   |     |      |    |    |    |   |    |    |саны|     |ген  |
   |     |      |    |    |    |   |    |    |    |     |инди.|
   |     |      |    |    |    |   |    |    |    |     |катор.
   |     |      |    |    |    |   |    |    |    |     |лардың
   |     |      |    |    |    |   |    |    |    |     |саны |
____________________________________________________________________
1    2      3     4     5   6    7   8     9   10    11     12   13
____________________________________________________________________

      1. Химиялық, термохимиялық индикаторларды қолдана отырып стерилизаторлардың жұмысын химиялық әдіспен бақылаудың қорытындысын  бағалағанда оныншы бөлікте қанағаттанарлықсыз қорытындылардың санын  көрсету қажет;
      2. Биологиялық тесттерді қолданумен стерилизаторлардың жұмысын бактериологиялық әдіспен бақылаудың қорытындысын бағалағанда он екінші бөлікте қанағаттанарлықсыз қорытындылардың санын көрсетуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады