Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялаудан өткiзу туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2192. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрілігінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 415 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрілігінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 415   бұйрығымен .
_____________________________

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына  және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1305  қаулысымен  бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялаудан өткiзу туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. 2000 жылғы 7 қарашада N 1278 мемлекеттiк тiркеуден өткен "Жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына мемлекеттiк аттестациялауды жүргiзу тәртiбi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2002 жылғы 18 қазандағы N 1001  бұйрығының  күшi жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялаудан өткiзу туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 48 бұйрығы мемлекеттiк тiркеуден өтпеуiне байланысты жойылсын.
      4. Мемлекеттiк инспекциялау және мониторинг департаментi (Ж. M.Әдiлов) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

       Министрдің міндетін
      атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрiнiң 
2003 жылғы 13 ақпандағы    
N 79 бұйрығымен бекiтілген   

  Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткiзу туралы НҰСҚАУЛЫҚ

  1. Жалпы ережелер

     1. Білiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткiзу туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1305  қаулысымен  бекітiлген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы ережеге сәйкес (бұдан әрi - Ереже) әзiрлендi.
      Нұсқаулық ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, мектепке дейiнгi және мектептен тыс білім беру ұйымдарын және жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсіптiк opтa, кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялауды (бұдан әрi - аттестациялау) ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмiнің бiрыңғай талаптарын белгiлейдi.

      2. Мектепке дейінгi және мектептен тыс ұйымдарды, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсіптiк бастауыш бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды облыстық, Алматы және Астана қалаларының білiм басқармалары (департаменттерi) iске асырады.

      3. Кәсiптiк орта, кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсіптiк білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды білім саласындағы орталық атқару органы (бұдан әрi - Министрлiк) жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құрған білім беру ұйымдарын және халықаралық бiлiм беру ұйымдарын, шетелдiк оқу орындарының филиалдарын аттестациялау егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда басқаша көрсетiлмесе онда Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәртiппен өтедi.

      5. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялау олардың меншiк түрiне және мемлекеттік қарауына байланыссыз Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және/немесе ресми тілдерiнде жүргiзiледi.

      6. Бiлiм беру ұйымдарының Филиалдарын аттестаттау бiлiм беру ұйымдарының құрамында білім беру ұйымына арналған тәртiппен жүргiзiледi.

      7. Алғашқы аттестация жаңадан құрылған:
      1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгі, жалпы орта білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
      2) кәсіптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылары бiрiншi жылы бiтiргеннен кейiн;
      3) мектепке дейiнгi және мектептен тыс бiлiм беру ұйымдарында үш жылдан кейiн өткiзіледi.

      8. Білім беру ұйымдарының келесi аттестациялары бес жылда бiр реттен артық емес мерзiммен өткiзiледi.

      9. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялаудан өткiзу кезiнде:
      1) олардың тиiстi деңгейдегi мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарды орындауын;
      2) білiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын білiктiлiк талаптарын сақтауын;
      3) білім беру ұйымдары өздерінің қызметтерiнде бiлiм саласындағы нормативтiк құқықтық актілер талаптарын сақтауын анықтайды.

      10. Аттестация өткiзу кезiндегi бiлiм беру саласындағы сәйкестiкке тексеру нысандары:
      1) берiлетiн білім қызметiнің сапалық деңгейi;
      2) оқу-тәрбие, тәрбие процесi;
      3) оқыту және тәрбиелеу әдiстерi мен технологиясы;
      4) кадрлар бiлiктілігiне талаптар;
      5) білім беру ұйымдарына талаптар (кадр құрамы, материалдық-техникалық және әлеуметтiк база, оқытудың техникалық құралдары, ақпараттық-кiтапханалық база, ғылыми-зерттеу базасы, педагогикалық және жоғары ғылыми банктi кадрлар дайындау базасы, өндiрiстiк практика өту базалары);
      6) жұмыс бағыттары (административтiк-ұйымдастыру жұмысы, әдiстемелiк жұмысы, оқу-әдiстемелiк жұмысы, ғылыми-әдiстемелiк жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы, жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды дайындау халықаралық ынтымақтастық, бiтiрушілердi жұмысқа орналастыру жөнiндегi қызметi, кәсiптiк бағдарламалық жұмыс);
      7) бiлiм алушыларды даярлау сапасын iшкi бақылаудың жүйесi (ағымдық, аралық қорытынды).

      11. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялау үшiн ақпарат жинаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерi:
      1) материалдық-техникалық базаны және әлеуметтiк қамтамасыз ету нысандарын көзбен көру;
      2) бiлiм беру ұйымдарының бөлiмшелерiнiң құжаттарын зерделеу (оның iшiнде, ұйымдастыру, бiлiм беру және тәрбиелеу процестерi, ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау, қатаң есептегi құжаттарды есепке алу, сақтау және беру студенттер контингентi бойынша бұйрықтар);
      3) оқу процесiнiң көрсеткiштерiн, білiм беру процесiн ұйымдастыруды, қатаң есептегi құжаттарды есепке алуды, сақтауды және берудi және т.б. талдау;
      4) бiлiм алушыларды, оқытушыларды, қызметкерлердi және оқушылар ата-аналарын iрiктеп анкеталау;
      5) оқу сабақтарына қатысу;
      6) бiлiм беру ұйымында бiлім алушылармен, оқытушылармен және қызметкерлермен әңгiмелесу;
      7) бiлiм алушыларды бақылау тестiлеуден өткiзу.

      12. Кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аттестациялау даярлау жүргiзiлетiн мамандықтар мен кәсiптер бойынша жүзеге асырылады.

      13. Аттестация кезiнде бiтiрушi курста мамандық бойынша студенттердi даярлау болмаған жағдайда Комиссия осы мамандық бойынша бiлiм беру қызметiнiң білім беру қызметiн жүргізу құқығына берiлген лицензияда көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жүргiзедi.

      14. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды жүргiзу шығындары білiм беру ұйымдарының құрылтайшылары есебiнен жүргiзiледi.

      15. Білiм беру ұйымын қайта құрған жағдайда, бiлiм беру ұйымын аттестациялаудың нәтижелерi, жаңа құрылған бiлiм беру ұйымына, егер ол бұрын аттестациядан өткен, қайта құрылған бiлiм беру ұйымының құқықтық мұрагерi болса, қолданылады.

  2. Аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу

      16. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялау аттестация өткiзу кестелерiне сәйкес жүргiзiледi.

      17. Мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта және кәсіптiк бастауыш және орта білім беру ұйымдарын келесi оқу жылында аттестациялауды өткiзу кестесін облыстық, Астана мен Алматы қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) ағымдағы оқу жылының 25 мамырына дейiн бекiтедi және Министрлiкке 01 маусымға дейiн бередi.

      18. Кәсіптiк орта, кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк білім бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын келесi оқу жылында аттестациялауды өткiзу кестесiн Министрлiк ағымдағы оқу жылының 01 маусымға дейiн бекiтедi.

      19. Аттестациялауды өткiзу кестесi оқу жылына бекiтiледi және бiлiм беру ұйымдарына аттестацияға үш ай қалғанда жеткiзiледi.

      20. Бекiтiлген кестелерге мына негiздерде:
      1) бiлiм беру ұйымдары аттестацияның мерзiмiн кейiнге қалдыру қажеттiгi туралы дәлелдi қорытынды келтiрiлген жазбаша үндеулерi болған жағдайда;
      2) жаңа заңды тұлғаларды түзеп білiм беру ұйымдарының қайта құрылуына байланысты;
      3) Министрлiктiң, облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) тарапынан тиiстi шешiмдер қабылдауларын талап ететiн басқа объективтiк жағдайлардың пайда болуларына байланысты өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

      21. Аттестациялаудың бекiтiлген кестелерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда білім беру ұйымдары ол туралы осы Нұсқаулықтың 19 тармағында көрсетiлген мерзiмде хабарлануы керек.

      22. Аттестацияны өткiзу үшiн Министрлiк, облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттерi) аттестациялау комиссияларын (бұдан әрi - Комиссия) құрады.

      23. Аттестациялау комиссиясының құрамы бiлiм беру ұйымында аттестациялау басталудан 10 күн бұрын Министрліктің, облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармаларының (департаменттерiнің) бұйрықтарымен бекітіледi.
      Комиссияның төрағасы ретiнде Министрлiктiң, облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармаларының (департаменттерінің) өкiлдерi тағайындалады.

      24. Комиссиялардың құрамына:
      1) бiлiм беру саласындағы тиiстi мемлекеттік органдардың өкілдерi;
      2) кәсіптiк орта, кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк бiлiм беретiн білiм беру ұйымдарын аттестациядан өткiзу кезiнде білiм беру ұйымдары қарамағына қарайтын мемлекеттiк органдардың сондай-ақ құзырына қарай мүдделiк танытушы орталық атқарушы органдардың өкiлдерi;
      3) білім беру ұйымдарының өкiлдерi және Қазақстан Республикасының педагогикалық жетекшi қызметкерлерi кiредi.      

      25. Бiлiм беру ұйымдарында аттестациялауды өткiзу - 10 күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. Министрлiктiң, бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) шешiмiмен аттестациялау мерзiмi кейбiр жағдайларда 3 күнге дейiн ұзартылуы мүмкін.

      26. Комиссияның жұмысы туралы хабарлау және тиiстi жазбаша  хабарландыруды дайындау бiлiм беру ұйымының басшысына жүктеледi.

      27. Комиссия төрағасы бiрiншi күнi комиссия мүшелерiнiң алдына бiлiм беру ұйымын аттестациялау рәсiмiнiң технологиясы бойынша мәселелер қояды және олардың арасында бiлiм беру ұйымын қызмет бағыттары бойынша кешендi зерделеу үшiн нақты тапсырмаларды бөлiп бередi.

      28. Комиссия өзiнiң жұмысында бiлiм беру ұйымдарының қызметiн және бiлiм сапасын мемлекеттiк бақылауды iске асыруды регламенттеушi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.
      Комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен қамтамасыз етуi тиiс.

      29. Комиссияның мүшелерi Комиссия төрағасына аттестацияның барысы туралы ақпарат бередi және оған бiлiм беру ұйымы қызметiнiң көрсеткiштерiн жан-жақты талдап, анықталған кемшiлiктер мен бұзушылықты нормативтiк құқықтық актiнiң қай нақты нормасы бойынша бұзуға жол берiлгенiне сiлтеме жасап, оларды жою жөнiнде ұсыныстар мен қорытындылар жасап анықтама бередi.

      30. Кәсiптік орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау кезiнде Комиссия жоғары және бiтiрушi курстарда бiлiм алушыларды тестiлеуден өткiзедi.
      Мектепке дейiнгi және мектептен тыс бiлiм беру ұйымдарын және жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын аттестациялау кезiнде жоғары және бiтiрушi сынып оқушыларын тестiлеудi облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары (департаменттерi) құрған комиссия өткiзедi.

      31. Бағалау шкаласы (пайыздық қатынаспен) былай анықталады:
      "өте жақсы" - емтихан сұрақтарының 88-100 %-на дұрыс жауап берiлгенде;
      "жақсы" - 75-87% -"-;
      "қанағаттанарлық" - 60-74% -"-;
      "қанағаттанарлықсыз" - 60%-дан төмен дұрыс жауап берiлгенде.

      32. Мектепке дейiнгi ұйымдарда тестiлеу қызметкерлер мен ата-аналарды анкеталаумен алмастырылады.
      Мектептен тыс және арнайы бiлiм беру ұйымдарында (спорттық, әскери, өнер, психологиялық-медициналық-педагогикалық) білім мен машықтарды бақылаудың басқа түрлерi, оның ішінде бақылау жұмысы, тыңдау, байқау, спорттық өлшеулер қолданылуы мүмкін.

      33. Кешендi тестiлеудiң нәтижесін және білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң бiлiм мен шеберлiктерiн бақылау кесiмiнің басқа түрлерiн, қызметкерлер мен ата-аналарды анкеталауды Комиссия жүргізедi.

  3. Аттестация қорытындыларын шығару

      34. Комиссияның төрағасы барлық бөлiмшелердi тексеру нәтижелерiн жинақтайды және мемлекеттiк аттестациялаудың қорытындысы туралы Комиссияның тұжырымдамасын (бұдан әрi - Тұжырымдама) дайындайды. Оған мына бөлімдер кiреді:
      1) бiлiм беру ұйымының жалпы сипаттамасы;
      2) кадр әлеуетiн талдау;
      3) әкiмшiлiк-басқару персоналының қызметін талдау;
      4) қаржы-экономикалық орнықтылығы;
      5) оқу-әдiстемелiк жұмысы;
      6) ғылыми-зерттеу қызметі;
      7) оқу процесiн ақпараттық және кітапханамен қамтамасыз ету;
      8) шығармашылық қызметі (өнер саласындағы бiлiм беру ұйымдары үшiн);
      9) тәрбие жұмысы;
      10) материалдық-техникалық және әлеуметтiк база;
      11) мамандықтар мен кәсіптерді аттестациялау;
      12) білім сапасын басқару жүйесi;
      13) жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу орталығының қызметі;
      14) халықаралық ынтымақтастық;
      15) кемшiлiктер мен ескертпелер;
      16) қорытындылар мен ұсыныстар.

      35. Тұжырымдамаға төраға және барлық Комиссия мүшелерi қол қояды.
      Комиссияның қорытындысымен ойы сәйкес келмейтiн Комиссия мүшесi өз ойын жазбаша түрде жазып, тұжырымдамаға қоса тiркейдi.           Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнiп, келiспеушiлiк болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы түбегейлi болып саналады.

      36. Комиссия төрағасы Ғылыми немесе Педагогикалық кеңеске бiлiм беру ұйымын мемлекеттiк аттестациялау қорытындысы туралы ақпарат бередi.
      Тұжырымдаманың екiншi данасы бiлiм беру ұйымының басшысына берiледi, берiлгенi оның қол қоюымен расталады.

      37. Комиссия шешiмiн бiлiм саласындағы мемлекеттiк органдардың қайта қарауына болмайды.

      38. Тұжырымдамаға мыналар тiркеледi:
      1) бiлiм беру ұйымының қызметiнiң негiзгi көрсеткіштерi;
      2) білім беру ұйымының оқу және ғылыми бөлiмшелерiнің құрылымы;
      3) бiлiм беру ұйымының басшылар құрамы туралы мәлiметтер;
      4) мамандықтар мен оқу түрлерi бойынша бiлiм алушылардың контингентi туралы мәлiметтер;
      5) білім беру ұйымының профессор-оқытушы, педагогикалық құрамының сандық және сапалық сипаттамасы;
      6) бiлiм беру ұйымы Жарғысының көшiрмесi.

      39. Комиссия мынадай дәлелдi шешімдер қабылдауға құқылы:
      1) аттестатталсын;
      2) аттестатталмасын.

      40. Бiлiм беру ұйымы "аттестатталсын" деген шешiм егер:
      1) білім беру қызметi білім берудiң тиiстi деңгейiнің жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандарттарының талаптарына және бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына толық сәйкес болса;
      2) кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша білім алушылардың 95% қатысқан жағдайда тестiлеуге қатысқандардың 70%-дан артығы оң баға алғанда қабылданады.

      41. "Аттестатталмасын" деген шешім бiлiм беру ұйымы 40 бапта аталған шарттардың ең болмағанда бiреуiн орындамаған жағдайда қабылданады.

      42. Комиссияның шешiмi Министрлiктің, облыстық, Астана, Алматы қалалары бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) бұйрықтарымен ол қабылданғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бекiтіледі.

      43. Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымын аттестаттау фактiсi оған мемлекеттік аккредитациядан өтуге мүмкiндiк бередi.

      44. Тиiстi бiлiм беру деңгейінің жалпы мiндеттi мемлекеттiк стандарттарының орындалмағаны және бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияда қамтылған талаптарды орындамағанын куәландыратын, кәсіптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптік білім беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарының аттестатталмау фактiсi бiлiм беру ұйымының аттестатталмаған мамандықтары бойынша лицензиясын қайтарып алу және қайтарып алынған лицензиялардың лицензиарға қайтарылған сәтiне дейiн бiлiм беру лицензиясының қолданысын тоқтата тұру үшiн себеп болады.

      45. Лицензиар бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиялардың әсерiн тоқтатқан жағдайда лицензиар тоқтату мерзiмi өткен соң аттестация өткiзу барысында анықталған кемшiлiктердi жою барысын тексеру комиссиясын құрады.
      Тексеру барысында бiлiм алушылардың аттестация кезiнде алған оң бағалар пайызы шектi деңгейден төмен болған мамандықтар бойынша жоғары және бiтiрушi курстардың бiлiм алушылары қайтадан кешендi тестiлеуден өтедi.

      46. Кемшiлiктердi жоюды тексерудi өткiзу шығындары бiлiм беру ұйымдарының құрылтайшылары есебiнен жүзеге асырылады.

      47. Комиссия аттестация барысында анықталған кемшiлiктердi жоюды тексеру қорытындысы бойынша анықтама дайындайды және онда бiлiм беру ұйымдарының кемшiлiктердi жою жөнiндегi iстеген жұмыстары келтiрiледi, тиiстi қорытындылар мен ұсыныстар жасалады.

      48. Кемшiлiктердi жоюды тексеру жөнiндегi комиссияның ұсыныстары негiзiнде Министрлiк, облыстық, Алматы және Астана қалаларының бiлiм басқармалары (департаменттерi) тиiстi бұйрық шығарады.

      49. Жеке мамандықтардың лицензиясын қайтарып алу туралы Министрлiктiң бұйрығы шыққаннан кейiн бiлiм беру ұйымы келесi семестр басталғанға дейiн бұйрықтың ескерiлуiмен лицензияның қосымшасын лицензиарда қайта хаттауы керек.
      Бiлiм беру ұйымы бұл талапты орындамаған жағдайда ол бiлiм беру қызметiн лицензиясыз атқарып жатқан заңды тұлға ретiнде қарастырылады және ол туралы ақпарат тиiстi мемлекеттiк органдарға берiледi.

      50. Бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына Министрлiкте берiлген лицензия барлық мамандықтар бойынша қайтарылып алынған жағдайда бiлiм беру ұйымдары меншiк түрiне, ведомстволық бағыныштылығына және мемлекеттiк тиiстiлiгiне байланыссыз белгiленген тәртiппен таратылуы тиiс.

      51. Егер аттестатталған мамандықтардың саны бiлiм беру ұйымының түрiн анықтайтын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, бiлiм беру ұйымы заңды статусын белгiленген талаптарға сәйкестендiруi тиiс.

  4. Бiлiм беру ұйымдарының шағым арыздарын қарау

      52. Министрлiктiң жанында аттестацияланатын бiлiм беру ұйымдарының шағым арыздарын қарайтын Республикалық аттестациялық комиссия құрылады.

      53. Аттестациялық комиссиялардың шешімдеріне білім беру ұйымдары заңнамада белгіленген тәртіпте шағымдануларына болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады